Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУ"

"БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУ"

Скачать материал

Бағдарламаның мектепте жүзеге асуы туралы менің түсінігім.

 

            Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады. Мерсер мен Литлтон  өз еңбектерінде айтып кеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне  де үлес қосатынын атап көрсетті. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін сыныптастары мен мұғалімдермен жүргізілген диалог болған жағдайда ғана, білім беру жеңіл болады. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен, жақын арада даму аймағы аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ, деп көрсетті.

        Диалогты оқытуды таңдаудағы себебім – менің пәнім педагогика және психология болғандықтан білім алушылардың  сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және оларды  сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі деп ойлаймын.

      Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және бірнеше ғана оқушы арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа оқушыларды таңдап шығарылатын, сондықтан  оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Ал курстан кейін  сабақтарымда жұптық жұмыс ретінде алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, яғни оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып отырады.  Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін  ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді.  Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейтуге мүмкіндік туындайды. 

Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

• Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне, түсіндіруіне  мүмкіндік береді;

• Басқа адамдарда түрлі ойлардың  болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

• Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

• Мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

         

         Диалогтық оқыту мәселесін осы уақытқа дейін бразилиялық педагог Фриери, орыс педагогы Выготский, француз педагогы Дьюи. Фриери ,зерттеп келген. Олардың ойынша әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтық қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясына әзірленуі керек.  Фриери, мұғалімнің міндеті-оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен  оқушылармен диалогқа түсу, деп санайды. Сонымен қатар Фриери Выготский мен Дьюидің теорияларын анықтап, зерттеп, дамыта келе назарын оқыту үрдісін тек  мұғалімге бағыттамай, негізінен  оқушыларға  бағыттады. Дьюи оқыту тәжірибесі  бір қалыпта тұрақты  болмауға тиіс дейді; ол  үнемі өзгеріп, бұрын  болғанға сүйене отырып, ары қарай өсу үшін нақты әлеуеті болуға тиіс. Ол мұғалімнің  қызметі   басқа кәсіптерге қарағанда, көрегендікті көбірек талап етеді деген.       Атақты педагогтардың зерттеу жұмыстарына сүйене келе, сабақ жоспарын құру барысында аталмыш диалогтық оқыту бағытын кеңінен қолдану қажет деп санаймын.  Яғни, сабақтың басынан бастап аяғына дейін сауалдар арқылы оқушылардың тілдік барьерін азайтуға жұмыс  жасау керек.  Сыныптың білім деңгейін анықтауда, алдыңғы сабақтарды қайталауда және негізгі бөлімде диалогтық  оқыту бағыты пайдаланылады. Осы жерде сөйлеу мәдениетіде маңызды рөл атқарады. Диалогтың жоғарғы деңгейде жүзеге асуы сөйлеушілердің әңгімелесу барысы мына сөздерге байланысты болуы мүмкін «егер де, ойлаймын, мен есептеймін, бірақ сіз ойламайсыз ба, сонымен сіз айтасыз ба, иә, бірақ, сіз қайдан білесіз және мүмкін».

     

     Мұғалім оқушыларға тек теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай, олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударулары керек сияқты. Осы әрекеттер үрдіске айналғанда барып сыныптағы өзара әрекеттесу процесі  толық ынтымақтастықта дамиды деп санаймын.  Ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып,  сабақта диалогтік оқытудың  маңызды рөл атқаратынын байқаймыз. Арнайы зерттеушілер диалог сабақта оқушылардың  қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейлерін өсіруге үлес қосатынын атап көрсеткен. Зерттеулерде ересектермен қарым-қатынас пен достарымен бірігіп  жүргізілген жұмыстың нәтижесі  балалардың оқуына және коллективті дамуына әсер ететінін көрсетеді. Сабақтағы өтілген тақырыпқа байланысты сұрақ қою бір қарағанда ұарапайым болып көрінгенімен, ол маңызды дағдылардың бірі болып табылады.Мәселе сұрақты дұрыс қоя білуде болып тұр. Сұрақ қою арқылы оқушылармен диалогтық қатынасқа түсумен қатар оның білімін тексереміз. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтың екі түрі бар: төменгі дәрежелі, жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады. Сұрақтың дәрежесі оқушылардың түрлі мүмкіндіктеріне қарай ойластырылу қажет. Сұрақ қоюда мұғалімнің мақсаты айқын болу керек. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың техникасын білу әр мұғалімге міндетті. Енді сұрақтың сол техникаларына тоқталатын болсақ: бірінші түрткі болу сұрағы: жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, ол үшін сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу. Сұрақ қоюдың келесі техникасы, сынақтан өткізу сұрағы деп аталады. Мұнда оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет. Қайта бағыттау сұрақтары сұрағында сұрақты басқа оқушыларға қайта қою, толықтырулар жүреді.

       Білім беруді тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызына келер болсақ ,сұрақ қою арқылы  мұғалім мынандай міндеттерді шеше алады:

- Оқушыларды тақырып бойынша және сыни тұрғыда ойлауға ынталандырады;

- Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

- Білімге құштарлықты дамытады және оны зерттеуге ынталандырады;

- Оқушыларға білімін қалыптастыруға көмектеседі;

           

        Бұл пікірлердің шындыққа жанасып жатқандығын менің тәжірибемде соның ішінде психология сабағында көзім жетеді деген үміттемін.  Себебі, сынып оқушыларымен топтық, жеке, жұптық жұмыстарды атқару барысында және өзімнің ашық, жабық сұрақтарыма жауап беру нәтижесінде диалогтік  әрекет  сабақтың үстінде бірнеше рет іске асырылып отырады. Менің пайымдауымша диалогтық оқыту әрбір мұғалімнің барлық сабағында жүзеге асырылып жатады. Оқушылар жаңа сабақты игеру мақсатында құрастырған сұрақтарына оқулықтан жауап іздеп, сол бойынша жұмыстанады. Топтар өздерінде туындаған сұрақтарды диалогтық оқыту арқылы басқа топтарға қоя отырып түсіндірмелелер жүргізеді. Себебі  мұғалімнің түсіндіргеніне  қарағанда оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту қызықты болады. Оған бірден бір себеп оқушы өз құрдастары арасында өз ойларын ашық, әрі түсінбеген сұрақтарын еркін қояды. Оқушылар топтық тапсырмаларды орындауда оқулықтағы тапсырмаларды орындайды және бір-біріне сұрақтар қоя отырып, диалогтық қарым-қатынас жасайды. Сонымен қатар сабақта   жұптарға   тапсырма беру арқылы да диалогтік оқытуды  орнатуға болады. Онда жұптағы әр  оқушы сұраққа қалай жауап беру керектігін  сыныптасымен ақылдасып, бір-бірімен тәжірибе алмасу арқылы ақпараттармен бөліседі. Диалогтық оқытудың тағы бір артықшылығы оқушылар арасында тұрақты тұлғааралық байланыс орнатуға өз ықпалын тигізуі болып есептеледі. Өйткені оқушылар жоғарғы деңгейдегі  сұрақтар қойып, қасындағы  сыныптастарынан, басқа оқушылардан жауап алып жатқандығын көріп бойында сенімділік пайда болады. Диалогтық оқыту барысында әрбір оқушының бойындағы белсенділік, қызығушылық, бәсекелестік сияқты қабілеттер көрініп отырады. Ал бұл жағдай сыныптағы оқшау қалған оқушыларға оң пайдасын тигізеді. Мен әрбір   сабақтарымда диалогтық оқытудың көрініс тапқанын қалаймын. Болашақта оқушыларды ашық сұрақтар, құнды пікірлер, идеялар айтуға дағдыландырып, болашақта сол арқылы сапалы білім алуларына себепші боламын.  Диалогтік оқытуды ұйымдастыру прoблeмaлық,  aқпaрaттық жәнe түсiндiрмeлi, иллюстрaтивтi мaзмұндaрмен жәнe рeпрoдyктивтi жәнe шығaрмaшылық тaпсырмaлaрмeн тікелей байланыста.  Мұндa шығaрмaшылық нeгiзгe құрылғaн тaпсырмa бiрнeшe шaғын тaпcырмaлaрғa бөлiндi. Жұмыcтың бұл түрi бaрлық oқyшылaрдың бeлсeндiлiкпен ic-әрeкeттe бoлуынa жaғдaй тyғызды.  Сабақта  жаңа әдіс тәсілдерді қолдану арқылы  оқушыларды топтастырып, формативті бағалау түрлерін қолдану керек деп есептеймін. Сол арқылы білім алушыларды ашық сұрақтар қоюға дағдыландырып қызығушылығын ояту мүмкіндігі бар. Дәстүрлі сабақтағы диалогтік оқытуда топтық жұмыс жүргізу арқылы диалогтік қарым-қатынас орнатуға болады. Сабақтарымда «Шынжыр», «Сұрақтар шеңбері», «Он сұрақ», «Сұрақтарды ұстап ал», «Кубизм», «фишбоун» әдістерін қолдану арқылы, оқушылардың бір біріне ашық сұрақтар қоюына жағдай жасаймын.  Сонымен қатар өткізетін сабақтарымда барынша ашық сұрақтар пайдалануға тырысамын. Соның нәтижесінде оқушылар арасында ашық сұрақтар қою динамикасы артады деген үміттемін.  Бұл үшін ең алдымен зерттеу жүргізу керек деп ойлаймын. Егерде  оқушылар ашық сұрақтарды бір-біріне қою деңгейі төмен болса, диалогтық оқыту сабақтарынан кейін нәтижесі жоғарғы деңгейге өседі деп ойлаймын. Егер мұғалім сабақты дұрыс және тиімді тәсілдерімен үйымдастырса, онда әртүрлі деңгейдегі оқушылардың көп деген дағдылары арта түсетінін мәлім. Топтық жұмыстың артықшылығына келер болсам, ол  оқушылардың өздерін сенімділікке тәрбиелейді, өзін – өзі сыртқы  ортада ұстай білуге, сөйлеу қабілетінің  дағдыларын қалыптастыруға,  бірін – бірі тыңдауға,  сыни  тұрғыдан ойлауға мүмкіндік туғызады. Сол арқылы оқушы өзінің пікірін айтуға құқығының бар екендігін сезінеді әрі түсінеді, пікірлердің сан алуан болатындығын жақсырақ түсінуге  үйренеді сондай-ақ өзгенің пікірін құрметтеуге, бағалауға дағдыланып, болашақта өз тәжірибелеріне қолдануға мүмкіндік алады.  Өздерінің идеяларымен, пікірлерімен, көзқарастарымен  шағын топтарда, өз достары арасында    бөлісіп,  ақпарат алмасады.  Диалогтық оқыту арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастырудағы сұрақтардың маңызы сабақтың жоғары деңгейде өтуіне жол ашады. Егерде  оқушылар тәжірибесі мол адамдармен, сыныптастарымен, мұғалімдермен диалог жүргізген жағдайда білім алуы табыстырақ болады, диалогтық оқытуда сұрақ қою маңызды болып табылады.

        

      Қорыта келе, менің ойымша сыныпта  диалогтың орын алуы мұғалімдер үшін  оқушыларға білім беру барысында олардың қандай деңгейде екендігін білуге көмектеседі сонымен қатар  оқушылардың тілдік қорын дамытып,  бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартады және білімдерін кеңейтеді. Диалогтық сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болатынына практика жүзінде көз жеткізетініме сенімдімін.Алдағы уақытта  сабақтарыма жаңа әдіс тәсілдерді енгізе отырып, бағдарламаның жеті модулін де асқан ептілікпен кірістіре алғым келеді  және сол арқылы бір-бірімен тығыз байланысып жататынына көз жеткізгім келеді.  Мен осы аталған диалогтық оқыту арқылы сабақ үдерісінде «мінсіз оқушы» қалыптастырғым келеді. Ол үшін  ең алдымен жоғары деңгейде сыни ойлау қабілеттерін дамыту керек деп санаймын. Сонда ғана  «мінсіз оқушының» бейнесін көруге мүмкіндік туындайтынына сенімім мол.  Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтығаны, яғни оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуға, алған алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуді қамтамасыз етуін көздейді. Осындай сан қырлы дамытушы әдіс-тәсілдерге ие бағдарлама менің алдағы уақытта оқушыларға сапалы білім беріп, олардың жан-жақты дамуына, қоғамда өз орнын адаспай  табуына өз септігін тигізетініне сенімдімін. Сондай-ақ осы бағдарламаны оқу арқылы мен өзімнің тұлғалық сапалық қасиеттерімді арттырып, сабақта қолданылатын көптеген әдіс-тәсілдерді, стратегияларды, дамытушы тренингтерді меңгеріп өз білімімді шыңдай түстім. Алдағы уақытта алған білімім арқылы сапалы жұмыс атқарып, тәуелсіз еліміздің білім саласына елеулі үлес қосатыныма сенімім мол. 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 554 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2017 3125
    • DOCX 28.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанабаева Рахимаш Есеналиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жанабаева Рахимаш Есеналиевна
    Жанабаева Рахимаш Есеналиевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4408
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 005 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 655 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 590 человек

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе