Инфоурок Математика Другие методич. материалыОндық бөлшектерге амалдар қолдану

“ Бауырсақ ” ертегісі бойынша 5-сыныптағы ондық бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбын қайталау, бекіту

Скачать материал

“ Бауырсақ ” ертегісі бойынша 5-сыныптағы ондық бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбын қайталау, бекіту

 

 Мақсаты: 1.Оқушылардың  ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу ережелерінің тұжырымдамасын білу, ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 т.с.с.  разряд бірліктеріне  көбейту, бөлу ережелерінің тұжырымдамасын  білу, 0,1; 0,01; 0,001 т.с.с  ондық разряд бірліктеріне көбейту, бөлу ережелерінін тұжырымдамасын білу, амалдарды орындауда пайдалана білу, тексеру, қорытындылау

                  2.Оқушылардың есептеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін, танымпаздығын, елгезектігін, есте сақтау қабілетін дамыту

                  3. Әдемілікке, коллектившілдікке, творчестволық қабілеттілікке, оқушыларды ертегіге деген сүйіспеншілігін арттыруға, мақсатқа жете білуге  тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Қайталау, білім бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: көрнекілікті, өзіндік жұмыстар, жартылай-ізденгіштік, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:плакатқа салынған “Бауырсақ ертегісінің” суреті, қасқыр, түлкі, аю, қоян, 3 түрлі баауырсақтар: қызыл телпекті бауырсақ – “5” алған оқушыларға, жасыл телпекті бауырсақ- “4” алған оқушыларға, көк телпекті бауырсақ- “3” алған оқушыларға, карточкалар, математикалық диктант, тапсырмалар

Сабақтың жоспары:

1.     Ұйымдастыру

2.     Үй тапсырмасын тексеру

3.     “ Ертегілер еліне” саяхат  жасау

4.     Қорытындылау

5.     Үйге тапсырма

6.     Бағалау

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару, сабақ жоспарымен таныстыру, оқушыларды сабаққа психологиялық даярлықтан өткізу

                              Мен бәрін білемін,

                              Білмегенімді – үйренемін

                              Үйрену үшін- ізденемін,

                              Ізденсем – мақсатыма жетемін

2. Үй тапсырмасын тексеру: “ Қайталау – оқу анасы ” дегендей, қане балалар үйге берілген тапсырмаларды бір қайталап жіберейік:

Математикалық диктант

1.     Ондық бөлшектерді қосу үшін: үтірдің астына астына үтір келетіндей етіп, оларды аттас разрядтар _________________________ тұратындай етіп жазып, үтірге көңіл аудармай қосып содан кейін үтір қоямыз.  ­­

2.     Ондық бөлшектерді көбейту үшін: үтірге назар аудармай көбейтіп, шыққан нәтижеден көбейткіштердің екеуінде үтірден кейін неше цифр тұрса, көбейтіндіде _____________________________________ үтірмен айырып бөлу керек.

3.     _____________________________________ бөлгіште үтірден кейін қанша цифр тұрса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірді оңға қарай сонша цифр жылжыта отырып, ондық бөлшекті натурал санға бөлу ережесі арқылы орындау керек

4.     Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 т.с.с. көбейту үшін, осы бөлшектің үтірін, разряд бірлігінде неше ноль болса, сонша ___________________________________________________________

5.     Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000, т.с.с. бөлу үшін ___________________________________________________________

Жарайсыңдар балаларбіз үй тапсырмасын аз да болса қайталадық, енді біз сабағымыздың негізгі бөліміне көшейік. Бүгін біз күндегі сабақтан ерекше сабақ өткізгелі отырмыз, яғни бүгін біз “Ертегілер еліне” саяхат жасаймыз және бұл жай ертегі емес, математикалық ертегі. Бүгінгі сабағымызға қоян, аю, түлкі, қасқыр, бауырсақ  және сіздер (оқушылар) қатысып отырсыздар.Осы кейіпкерлерге қарап біз қандай ертегінің желісінде жұмыс істегелі отырмыз? Оқушылар бірауыздан: “Бауырсақ” ертегісі. Дұрыс айтасыздар, бұл -  “Бауырсақ” ертегісі. Бір оқушыдан ертегінің мазмұны сұралады, ары қарай мұғалім өзі жүргізеді.Тақтаға орманның суреті ілінеді.

        Ертеде бір ата мен апа болыпты. Бір күні олардың ұндары таусылып, апа шелектегі ұнды қырып, илеп, одан бауырсақ пісіреді де терезенің алдына суытып қояды. Бауырсақ терезенің алдынан домалап түседі де орман ішімен домалап жүре береді. Бір кезде орман ішінде секіріп келе жатқан  Қалқиған ұзын құлағы

              Елеңдеп қорқып тұратын ,- бір аң кездеседі. Балалар, бұл қай аң еді қане кім айтады? Балалар бірауыздан: қоян. Дұрыс, бұл қоян мына бауырсақты жегісі келіп тұр, бірақ егер мына менің артымдаға есепті дұрыс шығарса бауырсақты босататынын да айтады. Қане бауырсақты құтқаруға көмектесейік. Оқушылар қоянның артына жазылған мына есепті шығарады.

             18,3-9,71+25,396*100 = 2548,19

              2,75:11+22,02:6-53,77:19 = 1,09 

Дұрыс, жарайсыңдар, бауырсақты құтқардық. Бауырсақ ары қарай орман ішімен домалай жөнелді. Сол кезде алдынан сұр қасқыр кездеседі. Қасқыр: бауырсақ, мен сені жеймін, бүгін қарным керемет ашып тұр еді,- дейді. Бауырсақ: Қасеке, мені жемей-ақ қойшы. Мен не айтсаңыз да орындаймын. Жарайды, көңіліңді қайтармай-ақ қояйын, мына менің артымдағы есепті шығарсаң қоя берейін.

              19,35*0,8: (156,4-56,4) + 2,8452 = 3

               2,4*5,2: (6,89+3,11) –0,948 = 0,3

Балалар, бауырсақ сендерді мақтап жатыр, және сендердің араларыңнан өзіне көп көмектескен оқушыларға өзінің аздаған сыйлығы бар, соны таратып бергісі келіп тұр. (бауырсақтар таратылып беріледі: “5” алған оқушыларға – қызыл тлпекті бауырсақ, “4” алған оқушыларға –жасыл телпекті , “3” алған оқушыларға көк телпекті бауырсақтар таратылып беріледі).Ал сыйлықтарыңызды алдыңыздар, енді біраз сергіту сәтін жүргізіп жіберейік, барлығымыз шаршадық.

Сергіту сәті

 Ертегілер елінде,

Ұзақ жолға біз шығып.

Қаштық, жүрдік,жүгірдік,

Дем алайық отырып.

Ертегіде кездестік,

Аңдарменен оңаша.

Математикалық орманда,

Қандай ғажап тамаша.

Жылдам шешіп есепті,

Жауабын дұрыс таба алсақ.

Атасы мен әжесіне,

Қайтады ғой бауырсақ.

Дем алдық біз азырақ,

Аңдар бізге разы.

Кіріселік сабаққа,

Сыныптастар тағы.

                Ал балалар тағы да бауырсаққа көмектесейік. Өте дұрыс, міне, тағы да бауырсақты құтқардық. Бауырсақ орман ішімен домалап кете барады. Бауырсақтың жүрісінен қыс бойы орманда ұйықтап жатқан орманның қоңыр аюы оянып кетеді. “Бұл кім?”,- деп ақырады аю, менің тыныш ұйқымды бұзған. Бауырсақ шошып кетеді : бұл мен бауырсақ апам мен атамнан адасып сізге жолықтым, айыпқа бұйырмаңыз! Жарайды адасып жүрсең менің саған бір ұсынысым бар, соны орындасаң бір жолы сені босатармын, ұйқымды бұзғаның үшін : “Мына менің артымдағы есепті шығарсаң мен сені жемей-ақ қояйын ”,- дейді.

             (19,3+3,3у)*0.16 = 7,312

             (3,2у – 13,78 ) *6,8 = 187

             46,761 : 0,01= 4676,1

             46,761*100 = 4676,1

Ал балалар, бұл есептің де жауабын дұрыс таптыңдар, енді бұл жолы да бауырсақтың жолы болды, тезірек апасы мен атасын тауып алатын болды. Бауырсақ ары қарай домалап кете береді. Осы кезде алдынан:

Жүрген жерін шулатқан,

Түздің жылпос баласы.

Артында көп қарғысы,

Сүп-сүйір боп аузы,

Аңдардың қу жауызы,- шығады.

Қане, балалар, бұл қай аң болғаны? Оқушылар бірауыздан: Түлкі

Ол бауырсақты көрген сәттен әнге басады:

Атасынан қашса да,

Апасынан қашса да.

Менің азу тісіме,

Түсер қазір бауырсақ.

Бауырсақ: “ Ағатай жей көрмеші, жалынамын, не айтсаң да орындаймын.” Түлкі: “Жарайды, онда мына менің есебімді орындасаң мен сізді апаң мен атаңа босатамын”. Түлкінің есебі:

Ондық бөлшектерге қолданылатын амалдар қандай қасиеттерге ие?

Жауабы: ауыстырымдылық, терімділік, көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеттері

Ал балалар түлкіге бауырсақты жем етіп қоя береміз бе, кәне, болысамыз.Өте жақсы балалар, барлықтарың өз білімдеріңді көрсетіп бауырсақты аман алып қалдыңдар. Сендерге бауырсақтың алғысы шексіз. Бауырсақ жақсы сабаққа қатысқан оқушыларға өз сыйын тағы да тарту етпекші.(білімдеріне қарай бауырсақтар таратылып беріледі).Сонымен бауырсақ қуанып өзінің апасы мен атасына аман есен  үйіне оралады. Апасы мен атасы таң қалады. Бауырсақ болса өзін аңдардан құтқарған осы оқушылар екендігін апасы мен атасына айтады. Апасы мен атасы болса оқушыларға өз алғыстарын білдіреді.Мұғалімнің қорытынды сөзі : Балалар, біз бүгін үлкен жұмыс атқардық. Қаншама жол жүрдік. Барлықтарыңыз жақсы жұмыс атқардыңыздар. Барлықтарыңызға көп рахмет. Енді бауырсақтаң берген бағалары бойынша сіздерді бағалаймыз. Бағалары хабарланып күнделікке қойылады. Сабақ аяқталды , сау болыңыздар.

 

 

            

            

 

             

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түйіндеме

 

 

 

 

“Дәстүрсіз сабақ”

 

 

“ Өз ойыңды оқытпа,

Ойлауға үйрет”

( Э. Кант)

 

Мұғалім  Мамырбаева Кульмайра

Мектептің мекен –жайы Верхнеберезовский кенті, Школьная көшесі 1 үй

Мектеп  Верх-Березовка негізгі мектебі

Сыныбы 5-сынып

Пәні Математика

Оқыту тілі  қазақша

Тақырыптың аты “Бауырсақ ” ертегісі бойынша ондық бөлшектерге амалдар қолдануды қайталау, бекіту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түйіндеме

 

Мұғалім  Мамырбаева Кульмайра

Мектептің мекен –жайы Верхнеберезовский кенті, Школьная көшесі 1 үй

Мектеп  Верх-Березовка негізгі мектебі

Сыныбы 5-сынып

Пәні Математика

Оқыту тілі  қазақша

Тақырыптың аты “Бауырсақ ” ертегісі бойынша ондық бөлшектерге амалдар қолдануды қайталау, бекіту

Өткізілген күні 16.03.2010

Сабақтың тақырыбы 5-сыныпты оқытудың бағдарламалық курсы деңгейінде, оқушылардың алған білімдеріне сәйкестеліп алынған.Сабақ жаңа технология талаптары негізінде құрылған.Сабақтың барлық этаптары сабақ өткізу нормалары мен дидиактикалық принциптеріне сай жасалған.Сабақ өте жоғары деңгейде,  барлық этаптары мен олардың орындалуы негізінде өтті, барлық қойылған талаптар мен оның орындалуы зор жауапкершілікпен жүргізілді.Сабақ өту барысында оқушылар өздерінің оқу деңгейін өте жақсы жағынан көрсете білді.Оқытудың барлық этаптарында оқушылар өз деңгейлерін тек жақсы жағынан көрсетті.Мұғалім оқушы-оқушы, мұғалім-оқушы байланысы өте жақсы жолға қоя алады.Сабақ өте жоғарғы эмоционалдық дәрежеде,сауатты түрде, аса жауапкершілікпен жүргізілді.

 

Қызметі / Оқу ісінің меңгерушісі / _________________/Коровникова В.И./

 

МӨ

 

Дата 21.03.2010

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ондық бөлшектерге амалдар қолдану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 992 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2016 527
    • DOCX 50 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамырбаева Кульмайра Алтынгазиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7156
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогическое проектирование как средство оптимизации труда учителя математики в условиях ФГОС второго поколения

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 415 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по математике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 700 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов