Инфоурок Дошкольное образование СтатьиБаяндама "Студенттердің кәсіби құзыреттілігін іс-тәжірибе барысында дамыту"

Баяндама "Студенттердің кәсіби құзыреттілігін іс-тәжірибе барысында дамыту"

Скачать материал

Студенттердің кәсіби құзыреттілігін

іс-тәжірибе барысында дамыту.

 

Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан  өзге  адамдарды  танып түсіну және оларға нақты көмектесе  алу  келмейді.  Қоғамдық  дамудың  өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам  өзін-өзі  тануын  тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша бұған жеткілікті  мөлшердегі  жүректілік қажет, өз рефлексиясының нәтижелері қандай  болса  да,  оларды  әділ  түрде қабылдауға мүмкіндік берерлік белгілі мөлшердегі объективтілік қажет.

           Студент  тұлғасының  өзін-өзі  тануы  білім  беру   жүйесінде   жетекші

мақсаттардың бірі өзіндік  дәрежесін  алуы  қажет.  Студенттің  “Менің”  позитивтік өзгерту  қазіргі  таңда  педагогика  мен  психологияға   деген   гуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен тәрбиелеу ісіне қатысы бар әр адамның өзін-өзі адамгершілік тұрғыда дамытуын қамтамасыз  ететін  басты құралы. Болашақ маманның  өзін-өзі  дамыту  қағидаларын  меңгеруі  қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұл процесте қажетті көмек бере алмайды.

Бүгінгі таңда  қоғам  өзгерістерінің  шешуші  факторы-Адам.  Адамның

қарым-қатынасының үйлесімділігін  қамтамасыз  етуде  адамгершілік  құндылық жетекші орын алады. Жалпы  «Адам-Қоғам»,  «Адам-Әлем»  қатынасының  адамның дүниеге деген көзқарасы қандай ұстанымдарға, принциптерге арқа  сүйетінінен құндылықтарды анықтауда үлкен маңыздылыққа ие болғанын көреміз.

Педагог – тәрбие  беру  басымдылықтарының  негізгі  жолсерігі.  Тәрбие  үрдісінің ақырғы  нәтижесі  оның  кәсіби-тұлғалық  қасиеттеріне  байланысты. Мейірімділік,  кішіпейілділік  ортасы,   педагогикалық   қолдауды   күшейту, балаларға  белсенді  сенім  арту  –  бала   тұлғасының   адамгершілік-рухани қалыптасуының  негізін  қалаушы  жағдайлар.      Тәрбиеленушілерге   жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі бойынша олар, ең алдымен, басқа адамдардың  бойында мейрімділік, сүйе алу қасиеттерін бағалайды. Достық, адалдық,  ақ  жүректік, қайырымдылық, көпшілдік, адамдарға құрмет  сезімі,  жауапкершілік,  өзін-өзі құрметтеу сезімі де маңызды болып табылады.

      Әрбіп педагог өзінің  оқушыларының  қандай  болғанын  тілесе,  өзі  де

сондай болуы тиіс. Бұл кәсіби  іс-әрекетте  құзыретті  әдісті  іске  асыруға

мүмкіндік береді. Әр педагогтың ұстанымы:

         өз-өзіне сенім – бұл өмірдің негізі;

         педагогтың әсері саналы стратегиялық мақсатқа бағынуы тиіс;

         кәсіби рефлексия, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуға қабілеті;

         балалардың өзін-өзі көрсетулерінің алуан  түрлілігіне  дене  және  сөз

         реакцияларының вариативтілігімен жауап беру қабілеті;

         психологиялық-педагогикалық  білімдерді  меңгеруі,  оқушылардың  жеке ерекшеліктерін ескеру;

         ақжарқындылық және балалармен қарым-қатынас жасаудың табиғи дарыны, жан жүрегімен қызмет етуге дайындылығы.

2014 жылдың  17 қаңтарындағы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деп көрсеткен болатын.  Елбасымыздың алға қойған мақсатын іске асырудың бірден – бір жолы студенттердің кәсіби білімін жетілдіру сонымен бір қатары олардың мәдениетті де білімді азамат болып шығуына ықпал жасау.

Жаңа білім ғасырында теориялық білімді терең меңгерген, жаңа технологиямен қаруланған, жан - жақты білімді, білікті мұғалім ғана еліміздің болашағына өз үлесін қоса алады. Кәсіптік іс-тәжірибе кәсіптік білімнің негізгі білімдері бағдарламасының құрамдас бөлігі және білікті мамандарды кәсіби іс-әрекетке дайындаудың тиімді формасы болып табылады. Осыған орай, болашақ педагог мамандарды бүгінгі қоғам талабына сай дайындау мақсатында жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде жүйелі пайдалану қажет. Педагогтік мамандыққа алғашқы болашақ мұғалімдерді дайындау, қалыптастыру кезеңінен басталады. Білім алушы өзінің бейімділігін, шеберлігін, алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастырғанда ғана мұғалімге тән іскерлік, шеберлік қалыптасады. Қазіргі заман мұғалімі – қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, жаңалыққа жаны сергек, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігімен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуы тиіс.

Мұғалім қоғам талабына сай өзін – өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, балалармен қарым – қатынасқа түсе алатын ұйымдастырушылық қабілеті жоғары және мол тәжірибе жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзіреттілігі анық байқалып тұрады. Кәсіби құзыреттілік деп – педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық - педагогикалық және теориялық білімнің кәсіби біліктілігі мен дағдысының бір арнада тоғысуы. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және қарым – қатынас мәдениетін меңгеріп әлемдік білім кеңістігіне талпынуы керек. Ахмет Байтұрсыновтың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алу керек. Ал балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағымдап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт - бағдар беру, бұл – оқытушының қызметі.

Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық іс-тәжірибе үлкен рөл атқарады. Педагогикалық іс-тәжірибеден өту кезінде машықкерлердің  іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады, шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында өз білімдерін дәлелдейді. Жоғарыда аталған іс – әрекеттер арқылы мысалы: Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға және белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, талдауға, түзетулер енгізіп отыруға деген белсенділігінен көрінеді.

Қазіргі кезде үздіксіз білім беру үдерісінде білім беру технологияларын қолдану ең өзекті мәселеге айналды. Болашақ мамандарды дайындауда – болашақ жас мамандардың өз бетінше жаңаша жұмыс істеу қабілетін, шығармашылығын дамыту арқылы бәсекеге қабілетті маман дайындау алға қойылған мақсаттардың бірі болып табылады. Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибені өту барысында, қалыптасқан қағидалар бойынша сабақ бермей, мейлінше жана инновациялық технологияларды пайдалана білуді үйрету қажет. Бұл тек болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырып қоймай, сонымен қатар оқушылардың да сабаққа деген ынтасын арттыра түседі.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - делінген.

Білім беру технологиялары оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіруге мүмкіндік жасайды. Білім беру технологиясын оқытудың тиімділігін қамтамасыз ететін білім саласы; оқытуға ықпал ететін барлық факторларды есепке алу мен іріктеу негізінде оқытуда мейлінше жоғары жетістікке жету мүмкіндіктерін іздеуге бағытталған ғылыми білім саласы; білімді меңгерудің барлық аспектілерін қамтитын жоспарлаудың, қамтамасыз етудің, басқару мен бағалаудың кешенді, кіріктірілген үдерісі; қойылған білімдік мақсаттарды табысты іске асырудағы оқыту мен тәрбие үдерісінің әдістері мен құралдарының жиынтығы түрінде тұжырымдау кең тараған. «Білім беру технологиясы» ұғымынан басқа «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» (дидактикалық технология), «тәрбиелеу технологиясы», «тұтас педагогикалық үдеріс технологиясы», «педагогикалық үдерісті жобалау технологиясы», «педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясы», «педагогикалық және өзара мақсаттас қарым-қатынас технологиясы» және басқалар қазіргі кезде педагогикалық лексионда жиі қолданылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     АбульхановаСлавсккая, К. А. Развития личности в процессе жизнедеятельности Текст. / К.А

2.     Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Бірінші (Ілгері) деңгейі. Екінші басылым.

3.     Филипп Шлехти. «ХХІ ғасырдың мектебі. Білім саласын өзгертудегі басындықтар»

4.     Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития./ В.Г Маралов – М.: Издательский центр «Академия», 2002. - 256

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Студенттердің кәсіби құзыреттілігін іс-тәжірибе барысында дамыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 132 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2017 2776
    • DOCX 22.1 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Идрисова Толкын Маратхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Идрисова Толкын Маратхановна
    Идрисова Толкын Маратхановна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21167
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Ранняя диагностика, коррекция и предупреждение нарушения речи у детей дошкольного возраста

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 751 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания архитектуры для детей дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Курс повышения квалификации

Использование ресурсов пластилинографии в художественно-эстетическом развитии детей дошкольного возраста с учётом требований ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 446 человек

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 207 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 133 человека