Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Б дыбысы мен әрпі

Б дыбысы мен әрпі

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:  1. Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы,

Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы менортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдаужасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу.
2. Оқушылардың танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.                                 

3. Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ертегі сабақ.
Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, ойын, сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: дүниетану,математика,бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: Слайд

Сабақтың барысы:
 І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар қазір бізге қандай сабақ?

- Сауат ашу сабағы.

- Сауат ашу сабағына керекті барлық құралдарымызды шығардық па?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? Т.б.                                  

                                      ІІ.Жаңа сабақ 
Қызығушылығын ояту:

- Балалар, мен сендерге қызықты ертегі айтып берейін бе?

 Ендеше тыңдаңдар.
         Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті.Бірде ешкі лақтарына азық әкелуге орман аралауға кетерде есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп ән саламын»,-дейді.

Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген.Ол лақтарды алдамақ болды.Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп,лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.Қасқыр үйге жақындап келіп,өзінің қарлыққан,қырылдаған даусымен:

-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!,-деді.

Лақтар:

-Естідік!Тыңдадық!Бұл-анамыздың дауысы емес.Біздің анамыз жіңішке,нәзік дауысымен әндетеді.Кет,қасқыр,біз саған есікті ашпаймыз,-деп жауап қатты.

Қасқыр ісмер адамға келіп,жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады.Ісмер таң-тамаша болды,бірақ тамағын қағып,оның дауысын жіңішкертті.

Қасқыр ешкі үйіне жақындап келіп,есігін қақты.Сонан соң жіңішке,нәзік дауысымен:

-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп әндетті.

Лақтар есікті ашты.Жауыз қасқырға керегі сол еді.Ол үйге баса көктей,кимелей кірді де,лақтарды бірінен соң бірін қабына салып алдыда, үйіне алып кетті.Ешкі үйіне келсе,есік айқара ашық жатыр.Үй ішінде ешкі көрінбейді. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып,зарлы үнмен жылады. Лақтарын қасқыр алып кеткенін біліп, қасқырға келеді. Сонда қасқыр:

-  Меніңі әр  тапсырмамды орындаған сайын,  мен саған бір-бірлеп лақтарыңды қайтарамын.- дейді.

-  Ешкі берілген тапсырмаларды орындай алмай қиналыпты. Балалар, ешкіге көмектесеміз бе?

- Ендеше , қасқырдың бірінші тапсырмасын қарайық.

1-тапсырма:

        Жұмбақтар.

 Таусыла ма, қараңдар,

Табиғаттың қызығы?

Суық жақтағы жануар -

Бұтақ-бұтақ мүйізі. (Бұғы)

Үш көзді батыр,

Жол көрсетер батыл

Үш көзі үш түрлі,

Қызыл, сары , жасыл

 (Бағдаршам)

- Дұрыс, өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар!
- Балық, бақа, бағдаршам сөзінің бірінші дыбысы қандай дыбыс?
- Б дыбысы.
- Ендеше, бүгінгі өтетін дыбысымыз – Б дыбысы.
- Қане, бәріміз осы дыбысты хормен айтайық.
Б дыбысын 2 – 3 рет айтқызу, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.
Б – дыбысы сөздің тек басы мен ортасында кездеседі.

      Б - дыбысының дауыссыз екенін көк текшені  көрсету.
-Балық, бақа, балапан - сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтау, 1 - ші буыны Ба, 2 - ші буыны – лық; бақа сөзіне дыбыстық талдау жасату;
  - Жарайсыңдар , балалар біз қасқырымыздың бірінші тапсырмасын орындап, ешкінің бір лағын қайтып алдық.

-Енді қасқырдың келесі тапсырмасын қаралық.

2-тапсырма:

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы суреттерді атап, оларға дыбыстық талдау жасау керек екен. Ендеше кітабымызға қарайық.

-Ненің суретін көріп тұрмыз, қане кім айтады?

Балапан- 7 дыбыс, 3 дауысты, 4 дауыссыз, 3 буын.

 Бөрік- бас киім.

«Бөрік» сөзінде 3-дауыссыз, 2-дауысты дыбыс бар.

 Бақа –суда өмір сүретін қосмекенді. 4 дыбыс,2 дауысты,2 дауыссыз,2 буын.

Бота-түйенің төлі. 4 дыбыс,2 дауысты,2 дауыссыз,2 буын.

 Міне , балалар біз тағыда ешкінің бір лағын қайтарып алдық. Енді келесі бір тапсырмасын қарайық. Қандай тапсырма екен?

3.тапсырма. Оқулықта берілген сөздерді қатесіз оқу.

- Ой, балалар қандай ақылдысыңдар! Қасқырдың берген тапсырмасын бұлжытпай орындап жатырсыңдар. Ешкінің тағы да бір лағын қайтарып алдық.

4-тапсырма.

-  Қасқырдың келесі тапсырмасы:  «Бақа мен балапанның »  биін қайталау. Жақсы болды, балалар, бір сергіп, бойымызды жазып алатын болдық, иә.

  •  Міне , балалар біз тағыда ешкінің бір лағын қайтарып алдық. Енді келесі бір тапсырмасын қарайық. Қандай тапсырма екен?

5-тапсырма: Оқулықта берілген сөздерді жаз.

  • Балалар , бізге оқулығымызда берілген жазуларды жазуға беріпті, Ендеше қолымызға қарындашымызды алып, оқулықтағы жазуларды әдемі етіп жазалық. Әйтпесе қасқыр бізге лақты қайтарып бермей қояр.

Оқушылардың жазуын қарау, ескертпелер беру.

  • Жақсы балалар , жазуымызды бәрімізде орындадық. Қасқыр бізге лақты қайтарама екен көрелік. Міне бір лақты қайтарып алдық.

6-тапсырма

  • Қасқыр бізбен ойын ойнауға шақырып тұр екен. Ойнаймыз ба?

  • Ендеше «Сөз ойласаң , тез ойла» деген ойын ойнаймыз.

                                  

  • Ой , балалар қандай ақылдысыңдар! Қасқырдың тапсырмасын оп-оңай орындай салдыңдар. Міне , сендердің арқаларыңда тағы бір лақты қайтарып алдық.

  • Енді неше лақ қалды деп ойлайсыңдар!

  • Олай болса, қасқырдың ең соңғы тапсырмасын орындап тастайық. Берілген сызбаға байланысты сөйлем құра!

                                http://kausarms.ucoz.ru/risunok231.png

  • Жарайсыңдар, балалар, міне біздер ешкіге көмектесіп, барлық лақтарын қайтарып алдық. Ешкі сендерге көп-көп рахмет айтып жатыр. Осылайша ешкі лақтарымен аман- сау қосылып, бақытты өмір сүріпті.

  • Сонда балалар үйде үлкендер жоқ кезде танымайтын адамға есік ашуға болама?

  • Иә, балалар біреудің алдауына түсіп қалмаумыз керек екен! Үлкендердің ақылын тыңдаумыз керек.

  • Сонымен балалар , бүгін біз қандай дыбыспен таныстық!

  • Б дыбысы қандай дыбыс?

  • Б дыбысынан кездесетін қандай сөздерді білеміз?

  • Өте жақсы балалар, сонымен бүгінгі сабағымызға жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.

  • Сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!



Краткое описание документа:

. Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы,

Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы менортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдаужасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу.
2. Оқушылардың танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.

Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров229
Номер материала 281041
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх