Инфоурок Алгебра КонспектыАшық сабақ жоспары. Тақырыбы:"Функцияны зерттеу"

Ашық сабақ жоспары. Тақырыбы:"Функцияны зерттеу"

Скачать материал

МИҒА ШАБУЫЛ (BRAINSTORMING)

 

Миға шабуыл – пікірталастың айрықша еркін түрі. Оның басты қызметі — идеяларды тудыруды қамтамасыз ету, бірақ қатысушылармен ұсынылатын шешімдерді талдау және талқылау емес.

 

Миға шабуылдың табысты өтуі екі басты қағиданың сақталуына байланысты:

*    Оның біріншісі – синергетика теориясына қатысты. Оның мәні мынада: жеке жұмыс істегенге қарағанда,топ бірлесіп жұмыс істеген кезде, анағұрлым жоғары сапалы идеяларды ұсына алады. Бұлай болатын себебі, жоғары деңгейде өзара іс-әрекет жасау «өзара тозаңдануға» алып келеді, пайдасыз болуына байланысты қабылданбауы мүмкін болған идея пысықталып, талқыға салынып және қолдануға жарамды етіп жақсартылады.

*    Екіншісінің мәні: топ мүшелері идеяларды тудыру жағдайында болған кезде, сол идеяларға уақытынан бұрын субъективтік баға берілсе, бұл «қызып тұрған» шығармашылық ойлауды тежеуге болмайды.

 

Шығармашылық ойлау ойлау үш сатыдан өтеді:

1.  идеяларды тудыру;

2.  осы идеяларды бағамдау және талдау;

3.  таңдап алынған жағдайға идеяларды қолдану.

 

Егер әрбір ұсынылатын идеяға қатысты бірден баға берілсе, ұсыныстар тасқынының бірден төмендеуіне алып келетін «сараптамалық дәрменсіздік» деп аталатын жағдай туындайды.

Шығармашылық ойлау, шешімнің барлық болжамды нұсқалары ұсынылғаннан кейін ғана баға беруге мүмкіндік берілген жағдайда ғана өркендеуі мүмкін.

 

Бұл қағидалар миға шабуыл өткізудің алты ережесіне негіз болды:

1.  Ешқандай сынның болмауы

Тек сынға ұшырау қаупі болмаған жағдайда ғана идеялар тасқындап еркін ағылуы мүмкін. Бұл жағдайда сын деген сөз кең мағынада түсініледі: тікелей ұсынысқа қатысты айтылған жағымсыз баға ғана емес, сондай-ақ қайсыбір адамның идеясын жасырын келемеждеу немесе керісінше, оны шектен тыс жақтауды да қамтиды.

Сондай-ақ, қайсыбір адамның үлесін елемеу немесе дене қимылдарымен (иығын көтеру, қасын көтеру және т.б.) сыни көзқарасын көрсете отырып, идеяның құны жоқ деп ишара жасамау маңызды.

 

2.  Идея ұсынуға ынталандыру

«Өзара тозаңдану» болуы үшін жеткілікті идея ұсынылғанына көз жеткізу үшін, топ мүшелері әркімнің үлесі бағалы екенін сезінуі қажет. Ұсыныстардың сапасына емес, олардың санына көңіл бөлінуі тиіс. Бағалау сатысында әркімде кез-келген жеке ұсыныс бойынша өз сезімін білдіруге мүмкіндік беріледі.

 

3.    Қатысушылардың тең құқылығы

Сайып келгенде, әркім өзінің ұсынысы қарауға тұрарлық екенін сезінуі тиіс, сонда бәрінің де өз ойларын ұсынуға ынталы болады. Топтың бір-екі мүшесінің басым болуын болдырмаудың ең жақсы жолы – әр қатысушы кезекпен өз пікірін айтатын жүйе орнату. Бұл тәртіп жұмыс барысын ресмилендіріп, оны баяулатып жіберуі мүмкін, бірақ барлық қатысушы жұмысқа тартылатындықтан, бұның құны тұрады.

Егер топ мүшесі қандай да бір себеппен ұсыныс жасай алмайтын болса, ол бұл туралы айтуы тиіс және де оның бұл пікірі талқылаусыз қабылданады, ал үдеріс жалғаса береді. Егер қатысушылардың ешқайсының басына жаңа идея келмеген сәт туындаса, тренер өз ұсынысы немесе түсініктемесімен топты ынталандыра алады.

 

4.  Еркіндік

Барынша көп ұсыныс жинау үшін, ешқандай шектеу қойылмауы керек. Қаншалықты өрескел немесе іске қатыссыз болып көрінсе де, кез-келген идея қарауға жатады. Бұл дегеніміз мүлдем пайдасыз болып көрінген идея басқа қатысушыда басқа идея туындауына түрткі бола алады дегенді меңзейді.

 

5.  Барлық идеяларды жазу

Жазып отыру – бұл жай ғана маңызды ұсыныстарды тіркеу емес, одан әрі идея өрбіту үшін түрткі алу мүмкіндігі.

Мұның осылай болуы үшін, барлық идеяларды идея авторы қалай айтса, сол сөздермен флипчартқа, тақтаға және т.б. жазу керек. Себебі, ол ойды түзетіп, дұрыстап жазамыз деп жатқанда ойлар тасқыны тоқтап қалып, топтың кейбір мүшелерінің осы жазылғандармен шектеліп қалуына ықпал етуі мүмкін.

 

!!! ТРЕНЕРГЕ КЕҢЕС

Миға шабуылдың ережесі туралы әңгімелей отырып, топқа үдерісті жалпы сипаттап беру керек.

 

1. Жаттығудың мақсат-міндеттерін түсіндіруден бастауға болады

"Миға шабуылдың мақсаты — жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі жайлы көбірек ойлануға қалай мәжбүрлеуге болатынын ойлап табу. Бұл тапсырманы сөз немесе сөйлем түрінде тұжырымдап, флипчартқа немесе тақтаға тақырып ретінде жазып қою керек. Содан кейін топқа негізгі ережелерін баяндап, егер қажет болса, оны түсіндіре отырып жаттығудың барысын жеткізу қажет.

Осы кезде идеялар тізімін құрау аяқталған соң кез-келген ұсыныс бойынша пікір айтуға мүмкіндік берілетінін, ал миға шабуыл үдерісі идеяларды бағалау үшін емес, тек оларды туғызуға арналғанын тағы да атап өткен пайдалы.

Егер уақыт шектеулі болса, топқа, айталық, миға шабуылдың бірінші сатысына тек 20 минут берілетінін еске салу керек.

 

2. Инкубацияға арналған уақыт

Барлық идеялар айтылып болған соң, оларды ойластырып, кез-келген балама әдістерді немесе тізімді толықтыру жолдарын қарастыруға біршама уақыт – бір сағат, күн, апта немесе ай берілуі керек.

Миға шабуыл өткізу кезінде топқа осы негізгі алты ережені хабарлау қажет; оларды барлық уақытта ұстану керек. Біз жұмыс басталар алдында ережелерді жазып алып, көрінетін жерге іліп қоюға кеңес береміз.

 

МИҒА ШАБУЫЛДЫҢ БАСЫМДЫҒЫ

1.  Шығармашылықпен ойлануға ынталандыру

Шығармашылық – үйретуге болатын қасиет емес, идеялар оларды өндірудің жүйеленген тәсілі қолданылатын жерлерде бірден туындай салатын нәрсе емес дегенді жиі естиміз. Бұл салада қолданылатын әдістер аз болса, «Миға шабуыл» құрылымдалған шараларды пайдалана отырып, идея туғызудың сол аз әдістерінің бірі болып табылады. Өйткені миға шабуылдың негізгі ережелерінің өзі оның жоғары тиімділігінің себебі болып табылады.

 

2.  Стандартты ойлаудың сыртына шығу

Өз шығармашылығыңды ынталандыру үшін өзгенің идеясын пайдалану нәтижесінде, оларды бір адам ойлап тапқаннан гөрі көбірек идея алуға болады. Сондай-ақ ұжымдық жұмыс барысында көңілге қонымды идеяны елемей кету немесе оны іске алғысыз ретінде қайтару мүмкіндігі төмендейді.

 

3.  Қарапайымдылық

Миға шабуыл – бұл түсінуге оңай және қолдануға жеңіл әдіс. Ол жоғары технологиялық жабдықтарды немесе ұзақ мерзім бойы оқуды қажет етпейді, ал нәтижелерін бағалау оңай.

 

  МИҒА ШАБУЫЛДЫҢ КЕМШІЛІКТЕРІ

1.  Қатысушылардың жоғары ынтамен атсалысуы

Миға шабуыл әдісінің топтың барлық мүшелерінің қатысуын талап етуі - оның артықшылығы да, кемшілігі де. Қатысушылардың белсенді атсалысуы артықшылық екеніне ешкім дау айта қоймас, ал кемшілігі – үдеріске араласу жауапкершілігі қатысушыларға артылатынында. Топ мүшелері ортақ іске үлес қоса алатын идеялары бар екенін сезінген жағдайда ғана миға шабуыл тиімді болмақ. Егер ешкім ұсыныс жасауға дайын болмаса, топ уақытын жайсыз үнсіздікте өткізеді.

 

2.  Үдерістің толық еместігі

Миға шабуыл – проблеманы шешу үдерісіндегі бір саты ғана. Туындаған идеялар, ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қанағаттанарлық болуы мүмкін, бірақ бұл әдістің шынайы артықшылығы сол идеялар іске асырылған жағдайда ғана көрінеді. Яғни, тренер сөзден істің артық екенін және барлығы белгілі бір шешім немесе идеямен келіскен бойда оны іске асыра бастау керектігін атап көрсетуі тиіс.

 

ҚОЛДАНЫЛУЫ

Миға шабуыл шығармашылық ойлау, проблемаларды шешу, шешім қабылдауды көздейтін сабақтарда пайдалы болсақ. Ол тыңдау дағдысын дамытады және команда құру үшін пайдалы байланыстырушы элемент болып табылады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ жоспары. Тақырыбы:"Функцияны зерттеу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 652 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

"Нәтижеге бағытталған білім беру - заман талабы" баяндама
  • Учебник: «Алгебра и начала математического анализа. Базовый и углубленный уровни», Алимов А.Ш., Колягин Ю.М. и др.
  • Тема: § 13. Показательные неравенства
  • 03.03.2017
  • 3069
  • 12
«Алгебра и начала математического анализа. Базовый и углубленный уровни», Алимов А.Ш., Колягин Ю.М. и др.
"Функционалдық сауаттылық" шебер сынып
  • Учебник: «Математика: алгебра и начала математического анализа, геометрия. Геометрия (базовый и углубленный уровни)», Атанасян Л.С., Бутузов В.Ф., Кадомцев С.Б. и др.
  • Тема:
  • 03.03.2017
  • 1644
  • 34
«Математика: алгебра и начала математического анализа, геометрия. Геометрия (базовый и углубленный уровни)», Атанасян Л.С., Бутузов В.Ф., Кадомцев С.Б. и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2017 995
    • DOCX 25.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Пиржанова Жания Дауренбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Пиржанова Жания Дауренбековна
    Пиржанова Жания Дауренбековна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10146
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по математике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 191 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 703 человека

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: отрицательные числа, дроби, возведение в квадрат, извлечение квадратного корня

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 114 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 102 человека

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 347 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 186 человек

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе