Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Қазақ әдебиеті сазды кеш
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Қазақ әдебиеті сазды кеш

библиотека
материалов

Әдеби сазды кеш тақырыбы: «Бүгін менің туған күнім....»

  • Өлең диалог «Махаббат диалогы»

  • Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?

  • Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

  • Отқа түсіп өртенсем не етер едің?

  • Күл болып соңынан бірге кетер едім.

  • Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

  • Жел боп қуып ақыры жетер едім.

  • Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

  • Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін. ( екі ғашық сахнадан қол ұстасып шығып кетеді)

Д:

Ғашықпын,шын ғашықпын,сол адамға,

Мен болмасам, болмайын,

Сол аман ба?

О, тәңірім,неткен жан ед қайырылмайтын,

Жүрегі еттен бе,әлде қоладан ба?

Р:

ғашықпын, қайтып оны жасыра алам,

бір алтын оның әр тал шашы маған.

Сағынайым, таусылы сағынайым,

Сағынышқа жаралған ғашық адам.

Д: кеш жарық, құрметті жиналған оқушылар, ұстаздар мен кешіміздің қонақтары!

Р: «Менің туған күнім» атты Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған кешке қош келіпсіздер, жыр сүйер қауым

Мұқағали шынында да өмірдің ащы тұщысын көп тартқан,өмірдегі бар жұбанышы,қызығы ұл қыздары мен жүректен шыққан жауһар өлеңдері болған,қазақ басына бұйырған ақиық ақын еді. Өкініштісі оны өлім дейтін от ауызды аждаһа жұла кетті. Бірақ Мұқағалиды алып кеткен өлім өлеңдерін алып кете алмады, Мұқағали боп артында аққу өлеңі қалды. Ал сол өлеңді ары қарай жетелеу біздің мойнымызда емес пе? Бұл туралы қалай ойлайсыз?

Д:

Иә! Сіздің айтып отырғаның өте дұрыс. 9- ақпан Мұқағали Мақатаев ағамыздың туған күні, бұл мереке, баға жетпес қуаныш, ол біздің мойнымыздығы міндет, бір үлкен парыз.

Р: Олай болса, құрметті жиналған көрермендер,кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!!! Кешімізді М.Мақатаев өміріне кіріспе сөзден бастаймыз. Алғашқы сөз кезегі ______________________________________________

Д:

Бүгінгі кешімізді әрі қарай М.Мақатаевтың өмірінің тарихи шолу бейнефильмімен жалғастырамыз. Экранға назар аударайық құрметті қонақтар!


Р: М. Мақатаевтың туған күні жоғары деңгейде аталып өтіледі. Әр түрлі мерекелік іс шаралар мен еске алу кештері және де кітап көрмелері ұйымдастырылады. Кітап көрмелерін ұйымдастырудың негізгі мақсаты оқырмандарға ақын шығармаларын толық таныстыру болып табылады. Келісі сөз кезегі мектебіміздің кітапханашысы _____________________________________________

Д:

Сырым да осы,

Жырым да осы,

Алдыңда.

Бықсыдым ба,жандым ба?! Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты,

Мұқағали Мақатаев бар мұнда, деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы М. Мақатаевтың 9-ақпан туған күні.

«Арыз жазып кетейін» өлеңі. Жұмабаев Әсет 11 «б» сынып оқушысы

Р:

1970 жылы жазылған «Ақ қыздар арым таза алдарыңда» атты жырында :

Ақ қыздар бәріңді де тұнық көрдім,

Жасқанып жанарлардан бұғып келдім.

Бәріңнің арыңа арқау түсірмедім

Шыққанша қырқасына қырық белдің, деп жырлап өткен М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Арулар асыл жандар» әніне кезек береміз. Алдарыңызда Есқалиева Гүлбарам және Абдуллина Дария

Р:

Мұқағали біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды,шығармашылығымды зерттемек болсаңыздар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауыңызды өтінемін»деген екен. Келесі кезекте М.Мақатаевтың өз туындысы «Менің анкетам» шығармасымен ғана емес өзімен де жақын танысайық. Алдарыңызда Абдіғазиев Дарын, Пак Алмат

Д:

Ұлы ақынның сезімінде,туған еліне деген махаббатында шек бар ма?! Ендеше М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» әніне кезек берейік. Алдарыңызда Бекпенбетова Эльвира

Д:

Жырыңмен жалғап жер мен көктің арасын,

Биіктеп, Мұқа, ғарышқа самғап барасың.

«Ештен де жақсы кеш» деген міне осы ғой,

Қара тобырды қақ жарып озған дарасың. «Бесік басында» өлеңімен Пак

Дамир қарсы аламыз.



Д:«Мұқағали мөлдірліктен,тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын ақын» деп Лашын Әзімжанова айтқандай Мұқағали ағамыз жаны таза дара ақын.

«Күрең күз» әнімен Қадіров Қасымбек және Есқалиева Гүлбарамды қарсы алайық

Р:

О,махаббат!Сен әлі тірі ме едің?

Тірі ме едің? Мен енді тірілемін!

Ақ періште,алдыңда жүгінемін.

Қолдай гөр,ғашықтардың пірі,мені! М. Мақатаев заманымыздың ғажайып ақындарының бірі. «Мақатаев атты алып ақынның жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір дайындаса да ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек» дейді Әбділда Тәжібаев.

«Күзгі саябақ» Лекеров Нурсайын, Короваенко Наташа, Сабина

Д:

Дос болам десең,

Досымды сыйла қымбаттым!

Досыңа сонда

Досыммен ғана қымбатпын.

Дос болам десең,

Мендегі доспен достасқын,

Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын. «Досым» Баканина Екатерина

Р:

Ақындықпен айналысқан отыз жыл ішінде ол көзімен көргендерін,ақындық санамен түйсінгендерін қазақтың қара өлең үлгісімен төгілтіп жырлай берді,

жырлай берді.

Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кей кейде өмірден безініп, ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фариза Оңғарсынованы тапты. Нағыз досы бола білген асыл жанға арналған «Фариза» өлеңімен Ермаков Александрды қарсы алайық

Р:

Кеше ғана жарық дүниемен қоштасқан «Поэзия падишасына» айналған Фариза Оңғарсынованы бир минуттық үнсіздікпен еске алайық.

Р:Фариза Оңғарсыноваға арналған ән. Алдарыңызда Малтабарова Рауза және Шейтова Ұлмекен

Д:

Бұл екі адал досты біріктірген ақындық дарын, поэзияға деген махаббат болатын.

Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,

Күннен,түннен,гүлдердің бүршігінен.

Қуаныштан,түршігу күрсінуден,

Жүректердің іздедім дүрсілінен деп,жер бетінен Мұқағали ағамыз Поэзияға деген құштарлығын сездіреді. «Поэзия» өлеңімен Тажгулова Регина

Д:

Жыр десе Мұқаң аты аталатын,

Бүгінде мәңгі ұйқыда жатыр ақын.

Жырлары жалын сөзбен көмкерілген

Сақтаймын жүрегімде ақын атын, дей келе «Бақыт»әнімен Өмірғалиева Нұргүлді қарсы алайық

Р:

Бұл тойдың көп бізге үйретері, Күтіп тұр талай қызық әлі алдан.

Қазақтың шіркін айтшы не жетеді,

Әуеніне ән көгінде шырқалған..ортада «Мұқағали Мұңы»әнімен Сейілхан Айгерімді шақырамыз.

Д:


Өмір дегенге

Тірлікте сірә жетер ме ой!

Жарық сәуледен

Басқаның бәрі бекер ғой.

Бекер ғой бәрі,

Бекер ғой бәрі,бөтен ғой,


Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой деп Мұқағали шығармалары өмір деген сәуледе таусылмас нұрын шашар жарық сәулеге айналды. «Үш бақытым» Жұмаханова Ақжан

Р:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, деп абай атамыз әнді сүйгендей, бізде әнді жанымызбен сүйетін халықпыз. Жанымызға шуақ себер әнге кезек берейік. «Жайна Жұлдызым» әнімен ортаға Сейілхан Айгерімді шақырамыз.

Д:

Шәміл ау,

Күндер өтті,

Айлар өтті.

Алаңсыз қайран күндер қайда кетті?

Махаббат сәулесіне ұрындым мен,

Махаббат өмірімді ойран етті «Шәмілге жазған хаттардан» үзіндімен Нағашыбаев Нұржан таныстырады.








Р:

Қарсы алмаса,

Құрысын, қарсы алмаған,

Ән салып бер,

Әніңмен жан сал маған.

Жаңғыртып жасыл тау жөнелсін бір,

Жатсын ұйып жапанда дел сал далам деп ортаға «Сенің көзің» әнімен Есқалиева Гүлбарамды қарсы алайық

Р:Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың,қиын күйзеліс пен шын қуаныштан,шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп,өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кең суреттеген. Барлық тіршілік иесінде адал махаббат болса деп аңсаған ақын әнін қарсы алыңыздар «Бала ғашық» Сагинтаева Раушан мен Тұрмағанбетова Ақсаулені шақырамыз

Д:

М. Мақатаев қазақ халқының Фарабиден Абайға, Абайдан Мағжанға, Мағжанна бүгінге дейін жалғасып келе жатқан жыр кешеніндегі өзіндік орны бар біртуар талан иесі. Оның поэзиясы көптің ерекше махаббатына ерекше бөленді.

Д:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып,аяғын шөп шалдырған.

Өлді деуге болама,айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырғанда?!

Р: Мұқағали өлең болып өмір сүрді де,өлең болып үзіліп кетті. Ақынды сүйер халқы барда ақынды өлді деуге бола ма? Халқы аман болғанда ақынға өлім жоқ. Ағамыздан жеткен, мұра ретінде қалған жыр жауқазынын сақтай білейік. Бүгінгі біртуар ақынның мерекесі құтты болсын! Осымен «Бүгін менің туған күнім....»атты әдеби сазды кешіміз аяқталды

Автор
Дата добавления 26.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров177
Номер материала ДВ-195406
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх