Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Конспекты / Баяндама "Деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Баяндама "Деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі"

библиотека
материалов

Деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі

Категориясы: Ұстаздарға

Атырау қаласы,№35 мектеп-гимназиясының
математика пәнінің мұғалімі
Калмуханова Самал Құдайбергенқызы

Деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі
Жоспары:
I. Кіріспе:
Жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математика пәнінің алатын орны.
II. Негізгі бөлім:
а) Оқытудың деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі.
б) Деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы өткізген сабақтарымның үлгілері.
III.Қорытынды:

Математика сабағын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімді нәтижелері.
IV. Пайдалынылған әдебиеттер.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев.

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.

Міне осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.
Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі.Ал талапқа сай математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.

Ал математиканың дамуына адамзат тіршілігінің дамуының басқа да түрлерін; тарихтың дамуын,өндірістік қатынастар мен өндірістік күштердің дамуы,мәдени тарихпен, техника, физика, астрономия, механика, философия тарихымен де тығыз байланысты. Демек, математиканың дамуына жетілдіріп,толықтырып, математика мен математикалық теориялардың, идеялардың дамуы емес – сол кездегі халықтың тұрмыс тіршілігінің деңгейіне сәйкес, білімнің дамуы зор ықпал етеді. Ал білімнің оқыту процесімен тығыз байланыстылығы мәлім. Сонымен қатар қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі әр түрлі бағыттағы математикалық әдістерді қолданбаса ғылыми – прогресстің болуы мүмкін емес. Бұл жерде математикалық дайын ақпараттарды қолдану ғана емес, ғылым мен техниканың дамуына ықпал ететін жаңа туындыларға жол ашу, мүмкіндік жасау. Бұл үшін қажет болған жағдайда жаңа идеялар айтатын, математикалық сауаты жоғары мамандар дайындау қажет.

Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі –профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар –дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті.
XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі –бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы - білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай жолдардың бірі – деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.
Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші.
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады
Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.

1-деңгей: міндетті, оқушылық;
2-деңгей: алгоритмдік;
3-деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру;
4-денгей: шығармашылық – өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру.

1-деңгейдегі тапсырмаларға:
1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беру тиіс;
3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты болуы керек. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл аударған жөн.

2-деңгейлі тапсырмаларға:
1) Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар;
2) Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар: логикалық есептер, ребустер мен сөз жұмбақтар.

3-деңгейлік тапсырмаларға:
1) Танымдық – ізденім түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімділігін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
2) Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

4-деңгей шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктердің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
2) Олимпиада есептерін шығару
3) Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, ғылыми жобалар қорғау.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын
қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. Әр оқушының әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1-деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының талаптарына сай келеді және дәстүрлік оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес 12-балдық жүйемен ерекше бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады. Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған “Ашық журналға”
(1-кестеге) + белгісін оқушылардың өздеріне қойғызып отырады.
1-кесте

Математика пәні бойынша 7 «а» сыныптың «Ашық журналы»
(тақтада ілініп тұрады)

I тоқсан №5 тақырып
Бұл жерде: V- үйде орындалған тапсырмалардың белгісі

Бағалау критериясы: 11-12 балл - «5»
9 -10 балл - «4»
5 – 8 балл - «3»
«V» - 1 балл

Мұндай журнал оқушылар бойында оң бәсекелестіктің қалыптасуына және әрбір оқушының өз білім деңгейін әділ бағалауына ықпал етеді, әрі мұғалім бұл журнал арқылы сабақ соңында оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейі туралы қорытынды жасайды, бірақ соңғы сөз (қорытынды бағалау) келесі сабақтың басында айтылады. Себебі, сыныпта үлгермеген
тапсырмаларды әр оқушы үй тапсырмасы ретінде үйде жалғастырып орындайды, демек үй тапсырмасы төрт деңгейлік тапсырмалармен қамтылған. Мұғалім өзіне де жеке журнал арнайды. Не үшін? үнемі кол астында әрбір оқушының жетістігінің көрсеткіші болады әрі үлгермей жатқан оқушыларға дер кезінде көмек көрсету үшін. Мұғалімнің сыныптық журналына қосымша жеке журналы болуы керек. Ол «Ашық журналдың» көшірмесі түрінде толтырылады.
Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі “Жеке журналға” және оларға сәйкес балдарды “Оқушының даму мониторингі” кестесінде белгілеп отырады, мысалы:
2-кесте

Кеңесбай Аяулымның жеке журналы

3-кесте

Кеңесбай Аяулымның даму мониторингісі
Қорытынды

Қорытынды жасай отырып, деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі ерекшелігін, ұтымдылығын, тиімділігін сабағымда қол жеткізген төмендегідей жетістіктермен көрсетуге болады:

- жаңа материалды оқып-үйренуге және оқып игеруге деген оқушылардың пәнге қызығушылығын тудырдым;
- жаңа білімнің мазмұнын жоспарлағанда оқушыға берілетін тапсырма оқушының қабілетін ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп дайындауды үйрендім;
- оқушы өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды әртүрлі күрделілік дәрежеде орындату арқылы оқушылардың білімін саралауды ұйымдастырдым;
- білімді дайын күйінде бермей, оқушының өзі білімді қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы жетуін ұйымдастырдым;
- оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін тудыратын, қабілеттерін жан-жақты дамытатын әр түрлі белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдандым;
- оқушылардың білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап қорытынды жасап отырдым.

Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлену - ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлесе отырып атқарар ісі.

КІРІСПЕ

Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, оған жетудің бірден – бір жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, жан – жақты дамыған, рухани жетілген жас ұрпақты қалыптастыру - өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмейтін мәселе.
Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың: «...Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткісіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай етіу қажет» деген сөзі Егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөліп отырғанын дәлелдейді.
 
Қазіргі кездегі білім беру ғылымының, мәдениеттің, ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы қажет. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы ықпал жасайды. Осыған байланысты қазіргі күрделі қайта жаңғыру кезінде бастауыш мектептегі оқыту үрдісінде пәнаралық байланыс ерекше педагогикалық маңызды мәнге ие болуда [43, 25 б].
Бастауыш мектепте пәнаралық байланыстың педагогика ғылымында қалыптасқан идеяларының өзіндік даму тарихында Батыс Еуропадағы педагогикалық идеялар мен тұжырымдардың бастауында атақты педагогтар Я.А.Коменский, Дж .Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоцци, И.Ф.Гербарт пәнаралық байланысты педагогика ғылымының күрделі мәселелеріне жатқызады. Олар жас буынға, келешек ұрпаққа білім беруде табиғат құбылыстарының өзара байланысы жөніндегі көзқарастарын қалыптастыру керек екендігіне баса назар аударған [12, 24 б].
Ендігі біздің мақсатымыз - келешек ұрпаққа жан – жақты сапалы білім беру. Соның ішінде математика пәнінен.
 
«Математика» (грекше mathematike – білім, ғылым) - ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістік формалары жайлы ғылым [27, 509 б].
Математикалық білімнің құдіретті күштерін негізге алып, біз дидактиканың негізгі – орнықты принциптерінің қатарына «Математика мен пәнаралық байланысты» жаңа принцип ретінде ендіруді қажет етеді. «Неге?» деген сауалға бүкіл дүниежүзілік, тарихи дәуірлердегі ғұлама ғалымдардың пікірлері арқылы жауап бергіміз келеді: «Математикалық дәлелдеуден өтпеген зерттеу жұмысы шын ғылым деп атала алмайды» Леонардо да Винчи [46, 27 б].
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Математика сабақтарында пәнаралық байланыс арқылы берілетін білімнің салмағын арттыру. Бұл өзекжарды мәселелер қазіргі білім беру үрдісіндегі пәнаралық байланыстың орнын дәлелдейді.
Математиканы басқа пәндермен байланыстыра оқыту білім тұжырымдамасында айтылған басты қағидалардың орындалуына игі ықпалын тигізеді. Әсіресе, 2 сыныптың математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жүйелі түрде, бірлікте, бір мақсатта жүргізу жақсы нәтиже береді.
Зерттеу мақсаты: Математика сабағында пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы бастауыш сыныптарда қолданудың мүмкіндіктерін және жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі: Пәнаралық байланыс арқылы 2 сыныпта математиканы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларына математиканы пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы.
Зерттеу міндеттері:
- математика пәнін пәнаралық байланыс арқылы оқытудың мазмұнын айқындау;
- білім беру үрдісін пәнаралық байланыс қағидаларын және математиканы пәнаралық байланыс арқылы оқыту мүмкіншіліктерінің негізін қалаушыларын сараптау;
 
- эксперимент жұмысын ұйымдастырып, оның нәтижесін жинақтау;
- бастауыш сынып оқушыларының психологиялық – педагогикалық ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу әдістері:
 
- зерттеу жұмысында педагогика, психология ғылымдарындағы теориялық, әдістемелік еңбектерді салыстырмалы талдау, сараптау, қорытындылау әдістері іске асырылады. Жаңашыл ізденістерді, ұстаздар іс – тәжірибесін зерттеп, олардың өнімді, тиімді жолдарын жинақтау; пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың білімін көтеру мақсатында тестер мен бақылау жұмыстарын, логикалық жаттығулар, дидактикалық ойындарды жүргізу;
- «Бастауыш мектеп», «Қазақстан мектебі» журналдарына шолу жасау;
- эксперимент жүргізу, тәжірибе нәтижелерін қорыту.
Зерттеу болжамы:
 
Егер екінші сыныптың математика сабақтарында пәнаралық байланыс арқылы оқыту оқушылардың саналы түрде терең де сапалы математикалық біліммен қарулануына, алған білімдерін іс – жүзінде қолдана алуына ықпал жасайды және олардың пәнге қызығушылығын арттыруға болады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Диплом жұмысында ұсынылған ғылыми – теориялық және ғылыми практикалық зерттеу жұмыс түрлерін бастауыш білім беретін мектеп мұғалімдері өз сабақтарында қолдануға, дидактикалық материалдар ретінде, студенттер курстық жұмыс жазғанда, педагогикалық практиканы өткенде пайдалануға болады.
Апробация:
 
Осы тақырып бойынша курстық жұмыс талданып, қорғалды.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2004 – 2005) зерттеу тақырыбы анықталып, педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге талдау жасалынды, зерттеу проблемасы б
ойынша ма


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.11.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров1405
Номер материала ДВ-139298
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

2 месяца назад
еңбегіңіз жана берсін!
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх