Қысқа мерзімді жоспар.
Пәні:Қазақ
тілі.
Тақырыбы: Осы
шақ. Мақсаты: Оқушыларға осы
шақ етістіктерін таныстыру, осы шақтағы етістіктердің іс - әрекеттің
сөйлеу сәтінде болып жатқан өзгерістерді білдіретінін ұғындыру, сұрақтары
,жалғаулары туралы баяндау; сөйлеу дағдысын жетілдіру
Дамытушылық:Балалардың білім, білік
дағдысын, сауаттылығын, тіл байлығын, ой - өрісін, қиялын дамыта отырып, берілген
тапсырмаларды өз беттерімен,топпен түсініп орындау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды
белсенділікке, қызығушылыққа, іздемпаздыққа,сауатты көркем жазуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: а)Балалар осы шақ етістіктері жайлы білімдерін
толықтырады. ә) кез-келген
уақытта етістіктің шақтарын шатастырмай дұрыс талдай білуге
дағдыланады,білімді жете
меңгереді.
б)
топпен жеке жұмыс түрлерін орындайды.
Сабақтың әдісі:
«Көпір », «Мені түсін» әдісі., сұрақ-жауап, топтастыру, семантикалық карта.
Сабақтың көрнекілігі: ереже жазылған слайдтар, суреттер, презентация.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру
бөлімі: а)Психологиялық ахуал(оқушылар бір-біріне
сәттілік тілейді) ә)Түсті шарлар
арқылы төрт топқа бөлу.
II. Үй
тапсырмасын тексеру: а) Етістіктің шақтары туралы тусінгендерін сұрау. ә)
«Көпір» әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту.
III.Жаңа сабақ: Таблица бойынша ережені
тусіндіру. Осы
шақ етістіктер іс-әрекеттің қазір болып жатқанын
білдіреді.
Олар мынандай сұрақтарға жауап береді. Не істеп отырмын,(жатырмын,тұрмын,жүрмін)?
Не істеп
отырсың,(жатырсың,тұрсың,жүрсің)? Не істеп
отыр,(жатыр,тұр,жүр)? Мысалы:
Қыздар ойнап жүр. Қар еріп жатыр. Анар ережені жаттап
отыр . Дәптермен жұмыс. 30–жаттығу.Жатқа
жазу. 31-жаттығу.(ауызша)
Шығармашылық
жұмыс.
Берілген сызбалар бойынша сөйлем құрап жазу. -------
------- ------- ойнап
жүр.
------- -------
------- ------- жинап жатырмын.
------- ------- ------- жаттап
отыр.
33-жаттығу (тақтамен
жұмыс) Сергіту
сәті: «Қыдырып
қайтайық»
Топпен
жұмыс.
(әр топ постерге орындап,талдайды) I
топ: « ойнаймын» сөзін жекеше,көпше түрде
жіктеңдер IIоп:
«Мұғалім» сөзін
септеңдер.
IIIтоп:
Осы шақ дегеніміз не?
топтастыр
IVтоп:
Етістік дегеніміз
не?топтастыр.
«Мені түсін»
әдісі. Мұғалім
сөз таптары туралы 10 сөз жазып келеді. Балаларғада 10 сөз жазуды тапсырамын. Топпен
жазылған сөздерін салыстырамын. Қай топта менің сөздеріммен сәйкестік көп
болса, сол топ жеңіске жетеді. Семантикалық
картамен жұмыс.
Мысалдар
|
Осы шақ
|
Келер
шақ
|
Өткен шақ
|
Ол жазды
|
|
|
+
|
Сіз оқып
отырсыз.
|
+
|
|
|
Сабақ
қиын болмады.
|
|
|
+
|
Жаңбыр
жауып тұр.
|
+
|
|
|
Ажар куй
тартады.
|
|
+
|
|
Сымбат
ұйықтап жатыр.
|
+
|
|
|
Кері
байланыс: «Екі жүрек,бір тілек» Үйге
тапсырма: Осы шақ ережесін жаттау. 35–жаттығу. 155-бет
Бағалау:
«Бағдаршам» арқылы
Дайындаған:
Есенова Ляиля
Байтоллақызы.
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары
қаласы №9
жалпы орта білім беретін мектептің 1санатты, бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек
өтілі 34жыл. 3(базалық) деңгей бойынша сертификатталған мұғалім.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.