Инфоурок Всеобщая история Статьи«Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызын насихаттау

«Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызын насихаттау

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  ПАТРИОТИЗМ - МЕМЛЕКЕТТІК  ИДЕОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗІ

Мендеева Зияш Боранбайқызы

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі, тарих пәнінің оқытушысы

 

Біздің алдымызда ел болашағын сеніп тапсыратындай, төл мәдениетін жақсы білетін,  туған тарихын  сүйетін  саналы  ұрпақ дайындау міндеті   тұр. 

                                                                                                                  Н.Ә. Назарбаев

     Қазақстанның тәуелсіздік алуы еліміз үшін дамудың, мемлекеттілікті нығайтудың тәуелсіздікті берік ұстап  әлемдік қауымдастықта  жеке егеменді  ел ретінде  орын алуына зор  мүмкіндік туды. Мемлекет іргесін берік  қалыптастыру мақсатында елімізде саяси,  экономикалық және құқықтық реформаларды жүзеге асыру жұмыстары  қарқынды жүргізілді. Қазақстан Республикасы Конститутциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы  өзін  демократиялық , зайырлы құқықтық және  әлеуметтік  мемлекет ретінде  орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы- адам және  адамның өмірі, оның құқықтары мен  бостандықтары » - деп көрсетілген[1] Тәуелсіз Қазақстан үшін адам және адамның  өмірі, оның құқықтары мен бостандықтарын сақтау негізі мақсат болса, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік  мемлекет қалыптастыру негізі мақсатқа жетер құрал болмақ. Тәуелсіздк алған қиын жылдардан бастап Елбасы Қазақстанды жан-жақты дамыту бағдарламаларын жасауды қолға алған болатын. «Қазақстан -2030» Стратегиясы  соның  басында тұрған маңыздысының бірі. Онда елді дамытудың нақты  мақсат -міндеттері айтылған болатын. Жиырма бес жыл  уақыттың  ішінде көп істің тындырылғаны да көңіл қуантарлық  жағдай болса, алға қойған мақсаттар да биік болатыны белгілі. Бұл заманның ағымына нұрлы болашақтың жарқынына бүкіл ел, қарапайым халық куә. Осы жылдары  Қазақстан саясатта,экономикада болсын, әр салада өзін тек жақсы жақтарынан көрсетіп, өзгелерге үлгі болатындай дәрежеде алға дамыды. Ел қоғам өзгерді,  келешекке деген көзқарас өзгеріп, жаңа ой -сана қалыптасты. Әлемді аузына қаратқан, ұлтаралық достығы мен бірлігі жарасқан  ұстанымы мықты  тәуелсіз Қазақстан  іргесі мығым болып қалыптасқан мемлекет ретінде  алға қарай ілгерлеп дамып келеді. Мемлекетіміздің Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай; «Ата-бабаларымыз  аңсаған осынау тәуелсіздіктің  жарқын болашағы - жастарымыздың қолында » деп ел жастарына патриоттық  рухта  өсіп-өркендеуіне  бағдар беріп, үлкен сенімділіктің жүгін артқан болатын. Қазақ халқында  патриоттық тәрбиенің тамыры терең халқымыздың сонау көне заманнан бері келе жатқан  бүгінге дейін  сақталған сан - ғасырлық  болмысының  дүниетану көзқарасының  негізінде  сақталған. Бұрынғы ата-бабаларымыз Отан қорғауда  жан-тәнін аямай , патриотизмнің үлгісін көрсеткен. Себеп біреу, табиғаттан,ұлттық тәрбиеден берілген табиғи, ұлттық патриотизм.Патриотизм  біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз үздік тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Ең бірінші Тәуелсіздігіміздің  қадірін  жастарға жоспарлы түрде насихатттауымыз керек. «Патриот -өз Отанын сүйетін, өз халқына берілген, өз Отанының мүдделері жолында өзін құрбан ететін,ерлік жасайтын адам» Патриотттық рухы мықты жастарымыздың санасында Отанға деген сүйіспеншілік, күш-қуатын  Отан игілігіне аямай  күш жұмсау,туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен  салт-дәстүрін , мәдениетін құрметтеу қасиеттері мәңгілік сақталуы тиіс. Әрбір жас  жеке қабілетіне қарай және кәсіби біліміне сай  қоғамымызда  өз орнын таба білуі керек. Қазіргі уақытта  қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ісі мемлекеттік  идеологияның негізгі темірқазығына айналды. Қоғамның әрбір саналы азаматы өзін мемлекеттің өткеніне , бүгіні мен келешегіне  тікелей қатысын сезініп, Отанымыздың күш -қуатын нығайтуға,оның өркениет жолымен  үздіксіз алға қарай жылжуына  жауапты екенін сезінуде. Жас  ұрпақтың бойында  жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, өз елі үщін мақтаныш сезімі,Отаннның мүдделері жөніндегі азаматтық пен конститутциялық міндеттерді орындауға деген  дайындығын оқып тәрбиелеуде   тарих   пәнін оқытудың орны ерекше екендігін ескергеніміз жөн. Тарих-өткеннің куәсі,  өткен  тарихымызды  білмей, болашақты елестету мүмкін емес.Қазақстан тарихын оқыту Қазақстан жерін мекендеген халықтың бірлігін сақтап қалуға ,өзге халықтардың мәдениеті мен тарихын құрметттеуге үйретеді. Көпұлтты Қазақстанда  мекен еткен бірлігі жарасқан  халықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілік сезімдерінің жарастығы өткен тарихымыздың айғағы іспеттес. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылықпен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ассамблея  Қазақстан Президенті жанындағы кеңесші орган болып табылады. Бұл орган: мәдени –ағартушылық –тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихатттау;тәрбиелік-қазақстандық және ұлттық отансүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық  қатынастарды  қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді  нығайту,Қазақстанды  мекен  еткен ұлт өкілдері арасында  достық қарым-қатынастардың  дамуына  негіз болатын мемлекетттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындаумен айналысады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының  арқасында өткен жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы»деп атауы  да тегін емес болатын.Ұлттық мүдде  жалпы азаматтық тұрғыдан елде тұрақтылық пен татулық,бірлікті сақтау тұрғысында қарастырылған.«Ішкі сасяи сала мен ұлттық  қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін  нығайту болып қала  береді»,- дейді өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев. Елбасы «тәуелсіздік »,«ел»,«Тәуелсіз Қазақстан» ұғымдарын жиі айтуының өзі де достықты нығайтуға шақырғандай. Біз үшін  бүгінгі таңда  тәуелсіздік қандай қымбат болса, ұлтаралық татулықта сондай қымбат. Қазақстан Республикасының 2020  жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, Доктрина қазақстандық қоғамды ұйымдастыру үдерісінің  басты құралы болмақ.Ұлт бірлігі  доктринасында:«Егер мемлекеттің  қалыптасу кезеңінде басты міндет  этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйымдастыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде  стратегиялық басымдылық ретінде , қоғамның барлық азаматтары  мойындаған  ортақ құндылықтар мен  қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт бірлігіне жету болып табылады »делінген. [2]

Елбасы осы уақытқа дейін  қалыптастырып ұсынған біздің идеологиямыз-ұлттық бірлік,мұның астарында Қазақстанда өмір сүретін этностық, әлеуметтік-мәдени топтардың қауымдастығы жатыр. Тәуелсіз жылдардағы жетістіктерден кейін әлем елдері басшыларының, халықаралық деңгейдегі  жетекші сарапшылардың  лайықты бағасын алып, халықаралық беделге ие болды. Жолдаудағы мақсат-міндеттердің бағдары : «Бір -ел, бір- тағдыр, бір-Отан»бірліктің арқасында қол жеткізуге болады. Қазақстан олардың көпшілігінің туған  отаны  және  бұдан былай  да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. «Қазақстандық патриотизм  ұғымы » біздің тәуелсіздігімізбен қоса  туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси - әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.  Елімізде жүзден аса ұлттар мен  ұлыстардың өкілі   өмір сүруде. Сондықтан олардың әрқайсысы  Қазақстанды ата-жұртым деп танып,  оның тәуелсіздігін қорғауға  және материалдық байлығын  арттыруға еңбек етуі тиіс. Қазақстандық патриотизм - Отан анаға деген сүйіспеншілік  пен азаматтық  ерлік, өнеге көрсетушілік , бойдағы білім мен  білікті,  ақыл -парасатты ел игілігіне жұмсау, ата- мекен  мүддесіне арнау болмақ.  Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрыпын , салт-дәстүрін  құрметтей  білу де осы қазақстандық патриотизмнің құрамына  кірсе керек.Осыған орай Н.Ә.Назарбаев,-патриотизмді "әр этностық ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгіленген. Демек патриотизм-қоғамдық сананың бір формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнымен толыға түседі.“Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыруы керек”- деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет. Қоғамның қай саласына болмасы, ең алдымен патриотизм керек.  Жалпы, барлық құнды еңбектер, жаңалық атаулы тек отансүйгіштіктің арқасында дүниеге келеді. Қазақстандық ұмтылыс, толыққанда білім мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік пен құрмет, намыс жатыр. «Біздің болашағымыз - жастар. Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек» деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Әрбір жас қазақстандық қыз-жігіттердің ой-санасында: «Мен-қазақстандықпын! Мен-елімнің патриотымын! Өзімнің бар білімімді, еңбегімді, тәжірибемді осы мемлекеттің бүгіні мен болашағына арнауым керек!» деген ой болуы керек. Статистика агенттігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздің адам санының 4,6 млн астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз жалпы халықтың 36 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Жастардың патриоттық сезімге баулу мен тәрбиелеу мемлекетті нығайтудың маңызды факторы болып табылады.[2] Жастардың бойында патриотизм сезімін сақтап қалу, оны нығайту әлеуметтік мәртебесіне, саяси көзқарастарына, этностық тиесілігіне қарамастан, елдің барлық жас азаматтары үшін бұлжымас құндылық, ортақ тұғырнама болуы тиіс. Сонда ғана біз өркендейміз,  бәсекеге қабілетті мемлекеттің қадамын жасай аламыз.Арманын шындыққа ұштастырған, болашақтың сарабдал жолын салған жасампаздықтың  жарқын бейнесі -Елбасымыздың көреген саясатының  арқасында беделді  елге айналарымыз анық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты-елімізде XXI ғасырдың ортасына орай Жалпыға бірдей еңбек қоғамын құрып, ең дамыған 30 ел қатарына кіру. Стратегия мемлекетіміздің дамуындағы үлкен бір белесті айқындап берген, келешегіміздің бағдаршамы іспетті болып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жетістіктерін жан-жақты қорытындылап, алдымызға айқын міндеттер қойды. Қазақ елінің жаңа да тың серпіліске, әлем өркениетінің жоғарғы белесіне, жаһандану кезеңінде кез келген қауіп-қатерге төтеп бере алатын әлемнің дамыған 30 ел қатарына енетін Мәңгілік ел болуға жол көрсетіп отыр. Оның ішіндегі бірінші бағыт - жаңа экономикалық саясат біздер үшін өте маңызды болып табылады. Қазақстан үшін биылғы жиыл тарихи оқиғаға толы елеулі жыл болмақ.  Оның куәсі аңсаған  арман, қол жеткен мұрат   болған тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы.Сан ғасырлық  тарихымызда  мақтан тұтар , бүгініміз бен  келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен  Отан алдындағы адал  қызметінен үлгі алар  тұлғалар аз болмаған.Олардың қатарына  қазақтың ұлт болып ұйысуы  мен оның ұлан -ғайыр ата-қонысының қалыптасуын; ұлттық мемлекеттігіміз - қазақ хандығының  құрылуы  мен  дамуын ; халқының бағын ойлаған билердің  дәстүрлерін,әлемдік өркениетке қосқан , кейінгі жастарымызға насихаттауымыз керек.Себебі жетістігі қилы замандардан жеткен тарихтың қилы кезеңдерін жастарымыз білуі тиіс.Бүгінгі қазақстандық азамат  тек рәміздерді, мемлекеттік тілді , тарихымызды білуімен қатар  қатар өзі жақсы тұруы үшін  ел мүддесіне еңбегін, үлесін қосуы тиіс. Нақты бір отбасының  әлеуметтік  жағдайының жасаруына  қолұшын беріп, оның алға ұмтылуына мұрындық болсын. Осының өзі тұтас еліміздің дамуына патриоттық үлес болып табылады.Ұлттың денсаулығы туралы күресесіз бе, сіз-патриотсыз! Зәру жандарға Жастарымызға жалпы ұлттық ундеуді насихаттау үшін  алдыңғы буын аға-апаларымыз үлгі болуы тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуі тиіс. Әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып   «Ұлы Қазақстан» ,«Ұлы  қазақ елі»,«Ұлы дала баласы» секілді терминдерді бұқаралық ақпарат құралдарында  ұрансөзді көп қолданып , халықтың санасына  сіңіру саясатын ұстанғанымыз абзал. Қазақтың патриотизмі генінде бар,патриоттық  иммунитетімізді күшейтуіміз қажет. Сонда ғана Отанын, ұлтын сүйіп тұрған жастарға  ешқандай  сыртқы күштер , идеологиялар әсер ете алмайды. Оның куәсі бабалар мұраты   болған тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы.Тәуелсіздік парақтарынан  сыр шерту әрбір оқу орындарында, тәрбие сағаттарында өзекті мәселе болып қаралып жастардың  патриоттық сезімін оятар бастама, ал Қазақстанның  тарихын ,саясатын, экономикасын білу-жастарымыздың басты борышы. Өткенді білмей, болашақты елестету мүмкін емес.  Осы  ойдың өзі еліміздің  жарқын болашақтың сеніміне деген күшті арттыра түсіретіндігін аңғартады. Біз сонда ғана«Қазақстан -2050» стратегиясында айтылған белестерге қол жеткізе аламыз.                                          

 Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасының Конститутциясы,1995

2. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегиясы . Қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа саяси бағыты,2012

3. Г. Мұстафина «Жастарға патриоттық   тәрбие беру» .Ақтөбе-2011

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызын насихаттау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 872 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2017 903
    • DOCX 54.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мендеева Зияш Боранбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мендеева Зияш Боранбайқызы
    Мендеева Зияш Боранбайқызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31520
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 639 человек

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 155 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 668 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 565 человек

Мини-курс

Психологические методы и тесты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе