Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар (5-сынып)

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар (5-сынып)

Скачать материал

Сынып:  5

Пәні: қазақ   тілі

Күні:

Сабақтың  тақырыбы: Буын  үндестігіне  бағынбайтын  қосымшалар

Сабақтың   мақсаты:

Сабақтың  білімділік  мақсаты: оқушыларға  буын  үндестігіне  бағынбайтын  қосымшалар  жайында  мәлімет  беру.

Сабақтың    дамытушылық  мақсаты: оқушылардың  ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру  және  негізгі  мәселелерге  аса  көңіл бөлуге  үйрету.

Сабақтың  тәрбиелік  мақсаты: тәрбиелік  мәні бар мысалдар  келтіре отырып  оқушыларды  елін, жерін, Отанын   сүюге  тәрбиелеу.

Сабақтың   түрі: жаңа  сабақ

Сабақтың  әдіс-тәсілдері : талдау, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың  көрнекілігі:  дидактикалық  материалдар

Сабақтың  формасы:  топпен, сынып  ұжымымен  жұмыс  атқару.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру    кезеңі: Оқушылармен  амандасу,   оқушыларды  түгендеу, назарын  сабаққа  аудару.

Психологиялық  дайындық

«Жүректен  жүрекке» оқушылар бір – біріне  жылы  лебіздерін  білдіреді.

II. Үй  тапсырмасын  тексеру:

Күн  сәулесі  арқылы  үй  жұмысын  тексеру.

III. Жаңа  сабақ

    Қазақ  тіліндегі  қосымшалар  негізінен  буын  үндестігіне  бағынып  жалғанғанымен, біраз  қосымшалар бұл заңдылыққа  бағынбайды.

        Буын  үндестігіне  бағынбайтын  қосымшалар  мыналар:

Көмектес  септік  жалғау. Мысалы: баламен, қонақпен, күрекпен т.б.

 Нікі, дікі, тікі, тай, тал, дар, еке, тар. Мысалы: даланікі, әкетай, діндар, ағаеке, өсімтал т.б.

Бей, би, кер, гер, қор, паз, қой, кеш, хана, кес.  Мысалы: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, арбакеш, емхана т.б.

Ов, ова, ев, ева, ин, ина. Мысалы: Жұмабаев, Әуезов , Жұмағазина т.б.

IV. тапсырма

Мына  сөздерге  қосымша  жалғап  жазу.

Ауыл                             Жұмыс                 өгіз                Әсет                 төсек

Әсем                              айла                     талғам           Арулан            Ануар

Сән                                Мектеп                шикі             қой                   шыбық            

Қала                              шек                       образ            кілем                қалам

 «Адасқан  буындар»

Оқушыларға  буындар  беріледі  сол  буындарды  дұрыс  қосудың  нәтижесінде  бір  сөз  шығады.

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

«Мәтінмен  жұмыс»

Оқушыларға  мәтін  беріледі  сол  мәтінді  буынға  бөліп  жазу.

Қайсар

Елдің  жайлауға  беттейтін, не  жайлаудан  құлайтын  кезі  емес,  мезгілсіз шұбырған  бұл  қай  ел?

Мөлдір

Ол үшін  мен  сіздерге  өзім  орындайтын  бағдарлама  ұсынамын.

Ақнұр

Бұл елдің салты  бойынша  мұндай  ауыр  көшті  не  сақалды  қариясы.

Арулан

Денсаулығыма  зиян  келтірмеймін.

Ануар

Отанымды жақсы көремін.

 

 «Ойлан, тап»

Оқушыларға  дұрыс  буынға  бөлінбеген  сөздер  беріледі. Оқушылар сол сөздердің  қасына  дұрыс  сөздерін  жазып  отыруы  керек.

«Талдау»

Фонетикалық  талдау

Отан,  Кітапхана, ауылдікі, діндар, балгер.

«Суретпен жұмыс » 

Оқушылар  суретке  қарап  мәтін  құрайды. Сол  мәтінді  буынға  бөледі. Буын  үндестігіне  бағынбайтын  сөздер  болса қарандашпен  түртіп  қою.

 «Бекіту» 

 Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Іскер     В) Қайраткер     С) Қолғанат     Д) Қуанышты     Е) Саяхат

 Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.
А) Орман.     В) Өнер.     С) Жазушы.     Д) Мектептер.     Е) Қолөнер.

Буын үндестігіне қарай жалғанатын  қатаңнан басталатын көптік жалғауларды көрсетіңіз.
А) –мен, -пен     В) –ның, -нің     С) –сыз, -сіз     Д) –мын, -мін     Е) –тар, -тер

 Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсетіңіз.
А) Оқушы.     В) Орман.     С) Ғарышкер.     Д) Мектеп.      Е) Дәптер.

 Буын үндестігіне бағынбай тұрған біріккен сөздерді табыңыз.
А) Бірсігүні, ендігәрі.     В) Сарыарқа, Талдықорған.     С) Ақсуат, Сарысу.     Д) Көкшетау, Екібастұз.     Е) Халықаралық, өнеркәсіп.

 Буын  үндестігіне  бағынбайтын  қосымшаларды  ата?

Буын үндестігі бойынша жіңішке буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) ағартушы    В) ғалым, батыр    С) сыншы, шаңырақ    Д) теңіз, ұйым    Е) билік, әділдік

Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) күзен     В) жыртқыш     С) ақбөкен     Д) тоқылдақ     Е) құр

 Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.
А) Үйге     В) Балалар    С) Талапты    Д) Ағаштікі     Е) Мектепте

 Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Қаламгер, баламен.      В) Қаламдар, қыздар.     С) Жазушы, суретші.     Д) Көлдер, өзендер.
Е) Тауды, ұшқыш.

 Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөздерді табыңыз.
А) бақытты, өнерлі    В) сауатсыз, кешірімді    С) суретші, үйлер   Д) ұстаздан, өмірде    Е) таудікі, даланікі, жұрттікі 

 Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді белгілеңіз.
А) Арманды.    В) Ертеңгіміз.     С) Үшінші.     Д) Қарашашпен.     Е) Балаға. 

Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

Үйге  тапсырма:

322  жаттығу. Бет  151

Оқушылардың  білімін  бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VI. «Кім тауып оқи алады?»

 

1.     Берілген тапсырманы дұрыс шеше алсаңыз мақал-мәтел шығады (Жауабы: Оқу – білім азығы)

2.     Дөңгелекке бір мақал жазылған. Оны сағат тілінің бағыты бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң, табасың. Ол не деген мақал? (Жауабы: Қарманған қарап қалмас)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Оң қолымды көтерем,

Оң қолымды түсірем,

Сол қолымды көтерем.

Сол қолымды түсірем.

Оңға қараймын,

Аяқты топ-топ басамын,

Солға қараймын.

Біраз сергіп аламын.

 

 

VII. Ойлан, тап.

Венн диаграммасы

 

Дауысты дыбыстар

Ортақ қасиеттер

Дауыссыз дыбыстар

Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырамайды, тілдің, жақтың, ерін мен езудің қатысына қарай бөлінеді.

Үннен тұрады. Буын құрайды.

 

Фонетика саласында қарастырылады. Дыбыстау мүшелері арқылы жасалады.

Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шығады. Қатаң, ұяң, үнді болып үшке бөлінеді. Салдыр мен үннен жасалады.

VIII. Деңгейлік тапсырмалар:
Мәтіннен дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тіршілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген.

IХ. Ойлан, тап.

1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.

А) ы       В) а       С) о       Д) у       Е) ә

2. Жуан дыбыстарды көрсетіңіз.

А) І, Ы,Е, И.     В) Е,И,У,О.     С) А,О,Ұ,Ы.     Д) А,Ғ,Ө,Ұ.     Е) О,Ө,Ұ,Ү.

3. Жіңішке буынды дәм атауын көрсетіңіз.

А) Күшті, үлкен.   В) Ащы, қышқыл.   С) Семіз, ерен.    Д) Тәтті, дәмді.   Е) Тұзды, қатты.

4. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.

А) жуан, жіңішке    В) еріндік, езулік    С) ұяң, қатаң     Д) ашық, қысаң     Е) үнді, жуан

5. Дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.

А) жуан, жіңішке    В) қысаң, ашық    С) үнді, ұяң    Д) еріндік, езулік    Е) қатаң, ұяң

5. Сөздің басында жазылмайтын әріпті көрсетіңіз.

А) ғ       В) ң      С) ы       Д) ә       Е) қ

дыбыстарды көрсетіңіз.

6. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.

А) ж,ң,н     В) й,і,ә     С) р,д,у     Д) а,е,ы     Е) ғ,қ,һ

7. Қанша  дауыссыз  дыбыстар  бар?

А. 12

Б. 13

С. 25

Д. 24

8. Дауыссыз  дыбыстар  неден  тұрады?

А. Үннен

Б. Үн  мен  салдырдан

С. Антонимнен

Д. Омонимнен

9. Дауыссыз  дыбыстар  нешеге  бөлінеді?

А. 2

Б. 4

С.3

Д.5

10. У  дың  қандай  ерекшелігі  бар?

А. Дауысты  дыбыс

Б. Дауыссыз  дыбыс

С. Салдыр

Д. Дауыссыз  дыбыс, дауысты  дыбыс, жіңішке, жуан  бола  алады.

 

Х. Бекіту  жұмыстары:

Фонетика  нені  зерттейді?

Дауыссыз  дыбыс  дегеніміз  не?

Неше  дауысты  дыбыс  бар?

Дауыссыз  дыбыс  нешеге  бөлінеді?

Қазақ  тілінде  қанша  әріп  бар?

 

ХI. Оқушылардың  білімін  бағалау:

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:  5

Пәні: қазақ   әдебиеті

Күні:

Сабақтың  тақырыбы:  Кіріспе. «Әдебиет-асыл  сөз»

Сабақтың   мақсаты:

Сабақтың  білімділік  мақсаты: оқушылыарға  «әдебиет-асыл  сөз»  жайында  мағлұмат  беру.

Сабақтың    дамытушылық  мақсаты: оқушылардың  есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту.

Сабақтың  тәрбиелік  мақсаты: оқушыларды  тәрбиелікке,  адамгершілікке,  адалдыққа, инабаттылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың   түрі:  Жаңа  сабақ

Сабақтың  әдіс-тәсілдері : талдау, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың  формасы: Жеке  баламен, топпен, сынып  ұжымымен  жұмыс  атқару.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру    кезеңі: Оқушылармен  амандасу,   оқушыларды  түгендеу, назарын  сабаққа  аудару.

II. Үй   тапсырмасын   тексеру:

Бастауыш  сыныпта  өткен  тақырыптарды  еске  түсіреміз.

III. Жаңа  сабақ.

     «Әдебиет»-араб  сөзі. Оның  қазақша  мағынасын  халқымыздың   рухани  көсемі  Ахмет  Байтұрсынұлы  «асыл  сөз»  деп  айтуға  болады  деген.  Сөздің  асыл  болуы  неден  деп  ойлайсыңдар?  Оны  сендер  мынадан  аңғара  аласыңдар.  Сөзді  жалаң  түрде  айтқанда,  айтушы  сөзінің  дұрыстығын,  дәлдігін   мақсат  етеді.  Сөзді  асыл  түрде  айтқанда,  көбінесе   сүйіндіретін,  қызық  болып,  көңілге  ұнауына  күш  салынады,  яғни  сөздің  асыл  болуы   оның  адамға  ұнауымен  байланысты  екен.  Жалаң  сөз  дүниені  тұрған  қалпында  айтады,  асыл  сөз  дүниенің  тұрған   қалпына  айтады,  асыл  сөз  дүниенің   тұрған   қалпына  қиял  мен  сезім,  көңіл  күй   қосып,  жандандырып,  әсемдеп,  әсерлеп  айтады.  Мысалы, жыл  мезгілі  қыс  туралы  «Суық  қыс  келді»  деп  жай  сөзбен  ғана  айтуға  болады. Өздеріңе  жақсы  таныс  «Қыс»  өлеңінде  Абай:

Ақ  киімді,  денелі,  ақ  сақалды,

Соқыр,  мылқау, танымас  тірі  жанды.

Үсті-басы  ақ  қырау,  түсі  суық,

Басқан  жері  сықырлап  келіп  қалды,-

деп,  қысты  көркемсөзбен  жандандырып,  сипаттарын  күшейтіп,  әсерлеп,  адам   бейнесінде  суреттейді.  Суық  қыс  сықырлап  жаныңа  келіп  қалғандай  сезінесің,  көңіл  күйіңе  адам  сияқты  әсер  етеді.  Асыл  сөздің  құдіреті  дегеніміз,  міне  осы!

      Көркем  әдебиеттің  әр  түрін  жақсы  танып  білген  оқушының  көркем  шығарманы  дұрыс  түсінуге  дайындығы  болады.  Бесінші   сыныпта  біз  оның  өлең,  дастан,  әңгіме,  повесть,  роман  сияқты  түрлерін  білетін  боламыз.

      Сондай-ақ  әдебиеттің  терең  арнасы-ауыз  әдебиетінің   үлгілерімен  де  танысамыз. Сөйтіп  әдебиеттің  әр  түрін  біліп,  көркем  әдебиет  туралы  тұтас  ұғым  аламызү  Көркем  әдебиет  үлгілерін  оқу  арқылы  біз  өзіміздің  ішкі  рухани  қазынамызды  байыта  түсеміз.  Білімнің  және  адамгершілік  қасиеттердің  жаңа  биіктеріне  шығамыз.  Дұрыс  оқып,  сауатты  жазуға  одан  әрі  жаттығамыз.  Кітап  біздің  ажырамас  досымызға  айналатын  болады.

IV. Бекіту  жұмыстары:

«Әдебиет» қай  тілден  шыққан?

«Әдебиет»  сөзінің  қазақша  мағынасын  кім  айтқан?

«Әдебиет»  сөзінің  беретін  мағынасы  қандай?

V. Үйге  тапсырма:

Әдебиет-асыл  сөз  мазмұндау

VI. Оқушылардың  білімін  бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:  5

Пәні: қазақ   тілі

Күні:

Сабақтың  тақырыбы: Ойдың  берілу  тәсілдері , баяндалуы, сипатталуы, талдау.

Сабақтың   мақсаты:

Сабақтың  білімділік  мақсаты:  дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің  тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.

Сабақтың    дамытушылық  мақсаты:  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс жасауы  арқылы  теориялық  ойлауын,  сөйлеу  тілін  дамыту.

Сабақтың  тәрбиелік  мақсаты:  ұйымшылдыққа,  адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың   түрі:  дәстүрлі  сабақ

Сабақтың  әдіс-тәсілдері : талдау, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың  формасы: Жеке  баламен, топпен, сынып  ұжымымен  жұмыс  атқару.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру    кезеңі: Оқушылармен  амандасу,   оқушыларды  түгендеу, назарын  сабаққа  аудару.

II. Үй   тапсырмасын   тексеру:

Мәтін  тақырыбын  мазмұндау.

18-жаттығу.  бет  11

Тапсырма. Мәтінді  оқып,  онда  сипатталған  құбылыстарды  атаңдр.

Мәтін  қанша  абзацтан  тұратынын  айтып,  әр  абзацтағы  айтылған  ойға  түсінік  беріңдер.

Тақырыпты  ашуға  негіз  болған  тірек  сөздерді  табыңдар  және  оны  ғылым  тілі  деуге  бола  ма?  Ойларыңды  толық  жеткізіңіздер.

                                               Тропиктік  аймақ

   Глобусқа  қарашы.  Дәл  ортасында  солтүстік  және  оңтүстік  жарты  шарларға  бөліп  тұрған  белдеу  сызықты  көріп  тұрсың  ба?  Ол-экватор. Ал  экватордың  жоғарғы  және  төменгі  жағында  нүкте-сызықтармен  белгіленгшен  тағы  екі  белдеу  бар. Олар-Жердің  тропикалық  белдеуінің  шекарасы.  Ең  ыстық  жер-осы.  Онда  ормансыз  жазықтар-саванна  да,  қуаң  дала  да  бар.

     Тропикалық  нөсерден  кейін  саванналар  қаулап  өскен  қалың  шөптің  астында  қалады.  Мұнда  биіктігі  кісі  бойындай  қатқыл  піл  шөбі  өседі.  Әр  жерде  ағаш  та  кездеседі.

      Ыстық  жақта  таңғажайып  тропикалық  ормандар  бар.  Орман  іші  қапырық, ыстық.  Төбеңді  тұтасқан  қалың  ағаш  бүркеп  тұрғандықтан,  онда  күндіздің  өзінде  қараңғы  болады.

                                                                                            («Негеш»  кітабынан)

III. Кітаппен  жұмыс

20-жаттығу.  бет  12

Тапсырма. Мәтіннің  тақырыбын  мазмұннан  айырып  алыңдар.

Түсіндірме  мәтіндерде  айтылғандарды  біліп  алыңдар.

Мәтіндегі  мақал-мәтелдерді  теріп  жазып,  қанша  сөзден  тұратындығын  анықтаңдар.

     Ала  жіп  аттамау. Қазақ  дүниетанымында  ала  жіп  туралы  әртүрлі  ұғымдар  мен  түсініктер  бар.  Мысалы,  баланың  тұсауын  кескенде,  адамдар  қатты  ренжіскенде,  тағы  басқа  әдет-ғұрып  қағидаларында  «ала  жіп»  бейнесі  қолданылады.  Соның  бірі-«ала  жіп  аттамау»  деп  аталады  және  ол  адалдыққа,  адамгершілікке  сай  қолданылатын  теңеудің  бір  түрі  болып  саналады.  Бұл  теңеу  «ешкімге  қиянат  жасама,  біреудің  мал-мүлкін  ұрлама»  деген  терең  мағынаны  білдіреді.  Біреудің  «мен  ешкімнің  ала  жібін  аттаған  жоқпын»  деген  сөзі  оның  адалдығын  білдіреді.

      Аманат. Аманат-бір  адамның  екінші  біреуге  сақтауға  берген  бағалы  заттары.  «Аманат»  аман  деген  сөзден   шыққан  болуы  мүмкін.  Аманатты  сақтау  және  оны  мезгілінде  тапсыру  зор  адамгершілікке  жатады.  «Аманат-аман  сақтайды »  дейді  халық.  Аманатқа  қиянат  жасамайды.  Ол  өте  ауыр  күнә  деп  есептеледі.  Аманаттың  бұрын  ел  арасындағы  қатынаста  да  үлкен  мән-маңызы  болған.  Көбінесе,  ол  бірлік,  татулық,  бітім  жолына  қызмет  еткен.  Ерте  кезде  жауласуышы  екі  ел  татуласқан  кезде  кепілдеме  ретінде  аманатқа  адам  да  қалдырып  кететін  болған.

                          («Қазақтың  салт-дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптары»кітабынан)

IV. Проблемалық  әдіс
Бақытжан   мен  Қазбек   әңгімелесіп  отыр  еді.   Бір   кезде   түтіннің  иісін сезді.  Орындарынан   тұрып   жан - жағына  қарады.  Көрші  үйдің  қорасы, өртене  бастағанын  көрді.  Екеуі  солай  қарай  жүгірді.
Өртке кінәлі  кішкентай   балалар   болып   шықты.   Екі   бала   өртті сөндіруге   кірісті.
Екі баланың   ісіне  ел   риза  болды.
1. Бұл тыңдағандарың не?
2. Мәтінде неше сөйлем бар?
3. Әр бөлік неден басталған?
4. Сөйлемдер бір - бірімен байланысып тұр ма?
5. Мәтінге  қандай  ат қоюға болады?
6. Мәтіндегі негізгі ой қандай?

V. Адасқан  сөйлемдер  (ойын)

 Орны  ауыстырылып  берілген  сөйлемдерден  мәтін  құра.

 Ауасы  таза  бөлменің.  Үлкен  терезелері оның. Менің – мынау   бөлмем. Жақта оң  тұр   төсегім  төсегім . жақта  сол   қойылған , орындықтар үстелдер.

VI. Шығармашылық  жұмыс

Оқушылар  еркін  тақырып  таңдап  мәтін  құрау.

VII. Бекіту  жұмыстары:

Әдеби  тіл  дегеніміз  не?

Ана  тілінің  неше  қызметі  бар?

Дүниежүзінде  шамамен  қанша  тіл  бар?

Мәтін  дегеніміз  не?

VIII. Үйге  тапсырма:

«Менің  жанұям»  тақырыбына  мәтін  құрау.

IХ. Оқушылардың  білімін  бағалау:

Сынып:  5

Пәні: қазақ   тілі

Күні:

Сабақтың  тақырыбы: Мәтіннің  құрылысы

Сабақтың   мақсаты:

Сабақтың  білімділік  мақсаты:  оқушыларға  тақырыпты  түсіндіріп, білімдерін   жүйелеп   жинақтау.

Сабақтың    дамытушылық  мақсаты:  оқушылардың  ойлау  қабілеттерін, сөйлеу  мәнерін,  тілдерін   дамыту,  мәтін   құрастыруға,  мазмұнына лайықтап  ат   қоя   білуге,  байланыстырып   сөйлеуге   дағдыландыру.

Сабақтың  тәрбиелік  мақсаты:  оқушыларды  әдептілікке, адамгершілікке, адалдыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың   түрі:  дәстүрлі  сабақ

Сабақтың  әдіс-тәсілдері : талдау, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың  формасы: Жеке  баламен, топпен, сынып  ұжымымен  жұмыс  атқару.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру    кезеңі: Оқушылармен  амандасу,   оқушыларды  түгендеу, назарын  сабаққа  аудару.

II. Үй   тапсырмасын   тексеру:

«Менің  жанұям»  тақырыбына  мәтін  құру.

III. Кітаппен  жұмыс:

23-жаттығу.  бет  14

Тапсырма. Төмендегі   мәтінді   оқып,  оның  тақырыбы  мен  негізгі  ойын  анықтаңдар.

Мәтінге  ат  қойыңдар.

Автордың  сөзіндегі  салыстырулар  не  үшін  керек?

Мәтін  құрастыру  туралы  ғалым  қандай  ой  білгендерін  айтыңдар.

      Сөзден  құрастырып  әңгіме  шығару  үшін  жұмсалатын  зат-сөздер.  Топырақтан  иленіп  кірпіш  жасалған  сияқты,  дыбыстан  құралып  сөз  жасалады.  Кірпіштен  қалап  түрлі  үй  жасағаны  сияқты,  сөзден  бірігіп  түрлі  әңгімелер  айтылады.  Үйдің  түрлі  болып  шығуы-балшығынан,  кірпішінен,  әсіресе  қалауынан  болатыны  сияқты,  әңгіменің  түрлі  болып  шығатыны-тілдің  дыбысынан,  сөзінен,  әсіресе  сөздің   тізілуінен.  Балшық  жаман  болса,  кірпіші  жақсы  болмайды.  Кірпіші  жақсы  болмаса,  үй  жақсы  болып  шықпайды.  Бұл  рас.  Бірақ  кірпіш  жақсы  болса  да,  қалауы  жаман  болса,  онан  жақсы  үй  шықпайды.  Сол  сияқты  дыбыстың  қосылуы  жақсы  болмаса,  сөз  құлаққа  жағымды  болып  шықпайтыны  рас. Бірақ  тізуі  жаман  болса,  дыбысы  жақсы  сөздерден  де  жақсы  әңгіме  шықпайды.

                                                                                          (А. Байтұрсынұлы)

25-жаттығу.  14  бет

Тапсырма. Төменде  берілген  өлең  жолдарынан  ойдың  байланысына  қарай  шумақтарды  қайта  құраңдар. Осыдан  шыққан  мәтінге  ат  қойыңдар.

Құп, атажан,  жүгіріп

Қарайын  да  санайын.

Қозыларға  барайын.

Күркесіне  иіріп,

Атасы  мәз  боп  тұр  күліп,

Деді, кетті  жүгіріп,

Қызыл  арай  кешкі  шақ.

Байғасқаны  ертіп  ап.

                                                                                         (Ө. Тұрманжанов)

26-жаттығу.  15  бет

Тапсырма. «Анамыздың  ақ  сүтімен  бойымызға  дарыған  тілімізді  ұмыту-бүкіл  ата-бабамызды,  тарихымызды  ұмыту»   деп  жазды  Бауыржан  Момышұлы  атамыз. Бауыржан  Момышұлының  ойын  әрі  қарай  жалғастырып  шығарма  жазыңдар.

                                                                                           

IV. Бекіту  жұмыстары:

Өтілген  тақырып  бойынша  сұрақтар  қоямын

V. Үйге  тапсырма:

27-жаттығу.  15  бет

Тапсырма. Өлеңді  мәнерлеп  оқыңдар.

Автордың  ойын  жеткізіңдер.

Өз  ана  тілің,  оның  сөз  байлығы  туралы  ойланып,  өз  пікірлеріңді  айтып  беріңдер.

Ана  тілім

Сенің  әрбір  тынысыңмен  күн  кешем,

Сен  арқылы  тіршілікпен  тілдесем.

Ел  бетіне  қалай  түзу  қараймын,

Ана  тілім,

Егер  сені  білмесем.

Ана  тілім-

Дана  тілім, бақ  тілім,

Сенсіз  бақыт  дүниеден  тапты  кім?

Сенсің  менің  қасіретім,  шаттығым,

Сенсің  менің  тазалығым, пәктігім.

Ана  тілім-

Алтын  ұям,  құндағым,

Ақ  бесікте  әлдиіңді  тыңдадым.

Сенің  жазың,  сенің  әнің  айтарым,

Санам  сөніп,

Байлағанша  тіл-жағым!

                                                                                                       (Н. Айтов)

Сынақ  тапсырмасы.  Ана  тілінің  қызметі  жайлы  мәтін  құрастырыңдар.

VI. Оқушылардың  білімін  бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:  5

Пәні: қазақ   тілі

Күні:

Сабақтың  тақырыбы:  Абзац

Сабақтың   мақсаты:

Сабақтың  білімділік  мақсаты: оқушыларға  абзац  жайлы  мәлімет  беру.

Сабақтың    дамытушылық  мақсаты: оқушылардың  есте  сақтау  қабілеттерін  арттыру.

Сабақтың  тәрбиелік  мақсаты: оқушыларды  сауаттылыққа,  әдептілікке, жауапкершілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың   түрі:  Жаңа  сабақ

Сабақтың  әдіс-тәсілдері : талдау, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың  формасы: Жеке  баламен, топпен, сынып  ұжымымен  жұмыс  атқару.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру    кезеңі: Оқушылармен  амандасу,   оқушыларды  түгендеу, назарын  сабаққа  аудару.

II. Үй   тапсырмасын   тексеру:

27-жаттығу.  15  бет

Тапсырма. Өлеңді  мәнерлеп  оқыңдар.

Автордың  ойын  жеткізіңдер.

Өз  ана  тілің,  оның  сөз  байлығы  туралы  ойланып,  өз  пікірлеріңді  айтып  беріңдер.

Ана  тілім

Сенің  әрбір  тынысыңмен  күн  кешем,

Сен  арқылы  тіршілікпен  тілдесем.

Ел  бетіне  қалай  түзу  қараймын,

Ана  тілім,

Егер  сені  білмесем.

Ана  тілім-

Дана  тілім, бақ  тілім,

Сенсіз  бақыт  дүниеден  тапты  кім?

Сенсің  менің  қасіретім,  шаттығым,

Сенсің  менің  тазалығым, пәктігім.

Ана  тілім-

Алтын  ұям,  құндағым,

Ақ  бесікте  әлдиіңді  тыңдадым.

Сенің  жазың,  сенің  әнің  айтарым,

Санам  сөніп,

Байлағанша  тіл-жағым!

                                                                                                       (Н. Айтов)

Сынақ  тапсырмасы.  Ана  тілінің  қызметі  жайлы  мәтін  құрастырыңдар.

III. Жаңа  сабақ.

     Абзац  (нем. absatz - шегініс) - қара   сөздегі   мәтіннің   әр   бөлімінің алдыңғы   жолын   тұтас   қатардан   сәл   шегіндіріп   бастау.

Бұл   мәтіннің   мағына   жағынан   бірыңғай   тиянақты   бөліктерін   бір-бірінен   ажырату   үшін   қажет.  Логикалық   мазмұн   тұрғысынан   мәтіннің бір   тынысты   кезеңін  бөліп   алып   отыру,   ой   желісін   дұрыс   ширатып, өрбіте   жүйелеуге   өте   ыңғайлы.   Азат   жол  мәтіннің   түсінікті,  түйінді, тұжырымды   болуына  септігін   тигізеді.

Сонымен   қатар   Абзац   сөзі   мынадай   мағыналарды   білдіреді:

1.    Бір  азат   жолдан   екінші   азат   жолға  дейінгі күрделі   синтаксистік   тұтастықты   білдіретін    мәтін   бөлігі;

2.    Азат жол. Жаңа   жолдан   бастап    жазуда  оңға   қарай   жасалған шегініс.

IV. Шығармашылық  жұмыс:

Бір  суретті  таңдап,  сол  суретке  қатысты  мәтін  құру

http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=12a320b493145d58&mb=imgdb_preview_1636

http://s58.radikal.ru/i159/0912/46/e032d52d72d9.jpg

 

http://i.ytimg.com/vi/sSEJMomvxhs/sddefault.jpg

V. Бекіту  жұмыстары:

Мәтін  дегеніміз  не?

Мәтіннің  қандай  түрлері  бар?

Ауызекі  сөйлеуге  қатысты  мәтіннің  қандай  ерекшелігі  бар?

Жазбаша  мәтін  құраудың  қандай  ерекшелігі  бар?

Мәтіннің  тақырыбы  бола  ма?

Мәтін  неден  тұрады?

Мәтін  қайда  кездеседі?

Абзац  деген  не?

VI. Үйге  тапсырма:

Кез  келген  бір  тақырып  таңдап   мәтін  құру.

VII. Оқушылардың  білімін  бағалау:

 

 

 

 

 

Сынып:  5

Пәні: қазақ   тілі

Күні:

Сабақтың  тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың   мақсаты:

Сабақтың  білімділік  мақсаты:  оқушыларға   сөйлем   туралы   түсінік   беру.  Сөйлем   құрау   дағдыларын   жетілдіру.   Сөйлемдегі   айтылып отырған  ойды   анықтай   алу.   Сөйлем   соңына   тиісті   тыныс   белгіні  қоя алу.

Сабақтың    дамытушылық  мақсаты:  ауызекі   сөйлеу   тілдерін,   ойлау жүйесін   дамыту.   Жылдам,  әдемі   жазу   дағдыларын   қалыптастыру.  Өз пікірін  дәлелдей   білуге   үйрету.

Сабақтың  тәрбиелік  мақсаты:  бір - бірімен   қарым – қатынасқа  түскен кезде  орынды   сөйлеуге,  әр  сөзді  дұрыс   қолдана   білуге   үйрету, ана тілін   құрметтеуге,   ұқыптылыққа, сауаттылыққа   тәрбиелеу.

Сабақтың   түрі:  дәстүрлі  сабақ

Сабақтың  әдіс-тәсілдері : талдау, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың  формасы: Жеке  баламен, топпен, сынып  ұжымымен  жұмыс  атқару.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру    кезеңі: Оқушылармен  амандасу,   оқушыларды  түгендеу, назарын  сабаққа  аудару.

II. Үй   тапсырмасын   тексеру:

Кез  келген  бір  тақырып  таңдап   мәтін  құру.

III. Жаңа  сабақ

Сөйлем – біршама  аяқталған  ойды  білдіретін   сөздер,  я  сөздер  тобы.

Тиянақталған   ойды   ауызша  да,  жазбаша  да  білдіруге  болады.  Ауызекі сөйлеуде  сөйлем  мен  сөйлемнің  арасында  кідіріс  (пауза)  болады.  Жазуда бір  сөйлем  екінші  сөйлемнен  нүкте,  сұрау  және  леп   белгілерінің   бірімен  айырылады.

Сөйлемдер   айтылу  мақсатына  және  дауыс  ырғағына  қарай  хабарлы, сұраулы,   лепті,   бұйрықты   болып   төртке  бөлінеді.

IV Сергіту  сәті
Мынау менің - жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым - ақылды,
Бәрін осы - басқарған.
Мынау менің - оң қолым,
Мынау менің - сол қолым.
Барлық істі атқарған.
- Балалар, сөйлем тақырыбының тыныс белгілеріне байланысты жұмбақ жасырамын, ал сендер ойлана отырып табыңдар.
1 - қатарға
Мен де сөзден тұрамын,
Сұраулы ойды құраймын.(Сұраулы сөйлем)
2 - қатарға
Өзім сөзден тұрамын,
Хабар мен нүкте жинағым. (Хабарлы сөйлем)
3 - қатарға
Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын. (Лепті сөйлем)
Дыбыстық талдау жаса.
1 - қатар --------------- 2 - қатар --------------- 3 - қатар
«Сөйлем» ------------ «Нүкте» ----------------- «Үтір»

V. Бес жолды өлең құрастыру.
Не? (1)
Қандай?(2)
Не
 істеді?(3)
Қайда
 болды?(4)
Сөйлем
 жаз.(5)

VI. Ойлан, тап:

Берілген  сөздерден   сөйлем   құрап   жазу.
1 - қатар
Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.
2 - қатар
Ақан, сырғанады, шанамен.
3 - қатар
Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.

VII. Бекіту  жұмыстары:

Сөйлем  нені  білдіреді?
Сөйлем  неден   құралады?
Сөйлемдегі   сөздер   қалай   жазылады?
Сөйлемнің   соңынан   не  қойылады?

VIII. Үйге  тапсырма:

Сөйлем  тақырыбын  мазмұндау.

IХ. Оқушылардың  білімін  бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:  5

Пәні: қазақ   тілі

Күні:

Сабақтың  тақырыбы: Сөйлем  байланысы

Сабақтың   мақсаты:

Сабақтың  білімділік  мақсаты:  оқушыларға  сөйлем  байланысын   ұғындыру.

Сабақтың    дамытушылық  мақсаты:  Ана  тілін   қастерлеу, өз  ұлтының ерекшелігін  таныту,  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру.

Сабақтың  тәрбиелік  мақсаты:  оқушыларды  өз  Отанын  қорғауға, аялауға  тәрбиелеу.

Сабақтың   түрі:  дәстүрлі  сабақ

Сабақтың  әдіс-тәсілдері : талдау, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың  формасы: Жеке  баламен, топпен, сынып  ұжымымен  жұмыс  атқару.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру    кезеңі: Оқушылармен  амандасу,   оқушыларды  түгендеу, назарын  сабаққа  аудару.

II. Үй   тапсырмасын   тексеру:

Сөйлем  тақырыбын  мазмұндау.

III. Психологиялық  дайындық:

Қуанамын   мен   де,

Қуанасың   сен  де,

Қуанайық,  достарым,

Арайлап   атқан  күнге!

IV. Ойлан, тап.

1. Сөйлем түрлерін көрсет.

А. Әңгімелеу

Б. Хабарлы,сұраулы,лепті

В.Мәтін

2. Дауыссыз   дыбыстар   нешеге  бөлінеді.

А.үшке

Б.төртке

В.екіге

3. Дұрыс  жазылған  сөзді   тап.

А.кійік

Б.кйік

В.киік

4.Сөйлемді  аяқта.   Айнур   сабақ   оқып .......

А.жүгірді

Б.отырды

В.тұрды

5.Мәтінді   көрсет.

А.Оқушы отырды.

Б.Оқушы  отырды.  Машина  жүрді.

В.Балалар   баққа  келді.  Бұта   түбінен   қоянды   көрді.  Олар   қоянды   ұстап  алмақ   болды.  Қоян   қаша   жөнелді.

Кітап   суреті   көрсетіледі.   Бұл  не?  Кітап.

І  қатарға   сұрақ.   Дыбыс   дегеніміз   не?   Кітап   сөзінде   неше   дыбыс бар? (ауызша  дыбыстық    талдау   жасату)

ІІ қатарға   сұрақ.   Кітап   қандай?   Сөйлем   дегеніміз   не? (ауызша сөйлемді   талдап   өту   керек)

ІІІ   қатарға  сұрақ.    Кітап   неден   жасалады?   Сөйлем   түрлеріне тоқталу.

Балалар кітап оқыды.

(Осы сөйлемде неше сөз бар? Олар қалай байланысып тұр?) Оқушылардың өздеріне талдау жасату арқылы ереже шығару)

Ереже.  Сөйлемдегі   сөздер   бір-бірімен   байланысып   тұрады.  Олардың байланысы   сұрақ   қою  арқылы  табылады.

Тапқырлық  таныт  айдары.  Ой  қозғау.

  • Кім   әйнекті   сындырмай   көктеп   өтеді?   Күннің сәулесі
  • Екеуі   қатар   тұрады,   бірақ     бірін – бірі   көрмейді?  Екі  көз
  • Менің   қалтам   бос,  бірақ   ішінде   бірдеңе   бар.  Ол   не?  Тесік
  • Қандай   ағаш   өсуін   тоқтатады?  Жаңа   жылғы   шырша
  • Өзі   дыбыс   шығармайды,   дыбыстың   бәрін   жұтып   жатады.  Ол не?

IV. Бекіту  жұмыстары:

Өтілген  тақырып  бойынша  сұрақ  қоямын.

V. Үйге  тапсырма:

Өтілген  тақырыптарды  қайталау.

VI. Оқушылардың  білімін  бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:  5

Пәні: қазақ   тілі

Күні:

Сабақтың  тақырыбы:  Диктант  «Шатыргүл»

Сабақтың   мақсаты:

Сабақтың  білімділік  мақсаты: грамматикалық   тақырыптардан   алған білім  деңгейлерін  тексеру, оқушылардың   тілдесім   әрекеттерін   арттыру, емле   мен   тыныс  белгілері   ережелерін   сақтап   сауатты   жазуын   арттыру.

Сабақтың    дамытушылық  мақсаты:  оқушылардың   көру,  есте   сақтау қабілетін   дамыту   арқылы   қазақ   сөздерін   дұрыс   жазуға  үйрету

Сабақтың  тәрбиелік  мақсаты:  бір-біріне   бөгет   болмай,   жазба жұмысын   жазудағы   тәртіпті   қатаң   сақтауға   баулып,   табиғатты   сүюге, қорғауға   тәрбиелеу.

Сабақтың   түрі:  білімді  тексеру  сабағы  (жазба  жұмысы)

Сабақтың  әдіс-тәсілдері : баяндау, талдау, сұрақ-жауап.

Сабақтың  формасы: Жеке  баламен, топпен, сынып  ұжымымен  жұмыс  атқару.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру    кезеңі: Оқушылармен  амандасу,   оқушыларды  түгендеу, назарын  сабаққа  аудару.

II. Үй   тапсырмасын   тексеру:

Өтілген  тақырыптарды  қайталау.

III. Диктант

Шатыргүл

   Шатыргүлді  халық  күнменен  кіндігі  бір-«күн  сүйгіш»  деп  те  атайды.  Шынында  ол  күн  сүйгіш.  Күн  сәулесін  ғана  сүйеді.  Оның  бетін  күн  ашады.   Жүзін  таңғы  мөлдір  де  жас  күн  нұрымен  жуады.  Ертеңгі  таза  ауада  таранып,  күн  шуағына  буланып,  сыланады,  сұлуланады.  Күн  жоқта  шатыргүл  де  жоқ.  Күнсіз  жерде  шатыргүл  жұрттан  жүзін  жасырады,  көрсетпейді.

    Шатыргүл,  күнбағар  сияқты,  күнге  құмар.  Күннен  көзін  алмайды.  Оған  өмір  беретін,  сұлулық  оралып,  мың  бұрылып,  күнге  алақанын  жайып,  аспандай  өсуді  арман  етеді.  Жаны  биікті  сүйеді. Кейде  сонау  биік  теректің  басына  өрмелеп  шығып,  ашылып  тұрған  шырмауық  гүлін  көріп,  қайран  қаласың.  Талаптыға  талас  жоқ!  Ол  мұратына  жетеді.

                                                                                            (Ө. Тұрманжанов)

IV. Грамматикалық  тапсырма:

Ертеңгі  таза  ауада  таранып,  күн  шуағына  буланып,  сыланады,  сұлуланады.

Дауысты  дыбыстарды  бір  бөлек, дауыссыз  дыбыстарды  бір  бөлек  жазыңдар.

V. Бекіту  жұмыстары:

Шатыргүлді  халық  қалай  атайды?

Шатыргүл  нені  сүйеді?

Күн  жоқта  шатыргүл  бар  ма?

Шатыргүл  неден  көзін  алмайды?

VI. Үйге  тапсырма:

Өтілген  тақырыптарды  қайталау.

VII. Оқушылардың  білімін  бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар (5-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 132 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.06.2016 24648
    • DOCX 291.3 кбайт
    • 40 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамедьярова Гулден Акылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24750
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 549 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 245 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек