Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыБаяндама "Алау еткен жүрегін Алаш үшін"

Баяндама "Алау еткен жүрегін Алаш үшін"

Скачать материал

 Әбдікәрім Замзагүл Қонаққызы

Сәтбаев қаласы № 1 мектеп – гимназиясының

 тарих пәні мұғалімі

 

 

                                              

Алау еткен жүрегін Алаш үшін

 

         Ғасырлар бойы ата – бабаларымыз аңсап – армандаған ел егемендігіне қол жеткізіп, өз алдына дербес, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргетасы қаланып, тарихымызға терең көз тастай бастадық.Әрине, тарихсыз ел болмайды десек, сол тарихымыздың нар тұлғаларын терең танып, білу бүгінгі ұрпақ еншісінде.

         Осындай ұлы тұлғаларымыздың бірі - Әлихан Нұрмұхамедұлы  Бөкейханов болатын.Ол туған халқының бостандығы мен жарқын келешегі үшін өзінің барлық саналы ғұмырын арнаған ұлы тұлға, өнегелі дара тұлға екеніне ешкімнің таласы жоқ.

Әлихан Бөкейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуына әсер еткен еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсуі екені белгілі.Туған жері мен өміріне сәл тоқталып өтер болсақ, Әлихан Бөкейханов 1866 ж Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысы 7- ауылда

(қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы жерінде) дүниеге келген.Әкесі -    Нұрмұхамед,  анасы – Бегімханым  оқу- білімге жақын, парасатты адамдар болған екен. Өзі де жасынан білімге құмар болып, саутын ашып, білімін үнемі жетілдіріп отырған.

Ә.Н.Бөкейхан – алға қойған мақсатына қол жеткізбей қоймайтын,алған бетінен қайтпайтын бірбеткей тұлға екенін біз тарих беттерінен білеміз. Оның жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығаруға рұқсат алу үшін, сегіз жыл бойы Омбы – Орынбордан бастап, алыстағы С.-Петербордағы патшалық мекемелердің табалдырығын тоздырып жүруі елге деген шексіз сүйіспеншілігімен халықтың жағдайын ойлап аянбай еңбек еткеніне дәлел болады.Халықтың болашағын,тариххын, ұлт жағдайын сол кезеңнің өзінде жаны ауырып түсініп, мәселе ретінде көтере білді.Ол «Қазақ» газетінде мақала жариялап, былай деп жазды: «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады...Дүние де өңге жұрттар қатарында кім қор болмайын, тұқымым құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін имани дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады». Осының өзінен ұлы тұлғамыздың тағылымға толы мұра қалдыруы  деп бағалаймын.Оның керемет қасиеттерінің бірі – хан тұқымы бола тұрса да, ешқашан билікке қызығып, атақ – даңққа құмартпауы, қарапайымдылығы еді.Сонымен қатар елеулі еңбегінің нәтижесінде барлық сахара даласына есімі тарап белгілі болғандығын білеміз. Халықтың  зор сүйіспеншілігімен қошеметке бөленуі, «Алаштың Әлиханы»  деген құрметті атаққа үнемі лайықты ісі мақтануға тұрарлық қой. Сол кезеңде өз замандастары да оны жоғары бағалап, керемет бағасын берген.

 Мысал ретінде тоқталар болсақ, көрнекті ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыров мына  бір өлеңінде:

 

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,

Демейді қандай қазақ оны оң көзі.

Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан,

Талассыз жеке дара тұр ғой өзі...

Заманда басқан аяқ кері кеткен.

Жасымай Алашыма қызмет еткен.

Болса да қалың тұман, қараңғы түн,

Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен.

Басында ол қазағым тұр ғой дайын,

Тек ұзақ өмір берсін бір құдайым.

Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,

Білемін бұл үш ердің айтпай жайын.

Кешегі қара түнде болмап па еді:

Бірі –күн , бірі – Шолпан, бірі – Айым!

Солардан басқа кеше кім бар еді?

Қазақ үшін шам қылған жүрек майын.., - деп тамсана жырлағанын көрсек, ал ақын Көкбай Жанатайұлы атамыз Әлиханға арнап:

Қарағым жалғызымсың қазақтағы,

Ұл тумақ сендей болып аз – ақ –тағы.

Өгіз өліп, болмаса арба сынып,

Өмірің өткен жансың азаптағы.

Бал тамған,ханзадам-ай,қаламыңнан

          Тәңірім айырмасын талабыңнан! – деп тартымды ойын жеткізген екен.

Ахмет Байтұрсынов тағдырлас досы Әлихан Бөкейхановқа арнап өлең жазады.Қазақтың тамаша дарынды ерлерінің бірі осы Ахмет болса, өзінің досына арнаған жыры досына арнаған сырындай. Бір – бірінің жан – күйін, мақсаты мен арманын, алда күтіп тұрған тағдырын да айтпай ұғып, түсінгендей. Ерекше сезіммен жазылған осы жыр жолдарына кезек берелік.

          Қырағы, қия  жазбас сұңқарым-ай!

          Қажымас қашық жолы,тұлпарым-ай!

          Үйілген өлексені өрге сүйреп,

          Шығармақ қыр басына,іңкәрім-ай!

         Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,

         Түнерген төбемізден бұлт арылмай .

         Көк етті, көн терілі, көніп қалған,

         Сықса да шыдай беру – жұрт жарылмай.

          Кім біліп ер еңбегін сезіп жатыр?

         Кім шыдап,жолдастыққа төзіп жатыр?
         Сасық ми,салқын жүрек санасыздар,

         Алаңсыз  ақ малтасын езіп жатыр.

        Сынайтын,жақсы менен жаманды өлшеп,          

        Құлдықтың қолдарында кезі жатыр.

        Кешегі кеңшілікте керек қылған,

        Бостандық болмаған соң безіп жатыр.

        Айтқанмен таусылар ма оны-мұны?

       Талайдың таңдамалы түпкі сыры:

       Жанасқан шын көңілмен жақындық аз-

       Көбінің іші салқын сырты – ақ жылы

     

     Ақшаға абыройын,арын сатып,

     Азған жұрт, адамшылық қалмай саны.

     Жаны ашып,жақын үшін қайғырар ма,

     Жаны-мал,жақыны –мал, малдың құлы?! – деп жырлағанда өн бойының бар болмыс қасиеті көрінеді. Заманының заңғар тұлғарларының асыл арманы мен мақсат – мұраты жатыр. Сонымен қатар ұлы тұлға Әлихан Бөкейханов  мәселелердің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткер ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды.

Ұлы қайраткердің соңына ерген інілерінің бірі, азаматтықтың тағы бір құрбаны Жүсіпбек Аймауытұлы оған арнау сөзінде:«Қараңғыда қан жылап,қаңғырған күнде  басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз! Өмірінде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ»,-деп жазып қалдырғанында үлкен маңызды ой жатыр.Ғұлама тұлға  бойындағы асыл қасиеттерінің бір саласы – ғалымдығы  еді.Ол саяси күресті басты бағыт етіп, ұстай жүріп өз халқының сауатын ашуды,санасын оятуды, рухын тыңдауды бір сәт те естен шығармады.Өзінің өйткенін білмеген халық болашағына селқос қарайтынын ол өзгелерден гөрі жақсы түсінді.Ғылыми еңбектерін осы бағытта өрістетті.1903 жылы жазған «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және мәдени өркені»атты еңбегінде қазақ жерінің мың жылдық тарихы қозғалды.

Сонымен қатар қазақ халқын өзінің дәстүрлі кәсібінен-мал шаруашылығынан айырудың зардабы қандай қайғылы жағдайларға ұшырататынан терең ойлы ғалым сол кезде дабыл қағып айтқан болатын.Жаны ауырып, қатты алаңдап қапаланды.Өз өміріндегі көтерген жер мәселесі – ең бір жанды жеріне тиетін, жүрегіндегі шері,уайым-қайғысы, асыл арманы деген жөн.Шынында жерсіз елдің келешегі жоқ, өзінен өзі құрып,тозып,жоғалатынын туған жерімен кіндігі бір ұлы азамат жан – тәнімен біліп түсінген.Қазақтың біртуар азаматы, Алаштың ардагері Әлихан Бөкейхановтың әр бір еңбегі мен өмір жолы бүгінгі ұрпаққа шамшырақтай болып, жарқырап, уақыт өткен сайын бағасы жоғарлайтынына  сенімдімін. Тарихымыздың тарланы ұлы тұлғаның еңбегі мен ел үшін жасаған қызметін дәріптеу, насихаттау азаматтық аманат болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Сақ Қайрат.Алаш мұрасы – Алматы:

   «Қазығұрт»баспасы,2014 ж-

2.Кан.Г.В, Шаяхметов Н.У.

    Қазақстан тарихы.Оқулық – Алматы;

   «Алматы кітап»,2007-

3.Әлихан Бөкейхан.Таңдамалы – Алматы:«Қазақ энциклопедиясы»

 Бас редакциясы.1995ж

4.Тілешов.Е. Қамзабекұлы.Д.

Алаш қозғалысы.Энциклопедиялық анықтамалық.Алматы.Сардар,2014 ж.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Алау еткен жүрегін Алаш үшін""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 409 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 826
    • DOCX 19.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әбдікәрім Замзагүл Қонаққызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әбдікәрім Замзагүл Қонаққызы
    Әбдікәрім Замзагүл Қонаққызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25047
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1357 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 916 человек

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 639 человек

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 15 регионов