Инфоурок Классному руководителю Научные работыДарынды оқушылармен жұмыс жоспары

Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары

Скачать материал

 

  

“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.”
                                                                                                                     Абай

 

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен  туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен дейді. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген,  құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені.                                                                                  Жетінші сөз

 

 ДАРЫНДЫЛЫҚ

«Дарындылық» термині «Дарын» сөзінен шыққан – дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары дегенді білдіреді. Құрдастарына  қарағанда  оқуға деген  жоғары  зеректігі, анық  байқалатын  ерекше  шығармашылық   қабілеті  бар бала  «дарынды  бала»деп саналады. Педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық – іс-әрекеттің белгілі бір саласында ерекше  жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі».

Дарындылықтың байқалуында екі түрлі көзқарас бар: «барлық  балалар дарынды»  және  «дарынды  балалар  өте  сирек  кездеседі».

Кез келген дарындылық түрінің байқалмау себептері мынадай болуы мүмкін:
– қажетті білімнің,
– шеберліктің,
– дағдының жетіспеушілігі,
– бала дамуындағы кейбір қиындықтар.

Дарынды балаларды айрықша оқшауландыратын ерекшеліктер:

·         ақыл-ой еңбегіне бейімділік,

·         жоғары зерттеушілік қабілеті мен танымдық мотивация,

·         білімі,

·         жаңа хабарды ұдайы қабылдауға ұмтылыс яғни танымдық қажеттілік.

Бақылаулар көрсеткендей, жоғары танымдық қажеттілік баланың өз талпынысымен болады.

·         Дарынды балалар қиын тапсырмаларды құштарлықпен оңай орындайды.

·         Дайын жауаптарды ұнатпайды.

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ 
НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

·         Балаларның пәнге қызығушылығын, білуге құштарлығын нақты анықтау.

·         Балаға тапсырманы деңгейлеп беріп, зейінін тұрақтандыру қажет.

·         Баланың мінезін – құлқын ерекшелігін білу.(Нені ұнатады, нені ұнатпайды,қай кезде білімді жақсы меңгереді, қай кезде шаршайды? т.б)

·         Баланың бір қалыпты, жүйелі жұмыс жасауына көңіл бөлу.

·         Берілген тапсырманы бірлесе талдау.

·         Бала қызығушылығына қолдау көрсету, орынды кеңес бере білудің маңызы зор.

ДАРЫНДЫ БАЛАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ:

1.      Интелектуалдық сферасы.

2.      Білімділік өрісі

3.      Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай алмайды, өз ойын ерте жеткізеді.

ДАРЫНДЫЛЫҚ ҮШ ПАРАМЕТРМЕН АНЫҚТАЛАДЫ:

1.      Танымдылық жеке дамуы.

2.      Психологиялық дамуы.

3.      Физикалық дамуы.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ТАҢДАУДА  НАЗАР АУДАРАТЫН ЕРЕКШЕЛІКТЕР:

1.      Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды.

2.      Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі өте сезімтал, ықлас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.

3.      Дарынды оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі дамудағы шапшаңдылық ақындарша сөйлеуі жиі-жиі берілуі қиял-күйінің басым түсуі.

4.      Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі адамгершілік сезімдерінің ерте дамып жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы.

ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ  АНЫҚТАҒАНДА  ТӨМЕНДЕГІ ФАКТОРЛАРДЫ ЕСКЕРУ КЕРЕК.

1.      Жас ерекшелігі.

2.      Тұлғалық ерекшелігі.

3.      Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігін.

ЖЕКЕ ТҰЛҒА ДАРЫНДЫЛЫҒЫНЫҢ  ДАМЫТУДЫҢ  КЕШЕНДІ ЖИНАҒЫ.

Шығармашылық дарындылық

Ғылыми – практикалық конференция, дебат тобының         жұмысы, эрудит, пәндік марафондар, рефераттар қорғау, зияткерлік ойындар, т.б.

Академиялық дарындылық

Арнайы курстар, факультативтер, олимпиадалар

Ақыл-ой дарындылығы

Психологиялық қызмет, сауалнамалар, проблемалық ізденіс қызметі

Көркемдік дарындылық

Жас дарындылық сайысы, ән фестивалі, ән, би т.б.

Психомоторлы дарыныдылық

Спорттық жарыстар, түрлі секция жұмыстары, спортакиядаларға белсенді түрде қатысу

Әлеуметтік дарыныдылық

Көшбасшыны дайындау

ДАРЫНДЫЛЫҚ ТҮРЛЕРІН АЙҚЫНДАУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ:

Дарындылық түрі

Белгілері

Оқып-үйрену әдістемесі

Шығармашылық дарындылық

Креативті, идеяның өнімділік жылдамдығы, оларды әзірлеу, қиял.

Шығармашылық ойлаудың сауалнамасы

Академиялық дарыныдылық

Оқытудың жетістігі

Стандартты жетістік сауалнамасы

Ақыл-ой дарындылығы

Ойлау операциялары, ақыл-ойлардың түрлері мен сапасының, зейіннің таным үрдістері, есте сақтау, қиялдың дамуы.

Ақыл ойды өлшейтін сауалнама: вебралды және вебралды емес

Көркемдік дарыныдылық

Шығармашылық және орындаушылық өнер

Іс-әрекетмен көркемдік шығармашылықты  талдау

Психомоторлы дарындылық

Жылдамдық, нақтылық, ептілік, көру координациясы, темп, ритм, іс-әрекет координациясы, реакцияның жылдамдығы.

Перцептивті – қозғалысты дамытуға арналған стандартты сауалнамалар

Әлеуметтік дарындылық

Ұйымдастырушылық, коммуникативті, жетекшілік қабілеті

Жетекшілік қабілеті, әлеуметтік хабардар шкаласы, әлеуметтік жетілу шкаласын анықтау сауалнамасы

ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ  БЕС СИПАТТАМАСЫ:

1.      Дарынды және талантты балалардың қалай оқитынының сипаттамасы

·         Ақпаратты шұғыл өңдейді

·         Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады

·         Кең ауқымды білімді пайдалана алады…т.б.

2.      Креативті ойлаудың сипаттамасы

·         Ерекше нәрселерді іздейді

·         Басқа біреуден ерекше болуға қорықпайды

·         Әзілшіл

3.      Ынталандыру сипаттамасы

·         Табанды және жұмыспен бар ынтасымен шұғылданады

·         Жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады

4.      Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы

·         Құрбы-құрдастар құрметтейді

·         Басқалармен жылдам тіл табысады

5.      Табандылық сипаттамасы

·         Өктем пікірлерге кекесінмен қарайды

·         Жоғары сынып оқушыларымен, ересектермен тіл табысады, олардың ортасында жиі болуға тырысады

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ МАҚСАТЫ:

Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын  мақсатқа жету үшін еңбектене білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.
 
МІНДЕТІ:

·         Жекелеген пәндерден балалардың дарындылығын айқындау.

·         Дарынды және ерекше қабілетті балалардың ізденуіне жағдай жасау.

·         Оқушының ақыл – ой қабілетін жетілдіру;

·         Шығармашылық жеке дарындылғын арттыру;

·         Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы білімі  мен  ой өрісін әрі қарай дамыту, білім сапасын арттыру.

·         Техника саласындағы қабілетті балалардың келешегіне бағдар беру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ

·         Оқушыларды өз тілінде жатық сөйлеуге, кез-келген ортада қарым-қатынасқа түсе алуға даярланады;

·         Кестелі, бейнелі тілдік сөйлеуді қолданады;

·         Өзіне тән стильдік ерекшелігі қалыптасады;

·         Сөз бояуын құбылта алады.

·         Ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізеді.

·         Сөзі ой мен сезімге әсер ететін мағыналы сөздік тұлғаларды қолданады;

·         Әдеби тілдік нормаларды ұтымды қолданады.

·         Жағдаяттардан жол тауып шыға алады.

 
ДАРЫНДЫ  БАЛАМЕН  ЖҰМЫС  ЖАСАУДА МҰҒАЛІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

·         дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

·         дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

·         оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

·         дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

·         дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

·         дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

·         сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу

·         оқушы дарындылығының моделін білу;

·         қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

·         дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

·         дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі

ДАРЫНДЫ  ОҚУШЫЛАРМЕН  ЖҰМЫС  ЖҮЙЕСІНҢ  МОДУЛЬДІК  ЖОСПАРЫ

Бөлімі

Модуль  мазмұны

Уақыты

Теориялық  бөлім

Дарындылық түрлерін айқындаудың
әдіс-тәсілдерімен  жан-жақты  танысып, мәлімет  жинақтау

қыркүйек

Практикалық   бөлім 

І қадам

Оқушы дарындылығын зерттеугеарналған жұмыс  түрлері
–    Дарындылық белгілерінің  негізінде өз бетімен жағдаяттарды  шеше  алуы,
–    тілдік қолданыстарға деген қызығушылығын арттыру;
–    өз  бетінше  іздену жұмыстарын іске асыруы,
–    алдына мақсат қою, жету жолдарын қарастырады;
–    өзіне-өзі бақылау жасауы,
–    зерттеушілік  қабілеттерін  қалыптастыру;

қазан

Қазан

ІІ  қадам

Сабақ барысында жүргізілетін  жұмыстүрлері
–          оқушының оқу  мүмкіндігінің  деңгейін   анықтайтын  әдіс-тәсілдер
–          интеллектуалдық   ерекшеліктерін  дамыту
–          сабақтарда  дарындылық   деңгейін  жан-жақты аша  түсетін   әдістер  қолдану
–           сын тұрғысынан ойлау  қабілетін  арттыратын  тапсырмалар  беру;
–          Пәнге  деген  қызығушылығын  арттыра  отырып, тілге деген сүйіспеншілігін  арттыру;
–          сабақтың әр кезеңінде қолдануға ыңғайлы  жаңа  технологиялар  мен  әр  түрлі  тапсырмалар  түрі
–          оқушы   портфолиосын  жүргізу

                      Үнемі

ІІІ қадам

Сыныптан тыс кезеңдерде  жүргізілетін жұмыс түрлері
–          түрлі сайыстар мен  пәндік  олимпиадалар
–          интернет арқылы қашықтан жүргізілетін жұмыс түрлері
–          оқушыны жан-жақты дамыту  жұмыстары
–          басқа мәдени шаралармен және қаланың, аудан мен облыстың, республика мен халықаралық деңгейде өткізілетін сайыстар мен шараларға қатыстыру

Ұйымдастырылған  уақытта

Қорытынды  бөлім

 

Дарынды  оқушылармен  жүргізілген  жұмыс  жүйесінің  нәтижесі

Мамыр

Бекітемін

«Бабыр атындағы» №7 жалпы орта мектебі-
нің  директоры:
Байменов. Ш.Т.

ДАРЫНДЫ  ОҚУШЫЛАРМЕН  АТҚАРЫЛАТЫН  
ІС-ШАРАЛАР   ЖОСПАРЫ

ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ

МЕРЗІМІ

ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

1

Дарынды  оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын  құру

 01.09

    Жоспар

2

Сынып  жетекшілер  және педагог – психологімен кеңесе  отырып    қабілетті (өте  ерекше) оқушылар  тізімін  алу.

05.09

Тізімін  құру

3

Білім   деңгейінің   игеру   қабілеттері мен психологиялық   ерекшеліктерін   анықтау

 07.09

Оқушылардың ерекшеліктері

4

Дарынды  балалармен  жүйелі түрде қосымша сабақтар  өткізу

Жоспар бойынша

Жоспар

5

Оқушылардың  шығармашылық  жұмыстарын  жүйелеу (суреттер,  шығармашылық жұмыстар)

Жоспарға байланысты

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

6

Өз   бетінше  ізденіп  оқуды   ұйымдастыру, дамыту.

Жоспарға байланысты

Сабақ жоспарлары

7

Жаңа  технологиялар  элменттерін   пайдалану

Қажеттілігіне қарай

Презентациялар

8

Деңгейлік   тапсырмалар   дайындау

Қажеттілігіне

Қарай

Деңгейлік тапсырмалар

9

Тест және  басқа да тапсырмалар  арқылы  танымдық  қабілеттерін  нығайту

Қажеттілігіне қарай

Тест тапсырмалары

10

Сабақ  сайын   озық   тапсырмалар беру

Жыл   бойы

Тапсырмалар

11

Пән  бойынша   білім-білік  дағдыларының  қалыптасуын  үнемі   бақылып, өздеріне   талдатып, өздік   бағалау   әрекеттерін   ұйымдастыру

Сабақ   сайын

 Өздік   бағалау

Пән мұғалімі Пирманова Г

Бекітемін

«Бабыр атындағы» №7 жалпы орта мектебі-
нің  директоры:
Байменов.  Ш. Т.

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІ  БОЙЫНША  ДАРЫНДЫ
 ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС  ЖОСПАРЫ

Жұмыс түрі

 

    Шығармашылық, зерттеушілік жұмыс түрі

Күтілетін нәтиже

I бөлім

Оқушы дарындылығын зерттеуге арналған жұмыс  түрлері

1

«Танымдық  процестер»
дарындылық түрлерін саралау жіктеуге негіз болған бірнеше критерийлер бойынша анықтау:

Іс-әрекет түрі:
– Қалыптастыру деңгейі.
– Көрініс беру түрі.
– Жас мөлшеріне қарай даму ерекшеліктерін  есепке  алу

Диагностика мен мониторинг жасау.

Сыныптар бойынша қазақ тілі мен әдебиетінен қабілетті оқушылар анықталады.

2

Іс – әрекет түрі және оның оның психикасын қамтамасыз ететін салалары критерийі бойынша:

іс- әрекеттің негізгі түрі практикалық, теориялық (танымдық), көркем- эстетикалық, коммуникативтік және рухани – құндылықтықтарды  анықтау.

Сыни тұрғыдан ойлау стритегияларын қолдану.

Көркем – эстетикалық іс – әрекетте әдеби – поэтикалық  дарындылық  анықталады.

3

«Қажеттіліктерді  қанағаттандыру»
критерийі бойынша:

жаңашылдық пен әлеуметтік мәнге ие болу талаптарына жауап беру бойынша зерттеу.

Түрлі тақырыптағы ойтолғау, эссе, шығармалар жазғызу.

4

Оқуға  жағымды  қызығушылық  деңгейлерін  анықтау

Оқушының  ерекше  қабілетін   бағалап және сол  баламен   жұмыс істеудің ары қарайғы жоспарларын жасау.

Топтық жұмыстарда көшбасшылығын бақылау.
Жасырын дарындылықты  анықтау.

5

Жас мөлшеріне қарай дамуының ерекшеліктерінің сипаты:

психологиялық даму жылдамдығы және дарындылығы анық көрінген жас мөлшерінің кезеңін бақылау.

Әр сыныптағы қабілетті және дарынды оқушылармен жұмыста бақылау.  Зерттеудің жаңа бағыттары мен әдіс-тәсілдерін ойлап табу

II бөлім
Сабақ барысында жүргізілетін  жұмыс  түрлері

1

Сабақтың үш кезеңінде қолданатын  әдіс-тәсілдің дарындылықты дамытуға әсері:

 «Тұлғаны  танып-біл»
Берілген суреттер арқылы ойды кеңейту үшін басқа сөздік қолданыстарды іздей бастайды.

Оқушы  әрекетінің  дарындылығын  дамытуға  әсер  етеді.

2

«Мені  түсін» кестесін құру.

Ым- ишара, қимыл-әрекет, қысқа  тірек  сызба  арқылы   ойлау мен сөйлеу қабілеттерін  арттыру.

3

«Ең  бастысы»

Жүйелі де маңызды сұрақтар ойластырып, сұраққа ұтымды жауап іздеп, оларды хаттап жаза отырып, ауызша және жазбаша тілдік оралымдарды қолдану қабілері қалыптасады.

4

«Өз  жартыңды  тап»

Бірінің ойын бірі жалғастыру арқылы логикалық байланысқа түседі.

5

«Жазу әрекетін ұйымдастыру»

Тақырып таңдай келе, негізгі ойды жүйелеу үшін неғұрлым ұтымды шығатын сөздерді іріктейді.

6

«Сөз  сыры»

Берілген сөзге орай ұғымдардың синонимдік қатарын құрастыру тілдік тапқырлықты қажет етеді.

7

«Ой  қозғау»

Бір сөз төңірегінде бірнеше ой өрбіту арқылы сөздік дәлдікке жетелейді.

III бөлім
Сыныптан тыс кезеңдерде жүргізілетін жұмыс түрлері

1

Мектепішілік және қалалық, аудандық танымдық шараларға қатысту. (соның ішінде дебаттарға)

Ұйымдастырылған уақытта

2

Мектепішілік, аудандық, облыстық, халықаралық пән  олимпиадаларына қатысу.

Үнемі

3

Қашықтан өткізілетін  олимпиадаларға қатысу:

 Желтоқсан, ақпан

4

Мектепішілік, қалалық, аудандық, облыстық   Махамбет  оқуларына  қатысу.

Ұйымдастырылған уақытта

5

Республикалық  «Ақ  бота»  интеллектуалдық  сайысына  қатысу.

Қазан

6

Қалалық, аудандық «Абай мен Шәкәрім» оқуларына қатысу.

7

Аудандық, облыстық, республикалық, қашықтықтан ұйымдастырылған шығармалар сайысына қатысу.

Ұйымдастырылған уақытта

8

Басылымдарға өлеңдер мен материалдар жариялауды жалғастыру.

Жылына  2  рет

I бөлім
Оқушы дарындылығын зерттеуге арналған жұмыс  түрлері

1

Орыстың  ұлы ойшылы  Максим  Горький: «Адамдағы  дарындылық  қасиет  туа  бітті  қан  арқылы  берілетіні  де, одан  қалды  жүре  пада  болатыны  да  бар. Туа  бітті  болатыны – тұқымқуалаушылық. Бұл  қасиет  өсіп  те  кететін, өшіп  те  қалатын  үрдіс. Сондықтан  оны  үнемі  үздіксіз  шыңдап  отырмаса  өшіп  қалуы  да  ғажап  емес» деген  екен.

2

Жүсіпбек  Аймауытов: «Мұғалімнің  айналысатыны – үнемі  қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін  тірі  адам  болғандықтан, біркелкі  әдіспен шектелуге  болмайды…»  дейді.

3

Н.Ожеговтың  сөздігінде дарындылық “табиғатпен берілетін ерекше қабілет” деп түсіндіріледі.

4

Дарынды  оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы ма?

Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі П.Торранс зерттеп, шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымы арасында жиі кездесетінін дәлелдеді.Дегенмен, П.Торранстың пайымдауы бойыншамұғалімге көп қисынсыз сұрақ қоятын, көбіне, түсінбеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге өз көзқарасы бар, яғни дәл осы қасиеттер оқушының шығармашылық                                       

 дарындылығынкөрсететінін айқындаған. Сондықтан осы қағиданы естен шағармаған жөн.

 

ҚАЗАҚ   ТІЛІ  МЕН  ӘДЕБИЕТ   ПӘНІ  БОЙЫНША  ДАРЫНДЫ ОҚУШЫНЫҢ  ЖЕКЕ  ПАСПОРТЫ

Параметрлер

Жауаптары

1

Оқушының  аты-жөні:

Тохтамуратов Шахруз

2

Сыныбы:

6 «А»

3

Туған  күні, айы, жылы:

02.05.2005 жыл

4

Жыл  санауы  бойынша  туылған  жылы:

Тауық

(Әл-Фараби, М.Дулатов, М.Әуезов)

5

Жұлдызнама  бойынша  кім?

6

Ұнататын  түсі:

Күлгін (ойшылдардың  түсі, ішкі  жан-дүниесінің  түкпірінде  орасан  зор  күш-жігер  бар, ол  күшті  үнемі  шығара  бермейді, керек  жағдайларда  ғана  шығарады)

7

Отбасындағы  адам  саны:

5

8

Отбасындағы  баланың  нешіншісі?

1

9

Болашақтағы  мамандығы:

Дәрігер

10

Қабілеті:

Оқу  озаты. Білімді, кең  көлемде  ойлайтын зерек оқушы, қиын  тапсырмаларды тез шешеді. Пәнге деген қызығушылығы өте  жоғары;

11

Ерекшелігі:

Ақылды, талантты, қатал, алдына  қойған  мақсатына  тез  жетеді,

12

Жағымсыз  қасиеті:

Атаққұмар, мазасыз,

13

Әлсіз  тұсы:

Тез  жылайды,

14

Қабілет, бейімінің түрі

Математикалық  және  техникалық  аймақ

15

Дарындылығының  түрі

Интеллектуалдық

16

Темперамент  түрі

Сангвиник

Қазақ  тілі  мен  әдебиет   пәнінің  мұғалімі: Пирманова Гульмира Алтынбайқызы
Сынып  жетекшісі:
Пирманова Гулмира Алтынбайқызы
Педагог-психолог:  Д
авлетова Гульчехра Атаниязовна

IІ бөлім
Сабақ барысында жүргізілетін  жұмыс  түрлері

БАЛА  БАҒДАРЫН АНЫҚТАУДЫҢ
БІР ЖОЛЫ – “ПОРТФОЛИО”

·           Портфолио – оқушының белгілі бір уақыт аралығында оқудағы жеке жетістіктерінің жинағы мен бағасын тіркеу тәсілі.

·         Портфолио – түрлі салалар бойынша қажыр-қайраты мен жетістіктерін көрсететін оқу нәтижелерінің жинағы.

·         Портфолио – оқушының білім,білік, дағдыларына мониторинг жасауға арналған жүйелі,арнайы жинақталған дәлелдемелер жинағы.

·         Портфолио – оқушының жеке жетістіктері мен тәжірибесін рәсімдеп көрсететін сан алуан ақпараттарды жинақтаған жұмыс папкасы.

·         Портфолио – оқушының жеке өсуін қадағалау болып табылатын өзіндік көрме жұмыстары.

Осы баяндаманың толық нұсқасын көрнекілікт

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.11.2016 11374
    • DOCX 55.7 кбайт
    • 97 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Пирманова Гульмира Алтынбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 17377
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 788 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 845 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 784 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 995 человек

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек