Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыБаяндама: "Әртүрлі іс-шаралар арқылы балалардың логикалық қабілеттерін дамыту"

Баяндама: "Әртүрлі іс-шаралар арқылы балалардың логикалық қабілеттерін дамыту"

Скачать материал

 

Тақырып: Әртүрлі  тапсырмалар арқылы балалардың логикалық қабілетін дамыту

Мақсаты:

Мектепке дейінгі топтарда логикалық тапсырмаларды жаңа технология әдістерімен ұштастыра қолдана отырып, балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту, қиялдарын ұштау, тапқырлыққа жетелеу. Балалардың табиғи мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасын жетілдіру. Әрбір баланы дербес тұлға ретінде қалыптасуына лайықты тәрбие беру.

 

 

Міндеттері:

- оқушының зейінін тұрақтандыру, интеллектісін дамыту;

- балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету;

- логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;

- танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар



І. Кіріспе

Ойын – ойлау негізі.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Логика ұғымына түсінік

2.2. Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық ойлауына ықпал жасау.

 

2.3. Танымдық қабілеттерін дамытудағы логикалық тапсырмалардың маңызы.

ІІІ. Қорытынды



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.

Сол себепте қазіргі таңдағы  негізгі талаптардың бірі – білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған, жаңаша, тәуелсіз, ойлай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.  Ойын негізінде ойлай отырып,  тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды.

Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды. Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 5-6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.

Танымдық белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.

Танымдық белсенділік баланың психологиялық - денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.

Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.

Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет.

Ойын арқылы балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл-ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.

Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.

Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс -әрекетін ұйымдастырудың мынандай: «Заңдылықтар», «Нені отырғызу керек?», «Сыңарын табыңдар?», «Әзіл жұмбақтар», «Логикалық есептер», «Пішінді орналастыр» логикалық ойын түрлерін айтуға болады. Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді.

Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану - бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.

Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты – бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой-өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйе – логикалық ойлануға сүйенеді –дейді белгілі психолог Ғ. Жолтаева.

Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз. Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті.

Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер, ақыл-ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.

Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдарынан тұрады.

Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: «Ойлау- жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек» -деген.

Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кетейін. Логика (грек тілінен алынған logic –сөз, ой, ойлау, ақыл –ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.

Обьективтік пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.

Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше.

Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді. Логика - дүниені тану тарихының нәтижесі, жиынтығы, қорытындысы. Логика ғылымында жаңаша әдістерді жетілдіру, адамның дүниетанымын барынша өрістету басты мәселе болып саналады. Логика ғылымы адамдардың сан ғасырғы тарихи тәжірибесінің жемісі.

Білім берудің басты мақсаты - үнемі өзгеріп тұратын әлеумет жағдайына қарай өсіп келе жатқан ұрпақты даярлау. Өзгермелі өмірге қарай балаларды бейімдеуде білім мен тәрбиемен қаруландыру білім беру үрдесінің негізгі кілті болып табылады. Логикалық ойлау әдістерін меңгермеген балада, білім саласында көп қиындыққа ұшырайды: есептерді шығаруда, жаттығуларды орындауда көп уақытын және күшін жоғалтады. Нәтижесінде денсаулығы әлсірейді, оқуға деген құлшынысы төмендейді. Бала логикалық операцияларды меңгергенде, анық және дәл ойлай алады, амалды орындауда неге мән беру қажеттілігін түсінеді, өзінің дұрыстығы туралы пікірін білдіре алады. Білімді меңгеру оңайға соғады, мектеп бала үшін қуаныш әкеледі.

Логикалық тәсілдер - салыстыру, талдау, жіктеу, дәлелдеу әртүрлі іс-әрекеттерде қолданылады. Білім берудің мұнай құндылығы күнде артып келеді. Мұның дәлелі ретінде компьютерлік білім сауаттылығы, логиканың теориялық негізін құрайды. Бұл жөнінде адамдық ойлаудың түрлі бағыттары бойынша: Сократ, Аристотель, Декарт, Гегель, М.Берцфаи, М.Монтессори, Ж.Пиаже, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Г.С.Костюк, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.И.Мещеряков, Н.А.Менчинская, Д.Б.Эльконин, Н.Н.Семёнов, Л.М.Фридма, Н.А.Подгорецкая және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Логика ғылым ретінде дүниеге келіп, қалыптасқан отаны Ежелгі Грекия деп саналады, ал оның негізін салған ертедегі грек философы Аристотель оны «ойлаудың грамматикасы» деп атаған екен.

Қазақстанда логиканың дамуына академик А.Д.Тайманов зор үлес қосты. Ол логиканың ойлау формаларын (ұғым, пікір, ой қорытынды) зерттеп, олардың мәнін, түрлерін, арақатынастарын, олармен операциялар жасаудың тәртібін ашып, оларға тән ережелер мен түпкілікті ойлау заңдарын саралады. Мұнда дәстүрлі логиканың қойған мәселелерін шешу үшін символдар тілі, математикалық әдістер, логикалық есептеулер қолданылады. Бұлайша қарастыру ойлаудың жаңа заңдылықтарын ашуға, ойлау процесін автоматтандыруға, сөйтіп, осыған негізделген жаңа техника мен технологияны жасауға жағдай жасайды. Қазіргі кезде логика, негізінен, үш бөлімнен (пайымдаулар теориясы, математика және логикалық методология) тұратын, жан-жақты тармақталған ғылымға айналды.

Ә.Тұрғынбаевтың анықтамасында «Логика дегеніміз-ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері туралы, философиялық ғылым» делінген. Ойлау дегеніміз – ең алдымен шындық дүниесінің адам миында бейнеленуі болып табылады.

Логика ұғымы объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. Логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды.

Мектепалды даярлық топ балалардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі. Бұл кезде балалардың ойлары нақты – бейнеліден абстрактылы – логикалық ойлауға қарай дамиды. Логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше айқын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асырылады.

Талдау– бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу, қарапайым формадағы талдау әрқандай затты практикалық қажеттілікке орай құрама бөлшектерге ажырату.
Мысалы, балаларды қандай да бір өсімдіктермен таныстыруда оның құрамын көрсетуден бастаймыз (тамыры, сабағы, жапырағы). Талдау тәжірибелік және теориялық болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда айтылған ой операцияларына ұштаспаса, онда қате, механикалық сипат алады. Мұндай талдау элементтері жас балаларда көптеп кездеседі.

Біріктіру – бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттер мен әрекет қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Біріктіру операциясы талдау әдістеріне қарама-қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі, бүтін құбылысқа қатысы бар бөлшек, элементтер тобы ретінде қарастырылады. Ой процесіндегі талдау мен біріктіру әрекеттері оқу жұмысында аса үлкен маңызға ие. Бала жекелеп талдау мен әріптерді тануға қол жеткізеді, ал кейін сол игерген әріптердің басын біріктіріп буын құрайды, буыннан сөз, сөзден-сөйлем, сөйлемдерді біріктіріп мәтін мазмұнын шығарады.

Салыстыру – әрқандай заттар мен құбылыстардың, не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағытталған ой әрекеті. Күнделікті тұрмыстық салыстырулар.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Пікір дегеніміз – ойлау формасы, мұнда бір нәрсе мақұлданады, не теріске шығарылады. Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қорытындылары деп аталады.

Баласын жан-тәнімен сүйетін ата-ананың міндеті – бөбегін таным жолына жетелей отырып, оның өздігінен әрекет жасау құқығын қуаттай білу, үнемі жетіліп отыруына мүмкіндік беретін орта қалыптастыру болып табылады. Ондай орта, әрине, ұжымдық орта. Балалар өздеріне ұнаған ойыншықтарымен, ата-анасымен, бауырлары, сыныптастарымен бірлесіп ойнау арқылы, қиялдарға беріліп, қызығушылығы артады. Қиялдау арқылы шығармашылық әрекеттерге қадам жасайды. 
    Бала ең алғаш мектепке келген кезде, біршама уақыт өзінің ойыншықтарын, бірге ойнаған достарын ұмыта алмай ойы соларға бөлініп жүретіні түсінікті жай. Балабақшада баланың логикасын дамытуды жеделдететін, нақты геометриялық пішіндермен айлалы әрекеттер жасай отырып абстракты математикалық тұжырымдамаларды қабылдауына ықпал ететін жаңа мазмұндағы ойыншықтармен ойната отырып оқытқан жағдайда оның мектеп өміріне қызығушылығы арта түседі.

Бұл ретте қоғамдық тәрбиенің негізін салушы бүкіл саналы өмірін балабақша тәрбиешілеріне «әрбір бала - өзінің мүмкіндіктеріне жету үшін лайықты білім беруді күтетін бірегей тұлға» - деп өз бағдарламаларын үйретуден жалықпаған Фридрих Фребельдің материалдарынан жасалған, көз жауын аларлықтай алуан түсті, экологиялық таза, ағаштан жасалынған математика, информатика пәндеріне арналған геометриялық фигуралар, ұшбұрыш, төртбұрыш, ромб, трапеция, ірі-майда дөңгелек айшықтар мен ұзын, қысқа кесінділерден т.б., бір комплектіде 14 бөліктен тұратын оқыту кезінде ойын элементтерін қолдануға ыңғайлы ойыншықтарды ұсынады. Геометриядан фигуралардан жұлдызшалар жануарлар, зәулім ғимараттар құрастыруда матемаикалық логиканың даму процесін жылдамдатуға логикалық ойлауды жүйелеумен бірге, логикалық операциялар сияқты негізгі ұғымдарды модельдеуге ықпалы зор. В. Давыдовтың «Балабақша баласының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі балалардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.

Ойлау ерекшелігін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу ойлаудың біліммен тікелей байланысты екенін айқындайды.

Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті. Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әртүрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады.

Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс-әрекетін талдауға үйренеді.

Қорыта келе, аталған жұмыс түрлері, бала үшін, оның танымын, логикасын арттыру үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттырады.

Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, оқу іс-әрекетінде бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. 
Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді. 
Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз: 
• барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру; 
• ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту. 
Мектеп жасына дейінгі кезең баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. 

    Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше. Сондықтан балаға қойылатын сұрақ жүйелі, әрі түсінікті болу керек. Сұрақтар қоя білу қиялдаудың ең жоғарғы сатысы және нәтежелі ойда негізгі рөл атқарады. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірбилерін өз бетінше іс жүзіне асырады . Сондықтан ойын балалар үшін өзіне тән жүру барысымен, мақсатымен маңызды. Міне, осыдан баланың логикалық ойын қиялдау қабілеті шыңдалады, дамиды. Бұл қазіргі заманға өте қажет. Өйткені, бұл компьютер ғасыры.

Баланы болашақ өмірге, белсенді еңбекке даярлауда, оның ақыл-ойы, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда балаға құрметпен қарау қажет.

Балалардың танымдық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

·         Қызығушылығын арттыру;

·         Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

·         Танымдық ізденісін дамыту.

Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.

Мұндай оқу іс-әрекеттерінің құрылысы 4 кезеңнен тұрады:

1.       Машық. Сергіту;

2.       Балалардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);

3.       Іздену тапсырмаларын орындату;

4.       Балаларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.

Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

1.       Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар

2.       Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар.

Көру қабілетін дамытатын ойындар.

Жамауды таңдап ал.

Келесі тұратын суретті таңдап және орнына қой.

Көлеңкесін тап.

Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар.

Математикалық жұмбақтар.

Неше алма?

«Бес» алған Асанға –

Бес алма.

«Төрт» алған Досанға –

Төрт алма.

«Үш» алған Хасанға –

Үш алма.

«Екі» алған Болатқа –

Неше алма?

(2)

Інісі мен досын

Сыйлау үшін Қасым

Алма сатып алды.

Әрқайсысына:

Інісімен досына,

Өзіне 1 алмадан болды.

Ол неше алма сатып алды? (3)

Өлең есептер.

Күн шуақтап күшік отыр,

Құйрығын күнге қыздырып.

Жанына бір күшік келіп,

Отыра қалды жылынып.

(1+1=2)

Асан жеді бір кәмпит,

Үсен жеді бір кәмпит.

Қосқан кезде барлығын,

Болады екен неше кәмпит?

(1+1=2)

Екі шаршы Саматта,

Біреуі көрші Маратта.

Бұл шаршыны балалар,

Кәні, қосып санаңдар!

(2+1=3)

Осындай тапсырмалар орындау барысында балалардың субъектілік алғы шарты туындайды:

1. Оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы артады;

2. Ой-өрісі дамиды;

3. Танымдық белсенділігі артады;

4. Шығармашылық қабілеті жетіледі.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор. Баланың логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Балалардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан балалардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Балалардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, балаларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек.

Мысалы, сөздік-логикалық ойлаудың дамуына мынандай жаттығулар көмектеседі: «Артығын анықта» әдістемесі. Баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету, жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Тапсырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады.

Сонымен қатар ойлау әрекетін дамытатын тәсілдерді ойын түрінде қолдануға болады. Мысалы,«Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында қарама-қарсы мағыналы сөздерді өткенде пайдалану тиімді. Мысалы, толық- жіңішке, қара-ақ, ыстық-суық, бос-толы, т.б.

Осы сияқты әртүрлі жаттығуларды тәрбиеші ретін тауып оқу үрдісінде қолдана білсе, оқыту түрленеді, оның тиімділігі артады, балалардың ақыл-ойы жетіле түседі. Балаларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Осындай тапсырмалар, әдетте, тосын, болжауға келмейтін және қарапайым болады. Балалар мұндай тапсырмаларды зор ықыласпен орындайды және өздігінен анализ жасауға үйреніп, өз жұмыстарының қорытындыларын жалпылауға, салыстыруға дағдылана бастайды.

Мен балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым:

·         Оқу іс - әрекетіне балаларды түгелдей қамту;

·         Жеке дара қасиеттерін ескере білу;

·         Іс-әрекетке қызықтыра білу.

Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайды. Бұл баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге де үйретіп, әрі оны жалықтырмайды. Әр сабақ сайын тапсырмаларды қиындатамын, көлемі көбейген сайын тапсырмаларды орындау жылдамдығы да артады.

Оқу іс-әрекетінде тапсырмалардың мынадай түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып жүрмін:

1.       «Бір сөзбен ата» әдістемесі

2.       «Не артық» әдістемесі

3.       «Суреттерді есте сақта» әдістемесі

4.       «Қисынсыздықтар» әдістемесі

5.       «Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесі

6.       «Айырмашылықтарын тап» әдістемесі

7.       « Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі

«Бір сөзбен ата» әдістемесі

Мақсаты: осының арқасында оларды бір топқа біріктіруге болатын заттардың өзара қарапайым байланыстарын анықтау икемділектерін, сондай-ақ баланың заттардың жинақтаушы атауын меңгеру деңгейін анықтау.

Тапсырманың сипаттамасы: балаға бір топқа жататын 3 сурет, мысалысәбіз, қияр, қызанақтың суреті ұсынылады. Бала берілген суретті жинақтаушы бір ұғымммен атауы тиіс.

«Не артық» әдістемесі

Мақсаты: белгілі бір топқа жататын нысандарды жіктеу, оған сәйкес келмейтін «артық» нысанды шығарып тастау.

Тапсырма: балаға бір топқа жататын заттар және осы заттардың тобына жатпайтын бір зат бейнеленген карточкалар ұсынылады. Оларды қарап көрген бала 1 «артық» суретті алып тастауы тиіс.

«Суреттерді есте сақта» әдістемесі

Мақсаты: бейнені есте сақтау ерекшеліктерін үйрену және оларға диагностика жасау.

Тапсырма: балаға бетіне 5 заттың суреті бейнеленген карточка ұсыналады. Ол бұл заттарды 1 минут ішінде қарап көруі тиіс. Осыдан кейін карточканы алып қойып, баладан өзінің есінде қалған суреттерді атап беру талап етіледі.

Дұрыс аталған бейнелердің санына қарай нәтижелерге баға қойылады.

«Қисынсыздықтар» әдістемесі

Мақсаты: қоршаған әлем туралы, олардың арасындағы қисынды байланыстар туралы қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін анықтау. Баланың қисынды ойлау және өз ойын грамматикалық дұрыс білідіру икемділіктерін анықтау.

Тапсырманың сипаттамасы: балаға әрқайсысында қисынсыз жағдайлар бейнеленген бір суреттен көрсетеді.Суретті қарап көру кезінде бала, шамамен мынадай мазмұндағы нұсқаулық алады: «Мына суретке зер сала қарап, онда ненің теріс бейнеленгенін және оның шындығында қалай болуы керектігін айт, өз жауабыңды түсіндір»

«Жыл мезгілдері» әдістемесі

Мақсаты: қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін бағалау.

Тапсырма: балаға суретті көрсетіп, оған мұқият қарауды және осы суреттің әрбір бөлігінде жылдың қай мезгілі бейнеленгенін айтуын сұрайды.Осы тапсырманы орындауға бөлінген 2 минут уақыт ішінде ол тиісті жыл мезгілін атап қана қоймастан, сондай-ақ өзінің шешімін дәлелдеуге тиіс болады, яғни өзінің неге осылай ойлайтынын түсіндіруі, өзінің ойынша суреттің осы бөлігінде жылдың басқа бір мезгілі емес, нақ осы мезгілі бейнеленгенін көрсетуі тиіс.

«Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесі

Мақсаты: кескіні бойынша бейненің тұтас қабылдануын (ұғынуын) анықтау.

Тапсырма: балаға заттардың кескіні бейнеленген сурет ұсынылады. Онда қандай заттардың (барлығы бесеуі бейнеленген) жасырғанын анықтау керек.

«Айырмашылықтарын тап» әдістемесі

Мақсаты: заттарды өзара салыстыру тәсілдерін меңгеру деңгейін анықтау.

Тапсырма: бала 2 суретке зер сала қарап, олардың өзара айырмашылықтарын (барлығы 5 айырмашылық бар) атап көрсетуі қажет.

« Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі

Мақсаты: қабылдау (ұғыну) тұтастығын анықтау.

Тапсырманың сипаттамасы: балаға кейбір заттың бір бөлігі жетіспейтіндей етіп бейнеленген суреттер тобы ұсынылады және жетіспейтін бөлікті мүмкіндігінше тез анықтап, оны атау жөнінде тапсырма беріледі. Диагностика жүргізуші баланың бүкіл тапсырманы орындауға жұмсаған уақытын белгілейді.

«Кімге не жетіспейді?» әдістемесі

Мақсаты: ойлаудың психологиялық диагностикасы.

Тапсырманың сипаттамасы: балаға ұсынылатын карточкада бейнеленген балалардың әрқайсысына бір зат жетіспейді. Ал оларға жетіспейтін зат жеке суреттерде бейнеленген. Суреттегі әрбір затты ол жетіспейтін суретпен салыстыру керек. Орындау уақыты-30 секунд.

Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс -әрекетін талдауға үйренеді.

   Аталған жұмыс түрлері, бала үшін, оның танымын, логикасын арттыру  үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттырады. Өзімнің тәжірибемде балалардың  қиялына қанат бітіріп, ойлау, таным қабілеттерін жетілдіріп, тапқырлыққа  баулу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді сабағыма қолданамын. 

Қорыта келгенде, мектеп жасына дейінгі балалар оқу үрдісінде «логикалық ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Осындай логикалық тапсырмалар баланы жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Осы бағыттағы ізденістің нәтижесінде балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыру бағытындағы тапсырмалардың басты назарында болуының әсері де болар. Тобымдағы балалардың ойлау қабілеттері жоғары деңгейдегі балалар көріне бастады.

Осы тұрғыдан алғанда балаларға логикалық ойлауын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар көбірек қолдансақ, соғырлым нәтиже де жоғары болады. Логикалық тапсырмаларды орындау барысында балалардың ойлау қабілеті арқылы зейіні тұрақталады, сөздік қорлары кеңейіп, балалардың бойында белсенділік, тапқырлық, ұжымдық дағдылар қалыптасады.

Еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тұғыры - бүгінгі ұрпақ. Сондықтан бүгінгі күн талабына жан-жақты дамыған жігерлі, білімді, өресі биік, денсаулығы мықты парасатты азамат тәрбиелеуді міндет етеді. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.

 

 



 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

 

1.       [Білім заңы]

2.       [Сиқырлы пішіндер мен сандар 2003 ж]

3.       [Балалардың мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының негізгі мазмұнын игеру және меңгеру сапасын бағалау және өлшеу әдістемесі 2011 ж]

4.       [Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологияларын пайдалану әдістемесі 2014 ж]

5.       [Мектепке дейінгі балалардың ойлауын дамытушы технологиялар әдістемелік құрал 2014 ж]

6.       [Бала мен балабақша №9 2014 ж]

7.       [Мектептегі психология №5, 2011 жыл]

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: "Әртүрлі іс-шаралар арқылы балалардың логикалық қабілеттерін дамыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 123 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2020 851
    • DOCX 33 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакипова Алмагуль Аманболовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакипова Алмагуль Аманболовна
    Жакипова Алмагуль Аманболовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8098
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Сурдопедагогика в дошкольном образовании (работа с обучающимися с нарушениями слуха)

Учитель-дефектолог (профиль: нарушения слуха)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 62 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные методики и программы по развитию детей раннего возраста в соответствии с ФОП ДО И ФГОС ДО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Курс повышения квалификации

ФГОС ДО: применение игровых практик для современного развития детей

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 602 человека

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов