Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ЕҢ БАСТЫ КЕЗЕҢІ" баяндама

"ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ЕҢ БАСТЫ КЕЗЕҢІ" баяндама

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

C:\Users\user\Desktop\СМН\мммм\SAM_5384.JPG


ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ЕҢ БАСТЫ КЕЗЕҢІ


Медет Сайткен

«Уәлиханов ауылшаруашылық колледжі» КММ,

Кішкенекөл селосы Уәлиханов ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы


Әлемнің саяси картасында алты мың тілде сөйлейтін екі жүз мыңға жуық мемлекеттер орналасқан, солардың ішінде үш жүз жыл бойы тәуелсіздік пен азаттықты армандап, отаршылдық езгі мен тоталитарлық тәртіптің азабын кешіп, тар жол-тайғақ кешуді басынан өткізген қазақ халқының орны ерекше. Қазақ халқының тәуелсіздік жолы қиын-қыстау кезеңдерден, қасіретті жылдар мен қанды қырғындардан, азаға толы азаттық күрестерден тұрды. Сондықтан да, ел тарихындағы маңызды әрі шешуші белестерді заман талабына сай ақиқатты түрде зерттеу және оны халықтың санасына дұрыс жеткізу - тәуелсіз ел тарихшыларының алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде тәуелсіз Қазақстан бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде, жарқын болашаққа бет алған уақытта, өзінің төл тарихын қастерлеп те ардақтап еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде басты құрал ретінде сақтап қалу керек. Осыған байланысты қазақ халқының қалыптасуы мен мемлекеттілігінің тарихы қазіргі заманғы тарихшыларының алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Өткен тарихымыздың қалпына келтірілуі бүгінгі таңда әлемдік халықаралық қауымдастықтағы ҚАЗАҚ елінің беделінің одан сайын артуына ықпал етіп, мемлекеттілігінің бастауы кейбіреулер айтып жүргендей кеше ғана құрылмаған бірнеше ғасырларға созылған тарих екендігін, оны мекендеген қазақтар байырғы халықтар қатарына жататындығын айғақтайды. Мемлекетіміздің құрылуын бұлай ерекшелеп атап өту, қазақтар осы өңірдің аборигендері- белгілі бір елдің немесе жердің байырғы тұрғыны екендігін жоққа шығаратындардың күмәндарын сейілтетіні сөзсіз. Бұлардың жаңа қоныстанғандардан айырмасы - аборигендер өз жерін атам заманынан бері мекендеп келетіндігі. 

  Шыңғысхан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты, Дешті Қыпшақ даласы мен Орталық Азия өңірінде пайда болған ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тағына таласқан хандар мен сұлтандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымсыз өзара соғыстарынан қанжілік болған халық бұқарасы бұл қырқыстарды тиятын, аласапыранды тоқтататын бір тұтас мемлекетті арман етті. Бұл сол кездегі өз алдына бейбіт өмір сүруді аңсаған қазақ халқының көкейтесті тілегі еді

  Қазақ этносы ғасырлар бойы қалыптасқан. Ол осы жерге әлдекалай отаршылдық немесе басқыншылық жолмен келмеген. Қазақтар осы жердің автохтонды номадтары болып табылады. Қазақтардың тарихи тек-тамыры мейлінше тереңде. Ондай тек-тамыр алғашқы қазақ хандығы құрылған кезеңмен әсте шектелмейді. Қазақтардың тарихи тұрақтылығы, төл этногенетикалық аумағына бауыр басуы әртүрлі тарихи кезеңдерде айрықша рөл атқарған. Барша қазақты атамекенінен кіндік үзуге мәжбүрлейтін күш демографиялық та, мәдени де тұрғыдан нәтиже бермейді.

Сондықтан Қазақ хандығы құрылуында этникалық алғышарттар маңызды рөл атқарды. Кез-келген мемлекет белгілі бір этностың әлеуметтік территориялық ұйымы және қоғамның ішкі және сыртқы қатынастарын реттейтін басқару жүйесі болғандықтан  этнос-мемлекет бір-біріне етене тығыз ұғым болып саналады. Қарапайым тілмен айтсақ мемлекетті этностар туғызады. Ал мемлекеттер этностың дамуына өркендеуіне жағдайлар жасайды. Осы қағиданы қазақ халқы мен Қазақ хандығына қолданып көрсек онда Қазақ хандығын дүниеге әкелген қазақ этносы болып шығады. Этнос-мемлекет принципіне сүйеніп біз Қазақ хандығын дүниеге келтірген этникалық процестің дамуы деп түсіндіреміз. Яғни бұл жерде Дешті Қыпшақтағы тайпалар өз дамуының белгілі бір сатысында жаңа мемлекеттік жүйені қажет еткен. Ол Қазақ хандығы болған.

Қазақ хандығы құрылуының келесі бір алғышартына діни-рухани алғышарттар жатады. Кез-келген этнос немесе этносты құраған ру-тайпалар жиынтығы өздерін нақты бір этностың мүшесіміз және басқа этностардан ерекшелендіріп көрсететін нәрсеге олардың ру-тайпалық санадан жоғары тұрған халықтың санасы жатады. Ал халықтық сананың пайда болуына діни фактор мен рухани факторлар жетекші роль атқарады.

13-15 ғасырлардағы Қазақстан аумағында болған діни-рухани дамуларда ислам дінінің Алтын Орда мен Ақ Орда мемлекетінде ресми дінге айналуы шешуші роль атқарды. Бүкіл Дешті Қыпшақтағы тайпалардың толығымен және түпкілікті түрде мұсылманданып, ортақ бір дінге сенуі Аллахты ортақ құдай   деп тануы, Мұхаммедті ортақ Пайғамбар деуі, құранды исламның ортақ қасиетті кітабы деп білуі, сондай-ақ  шариғат жолының бүкіл тайпаға бірдей болуы ру тайпаларды ортақ діни кеңестікпен қатар ортақ рухани кеңестіке енгізеді. Осылардың нәтижесінде ру-тайпаларда  ру-тайпалық санадан жоғары  тұрған сана қалыптасады.
Міне, осы сала этникалық процесті жаңа деңгейге көтеріп, соған сай мемлекетті қалыптастырады.

Қазақ хандығының құрылу қарсаңында (XIV-XV ғасырларда) Қазақ тайпалары Сібірден Сыр бойына, Ертістен Жайық жағасына дейінгі жалпақ өңірге жайылып қоныстанған болатын. Осы дәуірді баяндайтын орта ғасырлық тарихшылардың шығармаларында қазақ даласының негізгі тұрғындары ретінде қыпшақ, қаңлы, қарлұқ, үйсін, найман, керей, қоңырат, маңғыт тағы басқа тайпалар аталады. Бұлар қазақ даласының ежелгі тұрғындары, сондай ақ бұдан бұрын осы өңірлерде құрылған Ақ Орда, Моғолстан, тағы басқа хандықтардың халқын құраған этникалық топтар еді. Бұл тайпалар ішінде қыпшақтардың орны өзгеше болды, XIII ғасырдың деректерінде Алтын Орда хандары «Қыпшақ патшалары» [1]  деп аталды. Қыпшақтар XIV ғасырда Орда Ежен мен Шайбани ұлыстарын мекендеген Ақ Орда халқының, ал кейіннен Әбілхайыр хандығы халқының да едәуір бөлігін құрады. [2]  

Батыс Сібір тайпаларымен көрші болып, оларға елеулі ықпал еткен қазақ тайпаларының негізгі ұйытқысы қыпшақтар еді. Ертіс өңірінің Торғай, Есіл далаларының қыпшақтары: құлан қыпшақ, қытай қыпшақ, сағал қыпшақ, торайғыр қыпшақ және мажар (мадияр) қыпшақ бірлестіктеріне бөлінді.

Тобылдың төменгі бойынан Ұлытау мен Сырдарияға дейінгі территорияда басқа тайпалардың едәуір бөлігі олардың ішінде наймандар, керейлер, меркіттер мен оңғыттар қоныс тепті. [3]  

XV ғасырда Ақ Орда орнына құрылған Әбілхайыр хандығының (1428-1468) халқы арасында қарлұқ, қоңырат, үйсін, найман, өкіреш найман, қият, маңғыт, шынбай, итжан, тапғұт, дұрман, тұбай, таймас, күшті, отаршы, шап, қытай, барақ, ұйғыр, күрлеуіт, ишкі, ишкі-маңғыт, тұман т.б. тайпалардың болғандығы мәлім. [4]  

Ноғай ордасының құрамында маңғыт, найман, арғын, қоңырат, қаңлы, алшын, қыпшақ, кенгрес, қарлық, алаш, тама т.б. тайпалар болды [5]    Моғолстанға қарсты Жетісу тайпалары:. дулат, қаңлы (бекчик) қарлық, керей, арғынот, күрлеуіт, күшші, барлас, шорас, көңші, қалушы, бұлғаш т.б. еді. [6]  

Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында, әрбір қазақ тайпасының өріс-қоныстары ұлан-байтақ территорияны алып жатты:

Наймандар XIV-XV ғасырларда Ұлытаудан Есілге дейінгі аудандардың көпшілігін қоныстанды.

Қоңырат XIV-XV ғасырларда Түркістан мен Қаратау аудандарын мекен етті.

Арғындар XIV-XV ғасырларда Ертістен батысқа қарай орталық Қазақстанды, ішінара Сырдарияны және батыс Жетісуды мекендеді. [7]  

Керейлер XIV-XV-ғасырларда Жетісуда және Тарбағатайда, сондай-ақ Ертіс бойында, Зайсан көлінен Ом және Тобыл өзендеріне дейінгі өңірде өмір сүрді. [8]  

 Дулаттар XIV-XV ғасырларда Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында, Ыстықкөлден оңтүстікке қарай, сондай-ақ оңтүстік Қазақстанда «Отырар жасыл алқабын» мекендеді. [9]  

  Қаңлылар Қаратау баурайы, орта Сырдария және батыс Жетісудағы өзендерінің ежелгі мекенінде болды. [10]  

 Үйсіндер өздерінің байырғы заманнан бергі мекені Жетісу өңірін қоныстанды. Тарихи деректердің айтуынша, Әбілхайыр хандығында да үйсіндер болған. [11]  

 «Тарих-и-Рашиди» мен «Раузат ас-сафаның» дерегіне қарағанда, XV-XIV -ғасырларда Іленің сол жағасында және Янги (Тараз) ауданында керейттер (керейлер), Шу өзенінің оң жағасында арғындар мекендеген. [12]  

Жалайырлар Қаратау баурайын, орта Сырдария өңірі мен Жетісуді қоныстанған. [13]  

«XV ғасырдың ақыры мен XVI ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ халқын құрайтын негізгі этникалық топтардың мемлекеттік бірлестігі халықтың бірігу барысын жеделдете түсті. Әбілқайыр мен Ақ Орда хандықтарына қарағанда Қазақ хандығының ерекшелігі - оның анағұрлым кең де берік этникалық негізі - қалыптасқан қазақ халқы болды » [14]   Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы осы өңірдегі этникалық жағдайдың жоғарыда аталғандай орналасуы Қазақ хандығының құрылуына өз ықпалын тигізді. Ал Қазақ хандығының құрылуы осы ұлан-байтақ өңірді қоныстанған қазақ тайпаларының және қазақтың этникалық территориясын біріктірді. Қазақтың өз алдына халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.

Сонымен 15 ғасырдың ортасында /1465 жылы Қозыбасы деген жерде/ Қазақ хандығының құрылуы-Қазақстан аумағында ежелден бері жалғасып келе жатқан этникалық процестің мәдени, рухани дамулардың мемлекеттіліктің дамуының және 14-15 ғасырлардағы саяси процесстердің заңды қорытындысы болып табылады. [15]  

Сонымен қазақ халқының қалыптасу үрдісі сонау ежелгі темір дәуірінен басталып, 1465 жылы Керей мен Жәнібек бастаған Қазақ хандығының құрылуымен аяқталады. Сондықтан біз қазақ деген атаумен шектелмей, осы қазақ халқының кұрамына әртүрлі этникалық компоненттер болып енген түркі тайпаларының тарихын өзіміздің төл тарихымыз деп түсініп зерттеп білуіміз қажет. Темір дәуірінен бастап қазақ жерінде өмір сүрген тайпалардың барлығында мемлекетке тән сипаттар (билеуші, тұрақты әскер, астанасы және т.б.) болған. Қазіргі қазақтардың көне түркілердің тікелей ұрпақтары екенін халқымыздың аса бай рухани және материалдық мәдениеті дәлелдейді. Мәселен, темір дәуірінде сақтардың пайдаланған тігуге де, жығуға да қолайлы жылжымалы баспанасы – киіз үй, әлі күнге дейін пайдаланылуда. Әлемдік тарих атасы Геродот киіз үйге қатысты былай дейді: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Көне түркі тайпаларының ұрпақтары екендігін XX ғасырдың басындағы ұлттық зиялы қауым өкілдері де жақсы түсініп сол арқылы рухтана түскен. Мәселен, көрнекті ақын Мағжан Жұмабаев былай жырлаған: «Отты күннен ғұн жаралған, сол ғұннан от боп ойнап мен жаралғанмын».

Қазақтар ұзақ жылдар бойы не діни, не этникалық біртектестігінен айныған емес. Қазақтардың өз ұлтына деген баға-байламы шын мәнінде қайран қалдырады. Бұл ретте, бір ғана деректі еске алу жеткілікті. Бұрынғы Одақ кезенде біздің үлес салмағымыз өз жерімізде бүкіл тұрғындардың үштен бірін құрай алған кезеңдер болған. Міне, осындай жағдайдың өзінде қазақтардың басым көпшілігі өзінің ұлтына берілген сезіміне қылау түсірген емес. Халқымыз ұлттық азаттық жолында «Зар-заман», «кіші қазан» сияқты небір қайғы-қасіретке толы дәуірлерді басынан өткізді. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігі туралы мәселені қозғаған кезде өткен тарихымызға көз жүгіртіп оған қандай жолмен қол жеткізгенімізді білуіміз керек.

Тәуелсіздік халқымыздың ғасырлар бойғы арманы болды. XVIII ғасырда қазақ халқының басын біріктіріп, мемлекеттілікті қалпына келтірген Абылай ханның қуатты мемлекет құру арманын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев орындады. Елбасымыздың көрегендік саясатының нәтижесінде елімізде тұрақтылық, ұлтаралық келісім орнады. Осындай жағдайда Елбасының бастамасымен әлемде теңдесі жоқ Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылды. Қиын қыстау замандарда тағдырдың тәлкегімен жер ауып, берекелі де кең қазақ шаңырағының астында біріккен әртүрлі ұлт өкілдері еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің дамуына өз үлестерін қосуда.

Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

Еліміздің келешегі – бүгінгі әрекеттеріміз, ұтымды  ұмтылыстарымыз және саналы ұрпақ!


Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1-том, 364-442-448-бб

2. Иванов П.П. «Орта Азия тарихының очерктері» 20-21беттер.

3. «Қазақ ССР тарихы», Алматы, 1983,2-том, 192-бет.

4. Масғұд ибн Осман Коhстани «Тарихи Әбілқайыр хан» 312-480 беттер

5. «Қазақ ССР тарихы», Алматы, 1983,2-том, 190-бет

6. Юдин В.Т «Моғолстандағы моғолдардың тайпалық құрамы», 28-38 беттер

7. «Қазақ ССР тарихы», Алматы, 1983. 2-том, 255-256-беттер

8. Мұқанов М. «Орта Жүз қазақтарының этникалық құрамы», 28-38 -беттер

9. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди», 7-22-34-беттер

10. «Шай банинама», 56-бет. «Тарих-и-Рашиди», 45-48 беттер

11. «Тауарих ғұзидаин нұсыратнама», 5-7-98-беттер

12. «Раузат» ас-Сафы »,« Тарих-и-Рашиди », 23 бет

13. «Қазақ ССР тарихы», Алматы, 1983. 2-том, 257-бет

14. «Қазақ совет энциклопедиясы», 8-том, 664-бет.

15. Мағауин М. "Қазақ тарихының әлппесі", Алматы-1995, 12-бет



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-423037
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>