Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Баяндама "Өскелең ұрпақ арасындағы суицидтік мінез - құлықтың алдын алу"

Баяндама "Өскелең ұрпақ арасындағы суицидтік мінез - құлықтың алдын алу"

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Өскелең ұрпақ арасындағы суицидтік

мінез - құлықтың алдын алу


Тіршіліктегі басты құндылық – адамның өмірі екені белгілі. Бір күннің ішінде сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса, сол секілді сан мыңдаған адам бақилық болады. Оның ішінде, талқаны таусылып Жаратушы қалауымен өмірден озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама. Бүкіл әлемді алаңдатып отырған осынау мәселе соңғы жылдары өршіп келеді.

Бүгінгі күні соғыс пен қанды қылмыстарға қарағанда, әлемде өз-өзіне қол жұмсау салдарынан өмірден өтетіндер көп екен. Бұл қауіпті құбылыстың біздің еліміздегі көрінісі де көңіл қуантарлықтай емес. Десек те, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының зерттеулері нәтижесіне сүйенсек, өзін-өзі өлтіру жөнінен Қазақстан үшінші орынға, Орталық Азия елдері бойынша бірінші орында тұр екен. Осыған сәйкес, жалпы әлемде әрбір 40 секунд сайын, елімізде әр сағат бір адам өз-өзіне қол жұмсайды екен.

Латын тілінен аударғанда суицид мағынасы – өзін-өзі өлтіру, яғни өз өміріңе балта шабу, саналы түрде өмір сүруді тоқтату дегенге саяды. Бүгінгі таңдағы өте салмақты мәселеге айналған осынау аты жаман дертті әркім әрқалай қабылдап, өз алдына топшылайды. Бірі – заманның өзгеруі десе, екіншілері – әлеуметтік жағдайдың қиындығынан, не болмаса денсаулықтың салдарынан деп таниды. Ал кейбіреулер тұқым қуалаушылық жолымен келеді дейді.

Суицидтік мінез-құлықты жоғарылайтын кезі


  • Суицидтік жастың үдеуі” кезеңі /17-24 жас аралығы/;

  • Адамның өз ойларымен оңаша болатын таңертеңгілік және кешкі уақыт;

  • Жанұядағы немесе айналадағы моралдық-психологиялық жағдайдың қиындығы.



Суицидке бағдарланған адамның негізгі психикалық жағдайлары:

  • Стерске қарсыласа алмау, түңілгендік сезімі, шешімсіздік (шындықты жеткіліксіз қабылдау);

  • Жағдайды өзгертуге қабілетсіздік (алдағы уақытта оң өзгерістерге үміт жоқ);

  • Мәселені шеше білу дағдыларының болмауы (тұйыққа тірелу);

Тек “өзімді өлтіру бәрін шешеді”деген ойға сенімділік.

Қиындықтан құтылудың жалғыз жолы – өз-өзіне қол жұмсап, ажал құшу болмаса керек. Оны «ойланбастан шешім қабылдаудың салдары» деп түсінген кезде оны шешудің жолдарын таба алмай, осы дертке шалдығып жатады.

Жасөспірімдер депрессиясының алдын алудағы ата-ана міндеті

  • Жағымды сипатта әңгімелесе отырып, баланың жағдайын сұрау;

  • Түрлі сұрақтар қоя отырып, болашаққа жоспар құруға көмектесу;

  • Балаңызды жаңа істерге жетелеу;

  • Үйдегі міндеттерді орындаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу

  • Баланың күн тәртібін қадағалау

  • Үнемі қозғалыстағы спорт түрлеріне қатыстыру

  • Маманның –психологтың,психотерапевтің кеңесіне жүгіну


Балаларда суицид болмас үшін мұғалімдер жасайтын іс-әрекет

  • Баланың өз күші мен мүмкіндігіне сендіру;

  • Белсенділігін арттыру

  • Түсіністік және жанашырлық таныту;

  • Баланың тәртібін қадағалау,оның өз қатарындағылармен қарым-қатынасын сараптау

  • Мектеп әкімшілігінің мұғалімдер мен оқушы арасындағы қарым-қатынас стилін қадағалап, мән беріп отыруы

Шығыста «Бір күндігіңді ойласаң, күріш ек, он жылдығыңды ойласаң ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң, ұрпағыңа жақсы тәлім – тәрбе бер», деген қағида бар. Егер әрбір балаға жастайынан жақсы тәрбие беріп стереотипке бой алдырмай, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек, мұндай қайғылы жағдайларға тап болмасымыз кәміл. Бұл ретте баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт-бағдар беруіміз керек.

Мектептегі тұлғаралық қарым-қатынасты жандандыру

  • Мәдени іс-шаралар жоспарлау

  • Спорт сайыстарын өткізу

  • Өнер байқауларын ұйымдастыру

  • Ғылыми – шығармашылық жұмыстарға тарту

Сынып жетекшілер сынып сағаттарында балалардың өмірге деген қызығушылығын, құлшынысын арттыратын «Мен өмірді таңдаймын», «Өмір құндылықтары», «Өмір неткен ғажап», «Өмірім менің таңдауым», «Өмір қымбат –сый», «Өмір сен маған қымбатсың» т.б. тәрбие сағаттарын өткізу қажет.

Қалай десек те, тілге тиек етіп отырған бұл проблеманың себебі өте көп. Дегенмен, мұсылман баласы үшін өзіңе-өзің қол жұмсау ауыр күнә. Өз өмірін қию – аманатқа жасалған қиянат. Әрбір қиындықтан кейін, жеңілдіктің келетініне рас. Ендеше өзін-өзі өлтірудің себептерін өмірдің қиындықтарынан іздеу дұрыс емес. Мұндағы басты себепті «сенім» деп білген жөн.

Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.09.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров341
Номер материала ДA-037338
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх