Инфоурок Классному руководителю СтатьиБаяндама: "Біздің болашағымыз - салауатты ұрпақ"

Баяндама: "Біздің болашағымыз - салауатты ұрпақ"

Скачать материал

Біздің болашағымыз - салауатты ұрпақ

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Еліміздің басты бағыттарының бірі – салауатты өмір салты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ел дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан–2050» стратегиясында халық денсаулығын сақтау мәселесін   басты бағдар ретінде қарастырғаны барша Қазақстандыққа аян. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңірудің де маңызы зор.

Балалар болашағымыз, ұрпақ жалғастырушы. Сондықтан да, ата-ана үшін баласының денсаулығы өте маңызды. Адам денсаулығы – қоғам байлығы.    

Қазіргі кезде балалардың денсаулығының нашарлауы да байқалады.Барлығымызға ой салатын мәселенің бірі- орта экологиясының бұзылуы, бала денсаулығына кейбір технологияның және басқа факторлардың әсер етуі болып отыр, осындай әсер салдары адамның физиологиялық, психологиялық және адамгершілік қасиеттері мен денсаулығының бұзылуына әкеліп соғады. Көпшілік жағдайларда адамның осындай әсерлер кезінде өзін-өзі дұрыс ұстай алмау жағдайларынан болады. Содан барып өз денсаулығы, орта және өсіп келе жатқан жасөспірім денсаулығына қолайсыз жағдайлар туады. Атап айтсақ: ішімдіктерді, есірткілік және токсикалық заттарды  пайдалану,темекі шегу, насыбай ату тб. Сондай-ақ жасөспірімнің күнделікті күн тәртібін дұрыс құрмау, демалыс уақытын дұрыс пайдаланбау, таза ауада дем алмау, ой және дене еңбегінен кейін ағзасын дұрыс дем алдырмау, уақытында және дұрыс тамақтанбау,психологиялық жүктеменің шектен тыс көбеюі немесе стресс жағдайынан шыға алмаут.б барлығы кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Күнделікті теледидар алдында, компьютер мониторының  алдында шектен тыс көп отыру- балалардың тек психологиясына ғана әсер етіп қана қоймай, көз ауруларына, күні кешке дейін құлақтарына іліп алып жүретін арзанқолды магнитофон ызыңы- құлақ, бас ауруына, аз қозғалу немесе гиподинамия- жүрек, қан, жүйке ауруларына, дұрыс тамақтанбау- ас қорыту жүйесінің түрлі ауруына әкеп соғып жатыр. Оқушы денсаулығын сақтау жолында тұрған ең басты мәселе- оларды салауатты өмір сүруге және оны сақтау және нығайту жолдарын білу.Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы еліміздегі мектептердің әлеуметтік міндеті жас ұрпаққа сапалы білім, баланың саулығын сақтап, саналы тәрбие беру. Олардың әрқайсысына өмірден өз жолын табуға көмектесуді негізгі мақсат еткені абзал. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасын, салт-дәстүрін пайдалана отырып, «баланы-жастан»демекші, дені сау, сана-сезімі терең, ақыл ойы зерек ұрпақ тәрбиелеу, баланы бесігінен жақсы әдетке баулу әр ата- ананың міндеті. Оқушының денсаулығына зиян келтірмей, қайта оны сақтауды, нығайтуды білім беру арқылы үйретіп, оқушының өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру мұғалімнің міндеті. «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы-денсаулық», «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл-үшеуімен бақытты болады өмір» Ендеше отбасы, мектеп және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы күннен –күнге арта беруі тиіс.

«Денсаулық-зор байлық »деген мақал тегін айтылмаған.Адамның басты байлығы-денсаулық. Денсаулық-адамға Табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілдермен сақтап, нығайтуға болады. Әркім өз денсаулығына ерекше мән беруі қажет. Өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын сақтау қажет.

 Оқушылардың бойында салауатты өмір салты мотивизациясын дұрыс қалыптастыра білу мұғалімдер мен ата-аналардың қосылып жүргізілген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші тәрбиенің ошағы-отбасында, екінші-мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы қажет.

ХХІ ғасыр адамына денсаулықты қалыптастыруға үйрену қажет. Валеологиялық мәдениетті қалыптастыру өсіп келе жатқан ұрпақта денсаулықтың мәдениетін қалыптастыру мақсатына жетудің басты шарты.
Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың ролі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады. Салауаттану ғылымы “қалай денсаулықты сақтаудың” ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден – аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден – сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Сонымен, жоғарыда айтылған мәліметтерден әркімнің өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі екенін көруге болады. Ауруды ағзаға жолатпау, адамның өз қолында. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.

Салауаттану дегеніміз не?
«Салауаттану» орыстың «валеология» сөзінен шыққан. Ол денсаулық ғылымы деген мағынаны білдіреді. Бұл ғылым қалай салауатты болудың, денсаулықты сақтаудың жолдарын үйретеді. Ол қоршаған ортаның зиянды әсерінен, түрлі аурулардан сақтануға көмектеседі. Денсаулықты сақтау үшін мыналарды орындауың қажет:
• жеке бас гигиенасын сақта;
• күн тәртібін орында;
• денешынықтырумен айналыс;
• дұрыс тамақтан
• ағзаңды шыңда
• белсенді және көңілді бол.

Денсаулық - біздің басты байлығымыз. Өз денсаулығын сақтау — әр адамның парызы.
Дұрыс тамақтану
Ағзаны шынықтыру
Гигиенаны сақтау
Денсаулыққа зиянды заттар
Дұрыс тамақтанудың 10 кеңесі
1) Суды аш қарынға ішіңіз
2) Ыстық шайды ас қабылдау кезінде ішіңіз
3) «Күніне бір алма сізді барлық дерттерден қорғайды» дейді ұлттық даналық
4) Иммунитетті күшейтіңіз
5) Асты дұрыс қабылдаңыз
6) Кейбір өнімдерді қабылдауды шектеңіздер
7) Барлық аурулар тістерден
8) Тамақты жақсылап шайнаңыз
9) Өз салмағыңызды қадағалап жүріңіз
10) Салауатты өмір сүру салты - ұзақ өмір сүрудің жолы!
Тағамды ластандыратын бактерияларды жұқтырмау үшін:
1) Қолыңызды жуыңыз, жемістер мен көкөністерді жуыңыз.
2) Сатып алу, тамақ әзірлеу және сақтау кезінде шикі, пісірілген және пайдалануға дайын тағамдарды бір - бірінен бөлек ұстаңыздар.
3) Микроорганизмдерді жою үшін тамақ əзірлеу кезінде оларды қауіпсіз температураға дейін қыздырыңыздар.
4) Жылдам бұзылатын тамақтарды тоңазытқышта сақтаңыздар.
5) Мыналарды пайдаланудан алшақ болыңыздар:
• шикі (пастерленбеген) сүттен және құрамына пастерленбеген сүт кіретін тағамдардан;
• шикі не шала пісірілген жұмыртқалардан, құрамына шикі жұмыртқа кіретін тағамдардан
• шикі немесе шала піскен еттерден, тауық етінен;
• пастерленбеген шырыннан.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: "Біздің болашағымыз - салауатты ұрпақ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 630 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 8941
    • DOCX 25.5 кбайт
    • 86 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекенова Аяулым Төлендіқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекенова Аяулым Төлендіқызы
    Бекенова Аяулым Төлендіқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18868
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 738 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 055 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 149 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 70 человек