Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ әдебиеті 9 сынып Дулат Бабатайұлы

Қазақ әдебиеті 9 сынып Дулат Бабатайұлы


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ жоспары

9 сынып

Сабақтың тақырыбы: -ХІХ ғасыр әдебиеті. Дулат Бабатайұлы
Сабақтың мақсаты: 
-ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлының шығармаларының маңыздылығын, өміршеңдігін түсіндіре отырып оқушы білімдерін тереңдету, толғаулары арқылы адамгершілікке, шынайылыққа, ұлттық рух пен патриоттық сезімге тәрбиелеу және өмірдегі болатын әділетсіздікке өз тұжырымын жасай алатындықтарын үйрету.
Сабақтың мазмұнына байланысты міндет:
1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи жағдай.
2. Зар заман ақындарымен танысу.
3. Дулат – релист ақын.
4. Ақынның шығармалары мен өлеңдерінің тақырыбы.
5. Ақынның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі.
6. Д. Бабатайұлы шығармашылығындағы дәстүр мен жаңашылдық жайында.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау
Сын тұрғысына байланысты міндет: негізгі мәселені жеке, топпен анықтау
Стратегиялар: ой шақыру, сұрақ - жауап, топтастыру
Көрнекіліктері: үлестірмелі парақшалар, ақынның шығармалары жинағы, интерактивті тақта, «Жеті ғасыр жырлайды» жинағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу.
Сыныпты түгендеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығы.
ІІ. Қызығушылықты ояту
Ой шақыру
1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси - экономикалық жағдайы мен отарлау саясатының жағдайы.
2. Неге «зар заман» ақыны атанды?
1. 1731 жылы Кіші жүз қазақтары Әбілхайырханның бастауымен орыс патшасы Анна Ионовнаға ант беріп, бағынған болатын. Орта жүз қазақтары Ресей патшасына бұдан 35 - 40 жыл кейін – ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында Абылай хан заманында бағына бастаған еді. Ұлы жүз қазақтары орыс патшасына ХІХ ғасырдың 60 - жылдарында бағынды. Сөйтіп, қазақ даласының Ресейге бағынуы 130 жылға созылды. Ресей патшасы отарлау саясатын біртіндеп жүргізді. Оны қазақ даласына әскери бекіністер салып, Ресейдің түпкір - түпкірінен казактар мен Украинаның жерсіз қалған шаруаларын көшіріп әкеп, қазақтардың суармалы шұрайлы жерлерін тартып әперумен бастады. 1743 жылы Орынбор қамалы орнады. 1770 жылдары Троицк, Семей, Орал, (Гурьев ) Үйшік. Қалалары (қамал ретінде) ірге көтерді. Әскерлерді ұстау үшін патша үкіметі жергілікті халықтардан ақшадай, заттай алым - салық жинап отырды. Бұл алым - салықтардың ауыртпалығы еңбекші халықтың мойнына түсті. 1822 жылы патшалы Ресейдің қазақ даласын билеу жөніндегі жаңа ережесі шықты. Бұл ереже бойынша бұрынғы ел билеудің хандық жүйесі жойылып, оның орнына округтер құрылды.
2. ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамын өз билігінен айырған Ресей патшалығының отарлаушыларына қарсы, қазақ даласындағы әлі де болса дербес хандық биліктің жойылуына қарсы алғаш реформа жасаушылардың бірі ақын Дулат Бабатайұлы. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені, ол өзінің толғау - жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманынының шындығын жазып, айта білді.
Ақын қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы зертеушілер тарапынан биік бағасын алды. Ол - Патшалық Ресейдің казақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан - таражға салу, халықтың дербестігін біржола жойып, тәуелділікке айналдыру әрекетіне қарсы шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын. Ақын өз заманындағы осы патшаның отарлау саясатынан зардап шеккен халқының қайғысын тереңнен сезініп, мұңын жырымен жазып, ел қамын ойлап, кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде маңызды толғаулар айтады:
Сырымды менің сұрасаң,
Тұманның суық суындай
Кеудеме қайғы толған соң
Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей, 
Жырын тыңда Дулаттың,- деп толғанады.
3. Дулат ақын шығармашылығы біз «Зар заман әдебиеті» деп бөліп қарастырып жүрген әдеби ағымның көш басында тұр. Ол жасы жағынан да, әдебиетке келуі жағынан да осы ағымның өкілдері Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, Нарманбет Орманбетұлы сияқты марғасқалардың алдында болып есептеледі. Сондықтан оны ең бірінші ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамын өз билігінен айырған Ресей патшалығының отарлаушыларына қарсы, қазақ даласындағы әлі де болса дербес хандық биліктің жойылуына қарсы алғаш үн көтерген, патша билеушілерінің шылауындағы аға сұлтан, ұлықтарды оңдырмай сынаған, сол дәстүрді қалыптастырушы жаңашыл ақын ретінде тануымыз қажет.
ХХІ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлы (1802 - 1871)
Кесте толтыру
Зар заман ақыны
Дулат Бабатайұлын кім деп білеміз?
Дулат Бабатайұлы 
1. ХІХ орта шенінде өмір сүрген ақын.
2. Өз дәуірінде жаңашылдыққа бет бұрған.
3. Қазақ әдебиетінің дамуына, өркендеуіне үлес қосқан.
4. Зар заман поэзиясының көрнекті өкілі.
5. Өте шыншыл, турашыл, батыл ақын болған.
ІІ. Мағынаны тану
1. Дулат - релист ақын.
2. Ақын өлеңдерінің ерекшелігі?
Жеке, жұптық, топтық жұмыс.
Оқушылар ойы тыңдалады
ІІІ. Поэзия минуты (оқушылар ақын өлендерін оқиды)
ІҮ. Ақын өлендерінің ерекшелігінің мағынасын ашу (Оқулықпен жұмыс)
Өлеңнің тақырыбы Сіздің ойыңызша? Дәлелің қандай? (Оқушылар өз ойын кестеге түсіреді)
Ү. Сабақты бекіту
Оқушылардың білім - білік дағдыларын дамыту
Болжау 
Дәлел 
Қорытынды
Ақынның өлең - жырларының басты сарыны ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету
Батырлықты, елдікті, адамгершілікті, ерлікті дәріптейді.
Басты арманы «Аягөз», «О, Сарыарқа, Сарыарқа!», «Ақжайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқадан» Өлеңінің арқауы - туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері
Дулат – шебер суреткер «Азған елдің бектері»(Бараққа), «Ыдысысың параның» (Кеңесбайға), «Сырға берік сырбазым» (Сүлейменге) өлеңдері мазмұнының терең мәнділігімен, адам портретін берудегі сатиралық шеберлігімен ерекшеленіп көзге түседі.
Ақын өлеңдерінің ерекшелігі «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық», «Қара қарға жем тілеп» Мысыл ретінде жазған өлеңдері. мақтаншақтықты, тойымсыздықты әшкерелеп,
Кішіпейілдікті, адамгершілікті, бірлікті уағыздайды.
әдебиет теориясы
«Толқынды теңіз заманнан, Сенімді кеме болмаса, Жел қайықпен өтер ме?»
«Күнәм жойқын, тәубем аз, Тіршіліктен не таптым! Дүние - жемтік, мен - төбет, Соны бақпай, не бақтым? Ырылдасып, әркіммен Не қапқыздым, не қаптым...» теңеу
ҮІ. Ойтолғау
«Не деген бақытты едің келер ұрпақ» деп 20 ғасырдағы қазақ өлеңінің хас шебері Қасым Аманжолов жырлағандай, тәу етер тәуелсіздігін алған тұстағы қазақ жұртының ұл менен қызы бақытты. Олай дейтінім: білектің күші, найзаның ұшымен келіп, Абылай хан, Дулаттай арынды ақындарымыз арман еткен тәуелсіз, еркін елдікке қол жеткіздік. Мемлекеттік тіліміз, дініміз, ұлттық нақыштарымыз бар дей келіп «Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік» тақырыбына ойтолғайық осы жайында сөз өрнегімен қағаз бетіне түсіріп көрейік
(Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, ойтолғау жазады)
ҮІІ. Кері байланыс парағы
Бүгінгі сабақтан алған әсерім:
Нені білдік?
Нені үйрендік?
Нені білгім келеді?
ҮІІІ. Бағалау парағы
ІХ. Үйге тапсырма
1.“Жанымен елін сүйген ақын” шағын шығарма.
2.”Еспембет” поэмасын оқу.
3. Қ. Жұмалиев., Р. Сыздықова., Х. Сүйіншәлиев сынды ғылымдардың Д. Бабатайұлы туралы зерттеулерімен танысып келу.
Х. Сабақты қорыту
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлтттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деп сабағымызды қорытындылаймыз.


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров426
Номер материала ДВ-487265
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх