Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Аяулы анашым" ертеңгілігі ортаңғы топқа арналған

"Аяулы анашым" ертеңгілігі ортаңғы топқа арналған

Скачать материал

Ертеңгілік мақсаты: баланың анаға деген жылылығын сезінуге, ұғына білуге, осы ыстық сезімді мерекеде ән,би, ойын  арқылы жеткізе білуге талпындыру.                                           Жүргізуші:

-Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар, әріптестер, ару қыздар!
Сіздерді 8-Наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз! (ортаға сахна сыртынан қыздар  миллион раушан гүл әніне бимен шығады, бидің соңында ербалдар келіп сыйлықтарын беріп орындарына жағасады)

3 ер бала үш тілде тақпақтарымен ертеңгілікті ашады.

Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жүпар аңқытқан
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші: Құрметті аналар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Бүгін наурыздің 8 - і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі -  деп балаларды (тақпақтарымен) шақырамыз

Ән: «Ақ гүлдер»

Тәрбиеші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Тәрбиеші: -Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: -Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.
Тәрбиеші: Әрине, біздің балалар әже, аналарының есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)
Көктем: - Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет балалар сендерге.

-Балалар мен   сендерге сұрақтар қойғым келіп тұр,жауап бере аласыңдар ма?

-Қазір ,бүгін жылдың қай мезгілі?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Бүгін көктемнің қандай күні?

-Көктем туралы тақпақ білесіңдер ме?

-Жақсы, балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер!

Тәрбиеші: -Ару көктем біздің де кішкентай гүлдеріміз оянып жатыр.Өзіңізге арнап гүлдер де билеп берсін қабыл алыңыз.

«Гүлдер» биі
Осы кезде көктемнің телефоны шырылдайды.
Көктем: - Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар.

Көктем: -Рахмет.  Сау болыңдар.
Тәрбиеші: Қандай қызық кітап. Ой, аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен. Ә, міне кілті. (Кілтті осы кезде бұзақы бала тартып алып кетеді). Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға келген?
Бұзақы: - Ол мен бұзақы бала. Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасағаннан кейін анам мені далаға қуып жіберді.
Тәрбиеші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта. Олай болса бізбен бірге өлең айтасың ба?
Ән: «
«Анам,әжем»
Бұзақы: -Ой, қандай  жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің.
Тәрбиеші: -Ал енді кітапты ашайық. (Сиқырлы әуенмен кітап ашылады)
Кәмпитті ағашты көреміз. Қандай қызық ағаш. Әр бұтасында кәмпит өсіп тұр, бұл жәй кәмпит емес, онда не жасырынған екен. (Кәмпиттерді ашу)
Бірінші кәмпит тақпақтар. (Балалар тақпағы)

Би: «Ана»

-Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты. Залға әже келеді.

Тәрбиеші: Саламатсызба, әже! Мейрамыңызбен! Біреуді іздеп жүрсізбе?

Әже:-  Саламатсыздарма, қарақтарым! Мына балалардың дауысын естіп араларында менің немерем Қызылтелпек жоқпа деп келе жатқам.

Тәрбиеші: -Жооқ, келген жоқ. Келемін деп хабарласты ма сізге?

Әже:-  ия, таңмен хабарласып еді, мейрамынмен құттықтап келемін деп.

Тәрбиеші:- Сіз отырыңыз, жол жүрем деп шаршап қалған боларсыз. Немереңіз қазір келіп қалар, ол келгенше бізге сиқырлы ағашымыздағы тағы бір кәмпитті ашуға көмектесіңіз.

Әже: -жақсы балалар

Тақпақтар: әже туралы тақпақатарымен балаларды ортаға шақырамыз  

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Ал енді өздеріңізге арналған «Әжетайым-әжешім» әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Әжетайым»

Әже: Рахмет, балалар! енді мен үйге қарай шығайын, немерем келіп қалып, күтіп қалар.

Тәрбиеші: -жарайсыңдар, балалар. Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың «Аспазшылар» биін қабыл  алыңыздар.

Би: «Аспазшылар»

Есік қағылады.
Тәрбиеші :- Балалар бізге есік қағып келген кім екен! Балалар сендер мына қызды танисыңдар ма!
Балалар:- Ия, танимыз
Тәрбиеші : -Бұл кім өзі!
Балалар- Бұл ертегідегі Қызыл телпек екен.

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, балалар, жана ғана әжеміз іздеп келген Қызыл телпек.

Тәрбиеші :- Қызыл телпек сен мұнда не істеп  жүрсің! Сені жана әжең іздеп келіп кетті, күтіп қалды.
Қызыл телпек:- ой, мен әжемді мерекесімен құттықтауға бар жатыр едім, бірақ жолда қасқыр кездесіп мені қуып келеді, мен одан қорқып қашам деп, қолымдағы бәліш салынған себетімді жоғалып алдым.
И,И,И, деп жылайды.
Тәрбиеші:- Қызыл телпек қарағым, сен мұңайма жылама, бізде бүгін үлкен  мереке. Айналаға қарашы сен бүгін тойға келдің ғой, қарашы саған қонақтар қарап отыр ғой.
Қызыл телпек: -Айналаға қарап, ұялып тәрбиешінің артына барып тығылады.
Тәрбиеші:- Қызыл телпек, сен жасырынбай-ақ қой сен әжеңе барғанда қандай сый жасамақшы едің! Бізде сиқырлы ағаш бар сол ағашта тәтті кәмпиттер өседі екен сол тәттілерден беруімізге болады. Кәмпитті ашамыз: Қызыл телпек сен бізге қосылып біздің балалармен бірге ән салып би билесеңші
Қызыл телпек:- Жарайды.
Тәрбиеші :- Ал ендеше биге кезек береміз.

Тақпақтар:

Ойын: « Әжемнің жібі» (Қызылтелпек ойнатады)

Шарты: жіптердің түстеріне сай шұлықтарды себетттерге салу.

Ән: «Мамина улыбка»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар қыздар! Қызыл телпек, сен әлі де қорқып отырсың ба!
Қызыл телпек: Ия
Тәрбиеші: Неге!
Қызыл телпек:- Әне, анау қасқыр маған қарап тұр ғой, қазір ол маған келеді. Себетімді  сол тауып алып,  әжеме алып бара жатқан бәлішімді  жеп қойған болар.
Тәрбиеші: -Ой айналайын қорқағым-ау, біз мұнда неге тұрмыз, біз саған көмектесеміз. Балалар қызыл телпекке көмектесеміз бе! Сыйлыққа бәліштің орнына біз тәтті кәмпиттер береміз дедімго..
Балалар:- Ия (Сиқырлы ағаштың ішінен тағы бір кәмпитті жұлып алып, ашу)

Тәрбиеші:- Онда біздің батыр балаларымыз билеп қасқырды бұл жерден қуып шығады. Балалар бірақ абайлаңдар. Өздеріңе зиян тиіп кетіп жүрмесін.
Би:- «Джентельмен»
Тәрбиеші: міне, Қызыл телпек біздің балалар қасқырды қорқытып, қуып жіберді. Ол енді жоқ. Әжеңе барар жолда ол кезікпейді деп ойлаймыз. Енді жинап алған тәттілерінді алып, әжеңе барып,сыйлауын болады.

Қызыл телпек: рахмет, сіздерге, балалар. көңіл-күйім көтеріліп қалды. Енді әжемді барып құттықтап, қуантайын. Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Сау бол! Қалған соңғы кәмпитті ашайық балалар.

Ән: «Ай лав май мамми»

Тәрбиеші; рахмет, қыздар.

Ойын: «Сиқырлы кострюль»

Тәрбиеші:- Құрметті аналар, қыздар! Міне бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізде соңына таяп қалды. Сіздерді 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілей отырып ертеңгілігімізді  аяқтаймыз.
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірлеп
Аналарға сыйлаймыз! - деп балаларыңыздың сіздерге арнап жасаған  сыйлықтарын  қабыл алыңыздар!
Қош сау болыңыздар!

 

 

 


 

№ 50 «Заңғар» бөбекжайы МКҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертеңгілік тақырыбы:  

              

«Аяулы анашым!»

«Балбөбек» ортаңғы тобы

Похожее изображение

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         

 

 

                                                                           Тәрбиеші: А.А. Магзомова

                                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Аяулы анашым" ертеңгілігі ортаңғы топқа арналған"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 756 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2017 749
    • DOCX 274.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Магзомова Арайлым Амангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27727
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Воспитательная система образовательной организации в современных условиях

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 884 человека

Курс профессиональной переподготовки

Тифлопедагогика в дошкольном образовании (работа с обучающимися с нарушениями зрения)

Учитель-дефектолог (профиль: нарушения зрения)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 80 человек

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для дошкольников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 327 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 970 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психосоматика детей и взрослых: психологические аспекты различных заболеваний

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека