Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Баяндама "Қазақ ханы - Абылай"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Баяндама "Қазақ ханы - Абылай"

библиотека
материалов

Қазақ ханы Абылай


І.Кіріспе


Хан Абылай – Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіре алған көрнекті мемлекеттік қайраткер. Ол ел билеген кезде мемлекетте айтарлықтай өзгертулерді жүзеге асырды. Хан Абылай (1771-1781) – барша қазақ даласында беделі талассыз болған соңғы қазақ ханы.

Драмалы, тіпті, аңыз өмір, батыл мінеі, ерекше дарындылық – жетім Әбілмансұрға ұлт батыры болуды жазды. Оның қазақ тарихындағы орнын бағалау қиын. Ол – азаткер-батыр, дана билеуші, шебер мәмілегер.

Жас сұлтанның басты мақсаты халық қалауындай айбарлы жауға қарсы күрес болды. Абылай көреген саясаткер ретінде Қазақ хандығы үшін басты қауіп екі ірі держава – Ресей мен Цин империясында жатқан жоңғарлардың басқыншылығы екендігін жақсы түсінді. Оның халық алдында және Әбілмәмбет хан алдында беделі болды. Сырттағы қауіппен күресе жүріп, Абылай хан қазақ жерін біріктіруге көп күш жұмсады.

Жас ұрпақ Абылай хан арманының жемісі – қазіргі Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуы керек, ішкі келісім мен бейбітшілікті сақтау жолында қыхмет етуі керек.

Оның өмірі туралы, шығармашылығ туралы өмірбаяндық мәліметтер, естеліктер жастарға патриоттық тәрбие беруде құндылыққа ие.

Абылай (Әбілмансұр) хан (1711-1781) – Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек [1, 880. б].

Ал Абылай ханның жас кезіндегі «Сабалақ» аталуын профессор З. Тайшыбай өз еңбегінде ойын басқаша білдіреді:

«Абылай жас кезінде жетім қалып, нағашысы Қайып ханның немере, шөбере туыс ағалары Сәмеке ханның, Болат хан мен Әбілмәмбет сұлтанның ордасында өскен. Хандар әулетінде ақсүйек дәстүрінде тәрбиеленген, білім алған, соғыс өнеріне ерте машықтанған. Аңыз-әпсаналарда айтылатын «Сабалақ» лақабы оған қайратты, ержүрек, амал-айлалы батырлығы үшін қарсыластары тарапынан берілген. «Сабалах», яғни, моңғол тілінде сабаушы, жауынгер, батыр дегенді білдіреді. Киімі жыртық, көрбала, қолбала болғаны үшін емес.

Жетім қалып, «Ораз аталықтың тәрбиесінде болуы» – Аралдың Мұса ханы 1712 жылы қаза болғанда оның Сәтемір деген ұлын Оразалы деген аталық (ханның құлы) жасырып, аман сақтап қалыпты» деген аңызға [«История Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веков», ІІІ том. Алматы 2005, С. 104.] ұқсас, ауыз әдебиетіндегі ежелгі ұйқастыра дәріптеу, айтулы тұлғалар төңірегіндегі мифтік әсірелеудің тағы бір мысалы. «Әбілмансұр» деген есім Абылайға қатысты жазба деректерде кездеспейді, бұл да аңыздарға кейін қосылған – арабша «жеңімпаз» дегенді білдіретін лақап. Шын мәнінде толық аты-жөні – «Абылай-Мұхаммед Баһадүр сұлтан» [2, 20. б].

Ел арасында тараған деректерде Төле бидің оны сынай жүріп, тәрбиелегені айтылады. Демек Әбілмансұр – «Сабалақ» Төле би ауылында жүргенде ұлағатты ұлы биден көп нәрсені көріп – біліп, өнеге үлгі алудың арқасында оның ой – санасы өсіп, қабілеті жетіле түседі. Оның осындай жігіт болғанының белгісі – Бөгенбай батыр жоңғарларды барлауға шығып, Төле бидің ауылында екі – үш күн болғанда, Сабалақтың арнайы түрде оны іздеп барып сәлем беріп, өзін жорыққа бірге ала кетуін өтінуі еді.

«1723 жылғы апат «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атауымен қазақ халқының санасы мен жылнамасына мәңгіге енді. Қазақ қазақ болғалы мұндай қасіретке, қырғынға тап болмаған еді. Халықтың үштен екісі қырылды, елден босып кетті. Алтай мен Жетісу, Арқаның біраз жері жау қолында қалды. Қазақ жасақтарының Бұланты өзеніндегі жеңісі жоңғармен соғысқа түбегейлі бетбұрыс әкелмеді. Ал Аңырақай шайқасындағы жеңіс, біріншіден, шаңырағы шайқалса да аман қалған мемлекетіміздің қайта нығайған әлеуетін паш етсе, екіншіден, Шарыштың басын қаққан Абылай тағдырының жұлдызды кезеңін ашты.


Ә). Ел қорғаушы Абылай .


Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып, жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады.

«1757 жылы Абылай 10 мың сарбазбен Қашқария жерінде (1,0 млн. қалмақты қытайлықтар қырғаннан кейін) қалған торғауыттарды қырды. Басқарған батырлар: Арғын-Атығай – Күлеке батыр – 2000 сарбазбен; Керей – Мерген батыр – 2000 сарбазбен, Көкжал Барақ батыр (найман) – 2000 сарбазбен; Абылай сұлтан – 2000 сарбазбен; Найман-Қаракерей Қабанбай батыр – 2000 сарбазбен, қалған қалмақтардың бірде-бірін қалдырмай тұтқындап, қазақ жеріне құлдыққа таратты. 1760-1764 жылдар аралығында Қабанбай батырды Абылай сұлтан Зеңгор жеріне бас қолбасшы етіп тағайындады. Қаракерей Қабанбай батыр бастаған наймандарды, Төлеңгіт Райымбек батыр бастаған (албан Райымбекпен шатастырмайық – Б. Н.) Уақ-керейлерді Зеңгор жеріне көшірді. Бұл тек қана Абылай сұлтанның талабымен іске асты (1-қор, 1-тізбе, 88-іс, 1760 жыл, Омбы мұрағаты)».

Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.И. Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген», - деп жазды. Ш. Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.

«Аңырақайдан кейін тура жарты ғасыр бойы Абылай есімі жұрт аузынан түспеді. Арада 3-4 жыл өткен соң Орта жүздің ықпалды сұлтаны дәрежесіне көтеріледі. Шәкәрім қажы: «Абылайдың хан болғаны 1735 жылдың маңайы болар», деп пайымдаған екен. 22 жасар Абылай хан тағына отырмаса да Орта жүз ханы Әбілмәмбеттің сенімді серігі екені күмәнсіз. Өйткені 30-шы жылдар ішінде-ақ жазылған әлденеше ресми құжаттарда Әбілмәмбет пен Абылай есімдері қатар аталады. Іргелі мемлекеттік мәселелер бойынша екеуінің бірлесіп жазған хаттары Ресей әкімшілігіне жолданып отырған. Мәселен, 1737 жылы Ресей тыңшылары мәліметтерінде, Останков деген полковниктің жазғанында Әбілмәмбет пен Абылай Ресей патшасына бағынбақ ниетте екені ауызға алынса, екеуінің атынан жазылған бір хатта «Әбілмәмбет баһадүр сұлтан», деген жазулы мөр, «Сізге деген сеніммен Абылай сұлтан мөрімді бастым», деген жолдар бар. Ал 1737 жылдың көктемінде Елек өзені бойында отырған Әбілмәмбет ханға, Барақ және Абылай сұлтандарға башқұрттың бір топ жақсы-жайсаңдары келіп, өздеріне хан болуға Абылайды шақыруы жас сұлтанның атақ-даңқы алысқа кеткенін айғақтап тұр.

ХVІІІ ғасырдың 50-ші жылдары ол Орта жүздің билеушісі мәртебесімен атала бастады. 1758 жылғы Ресей сыртқы істер алқасының жарлығында «Орта жүздің бас әміршісі Абылай сұлтан ...» делінсе, сол жылы өзі жазған хат: «Орта жүздің билеушісі Абылай сұлтан ...» деген жолдармен басталыпты.

Қалай болғанда да, қазақтың тағдыры қылыш үстінде қылпылдаған 20-шы жылдар аяғынан өмірінің соңына дейін ұлттық саяси элита тобына кіргені, хан мәртебесін ресми алмай тұрып-ақ ханға тиесілі миссияны ішінара атқарғаны тарихи ақиқат. Саяси басшы ретінде қазақ қоғамының өміріне осыншама ұзақ уақыт пәрменді ықпал еткен Абылайдай тұлға ұлттық тарихымызда кездесе бермейді. Бұл – бір.


Ә).Абылайдың еңбектерін растаушы ұлы тұлғалар.


Қазақ халқының аса көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев «Батыр Баянда» Абылайдың саясаткерлігін суреттеген:

Дұшпанның қалғандай боп табасына,

Арқаға аяқ салып түскен барып

Екі оттың орыс – қытай арасында.

Күндерде сонау – қара тапсырған ел

Тағдырын Абылайдай данасына.

Сол күнде ел қорғаған Абылайдың,

Қылсаңда аз қанша тәуәп моласына.

«Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ.

Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.

Артында - ор, алдында - көр, жан-жағы жау,

Дағдарған алаш енді қайда бармақ?

«Абылай мен орыс билігі арасындағы қатынастар туралы Ресей бас штабының биік шенді офицері И. Красовский былай деп жазған: «… дәл сол кездегі Орта жүзге алғыр да әлуетті әскербасы, көрші державалармен қарым-қатынас жасап тұруға шебер мәмілегер керек еді. Осы міндеттің екеуін де Абылай абыроймен орындап шықты. Ол тек Арғын тайпасын ғана емес, басқаларын да биледі. Үш жүздің ортақ дұшпаны жоңғарларға қарсы жеңісті күрес бастады. Аса өрнекті ептілік танытып, Ресеймен де, Қытаймен де байланыс орнатты. Осындай қасиеттерінің арқасында, Әбілмәмбет ханға қарағанда, Абылай сұлтанның атақ-даңқы арта берді. Әбілмәмбет хан болса, әскерді де, мәмлегерлікті де Абылайға өз еркімен беріп қойды, билікке таласқан жоқ. Соның нәтижесінде Сібір даласындағы Орта жүз сұлтандарының арасында алауыздық болған жоқ. Мұндай ауызбірліктің екінші бір негізі, жоңғар мен қазақ арасы тыныштанған соң, Абылай бүкіл қазақ аламанының қолбасы атағынан өз еркімен бас тартты. Орта жүз тайпаларын бұрынғыдай, бір шыбықпен айдаймын деп аптыққан жоқ…». [Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами генерального штаба. Область Сибирских киргизов. Часть 1. СпБ, 1868. С. 39.]

Абылай хан Ресейдегі Е. Пугачев көтерілісіне байланысты ұстамдылық танытты. Ресейдің ішкі ісіне араласқан жоқ, көтерілістің түбі шикі, мақсаты бұлыңғыр екенін байқады. Қазақ халқын арандатудан, орынсыз қан төгуден сақтап қалды. Ескерте кетейік, «Абылай хан Е. Пугачевті қолдады, тіпті 40 мың әскермен Ресей бекіністерін шабуға дайын отыр»-мыс деген жазбаша дерек сол дәуірде насихат үшін таратылған жалған ақпар екені бүгінде дәлелденді» [7, 35 б.].

«Тарихтан белгілі, Әбілхайыр хан біраз старшындарымен «Ресейдің қоластына кіремін» деп 1731 жылы Ресейге адамдарын жіберіп, 1732 жылы адал екендігіне ант береді. Ол оның сатылғандығы емес. Сол заманда 7 (жеті) жауынан қорғанудың әдісі болды. Оның бұл саясатын Орта Орданың ханы Сәмеке, одан кейін Әбілмәмбет, Абылай хандар да қолдады. Ант беру рәсімін олар «одақтасу» деп түсінді. Ресейліктер шекараны аттап бері өткен жоқ, ішкі жұмысқа араласқан жоқ. Кейбір тарихшылар атап жүргендей, «бодан» болған емес. Оның куәсі ретінде Абылай үш рет – Ресейге, екі рет Қытайға одақтастық ретінде «қоластарыңызда деп есептеңіздер» деп серт берді. Олар кез келген уақытта ол сертінен бас тарта алды. Одақтасу мерзімін сенат қарап, екі-үш жылда ұзартып отырды. Міне, сондай ант беру кезі 1740 жылғы 28 тамызда болды. Орынбордың губернаторы генерал-лейтенант Василий Урусов («Едіге батырдың төртінші ұрпағы» деген де сөз бар – Б. Н.) Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанды қалай қабылдағаны туралы Ресей империясының Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясат бөлімі мұрағатының 122-қоры, 1-тізбесі, 1, 3 істерінде толық сипатталған. Ол мәліметтерде Абылай сұлтанның жеке мінезіндегі ерекшеліктерді де атап кетіпті. Абылайдың ақылды жан екенін, халықтың сол кезден-ақ онымен «хан» ретінде санасқанын көрсете білген. Сөйлеген сөзі, мінез-құлқы «құлдың» баласы емес, текті жерден шыққан сұлтан екендігін аңғартатынын баса көрсеткен (Болатбек Нәсенов) [8, 15 б.].

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры Зарқын Тайшыбай осы оқиғаны төмендегідей баяндайды.

«1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін, қазақтың үш жүзінің беделді өкілдері «марқұм ханның өз кіндігінен тараған ұлдарының мұрагерлік құқы бола тұрса да, өзге сұлтандардың ішінде ең таңдаулысы ретінде» (Шоқан), Түркістан қаласында Абылайды «үш алаштың» ханы етіп, бірауыздан сайлаған. Бірақ, Абылай хан патша құзіретімен биік лауазымға бекіту рәсімін тілемеген және тәуелсіз елдің билеушісі ретінде Ресейге бодандық шартынан бас тартқан. Тек, арада 7 жыл өткен соң ғана Қазақ даласындағы өз ықпалын сақтап қалуды амалдап, Ресей патшалығы 1778 жылғы 4 мамырда Абылайды «Орта жүздің ханы лауазымына бекіту туралы» құзырхат жіберуге мәжбүр болған. Алайда, халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін бұл құжатты заңсыз деп таныған Абылай хан, Ресей императорының жарлығын мойындамаған, мансап куәлігінен бас тартқан, көрші мемлекет ұсынған сый-сияпатты, хандық жора-рәсімдерді қабылдамаған. Абылайдың бұл қылықтарын әр саққа жүгірткен Ресей генералдары мұндай «варвар, түз тағысын» тақтан тайдыру, тіпті ыңғайы келсе тұтқындап, көзін жоюдың амалдарын қарастырғаны туралы жазылған құжаттар баршылық» (Зарқын Тайшыбай).


В).Ханның тұтқындалуы.


«Ресеймен одақтасудан кейін көп кешікпей Абылай елдің ішкі, сыртқы жұмысынан екі жылдай қол үзді. Ол туралы Мәскеу мұрағатынан табылған (122- қор, 1-тізім, 2-іс) хатқа жүгінейік.

Бұл хатта Абылай сұлтанның Қалдан Сереннің тұтқынында екені жазылыпты. Бірақ қалай қолға түскені жазылмаған. Халықтың айтуы бойынша, жоңғарлардың қолына түсу себебі екі түрлі түсіндіріледі. Біріншісі – «Қалдан Серен тұтқиылдан Абылайдың ауылына шабуыл жасап, батырларымен қапылыста қолға түсірді», – десе, екіншісінде: «Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап жүргенде тұтқындалды», – дейді.

Ал оның тұтқыннан шығуы туралы екі түрлі жорамал айтылады. Біріншісі – «Ресейдің елшісі майор Мюллердің Қалдан Серенге апарып берген генерал-губернатор Неплюевтің хатынан кейін босатты», – десе, екіншілері: «Қазақтың би, батырлары талап етіп, босатып алды», – дейді.

Мен, танысқан хаттарға сүйеніп отырып, Абылай ханның тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болған дер едім. Ең бастысы – Абылайдың өзінің ақылдылығы, тапқырлығы, дипломаттығы. Оны халқының сыйлайтындығы Қалдан Серенді ойландырды. Екінші себеп – шын мәнінде, оған арашашы болған беделді би-старшындар. Үшіншісі – Мюллердің де әкелген хаты әсер етті» [8, 7 б.].

«…Абылай сұлтан Қалдан Серенде екі жылдай тұтқында болды. Онымен бірге Жолбарыс сұлтан отырды. Ол Қалдан Серенмен тіл табысты. Осы жылғы күзде оларды өз елдеріне жіберді. Тұтқында 35 адам болды. Барлығы да қайтарылды. Өз ұлыстарына аман-есен жетті. Олар тұтқында болған кезде сол жазда Қоңтайшы елінде көп адамдар шешек ауруымен ауырып, қайтыс болды. Қалдан Серен қайсақтармен бейбітшілікте» делінеді.

Жоңғарлардың тұтқынынан келгеннен соң Абылайдың абыройы тіпті жоғары дәрежеге көтерілді. Енді үш орданың хандары да, билері де онымен санасты. Ал Ресейден қол үзген жоқ. Бірақ губернаторларға бас иген емес. Оларды өзінен арақашықтықта ұстады.

Абылай хан Орынборға 1740 жылы барғаннан кейін губернаторлардың оған өздеріне келіп-кетуін сұраған бірнеше шақыруын қабылдамады. Кейбір тарихшылар, «Абылайдың тұтқыннан келуі оны Ресейге байлады, оған міндетті болды» дегендей ой білдіреді. Жоқ. Олай емес. Оның тұтқыннан босап келуіне себептерді жоғарыда түсіндірдік. Абылай Ресейге тәуелді болған жоқ.

Міне, осындай хаттың бірін 1745 жылы 16 сәуірде Орынбордан губернатор құпия кеңесші Иван Иванович Неплюевтен Абылай сұлтанға жіберіпті (122-қор, 1-тізім, 3-іс):

«…Біз сізден көптен хабар ала алған жоқпыз, көп уақыт өткендігі себепті сізден өткен кездер туралы хабарларды естігеніміз дұрыс болар еді. Сіздің және қоластыңыздағылардың бір белгісі болсын (50-беттің сырты). Егер мүмкіндігіңіз болса, уақыт тауып сіз маған келсеңіз, маған ұнаған болар еді. Мен осы алдағы күзге дейін басқа жаққа баруыма байланысты орнымда болмауым мүмкін. Екеуміз кездесіп, бетпе-бет әңгімелесіп, көп жағдайларға кеңескеніміз дұрыс болар еді.

…Сіздің қойған талабыңызға байланысты Сібір жағында ұсталған адамдарыңыз бен малдарыңыздың біразы қайтарылды» депті.

1745 жылы 7 мамырда жүзбасы Яков Ерофеев арқылы полковник Павлуцкийге Абылай хан мынадай хат жіберіпті:

Әбілқайыр хан мен Әбілмәмбет хандарға қоқан-лоқы жасап, қысым көрсеткен жоңғар ханының үзілді-кесілді талаптары мәлім болған соң, қазақ жерлерінен айырылып қалу қаупі төнген кезде ғана, Ресей үкіметі 1742 жылы 2 қыркүйекте Қалдан Серенге елші жіберді, басқа мәселелер қатарында Абылайды тұтқыннан босатуды сұрады. Алайда, Абылай сұлтанды босатып, сый-сияпатпен қайтару туралы Қалдан Серенге Ресей делегациясы келместен бұрын-ақ, Абылайдың өтеуіне жоңғар жағына аманат барып, мәселе шешіліп қойған болатын. Осыдан былай, Абылай Ресей жағының адалдығына күмәнмен қарап, өз өмірі үшін сақтық жасады, дипломатиялық байланыстардың хабарласу, елшілік алмасу тәсілдеріне көшті. 1740 жылғы келіссөзден кейін, өле-өлгенше, яғни 40 жыл бойы Ресейдің бірде-бір қаласына ат ізін салған жоқ, патшалардың, биік шенді әскербасылардың шақыруына барған жоқ және өзінің осындай қызмет тәртібіне ресейлік әріптестерін еріксіз көндірді.

«Абылай өз мүддесінен ел мүддесін жоғары қоя білген санаулы саясаткерлердің бірі екені тарихи құжаттарда көрініс табады. Мысалы, Қытай елшілерімен кездесу үстінде Абылайға бәйбішесі хал үстінде жатқаны жөнінде хабар келгенде «8-айдың 25-і күні біз Абылайдың бастауымен Атбасар маңындағы Есіл өзенінің бойынан аттандық. 9-айдың 7-сі күні біз Көксеңгір деп аталатын жерге жеткенде, Абылайдың үйінен екі мәрте адам жіберіліп, Абылайдың бәйбішесі «науқастан халі нашарлап қалды» деген хабарды жеткізді. Сонда Абылай «Отбасымның жағдайы соншалықты маңызды емес қой. Оның сыртында, мен үйімде болғанда да өлейін деп жатқан адамды тірілте алмаспын. Оған қарағанда Боғда Ежен ханмен арадағы іс маңыздылау. Мен сіздерді ел шетіне дейін апарып тастағаннан кейін қайтармын» деді де, әрі қарай сапарды жалғастырды. Сонан кейін тағы да адам келіп, Абылайды үйіне қайтуын сұрады. Абылай бізбен ақылдасқанда бұрынғысынша әрі қарай жүре бермекші болып еді, біз ол кісіні тоқтатып, «сіз істің бәрін орны-орнына қойып болдыңыз ғой» қайта беріңіз деген ниет білдірдік. Абылай қытай елшілеріне: «Ендеше, сіздер «жол ортада бізді тастап кетті» демеңіздер. Мұндай қиын жағдай болғандықтан мен де шарасыз болып тұрмын. Мен қайтып барғанда (бәйбішем) бойында әлі жан бар болса, онда мен оны дәрігерге көрсетермін; ал егер мен қайтып барғанда ол әлдеқашан қайтыс болса, онда мен оны міндетті түрде үлкендеріміз жатқан Түркістан жеріне апарып жерлеймін» - деп қоштасқан.

Абылайдың ел мүддесін, халықтың әл-ахуалын ойлағаны 1758 жылы 19-мамырда жазылған мына құжаттан да байқалады: «Весьма усилился помянутый Абылай-салтан, ибо как слышно от бывших там здешних людей, что он в воинских случаях, по их киргизскому обыкновению, ни себя ниже иждивения своего не жалеет, и что где вербыч достанет, то ничего себе не оставлял, в народ раздает, и тем у них весьма властительным учинился».

Халықтың әл-ахуалын көтеру үшін Абылай сауда-саттыққа жол ашып, оған тікелей өзі басшылық етті.


Ханның сауда-саттықты дамытқаны туралы Шоқанның еңбегінде мынадай жазбалар бар: «Между тем сам Абылай имел свидание с Илийским цзян-цзунем (генерал-губернатором) около озера Сайрам-Куль и заключил с ним торговый договор, по которому открыты были в Тарбагатае (Чугучаке) и в Или (Кульдже) меновые базары». Абылай Ресей мен Қытай шекараларындағы қалалардың қазақтарға сауда үшін ашық болуына, жәрмеңкелер ұйымдастыруға көп үлес қосты. Абылай хан дәуірінде қазақтардың Қытаймен сауда-саттықтары айтарлықтай деңгейде болғандығын Чианлұң жылнамасы сарай жазбаларының көптеген архив бумаларынан көруге болады. Солардың бірінде 1757 жылдың желтоқсан айының 15-і күні жазылған мәлімдемесінде былай делінген: «Біздің бұрынғы келіскен пікірімізше болса, қазақтармен Үрімжіде айырбас сауда жасауды біз бұрын Абылаймен ақылдасып бекіткенбіз... Келер жылы жәрмеңкеде жылқы саудасы ғана жасалады. Егер қазақтар түйе, сиыр, қой секілді түліктерді айдап әкеліп жатса, оны да алайық. Қонысымызға олар да қажет».


«ІІІ» Қорытынды


Жалпы, халықтың жағдайы Абылай хан кезінде жақсарғаны туралы мәліметтер бар. Орта жүзде болған тау-кен инженері И.П. Шангиннің 1816 жылғы жазбалары бойынша Абылай хан «тірі кезінде көне заңдылықтар қатаң бүге-шігесіне дейін орындалды. Кез келген ұсақ-түйек қылмыс үшін жауапкер міндетті түрде жазаланды, қырғыздар (қазақтар) арасында барымта деген болмады. Халқының ең кедейінде 500, ауқаттысында 5 мыңнан 15 мыңға дейін төрт түлікті малы болды». Мемлекеттік мүдде үшін Абылай алым-салық жинатқан қазақ билеушілерінің бірі.

Абылай 1762-1763 жылдары Іле өзені бойында диқаншылық жасауға әрекет етті, Есіл өзені бойында Абылайдың айтуымен егіншілік бастау алғаны жөнінде хабарлар бар. 1763 жылы шекарадағы орыс әкімшілігіне хат жазып егіншілікті білетін мамандар сұрап, Петропавл қаласына таяу жерде егін екпекші болды. Орыс әкімшілігі тарапынан ешбір көмек болмаған соң, өз адамдарымен егін еккені туралы деректер бар: «нынешнего лета он, Аблай-солтан, и просо сеел». М. Бекчуриннің хабарлауынша, 1780 жылы Ташкенттен алтыкүндік жерде тұрып егін еккен: «в шестидневной езде от города Ташкении ... и на том месте производит хлебопашество». И.Г. Андреев жазбаларына қарағанда, 1785-1790 жылдары қазақтардың Есілдің жоғары ағысында егіншілікпен айналысуының басында Абылай хан тұрған.

Абылай қазақ даласында бекініс-қалашықтар салғызды. Белгілі орыс тарихшысы А. Левшин Абылай «построил сыну султану Адилю по просьбе повиновавшихся ему киргиз-казаков Большой орды при речке Талаше дом, обнес оный валом, основал около него селение из каракалпаков, привыкший к хлебопашеству» [10, 8 б.].

«Абылайдың тұсында елді басқарудың әкімшілік-аймақтық жүйесі жаңаша тәртіптелді. Беделді билер мен батырлар тиісті руларды басқарды. Олар өз қарауындағы ұлыстардың әлеуметтік-шаруашылық жағдайына, қорғаныс қамына толық жауапты болды. Мысалы, Қаракесектің 2000 отбасы Қазыбек бидің, Арғын-Алтайдың 3000 отбасы Нияз батырдың, Қанжығалының 2000 отбасы Бөгенбай батырдың, Тарақтының 400-ге жуық отбасы Наймантай батырдың, Атығайдың 1000 отбасы Жәпек батырдың, Қарауылдың 2000 отбасы Итқара батырдың, Тобықтының 1000 отбасы Қарпық бидің билігінде болды.

Абылай төтенше жағдайларға икемсіз Хан кеңесінің құзырын ықшамдап, дәстүрлі билер институтының өкілетін тежеу арқылы мемлекеттік басқарудың тетіктерін тікелей өз қолына алды.

Халықтың тұрмысын жақсартуды көршілерді тонау-талаудан емес, еларалық сауда қатынастарынан бастаған. Бұхара, Қоқан, Хиуа хандықтарымен, Жоңғар хандығымен айырбас сауданы жөнге қойды. Ұрлық-қарлыққа қатаң тыйым салды. Шетелдік сауда керуендерінің аман келіп-қайтуын қатты бақылаған. Алғашқы жылдардың өзінде Абылай Шұбаркөл бекінісінде, кейін Ор, Петр ағзам, Троицк, Семей, Кереку бекіністерінде, Қытайдың Үрімші өлкесінде айырбас сауда орындарын ашуға тікелей ынтагер болды.

1743-1752 ж.ж. Жоңғар хандығымен және Ресей үкіметімен үш жақты тиімді әрі тату көршілік қарым-қатынаста болуға күш салған.


Абылай Ұлы жүз бен Кіші жүз хандарымен, сұлтандарымен, беделді ел ағаларымен үнемі ынтымақта болып, қажет уақытта күш біріктіріп, жалпыұлттық мүддені бірге қорғаған. Аймақтық, ру-тайпалық жіктелушілікке, алауыздыққа жол бермеген.







Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдақы қазақстан, 119-146-беттер.

2.Левшин А.И. Описание киргиз-казачъих, или киргиз-кайсацких орд и степей. А., 1996.

3.Рысбайұлы К. қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
4.Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005ж







Баяндамашының аты-жөні: Омарова Сауле

Баяндама тақырыбы: Қазақ ханы Абылай


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.04.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров174
Номер материала ДБ-018279
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх