Инфоурок Классному руководителю Презентации"Қазақ халқының ұлттық киімдері"

"Қазақ халқының ұлттық киімдері"

Скачать материал
Скачать материал ""Қазақ халқының ұлттық киімдері""

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • "Қош келдіңіздер!"

    1 слайд

    "Қош келдіңіздер!"

  • Сабақтың тақырыбы  Қазақ халқының ұлттық киімдері

    2 слайд

    Сабақтың тақырыбы
    Қазақ халқының ұлттық киімдері

  • Сабақтың мақсаты:  
1.Әйел,ер адамдардың және батырлардың ұлттық киімдерінің...

    3 слайд

    Сабақтың мақсаты:
    1.Әйел,ер адамдардың және батырлардың ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін жете түсіндіру.
    2. Киімдермен байланысты ырымдар мен тыйымдар туралы мәлімет беру
    3. Ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту

  • Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған  ортаның зиянды әсерінен қорғайтын...

    4 слайд

    Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бүйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат палеолит-тас дәуірінде –ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып тері мен тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннанкиілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдеренің көбісі сақ дәуірінен бастау алады.

  • XX ғасырдың 20-шы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-ке...

    5 слайд

    XX ғасырдың 20-шы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген И.С.Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды.

  • Қазақ халқының ұлттық киімінің негізгі түрлеріІштік киімдерСулық киімдерЕрлер...

    6 слайд

    Қазақ халқының ұлттық киімінің негізгі түрлері
    Іштік киімдер
    Сулық киімдер
    Ерлердің бас киімдері
    Әйелдердің бас киімдері
    Аяқ киімдер
    Сыртқы (өң) киімдер

  • Іштік киімдер 
Бешпент, дамбал, жейде(көйлек), қамзол, күрте, шалбар.

    7 слайд

    Іштік киімдер
    Бешпент, дамбал, жейде(көйлек), қамзол, күрте, шалбар.

  • Сыртқы (өң) киімдер 
Жадағай, шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тай –жақы,...

    8 слайд

    Сыртқы (өң) киімдер
    Жадағай, шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тай –жақы, тон, шопан, шидем, ішік, қолғап.

  • Сулық киімдер
Аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен.

    9 слайд

    Сулық киімдер
    Аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен.

  • Аяқ  киімдер
Кебіс, көк етік, мәсі, мық-шима, саптама етік, шоң-қайма

    10 слайд

    Аяқ киімдер
    Кебіс, көк етік, мәсі, мық-шима, саптама етік, шоң-қайма

  • Әйелдердің бас киімдері
Бергек, бөрік, жаулық, желек, сәукеле, тақия, шәлі, ж...

    11 слайд

    Әйелдердің бас киімдері
    Бергек, бөрік, жаулық, желек, сәукеле, тақия, шәлі, жедел, кимешек, күндік, орамал, қарқара.

  • Ерлердің бас киімдері
Башлық, далбай, бөрік, жалбағай, жекей тымақ, күлпара,...

    12 слайд

    Ерлердің бас киімдері
    Башлық, далбай, бөрік, жалбағай, жекей тымақ, күлпара, малақай, мұрақ, тақия, қалпақ, құлақшын.

  • Киімдердің әлеуметтік дәрежесі
Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшелік...

    13 слайд

    Киімдердің әлеуметтік дәрежесі
    Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті, сәндік киімдер, жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық, күздік киімдер болып бөлінеді. Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынандай түрлерге жіктеледі: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршек- ті көйлек, тақия, кәзекей), қалыңдық киімі (сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі).
     

  • Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлт-тық киімдер мынандай да топқа...

    14 слайд

    Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлт-тық киімдер мынандай да топқа
    бөлінеді: жоғары текті қазақтардың киімі, сал-серілер киімі, сән-салтанат киімдері, ұлттық ойын-сауық, жарыстарда киетін киім-дер, ғұрыпты киімдер, қазақтың неке киімдері, күй-еу жігіт киімі, қалыңдық киімі, дінге байланысты салттық және ғұрыптық киімдер, діндарлар киімі, аза тұтушылардың қаралы киімдері, қазақтардың ертедегі сулық және кәсіптік киімдері, малшылар киімі, аңшылар киімі, батырлар киімі және т.б

  • Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы көп. Тіпті киімдерді ұлы жүз...

    15 слайд




    Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы көп. Тіпті киімдерді ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те танып жатады. Сондай-ақ, кейбір киімдер ру, тайпа аттарымен де былайша аталып, танылады: қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т.с.с. Қазақтың ұлттық киімдерін географиялық аймағына қа-рай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атау кездеседі. Бірқа-тар қазақ киімдерінің үлгісіне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу мәнерінің де әсер еткені мәлім. Ал енді көне ғасыр- ларда пайда болған қазақтың көптеген киім түрлері мен үл- гілері бізге жеткен жоқ. Біз-дің ұлттық киімдеріміздің не- гізгі түрлеріне байланысты арнайы салт-дәстүр, ырымдар бар.


  • Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар

    16 слайд

    Ұлттық киімдерге
    байланысты
    салт-дәстүрлер
    мен ырымдар

  • БАС КИІМДЕР БОЙЫНШАТымақ. Ол қасиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды,...

    17 слайд

    БАС КИІМДЕР БОЙЫНША
    Тымақ. Ол қасиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі.
     

  • Бас киімді іліп қояды, кез – келген жерге тастай салмайды, астыға басып отырм...

    18 слайд

    Бас киімді іліп қояды, кез – келген жерге тастай салмайды, астыға басып отырмайды. Олай жасаса, бастан бақ таяды. Ер адам әйелдің жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектіктен айырылады. Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпауға тиісті. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. Жалаңбас отырып бала емізбейді, ас – су әзірлемейді. Баскиімнің төбесін басып кимейді, оны айырбастамайды, ешкімге сыйламайды, сатпайды. Тек сыйлыққа киілмеген, жаңа баскиім алып беруге болады.



  • Жас қыздың басына ақ, қара орамал  тартпайды. Ақ- жаулықтың, қара – қайғының...

    19 слайд

    Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ- жаулықтың, қара – қайғының белгісі. Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады . Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады.

  • Бас киімге қауырсын тағу«Алтын Адамның» баскиіміне де төрт алтын қауыр-сын і...

    20 слайд

    Бас киімге қауырсын тағу

    «Алтын Адамның» баскиіміне де төрт алтын қауыр-сын ілінген. Тамғалы тастағы суреттерде де қауырсынды баскиім киіп, малдас құрып отырған адам бейнеленген. Баскиімге қауырсын тағу көп халықта бар. Ол мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін танытады. Жаулық. Оған қатысты арнайы заң жолы, салт бар. «Жеті жарғы» бойынша қыл- мыстық, бұзақылық істе ол үшін кімге, кімнің құн тө-ленетінінің орнына «сары жаулық» жүрген. Бұл жаулық құн төлеуге келіскендікті біл- діреді. Күйеуі өлген әйел өзінің қаралы екендігін таныту үшін бір жыл бойы сары жаулықты тағып жүретін болған.

  • Бас киімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы.  Бас киімін сатуға да болм...

    21 слайд

    Бас киімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы. Бас киімін сатуға да болмайды. Бөтен адамға бас киімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді.
    Бас киімін сыйлауға да болмайды.
    Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектігінен айырылады.

  • Сырт киімдер бойынша Ішік. Қазақ салты бойынша, қасқыр ішікті жиырма беске...

    22 слайд


    Сырт киімдер бойынша


    Ішік. Қазақ салты бойынша, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастар кимеуге тиіс. Өйткені қасқыр ішік жас адамның жалыны мен тері қызуын тұмшалап, оны ауруға ұшыратуы мүмкін. Екі адам боранда адасып кетіп, қасқыр ішікті аман қалып, қасындағы адам үсіп өлсе, оның туған – туыстары аман қалған адамнан құн даулауға құқылы. Себебі, бір қасқыр ішік екі адмды суықтан қорғап қала алады. Мұның бәрі дала заңында бекітілген тәртіп. Ішік қазақта сый – сияпат, киіт орнына жүрген.


  • Сырт киімдер бойыншаШапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде ба-ғалайды....

    23 слайд


    Сырт киімдер бойынша


    Шапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде ба-ғалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» – үлкен құрмет. Бұрындары хандар батыр, би, жақсы – жайсаңдарына дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан, түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазірде бар. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу – қазақ халқында үлкен мәртебе.


  • Сырт киімдер бойынша  Жейде. Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, ба-...

    24 слайд


    Сырт киімдер бойынша


    Жейде. Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, ба- қытты тұрмыс құрған қария-лардың жолын берсін деп, олардың жейде – көйлегін сұрап алып, ырымдап киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе, әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал көлемінде тәбәрік деп бөліп алған. Қариялар бұрындары көп бала тапқан әйелдердің бұткиімін бала кө-термеген әйелдердің сұрап, қалап алғанын да айтады. Әйел босанарда толғағы жеңіл болсын деп көйлегінің шетін де жыртып, «жол ашу» ырымы жасалатын көрінеді.

  • Сырт киімдер бойынша Шалбар. Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс....

    25 слайд


    Сырт киімдер бойынша


    Шалбар. Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киген. Ұл тапқысы келген әйелдің еркектердің қару – жарақтарын, шалбарын басына жастап жататын, қыз тапқысы келген әйелдің қызыл ала шыт, әйелдің жүзігін, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді басына жастап жататын ырымы ерте кезден келе жатқан наным – сенім.

  • Сәбилер киімдеріне қатысты ырымдар мен тыйымдар  Бойына бала бітпеген әйе...

    26 слайд



    Сәбилер киімдеріне қатысты ырымдар мен тыйымдар


    Бойына бала бітпеген әйел баланың иткөйлегін қалап алады. Иткөйлекті аяқ асты, далаға тастамай, қастерлеп сақтайды, кім көрінгенге бермейді. Оның сыры, қазақтар иткөйлек баланың бақытын сақтайды, сәбидің бақыты иткөйлек киген күннен басталады деп сенеді.

    Аяқ киім бойынша Кебіс. Ол «табандық киім». Даладан үйге кірген адам қалыптасқан ғұрып бойынша кебісін шешіп, оң жақ босағаға қатарластырып, тұм-сығын отқа, сірі өкшесін іргеге қаратып қоюға тиісті.



  • Аяқ киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар Аяқ киімді төңкеріп қой-майды, те...

    27 слайд



    Аяқ киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар


    Аяқ киімді төңкеріп қой-майды, теріс кимейді. Олай жасаса, адамның жолы болмайды. Қазақ аяқ киімнің табанына қарамайды, егер табанына көзі түссе үш мәрте түкіргені жөн. Себебі аяқ киімнің баспайтын заты жоқ. Аяқ киімнің табанына қараған адамның көзінің ұшынуы мүмкін. Жо-рықта басқа жастанатын еш- нәрсе болмағанда етігін жастанып жатады. Өйткені, «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды». Сұқ тиген баланы ұлтарақпен үш мәрте ұрып, ұшықтайды. Жаңа ұлтарақты аяқ киімге салғанда алдыңғы жағының басын бойлата тіліп, иесіне «жолын ашу» ырымын жасайды


  • Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.
Аяқ киімді төңкеріп қою...

    28 слайд

    Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.
    Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды.
    Қазақ аяқ киімнің астына қарамайды. Оның баспайтын жері жоқ.
    Шалбар мен етікті түрып киюге болмайды.

  • Неке киімдеріне қатысты салт – дәстүрСәукеле. Оны қыз ұзатыларда әкесіні...

    29 слайд



    Неке киімдеріне қатысты
    салт – дәстүр


    Сәукеле. Оны қыз ұзатыларда әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді. Келін болып түскеннен кейін сәукелені шешіп алып қояды да жас келін бір жыл бойы желек жамылып жүреді.
    Орамал. Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңілісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген тілек. Мұны «шарғы салу» деп атайды.


  • Той киіміне қатысты ырымдар мен тыйымдар 
Жаңа түскен келіннің бетін тоб...

    30 слайд



    Той киіміне қатысты ырымдар мен тыйымдар



    Жаңа түскен келіннің бетін тобылғы сапты қамшының басына қызыл торғын орамал байлап ашатын дәстүр бар. Бұл – «келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын» деген ырым. Күйеу жігіт қалыңдығын алып ба-ра жатқанда оның етегінен басып, шапанын алып қа-лады. Бұл күйеу бала киімін жаңаласын, өмірі ажарлан-сын деген ғұрып. Жаңа түскен келін киімін тектен-текке қыс-қарта беруге тиісті емес. Олай жасаса, нәрестесінің кем болып тууы мүмкін.


  • Киімнің түймесін айқастырып  салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімн...

    31 слайд

    Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды.


  • СӨЗЖҰМБАҚ

    32 слайд

    СӨЗЖҰМБАҚ

  • ЛСОШЖПДМОЛЖМСШП
ЩФХКЕСЛУЩКФСЛХЕ
НЛХВЙСАБВХСЙБНА
ЫЖРЗКУШГРГЖШЗКУ
ҰСЮЯГПАСЯПҰГЮ...

    33 слайд

    ЛСОШЖПДМОЛЖМСШП
    ЩФХКЕСЛУЩКФСЛХЕ
    НЛХВЙСАБВХСЙБНА
    ЫЖРЗКУШГРГЖШЗКУ
    ҰСЮЯГПАСЯПҰГЮАҒ
    ФЕЩДЬЦЭЦДАЕФЩЬЭ

  • ЛСОШЖПДМОЛЖМСШП
ЩФХКЕСЛУЩКФСЛХЕ
НЛХВЙСАБВХСЙБНА
ЫЖРЗКУШГРГЖШЗКУ
ҰСЮЯГПАСЯПҰГЮ...

    34 слайд

    ЛСОШЖПДМОЛЖМСШП
    ЩФХКЕСЛУЩКФСЛХЕ
    НЛХВЙСАБВХСЙБНА
    ЫЖРЗКУШГРГЖШЗКУ
    ҰСЮЯГПАСЯПҰГЮАҒ
    ФЕЩДЬЦЭЦДАЕФЩЬЭ

  • ДУЛЫҒАДУЛЫҒА -  соғыста оқтан сақтану үшін киетін бас киім. 
Дулығаның екі жа...

    35 слайд

    ДУЛЫҒА
    ДУЛЫҒА -  соғыста оқтан сақтану үшін киетін бас киім.
    Дулығаның екі жағымен артқы етегіне темір тор ілініп, адамның мойны мен иығын тымақ тәрізді тұтас жауып тұрады. Дулыға батырдың басын сойыл, шоқпар, қылыш және садақ оғынан сақтауға арналған.
    (А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

  • 36 слайд

  • 37 слайд

  • БЕСЖОЛДЫҚ ӨЛЕҢ ШЫҒАРУ1) ЗАТ ЕСІМ
2) 2  СЫН ЕСІМ
3) 3 ЕТІСТІК
4) ҚЫСҚА СӨЙЛЕМ...

    38 слайд

    БЕСЖОЛДЫҚ ӨЛЕҢ ШЫҒАРУ
    1) ЗАТ ЕСІМ
    2) 2 СЫН ЕСІМ
    3) 3 ЕТІСТІК
    4) ҚЫСҚА СӨЙЛЕМ
    5) СИНОНИМ

    Батырлар

  •  Назарларыңызға рахмет !!!

    39 слайд


    Назарларыңызға рахмет !!!

  • Сау болыңыздар!9 сынып оқушылары, 
Ақтас негізгі мектебі “КММ”2014 жыл

    40 слайд

    Сау болыңыздар!
    9 сынып оқушылары,
    Ақтас негізгі мектебі “КММ”
    2014 жыл

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 122 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2015 3383
    • PPTX 936.8 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Томашева Гульбахыт Еркеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Томашева Гульбахыт Еркеновна
    Томашева Гульбахыт Еркеновна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84051
    • Всего материалов: 24

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе