Инфоурок Математика Статьи" Дарынды балалармен жұмыс"

" Дарынды балалармен жұмыс"

Скачать материал

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ ФИЛИАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС

 

 

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: Дарынды балалармен жұмыстың 

                                              ерекшеліктері.

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Елдияр Ф.Қ.

Қабылдаған: Прмагамбетова Г.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2015 ж

 

 

 

 

 

1.    КІРІСПЕ

“Дарынды тұлға-халқымыздың ең қымбат байлығы”
                                         Н.Ә.Назарбаев

2.    Негізгі бөлім

2.1. Дарынды баламен жұмыс  жүйесі

2.2.    Дарындылықты анықтау

2.3. Ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары

 

3.    Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:

Дарынды тұлға – халқымыздың ең қымбат байлығы.
                                   
Н. Ә.Назарбаев

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылғандай:

«Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі ерекше күш – адамдар, олардың ерік жігері, табандылығы, білімі.»

Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастарымызды шығармашылық потенциалын жан – жақты өсіру қажеттілігі туындайды. Бұлақ көрсең, көзін аш...      

  Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.”Адам ұрпағымен мың жасайды” демекші, болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт болып жазылмақ! Сонау ХІХ ғасырда ағартушылық-демократтық бағыттың негізін салған Шоқан,Ыбырай,Абайлардың, ұлттың ұстазы болған Ахметтің,жалыны мен жігері жанған Міржақып пен Мағжандардың ұлы мұратын жүзеге асыруға атсалысып жүрген СІЗДЕРГЕ, құрметті әріптестер, дарынды баланы ашуда, тәрбиелеуде  Сәттілік тілейміз!

 

Негізгі бөлім:

Дарынды баламен жұмыс жүйесі:       

Ал, дарынды баламен жұмыс жүйесі дегеніміз – мектептік және мектептен тыс сипаттағы тәрбиелік білім беру мекемелерінің өзара байланыс пен қарым – қатынастағы басқару  органдарының жиынтығы.

Дарынды балаларды бір орталыққа іріктеу, айқындау- белгілі бір баланың дамуына талдау жасаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай қою мүмкін емес, дарынды балаларды іздеу – арнайы бағдарламалар бойынша кезеңді түрде іздестіруді қажет ететін процесс.

Дарындылықты анықтау:

 Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жан – жақты тұрғыдан қарастырған жөн. Көп психологтар ой - өріс дарындылығын диагностикалау үшін мынадай негізгі функцияларды өлшеп, зерттеу қажет екенін айтады: ой, зейін, ерік, қабылдау, есте сақтау. Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамыған шағында нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеуге болады.

“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты -Адам болады.”  Абай.

“... Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.” Н.Ә.Назарбаев.

“Көп білген кісі кемеңгер кісі емес,білгені елге пайда келтірген кісі-кемеңгер.” Эсхил.

“Неге біз алға  үнемі ұмтыламыз? Өйткені өмірдің мәні-жаңалық ашу ғой...” Л.Н.Толстой

Дарындылыққа байланысты көкейкесті сан қилы сұрақтар:

-Дарындылық, данышпандық, қабілеттілік дегеніміз не?

-Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: тұқымқуалаушылық па, әлде тәрбие ме?

-Оқушы дарындылығын, оның әлеуетті қабілетін  қалай анықтауға болады?

-Дарындылықты анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің қайсысы нәтижелірек?

-Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гете,Гаус, Архимед т.б.) қабілеті ерте жасында байқалады, ал тағы басқа біреулердікі ( Ньютон, Гегель, Дарвин, Менделеев, Декарт т.б.) ересек жаста пайда болады?

Дарынды оқушыны-дарынды ұстаз ғана дайындай алады.

Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы-ұстаздың және мектеп басшыларының тұлғалық қасиеттеріне, кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты...

“... Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді.Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай,тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады.” Плутарх.

Дарынды оқушымен жұмыстың  негізгі мақсаты:олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.

Ал мақсатқа жету-оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады.

Арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жүргізгенде төмендегі қиындықтырды кездестіреді:

Көптеген жағдайда ұстаздар дарынды оқушыға немқұрайды қарайды және олардың ішкі жан дүниесіне үңіле алмайды;

Диагностикалық әдістерді білмегендіктен, дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтижелер көрсетеді;

Дарынды оқушымен жекелей, арнайы жұмыс жргізілмейді;

Дарынды оқушыларға тапсырма дайындағанда олардың қиындығына, сапасына емес, көптігіне көңіл бөлінеді;

Дарынды оқу оқу жағынан емес,тәрбие жағынан да мұғалімге қиындық туғызады;

Дарынды оқушымен жұмыс жүргізуде ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілік деңгейі.

Оқу мекемесінде мектеп басшылар тарапынан дарындылықты дамытуда ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетіліп отырған, өзіндік дайындығы бар ұстаз төмендегі қасиеттерімен дараланады:

Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі, сол бағытта талмай жұмыс істейді;

Қосымша бағдарламалар жасай алады, оқушы шығармашылығын дамытуда , өздігімен жұмыс істеулеріне қажетті кеңестер бере алады;

Жұмысқа қажетті ақпарат және түрлі әдіс-тәсілдерді үнемі тауып, тиімді пайдалана алады;

Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады, одан қорытынды шығарып отырады;

Мұндай мұғалімнің жұмысы үнемі нәтиже беріп отырады!

Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:

Дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;

Оқушымен қарым-қатынастың болуы;

Нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеп, пайдалану;

Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болуы.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

Пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

Қызмет нысанын, педагогикалық үрдісті  білуі;

Жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін білуі;

Заман талабына сай жаңа технологияларды білуі;

Дарынды оқушының оқуда ғана емес, басқа да көрсеткіштеріне  көңіл бөлуі;

Шығарамашылық тапсырмалар дайындай білуі т.б.

Дарынды оқушы-бұл жақсы оқитын оқушы ма?

Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі П.Торранс зерттеп,шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымы арасында жиі кездесетінін дәлелдеді.Дегенмен, П.Торранстың пайымдауы бойынша мұғалімге көп қисынсыз сұрақ қоятын,көбіне, түсінбеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге өз көзқарасы бар, яғни дәл осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін айқындаған. Сондықтан осы қағиданы естен шағармаған жөн.

Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

-Дарынды анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

-Дарынды оқушыны ( жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, тұрақты жұмыс жүргізе алуы;

-Дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

-Оқытудың инновациялық технологияларын, дифференциалды әдісін қолдана білуі;

-Оқушылармен қарым-қатынасты психологиялық тұрғыда сауатты орната білуі;

-Дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

-Дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасай білуі;

-Дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатында деңгейде дайындай алуы;

-Дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық психологиялық көмек көрсете білуі.

Ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары:

 

“...Адам баласынан адам баласы ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады” Абай.

    Ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдап алу; ( «яғни проблемыны қалай табуға болады?”  қағидасы).

 

“Оқып үйренбесең,өнерге де, даналыққа да қолың жетпейді” Демократ.

Табысқа жету, проблеманы шеше білу. (Әр жетістік –мәресіне жеткен проблема).

 

Өзің ойлан, өзің ізден, өзің шеш...

“Адамдықтың басты қасиеті өнер білімге ұмтылу ” Абай.

 

Дарынды оқушының өзін-өзі тануы;

Салыстыру, іздену, дәлеледеу,табу;

Дәлелдеудің маңызы;

Әлемдегі “қызықты оқиғалар”;

Ғалымдар әлеміне саяхат.

 

Дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудың критерийлері

1. Нормативті-құқықтық құжаттар;

2. Ғылыми-әдістемелік қызмет түрлері (ауысымды мектептердегі жұмыс жоспары, диагностикалық әдістемелер, инновациялық технология, олимпиада тапсырмалары, ұсыныстар);

3. Ақпараттық қызмет;

4. Мектеп басшыларының, мұғалімдердің жұмыс жүргізуге дайындығы;

5. Білім мекемелерінің өсуі; (эксперимент түрлері,ауысымдық мектеп,резерв мектебі,банк, т.б.)

Дарындылықтың негізгі механизмі:  

  Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық  дарындылығын мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісінеде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын, құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым – қатынас жасауын қамтамасыз етеді.

Қорытынды.

        Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық  экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілік тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің дарынды әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.

     Ұлы ойшыл, ағартушы демократ ақын Абай Құнанбайұлы «Ұстаздық – жүректің асылдығы» деп бекер толғанбаса керек. Расында мұғалім  мамандығын таңдаған адам баласының артына қалдыратын жарқын ізі - өз кәсібіне лайықты еңбек етіп, кейінгіге ғибратқа толы тәлім – тәрбие қалдыру болса керек.

    Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі, жан жақты дамыған, өрелі азамат болып қалыптасуындағы мектеп ұжымының игі істері өз нәтижесінде алдағы уақыттарда да берері сөзсіз. 

“Естимін-ұмытпаймын,
Көремін -еске сақтаймын,
Істеймін-түсінемін”

                                                                            Қытай даналығынан

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "" Дарынды балалармен жұмыс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2017 858
    • DOCX 31.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елдияр Феруза Кайырбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елдияр Феруза Кайырбеккызы
    Елдияр Феруза Кайырбеккызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9805
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 175 человек из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 685 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 811 человек

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек