Инфоурок Начальные классы Статьи"Баланың отбасындағы тәрбиесі" - тақырыбындағы мақала. 2 сынып

"Баланың отбасындағы тәрбиесі" - тақырыбындағы мақала. 2 сынып

Скачать материал

Баланың отбасындағы тәрбиесі.

   Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жумыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

   Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терен мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі –келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. «Отан отбасынан басталады»-демекші, ата-аналар мен устаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек куттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөссіз.

   Адамгершілік-адамның рухани арқауы. Ал маральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз-адамгершіліктің асқар шыңы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады.  Адамгершілік негізі-имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады.Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған.Ер балалар үлкендерге қос қолдан сәлем беруді, жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық, кішіпейілділік қағидаларын үнемі  сіңірумен келе жатқан саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие.

   Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Жас шыбық йілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі  іс-әрекеті балалардың көз алдында  өтеді. Сондықтан, жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бүгінгі бәсекеге қабілдетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді.

     Бүгінгі ұрпақ–еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз–қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру.

     Жеке тұлғаның өзін қошаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады.

     Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет . Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, мұғаліміне, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты.

     Кешегі мен бүгінсіз келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы бабаларымыз-

дың өнеге-өсиетін сабақта ұтымды пайдалана білуімізге де байланысты деп ойлаймын.

       Әке-шешесі жақсы болса, балалары да жақсы тәрбие алып өседі. Бұл сөздерді біз өте жиі естісек те, «жақсы әке-шеше» деген сөз қандай мағына білдіретінін түсіндіре алмаймыз. Әке-шеше болатын адамдар жақсы ата-ана болуы үшін арнайы әдебиеттерді оқу немесе тәрбиенің ерекше тәсілдерін үйрену керек деп ойлайды. Әрине, педагогикалық және психологиялық білім керек, бірақ бұл әдетте жеткіліксіз болып табылады. Адамның қандай да бір іс-әрекетін бағалағанда, көбінесе, біз белгілі бір нормалар мен идеяларға сүйенеміз, тәрбие іс-әрекетінде мұндай нормалар жоқ. Әйел болуды, күйеу болуды үйренген тәрізді немесе қандай да бір жұмыста шеберлікке үйренген тәрізді, әке-шеше болуды да үйренеміз.Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады. Және де біздің жүріс-тұрысымыз, тіпті, біздің балаға деген сеніміміздің өзі де күрделі, бірқалыпсыз, кейде қарама-қайшылықты болып келеді. Балалар бір-біріне қаншалықты ұқсайтын болса, әке мен шеше бір-біріне соншалықты ұқсас емес. Баламен қарым-қатынас да терең индевидуалды бір-біріне ұқсамайтын болып келеді.

        Әке-шешенің көбі балаға жақсы көретініңді білдіртпеу керек деп ойлайды. Олардың ойыңша баланы тым жақсы көру олардың ерке болуына, өзімшіл болуына әкеп соғады деп ойлайды. Бұл ойды жоққа шығару керек. Осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер, керісінше, балаға деген махабаттың жетіспеушілігінен пайда болады.

      Баламен үнемі терең психологиялық байланыс орнату –тәрбиенің әмбебап шарты болып табылады.Бұндай байланыс балаға қай жаста болса да керек. Ата-анасымен байланысты білу, сезіну–балаға әке–шеше махаббатын, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді. Осыған баланы сендіру керек. Тәрбие диалогын қалай құру керек. Ондағы басты ситуацияларда әке-шеше мен баланың біржақты бағыт ұстануы болып табылады. Бұл көзқарастар мен бағалаудың міндетті түрде бірдей болуы керек деген сөз емес. Көбінесе, әке-шеше мен баланың көзқарастары сәйкес келе бермейді. Дегенмен, мәселелерді шешуде екі жақ бір бағыт ұстанатынын бала әрқашан білуі, түсінуі керек .

       Бала әке-шешенің тәрбиелеу объектісі емес, ортақ отбасылық өмірдің одақтасы болу керек. Сондықтан, отбасылық өмірге, мақсаттармен жоспарларға ортақтас болғанда ғана біржақты тәрбие жойылып, маңызды диалог құрыла бастайды.

      Диалогтық, тәрбиелік қарым-қатынастың ең басты сипаты-бала мен ересектің позицияларын тең деңгейге қоюы болып табылады.

       Тәрбиеде диалогтан басқа өте бір манызды ереже бар. Әке-шеше мен бала қатынасының бұл жағы психологиялық тілде баланы қабылдау деп аталады. Қабылдау сөзінің мағынасы-баланың индивидуалды болуына деген құқығын қабылдау. Баланы қабылдау-баланың өзіне сай ерекшеліктерін, тұлғалық қасиеттерінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын бірдей қабылдау білу. Ең алдымен, әке-шешенің баламен қарым-қатынасын бағалауына назар аудару керек. Оның мінезінің ерекшеліктері мен тұлғалық қасиетіне  жағымсыз баға берудін міндетті түрде бас тарту керек. Өкінішке орай, көптеген  әке-шешелерде  «Өй,миғұла, қолыңнан түк келмейді, басқа балаларға қарашы қандай, а?!», «Неге ғана сені өмірге әкелдім?!» сияқты сөздер әдетке айналып кеткен.

      Сөзімді қорытындылай келе, тәрбиедегі ең басты ережелер-балаға  керекті кезде назар да көрсете білу , оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады дегім келеді.

      Жаңа ғасырда, қоғам мүдесіне сай, жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру отбасының ,мектептің, барша жұрытшылықтың міндеті болып отыр.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Баланың отбасындағы тәрбиесі" - тақырыбындағы мақала. 2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 885
    • DOCX 15.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акапова Жансулу Куанышевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акапова Жансулу Куанышевна
    Акапова Жансулу Куанышевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5778
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе