Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Аталар мұрасы- халық қазынасы" 4- сынып

"Аталар мұрасы- халық қазынасы" 4- сынып

Скачать материал

26.11.2015.

Ашық тәрбие сағаты   4 «а» сынып

Тақырыбы:«Аталар мұрасы- халық қазынасы»
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: ата бабадан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру

Дамытушылық: ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге ,ақылды, салмақты ой айтуға үйрету , оқушы бойына әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру
Тәрбиелік: жастар бойына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіріп , имандылыққа ,мейірімдікке тәрбиелеу,аталы сөздерден өнеге алуға баулу.
Көрнекілік: адами қасиеттерге баулитын нақыл сөздер,  мақал- мәтелдер
«Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей»
Естіге айтқан сөз
Шыңға тіккен тумен тең
Ессізге айтқан ақыл сөз
Құмға сіңген сумен тең

Атадан ұл туса игі
Ата жолын қуса игі
Өзіне келер ұяты
Өзі біліп тұрса игі

Біздің заманымыз өткен заманның баласы,келер заманың атасы

Барысы:Жоспар
1.Ата өсиеті
2.Аталар сөзі- ақылдың көзі
3.Баталы құл арымас
4.Жарасып тұр дәстүрім


 

 

 

Мұғалім: Балалар,бүгінгі шарамыз жақсы көңіл-күйде өту үшін бір-бірімізге жақсы тілек тілейік. «Шаттық шеңбері»

Армысыз,қайырымды Аспан-ата!

Армысыз,мейірімді Жер-ана!

Армысыз,шұғылалы Алтын күн!

Қайырлы  күн!

Бәріміз күндей жарқырайық!

Бәріміз дос болайық!  (қимылмен көрсету)

Бауыржан: «Сәлем сөздің анасы»демекші армысыздар ұстаздар!
Нұрболат:Қадірменді ұстаздар,ата- аналар,оқушылар Бүгінгі «Аталар мұрасы халық қазынасы»атты ашық тәрбие сағатымызға хош келіпсіздер!
Әбусейт:Қазақ сөз қадірін өз қадірім деп білген халық.Кендігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызған.Оның тарихы,тағдыры,тәлімі мен тәрбиесі,даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр.
Бауыржан:Қазақ тарихында сөздің орны ерекше.Бітпес даудың ,бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған.Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр лып еткен сезім,терең ақыл ,кемел ой,арман мұрат, мұң мен сыр бәрі сиған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе,қазақтай ақ білсін.Сондықтан да сөзден өткен күш сөзден өткен құдірет жоқ.
Нұрболат:Олай болса балалар қандай жанға жайлы сөздерді білеміз?

(Тақтада топтау суреттерді:күнім,айым,ботам,құлыным,балапаным т.б)

Нұрболат:Балалар,жанға жайлы сөздерді кімдерден естисіңдер?

(Тақтада топтау суреттермен:Ата,әже,ана,әке,тәте,аға,мұғалім)

Нұрболат:Жанға жайлы сөздерді естігенде  көңіл –күйлерін қалай өзгереді?

(ұйқы ашылу,қуану,күлу,мәз болу.т.б смайликпен көрсету)

Сезім: Олай болса,балалар жанға жайлы сөздерді айтатын атамыз бен әжеміз қандай?

Нәдір:Ата-үлкен кәріміз

           Қуат берер дәріміз

          Қалтасына кәмпит сап.Ардақтайық бәріміз.

Айгерім:Мейірімді әжелер

                Балалар кеп бата алар

                Қалтасына кәмпит сап

                Ардақтаймыз бәріміз
Алихан:

Әй,тәкәппар,дүние,
Маған да бір қарашы!
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы

Индира:

Ізетіңді ине етіп
Иманыңды түйме етіп
Инабатты күйме етіп,
Жүрші балам,жамандықты күйретіп дегендей біз бабаларымыздың мұрасын,халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп,жалғастырып,жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.
Сезім:Аталар мұрасы,халық қазынасының бірі ән .Кезекті әнге берейік             «                                                  әні орындалады

Айдана: Жасы келген Абыз бабаға Әсет би амандаса келеді де былай дейді:
Ассалаумағалейкүм ,Абыз баба,
Жасыңыз келіпті қалыпты ға

Атамыз айтып еді дейтұғын ұрпақтарға
Айтыңызшы өсиет бір асқан дана.....
Ендеше,қадірменді көрермендер, «Ата өсиеті» атты көріністі тамашалаңыздар!
Нұрболат.Жігіт: Ассалаумағалейкүм ,ата!
Нұрәділ.Қарт: Аманбысың,балам!  Отыр ,төрлет.Арман деген не?
Жігіт: Ата,арман дегеніміз ақыл ойдың шындығы,құс ұшсам дейді,бала өссем дейді,қыз көрікті болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді,ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді.
Қарт: Дұрыс айтасың,балам,арманына жете алмайды,арманына ақылды жетеді,ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді.
Жігіт: Дұрыс айтасыз,дұрыс айтасыз
Қарт: Балам,үйде кім, елде кім қадірлі?
Жігіт : Ата,үйде ана,елде бастық қадірлі.
Қарт: Жоқ,балам үйде қонақ ,қарт,бала қадірлі.Елде хан,әкім,ұстаз қадірлі.Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. «Бала үйдің патшасы,балалы үй базар, баласыз үй азар» деген халқым.
Қарт:Балам,үйдегі алтын қазық кім?
Жігіт: Үйдегі алтын қазық бала
Қарт:Жоқ,үйдегі алтын қазық ана.Ана ақылды болса,бала дана болады.Ана тәрбиесі қызға,әке тәрбиесі ұлға үлгі.ана ақылшың,әке қамқоршың,ағаң қорғаушың,інің сүйенішің,қарындасын қанатың екенін ұмытпа.Ананы сыйламағанның ақылы кем,әкені сыйламағанның жақыны кем.Ананың мейірімі өзінде ,ықыласы көңілінде,ақылы сөзінде болады,балам.
Жігіт:Қандай керемет сөздер!
Қарт:Достықты нығайтатын не?
Жігіт:Ата,достық пен жолдастықты ынтымақ,бірлік,теңдік,туыстық,бауырмалдық нығайтады
Қарт:Дұрыс,балам,сенің айтқаның,достық пен жолдастықты дамытатын ынтымақ,бірлік, теңдік,бауырмалдық.Есіңде болсын,шын достық ақылдыға тән.өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз» , «Рұқсат па» деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.Сәлемдесуді білген кешіре де біледі.Жөн сөз көңіліңді өсіреді,жөнсіз сөз үмітіңді өшіреді.
Жігіт: Рахмет,ата сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!
Оқушылар : Иә,барлығымыз есте сақтаймыз
Нұрай: 

Иә, туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ
Ардақ тұтып үлкенді
Ата жолын жалғапты, дегендей осы естігендеріңізден ғибрат алып ой түйеді деп сенеміз.
Бақытбек:

 Адамның сәні өнер,білім,ақылы
Жердің сәні жеміс,өнім,дақылы
Сөздің сәні өнегесі нақылы
Пікірдің сәні ең пайдалы мақұлы 

 

Айгерім:

Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең,менше сүй
Ән « Қос бәйтерегім»орындайтын қыздар тобы.

Асият: Даралық сөз суырып салма ақындықпен туыстас.Аумалы төкпелі алмағайып замандарды бастан кешкен халықтың өзіндік басқару жүйесі болды: ел қамын жеген ерлері,сөзін сөйлеп жағдайын жайлаған шешендері,білімпаз билері болды.Би халықтың көкейіндегісін айтқан,көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы.Қазақтың атақты билері: Төле би,Қаз дауысты Қазыбек би,Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.

Айдана: Төле би,Қазыбек би , Әйтеке би тілді, Асқартау Қазығұрттай биік еді.Бірі күн,бірі туған айдай болып,заманға сәйкесімен келген еді.

Жерімді гүлдендірген аңыз еккен
Данышпан даналары аңыз еткен
Үш жүздің басын қосып біріктірген
Төле би, әйтеке мен Қазыбектер

Индира: Ата бабаларымыздан өмірде ата әжелеріміздің ,ата аналарымыздың айтып отыратын сөздеріне яғни «Аталар сөзі -ақылдың көзі» атты бөлімге кезек берейік

Жігіт:Алихан;  Қарт: Еркебұлан;
Жігіт: Ата! Қол бастау қиын ба
Жол бастау қиын ба
Сөз бастау қиын ба?
Қарт : Е,балам!
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса,
Жол бастау қиын емес
Соңыңнан ерген елің болса,
Бәрінен де сөз бастау қиын:
Тауып айтсаң мереке қылады,
Таппай айтсаң келеке қылады
Жігіт: Дұрыс айтасыз,дұрыс айтасыз
Қарт: Е,балам!
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады
Ой түбінде жатқан сөз 
Шер толқытса шығады
Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп
Әділ төре ел бастар
Батыр жігіт жау бастар
Аға жігіт қол бастар
Шешен адам сөз бастар
Құсты жисаң,бүркіт жи
Қыс тоныңды түлкі етер
Бір жақсымен дос болсаң
Азбас тозбас мүлкі етер
Бір жаманмен дос болсаң
Бүкіл елге күлкі етер
Иә,балаларым,сөз кезегін түйіндейтін болсақ
Ақыл адамды аздырмайтын ем
Білім таусылмайтын кен
Адамның басшысы ақыл
Жетекшісі талап
Шолғыншысы ой
Жолдасы кәсіп
Қорғаны сабыр
Қорғаушысы мінез

Айгерім:

Ән махаббат,ән сағыныш
Ән жұбаныш,ән қуаныш
Сырлы сазды әнмен бірге

Тербеледі кең даламыз
Ән------------------------------------------------------

Сезім: Салт дәстүр халық педагогикасының бастауы.Елдігіміздің,егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз.Соның ішінде бата туралы түсінік бермекшіміз.
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас
Батаменен ел көгереді,
Жауынменен жер көгереді дейді дана халқымыз.


Нұрай:Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші.Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға,талантты жастарға,көптің жүгін көтерген адамдарға,жас сәбиге немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі әрі өмірлік жолдамасы.Батаның түрлері көп.Соның ішінде жасұланға бата беру

Нұрәділ:

Қарт:Ата сөзі дарын мол
Ақ уызға қарық бол
Абылайдай алып бол
Шоқан сынды жарық бол
Абайға ұқсап милы бол
Құрманғазыдай күйші бол
Ақандайын сері бол
Қажымұқандай ері бол
Сәкен сынды сұңқар бол
Бағың жанып әрдайым
Жақсыларға жақын бол.Осы айтқаным періште құлағына шалынсын
Аман бол,қалқам ,аман бол
Әумин!
Индира:

Ұлттық киім кимесе
Жігіттің  сәні кірер ме 
Нақышына келмесе

Бидің сәні кірер ме дегендей келесі кезекті биге береміз.
(би биленеді) ұлдар биі

 

Бақытбек:

Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз
Асылбек:

Ата салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты
Ержан: 

Тілім барда қазағым бар ,халқым бар
Дәстүрім бар,ата жолы салтым бар
Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау ашық мінезі бар аңқылдар деп «Жарасып тұр дәстүрім» көрінісін тамашалаңыздар!
Көрініс
Айгерім: Сүйінші,сүйінші!Ауылдан әжем келді
Сезім: Сүйінші сұрау шын қуаныштың белгісі,қатты қуанып тұр екенсің мінеки,сыйлығыңды ала ғой!
Асият: Айгерім,артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?
Айгерім: Байғазы берсең,көрсетемін
Асият:байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сый.Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ.Мә,ала ,ғой,саған моншағымды берейін,көөрсетші
Айгерім : (Басына бас киімін киіп) Міне,әжем тігіп берген бас киім.Ал атам маған жаңа қошақан сыйлады.Қозымды көргілерің келсе,көрімдігін даярлаңдар!
Асият: Байғазы жансыз дүниеге,ал көрімдік жандыға беріледі
Сезім: Асият ,білесің бе? Менің ағам Түркияға қыдырып кетті
Асият : Онда сенің әжең тоқымағар жасайды екен ғой
Сезім: Ол не?
Асяит: Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын бас қосу.Мал сойылып,ойын сауық, өлең жыр айтылады.
Асият: Егер,ағам маған сыйлық әкелсе,ең жақсысын саған беремін.Өйткені сен менің нағыз досымсың ғой
Индира:Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына балаларға, ірілі ұсақты сыйлықтар әкеледі.Оны «Базарлық» деп атайды.Бұл жақсы көрудің сыйластықтың белгісі
Айгерім:Балауса ,бағанадан үндемей тұрған мына досың кім?
Индира: Бұл Нұрлыгүл.Жақында көшіп келген көршіміз
Асият: Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғандар «Ерулік» береді деген әжем.Ендеше Нұрлыгүлді бәріміз қонаққа шақырады екенбіз ғой.Жүріңдер біздің үйге Нұрлыгүлмен бірге
Бауыржан:

Нәзік гүлдер әніміз
Жайнап өскен бауырымыз
Өсе берсін гүл қыздар
Жарасады жырымыз
Ән «Қазағымның дәстүрлері ай»
Әбусейт: 

Қырдан ескен самалы
Салтымыз бар бағалы
Ақ қағазға аталар
Шешен сөздер жазады
Еске алғанда жас күнін
Ән салғанда қашты мұң

Жас ұрпақтың ісімен
Жалғасады дәстүрімХор: Атамекен

Қыздар: Аталар сөзімен өсіп өнген

Ұлдар: Бабалар бұлағынан нәр алған

Қыздар: Даналар өсиетінен тәрбие алған

Ұлдар: Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен

Қыздар: Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен

Кешіміздің қадірменді қонақтарына тыңдағандарыңызға мың рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Аталар мұрасы- халық қазынасы" 4- сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 391 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 1678
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Инкаргалиева Гульжан Ногайбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8476
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Windows для начинающих: файлы, папки, текстовые документы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе