Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыҚазақ ұлтының кемеңгері, ұлт мақтанышы Д.А.Қонаев

Қазақ ұлтының кемеңгері, ұлт мақтанышы Д.А.Қонаев

Скачать материал

Қазақ ұлтының кемеңгері, ұлт мақтанышы Д.А.Қонаев

 

 

«... Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың да тарихтың

төрінен орын алары дау тудырмайды.

Димекең - өз заманының перзенті болған ірі тұлға.

Ол кісінің артықшылығын да, кемшілігін де біз

сол заманнан бөле қарауға қақымыз жоқ.

Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат.

 Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам.»

 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

 

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан ҒА академигі (1952), техникалық ғылымдардың докторы (1969), үш мәрте Социялистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982). 1936 жылы Мәскеудегі түсті металдар және алтын институтын бітірген. 1936-1942 жылдары Балқаш, Алтай, Риддер, Ленинагор кен орындарында басшы қызмет атқарған. 1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1952 жылы сәуірде Қазақстан ҒА президенті болып сайланды. 1955-1960 және 1962-1964 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы. 1960-1962 жылдары және 1964-1986 жылдары Қазақстан КП ОК – нің бірінші хатшысы болды. Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнады, ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Ол жауапты басшылық қызмет атқара жүріп, республикадағы тау – кен ісін дамытуға қомақты үлес қосты. Республиканы басқарған жылдары қазақстанда жаңа өнеркәсіпті аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Павлодар – Екібастұз отын – қуат кешені, Қарағандыдағы ГРЭС – 2, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су электр стансысы, Павлодар трактор зауыты т.б. кәсіпорындар осы кезеңде іске қосылды. Маңғыстаудағы мұнай кен орындары игерілді, теміржол құрылысы , көлік түрлері дамыды. Республика титан, магний, синтетик, каучук өндіре бастады. Электротех, машина жасау, химия салалары тез дамыды. Жезқазған, Маңғыстау және Торғай облыстыры шаңырақ көтерді. Қонаев Алматы облысының Кербұлақ алқабын игеруге, Қапшағай су қоймасын, Үлкен Алматы каналын салуға ерекше көңіл бөлді. Алайда Қазақстан экономикасы, жалпы алғанда, одақ үшін шикізат базасы бағытында дамыды, мұнда көп жағдайда өнім шығаруға қол жетпеді. Бүкіл Кеңес одағына  тән экономиканың милитарлануы қазақстанда да орын алды. Алматы, Өскемен, Петропавл, Орал, Степногорск, т.б. қалаларда үлкен зауыттар әскери өнім шығарумен айналысты.Қазақстанда кең алқаптарды алып жатқан полигондар мен әскери өнім шығаратын кәсіпорындар экологияға орасан зор нұқсан келтірді.  

         Қонаев әдебиет пен өнердегі, мәдениет пен ғылымдағы ахуалды әрдайым бақылап отырды. Республикаға Қонаев басшылық жасаған тұста Қазақстанның  5 томдық академиялық тарихы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

         Қонаев республика аумағының тұтастығын сақтап қалуда табандылық көрсетті. Ол кезінде Өзбекстанға Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіруші аудандарын қайтарып алды, Қазақстанда неміс автономиясын құру, Маңғыстауды Түркіменстанға беру жөніндегі орталықтың ұсыныс – жоспарларына қарсы шықты. Ол Алматыны қазіргі заманғы  көрікті қалаға айналдыруға көп күш жұмсады. Мұнда Республика сарайы, ҚазМУ қалашығы, «Арасан» сауықтыру орталығы , Медеу спорт кешені т.б. ірі ғимараттар бой көтерді. Алматыны тасқыннан қорғау үшін Медеу сайында үлкен бөгет жасалды. Қонаев дипломатиялық сапармен Қытай, АҚШ, Алжир, Уругвай, Иран, Италия, Үндістан, Корея, Египет, Болгария, Жапония т.б. мемлекеттерде болды.

         1985 жылы М.С.Горбачев КОКП ОК – нің Бас хатшысы болып сайланғаннан кейін елде басталған қайта құру саясаты КСРО – ның басқа аймақтары сияқты Қазақстанда да қиындықтар мен кедергілер туғызды. Қонаев қызметтен кетуге байлам жасады. 1986 16 желтоқсанда өткен Қазақстан Компартиясы ОК – нің пленумы КОКП  ОК – нің өкілі Г.Разумовскийдің ұсынысымен Қонаевтың орнына ККП  ОК – нің 1 – хатшысы етіп Г.В.Колбинді сайлады. Қонаевтың орнына өзге ұлт өкілінің тағайындалуын қазақ халқы ұлттық кемсітушілік ретінде қабылдады. Мұның соңы КСРО – дағы ұлт саясатына қатысты халық көңілінде қордаланған наразылықтың сыртқа шығуына алып келіп, Желтоқсан көтерілісіне ұласты. КОКП  ОК – нің Қонаевты көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі деп санады. Сөйтіп, 1987 жылы 26 маусымдағы пленумда Қонаев «Қазақстан Компартиясы  ОК – нің 1 – хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП  ОК – нің мүшелігінен босатылды. Көп кешікпей ҚКП  ОК – нің мүшелігінен де шығарылды.

         Елу жыл ел тағдырына араласып, жауапты қызметтерді абыроймен атқарған Дінмұхамед Ахметұлы  өте парасатты , көреген саясаткер ретінде танылды. Көп нәрсені орталықтың кесіп пішіп отырғанына қарамастан, ұлт мүддесіне қатысты мәселеге ешкімге есесін жібермеуге күш салды. Тың жерлерді игеру, Өзбекстанға өтіп кеткен қазақ ауылдарын қайтару, Шардара өңіріне атом электр стансысын салғызбау, Ерейментау топырағынан неміс автономиясын ашуға жол бермеу тәрізді маңызды  зор мәселелерде білікті саясат ұстанып, асқан табандылық танытты. Бұл ретте Димекең Мәскеудің еліміздің тағдырына қатысты әрбір іс - әрекетін алдын  ала сезіп, біліп отырды және оны өз пайдасына шешуге тырысты. Білікті басшылық нәтижесінде сол жылдарда Қазақстан Республикасы Кеңес Одағы көлеміндегі 14 – орыннан алдыңғы үштіктің қатарына шықты Одақ бойынша екінші астықты алқапқа және көпсалалы өнеркәсіп аймағына айналды. Сөйтіп, еліміздің өндірістік ауқымы 10 есеге өсті. Олжас Сүлейменовше айтсақ, дамудың мұндай қарқыны басқа бірде – бір республикада болған жоқ.

         Өкінішке қарай, Желтоқсан көтерілісінен басталып, 90 – жылдарға дейін жалғасқан орынсыз қаралаулар мен байбаламдар Дінмұхамед Ахметұлының елін көркейтуге бағытталған ұзақ жылғы еңбегін әпсәтте  желге ұшқандай етті. Бірақ ол кісі табиғатына тән сабырмен, кең мінезбен бәріне көнді, бәрін көтерді. Еңбегін бұлдап, ешкімге кінә артқан жоқ. Қызметтес інісі Кеңес Аухадиевше  айтсақ, «Көзі жұмылғанша  «Қалың орманда тек биік қарағайдың басын ғана жел шайқайды, халқыма өкпем жоқ» деуден танбай кетті». Яғни өз арының ақтығына сенімі кәміл болған ұлы тұлға әділеттің түбі салтанат құрарын білді. Содан соңғы демі таусылғанша елмен емен – жарқын араласып өтті. Естелік кітаптар жазды, кездесулерге барды. Ең ақырында Мұхамеджан Тынышбаевтың 125 жылдық мерейтойына қатысу мақсатымен Сарқантқа сапар шекті. Сөйтіп, соңғы демі өзі идеал тұтқан бірегей тұлға туған топырақта үзілді. Қайраткерлік тұлғасына, ел тағдырымен астасып кеткен мейлінше күрделі өміріне қатысты да түрлі пікір, алуан ойдың айтылатыны тәрізді, Димаш ағаның өліміне қатысты да түрлі болжамдар бар. Олардың дені  «...Егер ми қайнаған ыстықта сол сапарға шықпағанда мұндай болмас па еді?», «Жүрек талмасы алыстағы ауылда емес, Алматыда ұстағанда құтқарып қалуға болар ма еді?», «Жанына балаған адал жары мезгілсіз дүние салмағанда денсаулығы әлі де сыр бермес пе еді?», «Соңғы жылдары үсті – үстіне төпелеген әділетсіз сындар жанын аяусыз жараламағанда... мүлде басқаша болар ма еді?», ең бастысы, «Саясаттан сырт жүріп, жанын күтіп, беймарал ғұмыр кешкенде қайтер еді?» дегенге саяды. Бірақ өзі айтпақшы, мұның бәрі – Димекеңнің тағдыры. Ол басқаша өмір сүре алған жоқ,  сүргісі келмеді де. Сөйтіп, кете барды. Өмірден өз кезеңінің ең ірі тұлғаларының бірі, өз ұлтының адал ұлы, шынайы көшбасшы өтті.

         Білуімізше, Дінмұхамед Ахметұлы екі нәрсені армандапты. Оның бірі – Қазақстанның тәуелсіз ел болғанын, ал екіншісі ХХІ ғасырды көру екен. Өкінішке қарай, тағдыр оны маңдайына жазбады. Дәтке қуат етерміз, екуін де Димекеңнің өзі ерекше қадір тұтқан ел – жұрты, халқы көрді. Ал елі барда Димаш ағаның қасиетті есімі де мәңгі жасайтыны анық.

Елу жыл ел ағасы болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев тәрізді ірі тұлға жөнінде айтылар сөз де, естелік те әрқашан жетіп – артылады. Ұлы тұлға болмысының қалтарыс – бұлтарысын тереңдей зерттеп, әрдайым жаңа дүниелер жазуға да мүмкіндік мол. Алайда біз бұл арада табан астынан бірдеңе ойлап тауып, тың жаңалық ашуды, сондай – ақ, әлденені дәлелдеп немесе керісінше, жоққа шығаруды мақсат тұтпаймыз. Себебі бұл өмірде талас тудырмайтын жайттар бар. Мысалы, Дінмұхамед Ахметұлының кеңестік, онда да Коммунистік партия кезеңімен байланысты өткен өміріне кім қалай қараса да, ол – шын мәнісінде еліміздің іргесін нықтап, еңсесін тіктеп, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен жан. Яғни Дінмұхамед Ахметұлының Қазақстанның өнеркәсіптік және шикізаттық базасын, құрылыс инфраструктурасын, ғылым – білімін, мәдениетін өркендетуге сіңірген еңбегі ұланғайыр. Сонымен қатар оның баға жетпес кісілік келбеті мен адами зор қасиеттері де уақыт өткен сайын мейлінше тұлғалана түсуде. Ол туралы том – том кітап жазып, бүкіл ел – жұрт жабылып, күні – түні шежіре шертсе де сағынышты сырдың түгесілмесі анық.

Алматыдағы желтоқсан оқиғасын Колбин және оның айтқанына көніп, айдауында жүргендер әлдебір ұлтшылдардың айдап салуымен болған «жанжал» деп сипатталды. Ал, КСРО халық депутаты М.Шаханов басқарған беделді комиссия: «...қазақ жастарының бой көрсетуінде ешқандай ұлтшылдық жоқ, бұл олардық азаматтық және саяси көзқарасын емін – еркін білдіру хұқы» деп, мүлде басқаша, бірақ әділ қорытынды жасады. Комиссия жүздеген, тіпті мыңдаған жас жігіттер мен қыздарды быт – бырақай қуып, өлімші ғып сабап, қамауға алу үшін күш қолдануына бірден – бір кінәлі адамдардың атын атап, түсін түстеп берді. Беделден жұрдай болған бұл адамдарды бұдан былайғы жерде қазіргі отырған қызметінде қалдыру лайықсыз деп тапты. Алайда комиссияның орынды талабы әлі күнге дейін аяғына жеткізілмей, сөзбұйдаға салынып келеді. Қалай болғанда да комиссия өз міндетін абыроймен орындады, ол желтоқсан оқиғасының ақ – қарасын ашып, алып қашты сөздер мен өсек – аяңды пышақ кесті тиды.

«Қара бауыр қасқалдақ

Қайда ұштың пыр – пырлап?

Сазың қалды сәбидің

Еңбегіндей былқылдап.

 

...Ұя қалса иесіз,

Айдын үшін сол қайғы.

Қаңғып келген шүрегей,

Елге пана болмайды,

- деп ойын астарлап жеткізген өлеңінде автор Есенғали Раушанов қасқалдақ деп – Қонаевты, ал Колбинді қаңғып келген шүрегей деп отырған астарын бірден түсіндім, деп жазды белгілі сазгер Лесбек Аманов, - өлеңді оқып отырып ән өзінен - өзі шыға келді. Бұл – 1987 жылдың 18 желтоқсаны болатын.

...Содан бері бұл ән көбіне Желтоқсан оқиғасының қарсаңында айтылып келеді.

1991 жылы Дінмұхамед Қонаев ақсақал Түркістанға зират етуге келген сапарында:  - «Қара бауыр қасқалдақ» әнін шығарған сазгер осы Шымкенттікі көрінеді. Сол жігітпен кездессек деген тілегін айтыпты. Димекеңе жолықтыру үшін мені Шардарадан арнайы алып барды. Қазығұрт ауданында жолықтық Осындағы аудан басшысының үйінде отырып әнді Димекеңе бірнеше мәрте орындап бердім. Димекеңнің көңілі толқып:

- Қазақтың қай қиырына барсамда мені «Қара бауыр қасқалдақ» әнімен қарсы алып жүр. Өзің де қазақтың қара баласы екенсің, Лесбек қарағым, рахмет саған, - деп ризашылығын білдірді.»

Қарапайымдылықтың, кісіліктің биік үлгісі осындай болар.

Жүрегі таза жандар маңайына жылуын шашып жүреді. Сондай жаны жарық адамның ән авторын ұмытпай, құрметпен ұдайы есінде ұстап, арнайы жолығып рахмет айтсам деп жүргенінің өзі – ұлы кісінің бойына тән сыпайы, бекзат қасиеті екен.

Алайда, Қонаевтың бұл ән мен екі аралықтағы өмір жолы тым ұзақ болатын.

Бүкіл қазақ жерін қызғыштай қорыған Димекең өзінің туған жері мен алыс атажұрты Таласын да естен шығармаған. Оны мына бір жайдан анық аңғарғандай болар едік.

Димекеңнің республика Жоғары Кеңесіне көп жыл қатарынан Алматы облысының Балқаш ауданынан депутат болып келгені көпшілікке аян. Ал, көмекшісі Дүйсетай Бекежанов атты азаматтың республика Жоғары Кеңесінің бірнеше шақырылымына осы төменгі Талас өңірі – Жамбыл облысының Талас ауданынан депутат болып келгенін біреу білсе, біреу біле бермейтін. Білсе де оған мән бермейтін. Оның мәнін зейнетке шығып кітабын жазып жүргенде де Димекең сыр ашып айтқан жоқ. Бірақ көпшілік сезді. Сезе тұра төменгі Талас елінің жұртшылығы дабыратып әңгіме етпейтін. Әңгіме еткісі келмейтін. Әйтеуір, атажұрттағылары белгісіздеу бір сақтықпен Димекеңнің тілеуін тілегені ақиқат еді.

Халықтың қалаулысы болған сол Дүйсетай арқылы төменгі Талас ауылдары қатардан қалмады. Оқшау өзгелерден озып, алдыға да түспеді. Өзінің маңдайына жазылған тағдырлы жолымен дамыды.

Қаладан алшақ жатқан, өндірісі жұтаң, темір жолдан жырақтағы ел көбірек мал шаруашылығымен шұғылданып, соны айтарлықтай өркендете білген. Бұл кәсіпте олардың кәдімгідей кісі қызығатын өнегесі мен тәжірибесі өткен өмір жолынан жеткілікті еді.

Елуінші жылдарға жетеқабыл жылдары бұл ауданнан 56 Социалистік Еңбектің Ерлері дүркіреп шыққан. Димекеңнің өзі айтпақшы «мал бағып, қауға тартқан» ел – жұртының өз дәуіріндегі мақтаныштары еді олар. Димекеңнің өзі бұл ауданға әр кез келген сайын «Талас жері – ерлер мекені» деп іштей мақтаныш сезіммен айтып отыратын. Айтса айтқандай, елде осынша еңбек батыры шыққан ауданды өз басым әлі ести қойғаным жоқ. Болса, қате түсінгенім үшін қуанып, басымды ие кешірім сұраймын.

Кейінгі бір сапарында ағайындармен емен – жарқын дидарласып, жер – су тарихы жайлы көне әңгімелер көбірек айтылып, Димекең асықпай аудан аумағындағы тарихи орындарға зират жасапты. Қазақ елінің кемеңгер ұлдарының бірі, өз дәуірінің сөз зергері Бөлтірік шешен Әлменұлының кесенесіне барып әруаққа құран бағыштапты. Сонда Димекеңнің қасында өзінің сабырлы мінезімен сән беріп, серіктестерін сүйсіндіріп, Талас жұртына қадірлі қария Сейілбек Әбдиев те жүрген еді.

Сол өңірде «мал бағып, қауға тартқан» шаңырақтан шыққан атпал азамат. Кейін бірқатар аудандарда басшылық қызметтер атқарып, көп жылдар туған ауылын басқарып өмірден өткен ардақты жан Сейілбек Әбдиевті жақсы білетін едік. Бұл өңірде бұл кісіні білмейтін жан ілуде біреу ғана болатын.

Ұлы Отан соғысынан оралған соң адал еңбегінің арқасында айрықша абыройға  бөленді. Баласы да басқасы да ардақ тұтты. Еңбегі еленіп Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен қоса оншақты медельмен марапатталған. Сол заманның Сейілбек ағаның еңбегіне бас игеннің белгісі ғой.

Сол Сейілбек ағамыз Димекеңнің елге жасаған жақсылығының бір тамшысы деп – Талас ауданында да жасаған шапағатын талдап айтқаны бар. «Ақкөлдегі Мәдениет үйі, кәсіптік – техникалық училищенің көп қабатты ғимараты, оқушыларына арналған әйдік жатақханасы, совхоздардағы еңселі Мәдениет үйлері, көп қабатты мектептер, Ақкөлден Үшаралға дейінгі, Бостандықпен екі арадағы тас жолдар – осының бәрі жоспарда жоқ, қосымша салынған құрылыстар болды. Біз, совхоз басшылары барып, жобаларымызды көрсеткенде, барлығын Д.Қонаев өзінің көмекшісі Д.Бекежанов арқылы тікелей тапсырма беріп, қамқор болып отырды.» - дейтін. Біз деп отырғанының біреуі – «Ойық» совхозын ұзақ жылдар басқарып елін сүйген, елі сүйсінген тау тұлғалы азамат Әнуарбек Тәжімбетов. Өзі әдебиетке жақын, сөзге шешен ерен тұлға еді.

«Ойық» совхозын тапжылмай 23 жыл басқарып, Таластың байтақ даласына аты аңыздай тараған жанның бірі. «Талас» қаракөлқой совхозының даңқын Әбдір Сағынтаев шығарса, «Бостандық» совхозын білікті азамат Сейібек Әбдиев қалай көтерсе, «Ойықты» ұшпаққа шығарған осы Әнуарбек Тәжімбетов болды.Бірер жас кішілігі бар бұл екі азамат сол тұстағы Талас аудандық партия комитетініңбірінші хатшысы Рахыжан Ерсейітов айтқандай: «Олар да тиісті орындардан қаражат іздеп, істің көзін тауып, өз шаруашылықтарында мәдени – тұрмыстық нысандар салуды қолға алды. Ауданның басқа жерлеріндегі басшылар да жаппай осы жолмен жүруді таңдады. Осылайша әуелі халықтың игілігін, тұрмысын, мәдени жағдайын жақсарту жөніндегі Әнуарбек бастаған бастама барша аудан белсенділеріне өнеге болып тарады.»

Сол кезде сол «Ойық» шынында да төменгі Таластың «астанасындай» көрінетін. Өйткені, алты мыңнан аса тұрғыны бар қала типтес елді мекенді тіршілікке қажеттінің бәрі бар еді. Халық саны жағынан аудандағы еш шаруашылық теңдесе келе алмайтын. Бостандық пен Үшарал ғана үзенгілес болды. Көше – көшеге ауыз су тартылғаны өз алдына, заңғар Мәдениет үйі, Спорт сарайы, екі қабатты мектеп үйі, көп орынды жазғы Стадион (сол кездің өзінде алаңында газондық жасыл шөп өсетін), Тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты... жұмыс істеді. Аурухана, бірнеше медициналық пункттер болғаны өз алдына, үш орта мектеп, кірпіш зауыты, шұжық зауыты, жол жөндеу бөлімшесі жұмыс жасады. Ауыл театры республикадағы санаулы Халық театры атағын алған белгілі ұжымдардың бірі болғаны мақтаныш еді.

 Ойықтағы осынау рухани ошақтардың бәрі Әнекеңнің, Әнекеңнің Димекеңмен арадағы жақсы ағалы – інілі қатынасының арқасында болды деп айтсақ аса қателесе қоймас едік. Алпыс сегізге қараған шағында Әнуарбек Тәжімбетов ауыр науқастан қайтыс болады. Сол күні Димекең інісі Асқар, апайы Әмина, қарындасы Базила болып Қонаевтар атынан азалы көңіл айту жеделхатын жібереді. Жеделхатта «9.10.1981 жыл. Кунаевы» деп көрсетілген. Бұл, Әнекеңнің қадіріне байланысты көп жайды аңғартса керек.

1992 жылдың маусым айында Димекең атажұрты төменгі Талас еліне соңғы сапарын жасады. Сонда «Ойықтың» шетіндегі қыр үстінде тұрып: «Мынау Ойық менің елім!» деп айтқан сөзін бұл өңірге төккен соңғы мейірімі екенін кім білген?!...

Дінмұхамед Ахметұлы басшылық қызметте болған кезде Қазақстанның Кеңес Одағындағы рөлін нығайтты. Павлодар қаласын Хрущевград деп өзгертуден, Маңғыстау облысын Түркіменстанға беруден сақтап қалды. Өзбекстанға өтіп кеткен қазақ жерінің қомақты бөлігін қайтарып алуға қол жеткізді. Ақын О.Сүлейменовпен «диссидент» жасауға тырысқан «сұр кардинал» М.Сусловтың әрекетіне тосқауыл қоя білді. Қазақстан картасындағы Торғай, Жезқазған, Маңғыстау, Талдықорған сияқты жаңа облыстардың ашылуы осы кісінің еңбегімен  тікелей байланысты. Оның тұсында  қазақтың тұңғыш екі сериялы фильмі, 12 томдық энциклопедиясы жарыққа шығып, Алматыда ғажайып архитектуралық ансамбльдер бой көтерді. Шиырып айтсақ, күрделі, тұсаулы қиын уақытта басшы болған бұл адамның қай істе де Қазақ елінің алдында сіңірген еңбегі талассыз. Оның қызметінің нәтижелері отандастарымыздың келесі ұрпағы үшін де жемісті болатыны анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Елу жыл ел ағасы. – Алматы: «Санат», 2002.

2.     Д.Қонаев Өтті дәурен осылай. – Алматы: «Санат», 1992.

3.     Д.Қонаев Ақиқаттан аттауға болмайды. – Алматы: «Санат», 1994.

4.     Р.Көмекова Ұлы адамнан ұлағат. – Алматы: «Айкос», 2000.

5.     М.Акуев Рядом с первым. Алматы: «Санат», 2004.

6.     Б.Тілегенов Тұйық өмірдің құпиясы. – Алматы: «Дәуір», 1992.

7.     Дінмұхамед Қонаев және оның әріптестері. – Алматы, 2008.

8.     О.Қауғабай Таңғажайып Қонаев. – Алматы: «Қазығұрт», 2008.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ ұлтының кемеңгері, ұлт мақтанышы Д.А.Қонаев"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 171 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2015 7064
    • DOCX 62 кбайт
    • 50 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тукебаев Ердос Рахымжанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тукебаев Ердос Рахымжанович
    Тукебаев Ердос Рахымжанович
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 20220
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 192 человека

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек