Инфоурок Начальные классы ПрезентацииАшық сабақ. Тақырыбы: "Етістіктің жіктелуі"

Ашық сабақ. Тақырыбы: "Етістіктің жіктелуі"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің жіктелуі.

Сабақтың мақсаты:1. Етістік туралы алған мағлұматтарын кеңейту, етістіктің жіктелуі жөнінде түсінік беру.

                                 2. Сөздік қорларын молайтып,  білімдерін толықтыру, сауатты жазуға дағдыландыру.

                                 3. Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын, топтық, сұрақ - жауап.

Көрнекілігі: Суреттер, ойындар.

Сабақтың барысы:               

                                            I.Ұйымдастыру бөлімі.

                                           II. Үй тапсырмасын тексеру.

Жаттығуды тексеру.

«Қателеспе» ойыны.

Слайдпен көрсету.

                                          III. Жаңа сабақ.

Оқушыларды 3топқа бөлу. (етістіктің түрлеріне қарай)

1 топ                              2 топ                                       3 топ

Дара е                           Күрделі е                                Болымсыз е

Жазды                           салып отыр                             барма

Биледі                           айтып отыр                            ойнама

Сырғанады                   жинап жатыр                          отырма

Суреттермен жұмыс. (Зат есімнің жіктелуін қайталау)

Дәрігер, құрылысшы,  ұшқыш сөздерін жіктеу.

Кестемен жұмыс. (түсіндіру)

- Зат есімнің жіктелуі сияқты етістіктер де жіктеледі.

Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп атаймыз.

            Жекеше                                                        Көпше

I. Мен жаздым .                                                     Біз жаздық.

II. Сен жаздың .                                                     Сендер жаздыңдар.

    Сіз жаздыңыз .                                                   Сіздер жаздыңыздар.

III. Ол жазды.                                                         Олар жазды.

«Бояды» сөзін жекеше түрде бәрі бірге жіктеу.

Көпше түрде – 1 топ

Сызып отыр  - 2 топ (жекеше)

                          3 топ(көпше)

2 - жаттығу. (көп нүктенің орнына тиісті етістікті қою)

Мен кітап оқып отырмын. Сендер аналарыңды шығарып салдыңдар. Сен тақта алдында сөйлеп тұрсың. Сіздер қаладан келдіңіздер. Біз ән айтып тұрмыз.

3 - жаттығу. (ауызша)

Жіктік жалғаулы етістікті жекеше, көпше жіктеу.

IV. «Ой қозғау» әдісі. (ереже айту арқылы ұпай жинау)

1. Сөйлем. 2.Мәтін. 3.Сөйлем түрлері. 4. Түбір, қосымша. 5. Бастауыш, баяндауыш.    6. Буын үндестігі, дыбыс үндестігі. 7. Қыстырма сөз, біріккен сөз. 8. Қос сөз, түрлері.   9. Жай, құрмалас сөйлем.

5 - жаттығу. Жатқа жазу.

Сергіту сәті.

Отырамыз жазамыз,

Орнымыздан тұрамыз.

Қолымызды созамыз,

Құстай қанат қағамыз.

V. Ойын «Орнына апар»

Келемін, бардым, ойнадым, қалдың, жүгірдің, оқыдың, сөйледіңіз, кірдіңіз, әкелдіңіз, шомылдық, қыдырдық, жүрдік, отырдыңдар, биледіңдер, жедіңдер, көштіңіздер, қаздыңыздар, жаздыңыздар.

6 - жаттығу.(ауызша.)

1. Мен інімнің сабағына көмектестім.

2. Сен домбырамен күй тарттың.

3. Сіздер ауланы тазарттыңыздар.

4. Олар арықты қазды.

5. Біз «Балдырған» журналындағы әңгімені оқыдық.

 

VI. Ойын «Салыстыр, өзгерт»

 

VII. Көркем жазу.

 

VIII. Үйге тапсырма, бағалау.

4 - жаттығу. Ережелерді қайталау.

 

IX. Қорытындылау.

 

Ойын «Кім шапшаң?» (Слайдпен)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:        Таза  ауа – жанға  дауа.

Мақсаты: 1.Оқушыларға  адам  мен  табиғат  арасындағы  байланысты, ауа  тазалығының  маңыздылығы  туралы  түсінік  беру.

                   2. Дүниетанымдарын  кеңейту, сөздік  қорларын  молайту.

                   3.Экологиялық  тәрбие  беру. Тазалыққа, үнемділікке, ұйымшылдыққа  баулу.

Әдісі: Әдеби-музыкалық, танымдық  кеш

Барысы:    І.Ұйымдастыру  бөлімі

                   ІІ.Негізгі  бөлімі

Мұғалімнің  кіріспе  сөзі.

1 оқушы:

  Бүкіләлемдік  тіршіліктің  төрт  құдіретті  негізі  бар. Олар: күн –ана, жер – ана, ауа  мен  су. Адамзат  күнделікті  тіршілігінде  осы  төрт  құдіретке  сүйенеді. Егер  осы  төрт  негіздің  біреуі  болмаса  тіршілік  тоқтайды. Сондықтан  адамзат  Күнді, Жерді  анадай  ардақтайды.

  Күн – барлық  тіршіліктің  құдіретті  тірегі. Оның  нұры-сәулесі, құдіретті  күші – от. Әлемдегі  барлық  тіршілік  оттың  күшімен  қозғалысқа  түсіп, адам  өмірін  өркендетіп  тұр. Отты  халық  қастерлеп «Отты  баспа», «отпен  ойнама, «отқа  түкірме»  деп  ырым, тыйым  жасап, кесір  қырсықты  отпен  аластап, отқа  табынған, отбасы, отағасы, отау  деген  сөздер  отты  қастерлеуден  шыққан.

Ал, Жер – ана  тіршілікке  нәр  беріп, анамыздай  асырап  жатыр. Халық  жер  ананы  әулие  тұтады.

«Баптағанға  жер  жомрат», «Жері  байдың – елі  бай»,» Туған  жер – алтын  бесік»  - деп  жер  ананы  аялайды.

 Жер  жаһанамдағы  тіршіліктің  нәрін  сіңіріп, өмір  сүрудің  тірегі   болып  тұрған  құдірет – Су.

Өмірге  ең  қымбат, ең  қажетті  болғандықтан  халық  судың  шығып  жатқан  жерін  «Әулие  бұлақ»  дейді. «Судың  да  сұрауы  бар»  деп  суды  ысырап  жасамау керектігін  өз  ұрпақтарына  ескертіп  отырады.

Жан  дүниенің  өмір  ырғағын  жасап  тұрған  келесі  құдіретті  нәрсе-Ауа.  «Ауа – өмір  тынысы» - дейді  халық.  Ең  қымбатты  ,қажетті  нәрсені  «ауадай  қажет»  деп  ауаны  қымбаттың  қымбаты  деп  бағалайды.

 Ендеше, біздің  бүгінгі  кешіміз  де  тәршіліктің  нәрі  боп  тұрған  құдірет – ауа  туралы  болмақ.

Тақырыбы «Таза  ауа-жанға  дауа.»

Ауа – газдардың  қоспасы.Оның  иісі  және  түсі  жоқ.  Мұның  себебі  ауаның  құрамында  болатын  газдардың  түсі  және  иісі  болмайды. Ол  газдардың  ішіндегі  оттегі  мен  көмірқышқыл  газы  бізге  таныс. Адамдар, жануарлар  тыныс  алғанда  ауадан  оттегіні  сіңіріп, көмірқышқыл  газын  бөліп  шығарады.  Ауа  болмаса  біз  бірнеше  минутқа  ғана  шыдаймыз. Сондықтан  да  ауаның  маңыздылығын  түсіне  отырып, ауамызды  таза  ұстау – баршамыздың  борышымыз.

 

Әнуарбек:

Таза  ауасы  даланың,

Салтанаты  қаланың.

Әлдилейді  тербетіп,

Жас  жүрегін  баланың.

Естіп  жүрсем  күлкісін,

Мәз-мейрам  боп  қаламын.

Нұрсұлтан:

Сүйейік, табиғатты  аялайық!

Біз  де  одан  жақсылықты  аямайық!

Анадай  табиғаттың  аясында,

Жадырап  жас  балаша  дем  алайық.

Регина:

Басты  байлық – денсаулық,

Бабаң  айтқан  даналық.

Ол  үшін  көп  қозғалып,

Таза  ауа  жұт  көбірек.

Айым:

Текке  қарап  отырмай,

Бір-бір  ағаш  егейік,

Өлкеміз  гүлденсін  деп.

Терімізді  төгейік.

 

Ән: «Туған  жер»

 

  Ауа, су,  күн  , жер  т.б. – табиғаттың  адамзатқа  берген  сыйы, аманаты. Оларды  біз  тоздырмай, ластамай  күтуіміз  қажет. Өйткені,  адам  денінің  сау  болуы  осыларға  байланысты. Күніміз  ашық  болса, жеріміз  жомарт  болса, біздің  денсаулығымыз  да  мықты  болады, өміріміз  де  ұзақ  болады. Табиғаттың  әр  бөлшегі  арқылы  емделіп, шынығуға  болады.

Ауа  арқылы  шынығу – таза  ауада, жасыл  алаңда  болу, тауға  шығу, су  жағасында  серуендеу.

 

Көрініс:  Денсаулықтың  достары.

 

Ауаның  тіршілік  үшін  маңызы  өте  зор. Ауа  құрамындағы  оттегі, қатты, сұйық  газ  күйіндегі  отындар  жанғанда  да  жұмсалады. Өнеркәсіп  орындары көптеген  көлік  түрлері  әр  үй  қаншама  отын  жағатынын  көз  алдарыңа  елестетіп  көріңдерші. Ендеше,  ауадағы  оттегі  неге  таусылмайды  деп  ойлайсыңдар?

Дұрыс – ақ, балалар, өйткені  жұмсалған  оттегінің  орнын  жасыл  өсімдіктер  толтырып  отырады. Олар  қоректенгенде  ауадан  көмірқышқыл  газын  сіңіріп, оттегін  бөліп  шығарады. Өсімдіктер  ауаны  оттегіне  байытады. Бұл – оның қоректік  қасиетінен  де  пайдалы  жағы. Онсыз  тірі  ағзалар  тұншығып  өлер  еді. «Ауадай  қажет»  деген  ұғым  осындай  өмір  тәжірибесінен  алынып  отыр.      Ауаның  жеткілікті  болуы  үшін  өсімдіктер  әлемінің  алар  орны  ерекше. Ендеше  ауамыз  таза  болуы  үшін  табиғатты  да  қорғай  білуіміз  маңызды.

Регина:

Табиғат – Ана, құшағын  саялайық,

Қорғау  үшін  күш-жігер  аямайық.

Ол  болмаса, сен  жоқсың, осыны  ұқ,

Адамзат! Табиғатты  аялайық!

Бекзат:

Тарылса  ауа,  қалайша  дем  аламын,

Қоршаған  ортам  боп  тұр  тек  алаңым.

Бұзылса  суым, нуым, ауам  тағы,

Перзенті  бола  алам  ба,  Жер – Ананың?!

Эльдар:

Табиғатты  білемін.

Ауа, су, жер, күн, аспан.

Жан-жануар, гүл  егін,

Көкжиекке  ұштасқан.

Бақтияр:

О, табиғат, тіршіліктің  анасы,

Жаратқанның  құдіретіне  қарашы.

Адамзатты  бағындарған  өзіне,

Тылсым  күшке  жоқ  ешкімнің  таласы.

Темірлан:

Көшпе  бұлтты  аспан  қайда  кешегі?

Самал  жел  де  енді  қайдан  еседі?

Саф  алтындай  таза  ауаңды, табиғат,

Ақсады  ғой  туған  елің  кешегі.

Эльдар:

Өзгертумен  тауды  қашап, жарды  орып,

Үйлер  соғып, тегіс  жерді  тар  дедік.

Ашулансаң, қауіптенем  күні  ертең,

Осы  күнге  қалам  ба  деп  зар  болып.

 

Ән: «Табиғатым»

 

 Ауа  екі түрлі   жолмен  ластанады. Табиғи  жолмен  және  адам  әрекетінен. Жанартаулар  атқылағанда  ауаға  бу  күйіндегі  заттар, улы  газдар  араласады. Жел  арқылы  шаң, тозаңдар  ұшып  шығады. Орман  өртенген  кезде  де  ауа  ластанады. Өсімдіктер  мен  жануарлардың  қалдығы   шірігенде  түзілетін  газ  заттары  да  ауаға  тарайды.  Мұның  бәрі  табиғи  ластануға  жатады. Бірақ  табиғаттағы   әртүрлі  айналым  кезінде  ауа  табиғи  жолмен  өзін – өзі  тазартып  отырады.

Қазіргі  кезде  ауаның  ластануы  адамның  іс – әрекеті  салдарынан  жиілеп  отыр.

 

                 Ауаны  ластаушы  заттар

 

Мұнай  өңдеу көлік     зауыт        қоқыс    электр стансасы

 

                       Қалдықтар

 

Әсіресе қаланың  ауасы  ауылға  қарағанда  лас  болады. Қалаға  сырттан  қарағанда  оның  үстін  түтінді  тұман  басып  жатқанын көруге  болады. Ауаның  ластануы  тіршілік  етушілерге  өте  зиянды. Адамдар  лас  ауамен  демалса, тыныс  алу  қиындап, әр түрлі  ауруларға  шалдығулары  мүмкін. Сондықтан  денсаулығымыз  мықты  болсын  десек, тазалық  сақтап, ауамызды  таза  ұстауымыз  қажет.

Айым:

Денсаулық – бар  байлығың  басыңдағы,

Жайнаған  өміріңнің  жасыл  бағы.

Қастерлеп  мәпелесең, аяласаң,

Бойыңнан  кетпес  қуат  жасыңдағы.

Ақжарқын:

Денсаулық – басты  байлық  өмірдегі,

Нәр  беретін  асыл  ғой  көңілдегі.

Салауатты  өмір  салтын  насихаттап,

Атанайық  жақсы  азамат  өңірдегі.

 

Ән: «Атамкен» (ұлдар)

 

Би: «Көзайым»  (қыздар)

 

Ауаның  жөні  бөлек.

-         Көк  кит  су  астында  30 мин  қана  бола  алады.

-         Дельфиндер  1,5 сағ  дейін  судың  төменгі  қабатында  жүзіп  жүреді.

-         Адам  күніне  23000 рет  тыныс  алады  екен.

-         1 гектар  шырша  орманы  1 жылда -32 тонна, қарағай -35 т, емен – 54 т  шаңды  жұтады  екен.

-         1 гектар  орман  сағатына  2 литр  көмірқышқыл  газын  бойына  сіңіреді  екен.  Яғни  сағатына  200 адамның  бөліп  шығаратын  газын  сіңіріп, ауаны  сауықтырады  деген  сөз.

-         5 маусым – Дүниежүзілік  қоршаған  ортаны  қорғау  күні.

-         Орманда  400 жыл  жасайтын  жөке  ағашы  қала  ауасында  50-80 жыл  ғана  өседі  екен.

Ән: «Жас  дәуірдің  түлегіміз»

Көрініс:

 

  Адам  мен  табиғат - егіз. Табиғат  адамзаттың  еңбек  етіп, өмір  сүретін  ортасы. Табиғат  мейірімді  ана  сияқты , өзінде  барды  түгелімен  адамға , жан-жануаға  береді. Демек, адам  өзін  асырайтын  Жер анамен   шын  мәнінде  кіндіктес, яғни оның  перзенті.

Күнделікті  ішіп  жүрген  тамағымыз, киіміміз, оқитын  кітабымыз, жазатын  қағазымыз, мінер  көлігіміз , денсаулыққа  пайдаланатын  дәріміз, тыныс  алатын  ауамыз, ішер  суымыз – осылардың  бәрі  жомарт  табиғаттың  тартқан  баға  жетпес  сыйы.

Бірақ, осы   тамаша  сыйымыз  адамдардың  қатыгездігінен  көп  зардап  көріп  отыр.

1949 жылдың  29 тамызы  күні  таңғы  сағ 7-лер  шамасында  Шығыс Қазақстан, Павлодар  және  Қарағанды  облыстарының  түйіскен  жерінде  алғашқы  ядролық  сынақ  жасалды. Ол  18 мың  км   жердің  ойран-топанын  шығарды.  Бұдан  кейін 1949-1989 жж

Аралығында  киелі  Семей  жерінде  470-ден  аса  қуаты  күшті  жарылыстар  болған. Тікелей  осы  жарылыстардың  зиянынан  6 млн. адам  о дүниелік  болған.көптеген  адамдар  мүгедек  болып  қалған. Жарылыс  кесірінен  ауаға  адам  денсаулығына  қауіпті  зиянды  заттар  тарап, көптеген  сәбилеріміз  кемтар , мүгедек  боп  дүниеге  келген.

 1989 жылы  Олжас Сүлейменовтің  бастауымен «Невада-Семей»  қозғалысы  құрылды. Бұл  қозғалыстың  мақсаты – барлық  ядролық  полигондарды  жабу. Сөйтіп  1991жылы 29 тамызда  Президентіміздің  жарлығымен  Семей  ядролық  полигоны  жабылды.

Темірлан:

Бақытқа, қуанышқа  құмар  адам,

Күрессіз  оны  ешкімнен  сұрамаған.

Бәріміз  жаралғанбыз  бірдей  болып,

Сүйікті  жер  анадан-бір  анадан.

Бақтияр:

Күн  сайын  күліп  атсын  таң  нұрлана,

Орансын  көк  шалғынға  тандыр  дала.

 

Бомба  емес, жауа  берсін  жерімізге

Кәдімгі  аппақ  қар  мен  жаңбыр  ғана.

Бәрі:

Күніміз  ашық  болсын,

Жеріміз  кең  болсын.

Ауамыз  таза  болсын,

Суымыз  тұнық  болсын!

 

Ән: «Табиғатым-байлығым»

 

ІІІ. Қорытындылау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ. Тақырыбы: "Етістіктің жіктелуі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 044 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2016 2573
    • DOCX 22.7 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туякова Гулмира Ибатоллиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Туякова Гулмира Ибатоллиевна
    Туякова Гулмира Ибатоллиевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12956
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1179 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 576 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе