Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық тәрбие сағаты "Сүйемін байтақ елімді туған"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ашық тәрбие сағаты "Сүйемін байтақ елімді туған"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Сүйемін байтақ елімді туған»
Мақсаты:
Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Отан байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз – Қазақстанды өркендетуге баулу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, Қазақтан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, гимн. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Астана суреттері /видео/, оқушылар шығармашылығы, желтоқсан құрбандарының суреттері, шырақ, бұтақ /тәуелсіздік шежіресі/, көк жалаушалар, шарлар.
Тәрбие сағатының ұраны: “Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан” Н.Ә.Назарбаев
Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар!
2-жүргізуші: Армысыздар, оқушылар!
1-жүргізуші: Тарихтың ойлы-қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында қалған, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана-сезімге қозғау салған тәуелсіздігіміздің 24 жылдық мерейтойы құтты болсын!
2-жүргізуші: Еркіндікке, бостандыққа үн қосқан,
Гүрілінен қақ айырылған түнгі аспан.
Қазағымның әні болған, жыры болған,
Жастар үні – он алтыншы желтоқсан.
1-жүргізуші: Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам әнұраны!
Әнұран орындалады.
2-жүргізуші: Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
1-жүргізуші: Тарихта «Құйын-86» мәңгі есте қалады. Бұл жойқын шабуыл қазақ қыздары мен жігіттерін араларымыздан алып кете барды. (Сахнаға 4 оқушы шырақ жағып шығады. Олар өз сөздерін айтып, шырақтарын кезектеп сөндіреді.)
4-оқушы: 1986 жылы 19 желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегінен жарақаттанған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Спатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол – ата-анасының жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.
5-оқушы: Сол бір ызғарлы ерте түскен қыс, тоқырау тажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған даусы құлағымызды әлі шыңылдатып тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де нәзік үнің естіледі.
Еліңнің сен намысы үшін,
Құрбан еттің жаныңды.
Мазақ етіп қорлай алмас,
Ешкім сенің арыңд
ы. 6-оқушы: Сәбира Мұхамеджанова бар-жоғы 16 жаста еді. 26 желтоқсан күні астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына, балағаттаған қорлығына шыдай алмай, Өскемен педагогика училищесінің І курс студенті Сабира жатақхананың 5 этажынан құлап өлді.
Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның,
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
7-оқушы: Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең, атыңдар.
1-жүргізуші: Бұл 1986 жылы 16-желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, сол айқай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, қыршынынан кеткен қазақ жастарының сөнген шырақтары.
2-жүргізуші: Елінің еркіндігі, бостандығы үшін күрескен желтоқсан құрбандарының рухына, ерлігіне арнап 1 минут үнсіздік жариялаймыз. /Сынып оқушылары Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске түсіреді/
1-жүргізуші: «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым - желтоқсан» дегендей, жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ тар жол, тайғақ кешуден өтті. Қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.
2-жүргізуші: - Ия, бостандық, теңдік, тәуелсіздікте өз бетімен келген жоқ. Желтоқсан – елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жытқыр өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге егемендік көзімен.
Тақпақ: Тәуелсіздік – жыр-әнім. Оқитын: Маршак Альбина.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,
Ел іргесі берік болсын – ұраным.
Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім – қолдан түспес құралым.
Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?
Тәуелсіздік, ар-ожданың кісілік,
Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп,
Ел жұртыңның алма құнын түсіріп!
Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным,
Тәуелсіздік, сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік, ақ батасы атаның.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным,
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!

Хор Желтоқсан желі
1-жүргізуші: Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз деп жырлаған кім екенін білемісің, Жаннұр?
2-жүргізуші: Әрине, білемін. Ол - Қаз дауысты Қазбек би.
1-жүргізуші: Ия, осылай деп тебіренген, Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға, міне, 24 жыл толғалы отыр. Тәуелсіздік ұғымы «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп аз ғана уақыттың ішінде елімізді шартарапқа танытты.
- Жаннұр, сенің алдыңа қойған мақсатың бар ма?
2-жүргізуші: - Әрине, бар. Менің алға қойған мақсатым: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.
1-жүргізуші: Ал Президентіміздің мемлекет алдына қойған мақсаты қандай екен?
2-жүргізуші: «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық - біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»
Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан

Хор Өз елім
1-жүргізуші: Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз «іңгәсі» бар. Ол - көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтата әуелеткен әнұраны.
2-жүргізуші: Еліміздің рәміздері қашан қабылданды, авторлары кімдер, несімен ерекшеленеді? Міне, осы сұраққа бізге толығырақ Серкебаева Айсұлу жауап берсін.
Айсұлу: /слайд
/ Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Жер бетінде қанша ел болса, сонша ту бар. Олар бір-біріне ұксамайтын алуан түрлі болып келеді. Әр тудың өз тағдыры бар. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда күшіне енді. Біздің туымыз-көгілдір көк түсті. Ол бірлік пен ашық аспанды, аман-есендікті көрсетеді. Күн бетіндегі қалықтаған қыран тыныштықтың, баянды өмірдің белгісін білдіреді. Ою-өрнек – қазақ халқының ұлттық нақышын аңғартады. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Елтаңбамыздың авторлары белгілі сәулетшілер Шот-Аман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков ағаларымыз. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.
- Республикамыздың мемлекеттік әнұраны - 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Қазақстан Республикасы:Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Еліміздің туын биік ұстап, Мемлекетіміздің Рәміздерін әрқашан қадірлей білейік!Тәуелсіз еліміздің көк байрағы-көгімізде желбіреп, елтаңбасы шалықтап, әнұраны шарықтай берсін!

Хор Атамекен
Елжас: 1993 жыл 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы -Теңге айналымға енді.
Ақжол: 1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.
Мөлдір: 1995 жыл 30 - тамызда жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
Ернұр: 1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы өтті.
Нұрдәулет: 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.Еліміздің ата Заңының 7 бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі” деп көрсетілген. /тақпақ/
Толғанай: 1998 жыл 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.
1-жүргізуші: Жаннұр, сен Астанаға барып көрдің бе? Ал, сен арайлы Астана қаласы туралы, оның әсем де әдемі ғимараттары туралы білгің келеді ме?
2-жүргізуші: - Ия, білгім келеді.
1-жүргізуші: - Ендеше асқақтаған Астана туралы
Құрал Ақбөбек бізге мәлімет берсін. Тыңдап көрелік.
Ақбөбек:/слайд/ Сарыарқа төсіндегі қазақ елінің бүгінгі елордасы – Астана қаласы. Астана қаласы күн санап өсіп келе жатыр. Астана – байтағымның бас қаласы, еліміздің лүп-лүп соққан жүрегі.
1) Әуежай жақтан келгенде Есіл өзенінің сол жағалауында арка тәріздес әшекейлі, шаншылған үш тіректің астынан өтеді. Арканың ұшы дөңгелекке барып тіреледі. Бұл арка – қазақтың кәдімгі «ақ батасын» бейнелейді. Өзіндік символы бар «бата» қалаға келе жатқан, қаладан кетіп бара жатқан әрбір жолаушыға көпір үстінен ақ жол айтып, сәттілік тілеп тұрғандай.
2
) Бәйтерек – Астананың бой тұмары. Ал Астана – қазақ халқының Бәйтерек боп тереңге тартқан тамыры, алтын тұғыры. Биіктігі 97 метр. Ер Төстік ертегісінің желісі бойынша салынған.
3) Ақ маңдайлы ақ үй қандай тамаша!
Ақ Орда – Елбасының тұғыры. Әр қазақтың тағзым ететін киелі төрі.
4) Астана қаласының әкімдігі - әкімшілік және іскерлік шаһары. Алдындағы тәж – ортақ болашақты бейнелейді.
5)
Қаржы министрлігі - өзінің желбіреген жалаудай пішінімен көз тартады. Ғимарат кейде тербелген толқынды елестетеді. Үстінен қарағанда американдық доллар сұлбасы көрінеді. Сондықтан «Доллар» ғимараты деп аталып кеткен.
6) Сонымен қатар Астана қаласындағы
Кенесары ескерткіші, Нұр Астана мешіті, Пирамида, қалаға көрік беретін түрлі-түсті субұрқақтары, әдемі де биік ғимараттары
көздің жауын алады. Астана қаласының қай жерін алып қарасақта, таңдай қағып сүйсінерліктей.
Астана, Астана, Қазақтай халқы бар,
Көркем бұл жас қала. Кеңпейіл салты бар.
Өркенде бас қала, Әлемге даңқы бар,
Астана, Астана! Астана, Астана!

Видео Астана /көру/
2-жүргізуші: Қастерлеп елім бүгін азаттығын,
Танытты қазақ бүгін қазақтығын.
Елім деп көш бастаған Елбасының
Таныды әлем міне, алыптығын
О, шіркін, Қазақстан ғажап бүгін!- демекші қазақ елі қазіргі уақытта әлем назарында. Бұл жөнінде толығырақ
Едіге Еңліктен тыңдайық.
Еңлік: /слайд/ Қазақстан Республикасы – Президент басқаратын унитарлы мемлекет. Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңдайына жазылды. Туған Отанымыздың тыныштығы үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік, достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Қазіргі уақытта Қазақстан әлем назарында болып, әлем таныған шаһар атанып отыр. Бұның барлығы Президентіміздің арқасында деп білемін. Біздің болашағымыз үшін маңдай терін төгіп, орасан зор істер атқарып жүрген Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз шексіз. Әрқашан аспанымыз ашық болып, күніміз жарқырап тұрсын.
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар- бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
1-жүргізуші: Егеменді елмін бүгін,
Өзге елдермен тең жұлдызым.
Қазақстан – Тәуелсіз ел,
Сақтайтұғын ел бірлігін, - демекші өздеріңіз көріп отырғандай жас Қазақстанымыз 24 жыл ішінде көркейіп, гүлденді. Осы тәуелсіз елеміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екеніңізді естен шығармаңыздар.
- Жаннұр, неліктен көк түсті жалаушаларды ілдік деп ойлайсың?
2-жүргізуші: Себебі тәуелсіз еліміздің көк байрағы- көк түсті.
1-жүргізуші: Ал сен көк түс нені білдіретінін білесің бе?
2-жүргізуші: Әрине, білемін. Мысалы, Испания туындағы қызыл-сары бояулар испан халқынын қызу-қанды мінезіне үйлесер болса, Финляндия туындағы ақшыл-көгілдір түс фин халқының бойындағы салқын қандылық пен сабырлылықты білдіреді. Ал біздің еліміздің туы аспан текті зеңгір көк түсті болуы кездейсоқ емес. Әйгілі Ансельм кестесі бойынша көк түс - бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналады.
1-жүргізуші: Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын. .
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!
Ақтоты: Тәуелсіздік!
Тәуелсізбін, мен бүгін,
Келді, міне, азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен елдігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Сымбат: Өзіңдікі-елің де,
Өзіңдікі – жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төріңде.
Мүрсәлім: Қанатыңнан қайрылып,
Қыл-арқаңнан майрылып.
Қонақ- Тәуелсіздіктен,
Қала көрме, айрылып.
Саламат: Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың, жұлдыздардың жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Әйгерім: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
Барлығы хормен: Егемендік елдікті аңсаған,
Тәуелсіз біз жас ұлан!
Ән: «Бала тілегі». Орындайтын: сынып оқушылары

2-жүргізуші: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ұрпағымыз. Сондықтын өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық!
1-жүргізуші: Ия, Жаннұр, дұрыс айтасың! Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңе ұялату. Ол - өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Ел Президенті өз сөзінде: «Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық.Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Лайым бетімізден жарылқасын!Үлкен жолдың үстінде бізді ата – бабаларымыздың аруағы желеп – жебеп жүре көрсін!» деген болатын.
- Ендеше, тәуелсіздігіміздің 24 жылдық мерейтойына арнап елімізге бізде тілек тілейік. Мен еліме Қазақстанның бүкіл әлем алдында абыройы асқақтап, еліміз көркейе берсін дегім келеді. Сен қандай тілек айтар едің, Жаннұр?
2-жүргізуші: Мен еліміздің бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы болсын деп тілегім келеді.
1
-жүргізуші: Ал, біздің оқушыларымыз туған елімізге қандай тілек тілер екен? Ойларын білу үшін сөздер таратайық, сол сөзді қосып елге тілек арнасын. /ЕЛГЕ ТІЛЕК/
ДОСТЫҚ БІРЛІК БІЛІМ ТӘУЕЛСІЗДІК ОТАН МЕЙРАМ АРМАН
1-жүргізуші
: Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Нұрсұлтан ағамыз елімізде бірді бір бала оқымай қалмауы керектігін басты назарға алды.
2-жүргізуші: Егер де сен өз еліңнің отаншыл перзенті болсаң,
1-жүргізуші: Егер сен тәуелсіз елдің тірегі болғың келсе,
2-жүргізуші: Егер ертең өз тағдырыңды өз қолыңа алғың келсе,
1-жүргізуші: Қазірден бастап жақсы оқып, үлкен жетістіктерге жетуге тырыс!»
2-жүргізуші: Міне, бүгінгі тәрбие сағатымызда өз мәресіне жетті. Туған еліміз Қазақстанды сүйіп, мақтан етейік!
1-жүргізуші: Еліміздің 24 жылдық мерейтойы тағы да құтты болсын! Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Екеуі бірге: Тәуелсіздігіміз ұзағынан жарылқасын!



Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі

Есқалиева Рыс Қызылғұлқызы /бастауыш сынып мұғалімі/

2015-2016 оқу жылы


Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров166
Номер материала ДВ-334704
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх