Инфоурок Дошкольное образование КонспектыАшық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «Көңілді аэробика»

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «Көңілді аэробика»

Скачать материал

 

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

 

Тобы: «Шағала» ересектер тобы.

Білім аумағы: «Денсаулық», «Шығармашылық», «Қатынас»

Білім бөлімі: «Дене тәрбиесі», «Музыка», «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Көңілді аэробика»

Мақсаты: Сазды қимыл-қозғалыс арқылы баланың денсаулығына, дене түзілісінің дұрыс жетілуіне назар аудару, бір-біріне деген сыйластық, қамқорлық қарым-қатынасын нығайту, қимыл-әрекетін, сөздік қорын молайту, ойынға деген белсенділіктерін арттыру, ептілікке, еркіндікке, батылдыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу.

Міндеті: балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру;

Қажетті құралдар: доп, дротик, нысана, самокат, кедергілер, кілемше

Билингвалдық компонент:нысанаға дәлдеу – стрелять в цель, кедергілер - препятствия

Алдын-ала жұмыстар: Хатха - иога жаттығуларын меңгерту, спорттың ағзаға тигізер пайдасын түсіндіру.

Методикалық әдіс-тәсілдер: Хатха - иога жаттығулары, 

А.Н. Стрельникованың тыныс алу методикасы, ертегі желісі бойынша жаттығу жасату, релаксация.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

 

І-бөлім. Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі

Балалар алаңға бір қатармен жүріп кіреді, сапқа тұрады.

Дене тәрбие жетекшісі: Балалар, бүгін ерекше күн. Өйткені, біз спорт түрлерінен өз өнерімізді ортаға саламыз. Сендердің жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді күйлеріңді көру біз үшін үлкен қуаныш. Сендер еңбекқор, күшті, батыл болғыларың келсе спортпен шұғылданыңдар.

Алтын сәуле арайлы,

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық арайды.

 Аяқтың ұшымен, өкшемен, «аттар жүрісімен» жүру.

Жылдам, баяу, оң, сол бағытта жанына қарай  жүгіру (балалар қайтадан шеңберге тұрады)

Ән ырғағымен сергіту жаттығуларын жасау;

 

 

Ән «Егер саған ұнаса, былай жаса»

 

Егер саған ұнаса, былай жаса,

Егер саған ұнаса, былай жаса.

Егер саған ұнаса,

Сен достарыңа да көрсет,

Егер саған ұнаса, былай жаса.

1)    Қолды шынтақтан бүгіп, артқа карай керілу;

2)    Қол белде, оңға, солға қарай бұрылу;

3)    Орнында отырып, тұру;

4)    Орнында жүгіру;

5)    Бір орында адымдау;

6)    Ал, олай болса, қазір сендермен тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.

А. Аяқты иықпен ендестіріп қойып, қолдарды екі жаққа жаю керек. Алақан ашық, саусақтар бос. «1» дегенде – балалар қолдарын дереу алдына қарай айқастырып, алақандарын жауырынға жеткізеді және тыныс шығарады. «2» дегенде – қолдарын қайта екі жаққа жаяды және қайта тыныс алады. Жаттығу барысында «Қанеки, балалар, жылынайық!» деу керек.

Б.  Аяқты иықпен ендестіріп қойып, аяқтың ұшымен тұрып, қолды жоғарыға – артқа қарай көтереді, білектен ұстайды. «1» дегенде – салмақты өкшеге түсіріп, алға еңкеюі керек, қолды ауаға сілтеп, өткір тыныс алады. «2» дегенде – өкпедегі ауаны сырқа шығарады.

Балаларға «Балалар, қанеки ағаш жарайық!» деп ойнатуға болады.

В. М.И. Фонамерева бойынша. «Диірмен» - тік тұрып, аяқты бір-бірінен алшақ ұстайды, оң қолды   жоғары көтеріп, сол қолды төмен түсіреді, қолды кезекпен-кезек алмастырады, еркін дем алады.

 

ІІ-бөлім. Ұйымдастыру-ізденушілік.

Ертегі желісіндегі жалпы дамыту жаттығулары:

Ерте-ерте ертеде қонжық болыпты. Оның есімі Винни Пух:

1.     Бастапқы қалып. – аяқ иық деңгейінде, қол жұдырыққа түйілген, қол жоғарыда. 1-2 оң және сол аяқпен алға қарай адымдау; әр аяққа 4 реттен. 3-4 бастапқы қалып.

Винни Пухтың көп достары бар екен. Қоян деген досы былай секіреді екен:

2.     Бастапқы қалып – қол кеуде тұсында – «қояндарша».

1-2-3-4 – әр санақ сайын оңнан солға қарай әр бағытқа секірулер.

Ол құлақтарымен былай қозғайды екен:

3.     Бастапқы қалып – екі қол баста, «құлақ тәрізді».

1-    Оңға карай еңкею, «құлақтарын қозғалтып»;

2-    Бастапқы қалып;

3-    Солға карай еңкею, «құлақтарын қозғалтып»;

4-    Бастапқы қалып.

 

Хатха – йога жаттығулары:

«Құрсақ құлпы қалпында».

Түзу тұрыңдар, аяқтарыңды иықтарыңның деңгейіне қойыңдар, қолдарыңды дене бойымен төмен жіберіңдер. Мұрын арқылы еркін демалыңдар. Дем шығарғаннан кейін іркілісте, денелеріңді алға қарай шамамен 45 градусқа еңкейтіңдер. Қолды белге қою керек, ал қолдың үлкен саусақтары шаптың иілген тұсына келіп тіреледі.Алдарыңдағы бір нүктеге түзу қараңдар. Іштеріңді омырқаларыңа қарай тартыңдар және осы жағдайда демдеріңді ішке тартып, шыдағанша тұрыңдар. Содан соң қарын бұлшықеттерін қайта босатыңдар, мұрын арқылы еркін тыныс алып, бастапқы жағдайға оралыңдар.

«Ақыл – ой қабілетіне арналған қалып»

Түзу тұрыңдар, өкше мен аяқ ұштарын бірге ұстаңдар, қолдарыңды төмен қарай еркін жіберіңдер. Алдарыңдағы бір нүктеге тіке қараңдар. Бастарыңды барынша артқа қарай шалқайтыңдар, көздеріңді кең ашып жоғары қарай қараңдар, бар назарларыңды төбелеріңе аударып, демді мұрын арқылы шұғыл ішке тартып – шығарыңдар.

«Жылан қалпында»

Ішпен жату керек, иек еденге сүйенеді, қолдың білезігін, алақанды төмен қаратып иықпен бір деңгейде ұстаңдар, ал шынтақ денеге қарай тартылады. Аяқтың башпайларын еденге тіреп, өкшені жоғары қаратып, табандарын бір-бірінен 25-30 см ара қашықтықта ұстайсыңдар. Қолдың алақанымен тіреп отырып, кеудені көтеріп, артқа қарай қайырыңдар. Кеудені шапшаң бұрылыста тоқтамай, солға қарай бұрыңдар, дәл солай енді оңға қарай шапшаң түрде бұрылыс жасаңдар. Оңға және солға бұрылған бұрылыстарды бір есебінде санайсыңдар.Жаттығуды 4 рет қайталаңдар.Одан әрі кеудені кері қарай тартып, қалыпты жағдайға қайта оралыңдар.

Негізгі қимыл – қозғалыс жаттығуы:

1.     Нысанаға дәлдеп ату; (дротик лақтыру)

2.     Кедергілер арқылы самокатты айдап өту.

 

ІІІ – бөлім. Жетекші – жөндеуші. 

Қимылдық ойын: «Қамалды қорғау»

Ойын мақсаты: балалардың жылдамдық, ептілік, қабылдау ерекшеліктерін дамыту;

Ойын міндеті: балалардың допты нысанаға дәлдеп тигізу, жылдам, үйлесімді қимылдау шеберліктерін жетілдіру.

Ойынның қысқаша мазмұны: үлкен шеңбер сызылады да, оның ортасына бір орындық қойылады. Бұл  - қамау, балалар қаламақ айтып, бір баланы осы қамаудың қорғаушысы етіп сайлайды. Балалар нұсқаушының берген белгісі бойынша қамалды доппен атқылай бастайды. Ортадағы бала қамалды қорғайды, допты нысанаға тигізген бала қорғаушымен орын алмасады.

Ойынның шарты: Балалар қамалды бір ғана доппен шеңбердің сыртынан ұрып атқылайды.

Релаксация:

Балалар кілемшенің үстінде денелерін босаңсытып, қолдарын төмен созып, көздерін жұмып жатады. Нұсқаушы балаларға өздерін жасыл шөптің үстінде жатқандай сезінулерін ұсынады. Күннің шуағы денемізді қыздырады, шұғылалы нұрлы күн сәулесін шашады, қасиетті жер – ана денемізге  күш береді. 2-3 мин.

 - Балалар бойымызға қайтадан күш жинадық, енді шеңберге тұрамыз

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады:

Жиналамыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен кіші жасымыз, кәріміз де.

Дендеріңіз сау болсын, қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап жүріңіздер төрімізде.

Сабақты қорытындылау; Балалар саппен залдан шығып кетеді.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі қажет: Көрсетілген жаттығулардың әдіс - тәсілін  дұрыс орындауға дағдыланады, жаттығу арқылы қол, аяқ бұлшықеттерін жетілдіреді.

Қалыптасқан түсініктер: Нысанаға дәлдеуді, кедергілер арасымен самокатпен өтуді үйренеді.

Орындаушылық қабілеті: балалардың қимыл – қозғалысын дамытумен қатар, олардың дұрыс тынығуына да назар аударылады, балалардың пәнге деген қызығушылығы артады.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «Көңілді аэробика»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 542 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.05.2016 2365
    • DOCX 21.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маймаков Бахытжан Амиракулович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10990
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Современные педтехнологии в дошкольном образовании

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 169 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 577 человек

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе