Инфоурок Классному руководителю Конспекты“Қазіргі бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі” атты ата-аналар жиналысының жоспары

“Қазіргі бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі” атты ата-аналар жиналысының жоспары

Скачать материал

Тақырыбы: Қазіргі бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Атааналарды мектеппен, мұғалімдермен тығыз байланыста болуға шақыру. Тәрбие сапасының жоғарылауына ықпал ету, кәмілетке толмағандардың құқына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтармен таныстыру.

Формасы: семинар-трениг

Әдістері: пікір алмасу, жағдаяттық сұрақтар, топқа бөлу, «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы, дидактикалық ойын.

Барысы:

І. Топқа бөлу.

ІІ. Пікір алмасу.

ІІІ. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.

ІV. Жағдаяттық сұрақтар. (видеоролик)

Ү. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

ҮІ. Жылы жүрек, жақсы тілек

ҮІІ. Қорытынды.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр.

Тренинг: Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бүгінгі кездесуден не күтетінін айтады.Содан кейін ата-аналар топқа бөлінеді.

І. Топқа бөлу. (Ата - аналар үш түсті стикердің бірін таңдау арқылы топқа бөлінеді де, сол стикер түстес шар тұрған үстелге жайғасады)

Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.

Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенімін тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

ІІ. Пікір алмасу

Үш топқа тақырып беріледі. Ата - аналар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.

1. «Баланың тәрбиесіне мектептің ықпалы қандай?»

2. «Баланың тәрбиесіне қоғамның әсері қандай??»

3. «Баланың тәрбиесіне отбасының рөлі қандай?»

«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,

15-ке дейін құлыңдай жұмса,

15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.

ІІІ. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.

-  иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;

-  жоқ  десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.  

1)   Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы  бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

2)   Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата – ана  бірдей ықпал жасай ма?

-   егер  жанұя десеңіздер жымиыңыз.

-   Егер қоршаған орта, қоғам  десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.

3)  Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

-   егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.

-   Егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз,

-   Егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

І V. Жағдаяттық сұрақтар. (видеоролик)

V .Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін. Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар. Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй  жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық, көмектесу. Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір екі минут беріледі.    

Ойын тапсырмалары;

1.  «Парасатты» кірпіші

Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.

2.  «Достық» кірпіші

    «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?

Мысалы: менің қорғанысым, күтетін жер, отбасылық ұйытқысы

3.       «Махаббат» кірпіші

 Мимика арқылы өзіңіздің бала деген махаббатыңызды жеткізесіз.

4.  «Тапқырлық» кірпіші

Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

5«Түсінушілік»

  Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.

Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт.

 Сондықтан ата-ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығына, жолын ашады.

Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдыңа алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой - өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және  біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.

ҮІ. Жылы жүрек, жақсы тілек

ҮІІ. Қорытынды.

            Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік.  Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға  бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.









Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "“Қазіргі бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі” атты ата-аналар жиналысының жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 189 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2016 1563
    • DOCX 24.3 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сұранова Жансая Мамедалықызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сұранова Жансая Мамедалықызы
    Сұранова Жансая Мамедалықызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 36296
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе