Инфоурок Классному руководителю ПрезентацииДебат үйірмесіне қажетті презентация

Дебат үйірмесіне қажетті презентация

Скачать материал
Скачать материал "Дебат үйірмесіне қажетті презентация"

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Дебат ойыны жайлы білесіз бе?

    1 слайд

    Дебат ойыны жайлы білесіз бе?

  • Дебат деген не?	Бұл сұраққа әр түрлі анықтама табуыңыз мүмкін.Бірақ не екенін...

    2 слайд

    Дебат деген не?
    Бұл сұраққа әр түрлі анықтама табуыңыз мүмкін.Бірақ не екенін соның бір бөлшегі болғаныңызда ғана түсінесіз. Дебат – тәртіп пен тәрбие. Бұл ойында пікір таластыра,сөз жарыстыра отырып тәртіп сақтайсыз. Дебатқа қадам басқан күннен бастап сөйлеу әдебіңіз сыпайылыққа «сізге» ауысады. Тек бұл ғана емес  айналаңыздағы адамдарға «ханым,мырза»-деп құрмет көрсетесіз. Бұл алғашында мен үшін жат болатын. Ханым,мырзаны тек кинодан естуші едім, ал дебатта өзіңді «Сымбат ханым...» -деп атағанда үнемі күлкім келетін. Уақыт өте келе бұл мен үшін әдетке айналды. Жай ғана әдет емес,мәртебеге айналды десем артық айтқаным емес.
    Дебат маған көптеген достар сыйлады. Өз достарымды жаңа қырынан таныдым. «Ойында қарсылас болсаңыздар, өмірде дос болыңыздар» - бұл төрешінің ойын соңында қортындылап,қол алыстыратын сиқырлы сөзі болатын. Ойын аяқталған мезетте қарсылас топпен танысуға асығатынбыз (үлкен жарыстарда). Бұл дебаттың маған берген ең үлкен сыйлығы. Бұл тек бір төбе. Ал дебат ойыны барысында сіз нақтылыққа, ойыңызды тура жеткізіп, жүйелілікке үйренесіз. Айтылған қарсы пікірге қарамастан өз ойыңыздың дұрыстығын дәлелдейсіз.
    Дебатта сіздің бойыңыздан табылуы керек қасиеттер: білімділік, батылдылық (көпшілік алдында сөйлеген кезде), әдептілік.

  • Дебат – ұрыс алаңы емес

    3 слайд

    Дебат – ұрыс алаңы емес

  • Дебат дегеніміз – пікірсайыс. Жарыссөз, айтыс десек те болады. Шешендік өнер...

    4 слайд

    Дебат дегеніміз – пікірсайыс.
    Жарыссөз, айтыс десек те болады. Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін ойын. Дәлелдер мен фактілерге сүйенеді. Дебат тәртіпке бағынады. Ойыншылар бір-бірін «ханым», «мырза» деп атап, құрмет танытады. Қарсыластың жеке басына тиісуге болмайды. Дебатта уақыт шектеулі. Сондықтан оны дұрыс жоспарлай білу керек. Қатысушы білімді, батыл және әдепті болуға тиіс. Ең бастысы, дебат – ұрыс алаңы емес, нақты тақырып аясында арнайы ережелер негізінде ой жарыстыру.
    Дебат жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ортаңыз өзгереді, достарыңыз көбейеді. Сөйлеу мәдениетіңіз қалыптасып, ойды тиянақты жеткізуге  дағдыланасыз. Кез келген тақырыпта ойыңызды еркін, нақты жеткізе аласыз. Үнемі ізденісте боласыз. Айтылған қарсы пікірге қарамастан,  ойыңыздың дұрыстығын дәлелдейсіз.
    Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзін-өзі басқару, білім беру процесін демократияландыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру және бар мәселені бірлесіп шешу сияқты салаларда пікірсайыстың оң ықпалы бар екенін айтып, дебатқа қолдау білдіріп жүр.

  • ДЕБАТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕРҚарар – дебат ойынының тақырыбы. Қарардың 4 түр...

    5 слайд

    ДЕБАТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР
    Қарар – дебат ойынының тақырыбы. Қарардың 4 түрі бар: міндеттейді немесе енгізеді, заңдастырады, ...деп есептейді, өкінеді, Х ретінде...
    Дефиниция (кілт сөздер) – қарар бойынша немесе алдағы ойын барысында аргументтерді ашуға көмектесетін түсіндірме
    Status-kwo – қазіргі қалыптасқан жағдай, сандық немесе сапалық көрсеткіш 
    Философия – топтың қорғаныш шеңберін қорғайтын тұжырымды ой. Қарарға қатысты мақал-мәтел не нақыл сөз.
    Құндылық – қарарға қатысты ұстаным. Ол тек бір сөзден тұруы мүмкін, соны қорғап шығу керек.
    Үкімет – жақтаушы топ
    Оппозиция – қарсылас топ 
    Спикер – дебат ойыншысы
    Лидер – әр топтың басшысы
    Кейс – дебат ойынының құрылымы. 

  • ДЕБАТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕРАргумент – позицияны дәлелдейтін ой. Неге? Не ү...

    6 слайд

    ДЕБАТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР
    Аргумент – позицияны дәлелдейтін ой. Неге? Не үшін? Неліктен? – деген сұрақтарға жауап береді.
    Қарсылық (ребаттл) – ойын барысында Үкімет/Оппозиция құрған кейстерінің кем-шіліктері мен қателіктерін көрсетіп беру.  
    Сараптама (аналитика) – ойында айтылған екі тарап сөздерін ұсынған кейстері мен аргумент, идеяларын сараптау, келтірген қарсылықтар мен қайта көтерген тұстарын дәлелдеу. 
    Тавтология – әріптесі айтқан аргументтерді қайталау
    Кристализация – ойынның қорытындысын айту, аргументтерді және қарсыласу нүктелерін мысалдарсыз, артық сөзсіз айтып беру, өзінің неге жеңгенін түсіндіру.
    Төреші – дебат ойынында төрешілік етіп, кемшіліктер мен артықшылықтарды айтып, жеңімпазды анықтаушы.
    Тайм-кипер – дебат ойынында спикердің сөз сөйлеу уақытын көрсетіп отырады, уақыт регламентін қадағалаушы.
    Парламентарий – дебат ойынының көрермені, қарар туралы пікір білдіруші. Ойын барысы талқыланбайды.

  • ДЕБАТ ФОРМАТТАРЫ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

    7 слайд

    ДЕБАТ ФОРМАТТАРЫ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

  • ДЕБАТ ФОРМАТТАРЫ ЖӘНЕ ТӘРТІБІДебаттың 4 түрлі форматы бар: Карл-Поппер, АПФ,...

    8 слайд

    ДЕБАТ ФОРМАТТАРЫ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ
    Дебаттың 4 түрлі форматы бар: Карл-Поппер, АПФ, БПФ, ЛД.
    Әр форматтың ерекшелігі болады. Форматына қарай адам саны өзгеріп отырады. Дебатта ең алдымен Үкімет және Оппозиция топтары анықталады. Өзекті мәселені немесе тарихты, саясатты қарар ретінде  береді. Әр форматта белгілі уақыт аралығында спикер позициясын қорғайды.
    Карл-Поппер форматы – «мектепішілік» формат. ТМД мемлекеттері мен әлемнің кейбір елінің оқушылары осы форматта ойнайды. Америка парламентінің саяси форматымен бара-бар. Бір палатада, яғни топта 3 спикер. Әрқайсының бір рет сөз сөйлеу құқы бар. Сұрақ-жауап және дайындық кезеңіне бөлек уақыт беріледі. Үкімет тобы белгілі бір проблеманы шешуі керек. Ал оппозиция тобы оған қарсы шығып, қарсыластың ұстанымын жоққа шығаруы керек. Жұмысын жақсы орындаған топ жеңіске жетеді.

  • ДЕБАТ ФОРМАТТАРЫ ЖӘНЕ ТӘРТІБІАмерикалық парламенттік формат (АПФ) – қиял парл...

    9 слайд

    ДЕБАТ ФОРМАТТАРЫ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ
    Америкалық парламенттік формат (АПФ) – қиял парламентіндегі дәйектердің, тапқыр-лықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция қаралуға ұсынылған қарарды талқылайды. Әр раундқа жаңа қарар таңдалады. Раундта бірнеше адам төреші болса, олардың арасынан бір палата спикері таңдалады. 
    Ойын ережесі туралы қысқаша айтар болсақ, қарарға қатысты үкімет лидері шығып, өз дефинициясын, құрған кейсін, аргументтерін ортаға тастап, фактімен дәлелдеп, статистиканы айта отырып,  философиясын нақтылайды. Оппозицияның лидері үкімет лидерінің кейсін құлату үшін қарсылық білдіріп, өз кейсін құрады. Үкімет тобының екі спикері оппозиция тобы лидерінің кейсіне қарсылық білдіреді, сосын бір спикердің кейсін жаңғыртады немесе өз аргументтерін құрады. Содан соң әр топтан бір спикер сараптама жасайды, позицияларының дұрыс екенін дәлелдеп, ойынды қорытындылайды.

  • Британдық парламенттік формат (БПФ) да Америка парламенттік форматына ұқсас,...

    10 слайд

    Британдық парламенттік формат 
    (БПФ) да Америка парламенттік форматына ұқсас, яғни дефиниция, статус-кво, философия, аргументін айтып, нақты фактімен мысал келтіре отырып дәлелдейді. Бірақ бұл форматта философия емес, құндылық айтылады. Басты ерекшелігі – қатысушылар саны артық, атқаратын қызметтері азаяды. БПФ форматында «ұсынады» қарарында ойнаса, әр үстел өз идеясын ұсынады. 
    Ойын екі бөлімнен тұрады: 
    1. Ашушы үстелдер арасында (АПФ форматы сияқты)
    2. Жабушы үстелдер арасында (Ашушы үстелдің ойын дамыта отырып ойынды кеңейту алаңы).  
    Әр команданың атқаруға тиіс рөлі болады, сондықтан ойыншылар осыны барынша тиімді орындауға тырысуы қажет. 

  • I. АҮ тақырыпты анықтап алып, өздерінің жағын қолдайтын аргументтерді беріп,...

    11 слайд

    I. АҮ тақырыпты анықтап алып, өздерінің жағын қолдайтын аргументтерді беріп, оппозицияның аргументтеріне қарсылық білдіруі керек.
    II. АО бірінші үкіметтің ұсынған кейсін (БҮ ұсынған аргументтер жиынтығы) жоққа шығарып, олардың жағы дебатты жеңу керектігін дәлелдейтін өздерінің конструктив аргументтерін ұсынуы қажет.
    III. ЖҮ ойынға үкіметтен өзгеше, бірақ оған қарсы келмейтін қосымша аргументтерді әкеліп, тақырыпты қолдайтын анализ жасап, оппозицияның аргументтері мен анализіне жақсылап тұрып қарсылық айтуы керек. Үкімет хатшысы үкімет үстелдері атынан толық раундты қорытындылайды, жаңа аргумент енгізбейді.
    IV. ЖО тақырыпты жоққа шығару үшін бірінші оппозициядан өзгеше, бірақ оған қарсы келмейтін қосымша аргументтер ұсынып, анализ жасап, үкімет командаларының аргументтері мен анализіне қарсы тұруы керек. Оппозиция хатшысы оппозиция үстелдері атынан толық раундты қорытындылайды, жаңа аргумент енгізбейді.

  • Линкольн–Дуглас (ЛД) дебат форматы Атақты Авраам Линкольн мен Стивен Дугласты...

    12 слайд

    Линкольн–Дуглас (ЛД) дебат форматы
    Атақты Авраам Линкольн мен Стивен Дугластың арасында болған дебаттың құрметіне аталған екі адамдық дебат форматы. Линкольн–Дуглас – құндылыққа құрылған ойын, кім не үшін ойнап отырғаны маңызды рөл ойнайды.
    Ойынға бір ақтаушы және бір даттаушы қатысады. Біреуі Линкольннің, екіншісі Дугластың рөлін ойнайды. Пікірсайыстың бұл түрін жекпе-жек деп те айтуға болады. Өйткені бұл форматта турнирде жеңу/жеңілуіне қатысы жоқ жоғары спикерлік балл алған спикер басқа спикермен бөлек кездеседі. Бұл форматта дебат үздігін көрсету керек. Бұлар нағыз ораторлар болуы керек.  
    Ойын тәртібі мынадай: 
    Линкольннің сөзі (құндылығын айту, өз кейсімен таныс-тыру) – 6 минут
    Дугластың сұрақтары – 3 минут
    Дугластың сөзі (ребаттл, құндылығын айту, өз кейсімен таныстыру) – 7 минут
    Линкольннің сұрақтары – 3 минут
    Линкольннің сөзі (ребаттл) – 4 минут
    Дугластың сөзі (кейсін қайта құру, кристализация) – 6 минут
    Линкольннің сөзі – 3 минут (кристализация)

  • Дебат – [ фр. debats - талқылау] – қандай да бір жиылыста, мәжілісте пікіртал...

    13 слайд

    Дебат – [ фр. debats - талқылау] – қандай да бір жиылыста, мәжілісте пікірталасу; жарыссөз, айтыс.
    Парламенттік дебаттар – заң шығару және үкімет іс-әрекеті жөніндегі депутаттар арасындағы пікіралмасудың ресми қалыптасқан тәртібі.

  • Карл Поппердің дебат форматыПоппер Карл Раймунд ағылшын социологы және филос...

    14 слайд

    Карл Поппердің дебат форматы
    Поппер Карл Раймунд ағылшын социологы және философы 
    Парламенттік дебаттардың бір түрі. Жаңадан ойнап бастаған ойыншыларға ыңғайлы болып саналады.
    Ойында екі, ақтаушы және жақтаушы, команда ойнайды. Форматтың басқа форматтардан негізгі айырмашылығы – бастапқы екі спикерге сөздерінен соң қарама қарсы командадан сұрақ қойылады. Аналитиктер сұрақтардан бос. Әр командада қарсыластың сөздерінен соң дайындалуға 8 минут уақыт болады. Олар сол 8 минутты раундтардын арасына рационалды бөлуі тиіс. Осы артықшылығы үшін бұл формат жаңа дебатерларға өте ыңғайлы болып саналады.
    Ойын тәртібі:
    1 ойыншы - Дефиниция, қалыптасқан жағдай, құндылықты таныстыру. Аргументтерді жариялау. 6 минут.
    1 ойыншыға оппозицияның 3 мүшесінен сұрақ қойылады. 3 минут.
    2 ойыншы - Дефинициялармен келісу немесе келіспеуі. Ребатл, аргументтерге қарсы пікір және өзінің аргументтерін енгізу. 6 минут.
    2 ойыншыға үкіметтің 3 мүшесінен сұрақ қойылады. 3 минут.
    3 ойыншы - Өз аргументтерін жақтау және қарсыластың аргументтеріне қарсы ребатл жасау. 5 минут.
    3 ойыншыға оппозицияның 1 спикерінен сұрақтар қойылады. 3 минут.
    4 ойыншы - Өз аргументтерін жақтау және қарсылас аргументтеріне қарсы ребатл. 5 минут.
    4 ойыншыға үкіметтің 1 спикерінен сұрақтар қойылады. 3 минут.
    5 ойыншы - Анализ, қарсыласу нүктелерін көрсету, өз командасының неге ұту қажет екенін айту.
    6 ойыншы - Анализ.

  • Линкольн – Дуглас дебат форматы

    15 слайд

    Линкольн – Дуглас дебат форматы

  • Линкольн – Дуглас дебат форматы Линкольн-Дуглас – құндылықты ойын, кім не үші...

    16 слайд

    Линкольн – Дуглас дебат форматы
    Линкольн-Дуглас – құндылықты ойын, кім не үшін ойнап отырғаны үлкен рөл ойнайды. Бұл дебаттарда идеялардың қалай жүзеге асатыны маңызды емес, ең бастысы ойыншының құндылығы болып табылады.
    Ойынға бір ақтаушы және бір даттаушы қатысады. Біреуі Линкольннің, екіншісі сәйкесінше Дугластың рөлін ойнайды.
    Линольнның сөзі (Құндылығын айту, Өз кейсымен таныстыру) - 6 минут
    Дугластың сұрақтары - 3 минут
    Дугластың сөзі (Ребатл, Құндылығын айту, Өз кейсымен таныстыру) - 7 минут
    Линкольнның сұрақтары - 3 минут
    Линкольнның сөзі (Ребатл) - 4 минут
    Дугластың сөзі (Кейсын қайта құру, Кристализация*) - 6 минут
    Линкольнның сөзі - 3 минут (Кристализация*)
    Сұрақ қойғанда Иә немесе Жоқ деген жауаппен ғана жауап берілетін сұрақтар қабылданбайды

    Кристализация – ойынның қортындысын айту, аргументтерді және қарсыласу нүктелерін мысалдарсыз, артық сөздерсіз айтып беру, өзінің неге жеңгенін түсіндіру.

  • Дебат-пікірталас ойыны.Негізгі мақсаты: оқушының ой-өрісін дамыту,  іздендіру...

    17 слайд

    Дебат-пікірталас ойыны.
    Негізгі мақсаты: оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
    Негізгі ережелер: құрылымды сақтау, әр топта 3 оқушының болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық,  шындық, сыйластық.
    Карл Поппер форматындағы дебат.
    Кейс. 1.Саяси кейс(рр); 2.Құндылық кейс (варо).
    Саяси кейстің құрылымы:
    1.Резолюция - Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата  (БП) ұсынады)
    2.Дефиниция - Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)
    3.Status quo - Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен,газеттен) айту)
    4.Мәселе (проблема) 5.Мәселе өзектілігі
    6.Себептер (мәселенің себептері,кем дегенде үшеу болу керек)
    7.Шешу жолдары (әр себепке шешу жолын ойлап табу)
    8.Атқарушы органдар (мәселелерді кім шешетінін айту)
    9.Қаржы (мәселені шешуге қажет қаражат)
    10.Уақыт (жұмыстың қай аралықта жүргізілетіні)
    11.Нәтиже (қорытынды)ü Мәселені шешуге арналған жоспар құрылады.

  • Құндылық кейстің құрылымы1.Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата  (...

    18 слайд

    Құндылық кейстің құрылымы
    1.Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата  (БП) ақталады деп есептейді)
    2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі
    )3.Status quo-Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен,газеттен) айту)
    4.Философия ()
    5.Аргументтер()
    6.Қорытынды.
    Ойын барысы (спикердің рөлі,уақыт) саяси кейспен ұқсас. Дұрыс-дұрыс емес, ақталады-ақталмайды формасында қарастырылады.

  • Ескерту:Командалар жақтау мен даттау позицияларына дайын болу керек.
Позиция...

    19 слайд

    Ескерту:
    Командалар жақтау мен даттау позицияларына дайын болу керек.
    Позиция ойынға 15 минут қалғанда анықталады (теңге лақтыру арқылы).

  • Америкалық парламенттік формат

    20 слайд

    Америкалық парламенттік формат

  • Америкалық парламенттік формат бұл Парламенттік тұрпаттағы дәйектердің, тапқы...

    21 слайд

    Америкалық парламенттік формат
    бұл Парламенттік тұрпаттағы дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция ұсынылған қарарды талқылайды. Әр раундқа жаңа қарар таңдап алынады.
    Пікірсайыс барысын Палата Спикері басқарады, сонымен бірге сайыстың төрешісі қызметін атқарады. Егер раундта бірнеше адам төрешілік етсе, онда олардың арасынан бір Палата Спикері таңдап алынады. Америкалық парламенттік формат дәл зерттеу мен дәлелдер жинауға емес, тез сыни ойлауға, логикалық ойлауға және сараптамалық талдауға негізделген.
    Қарар – дебаттардың тақырыбы. Пікірсайыстардағы пікірталас мәселелерінің негізгі тақырыптары – бұл Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен гүлденуі, бұл әрбір азаматтың елдің серпінді дамуына жеке қатысуы, қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге деген ықыласы мен қабілеті, туған ел игілігі үшін балалар мен жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыру, Қазақстан дәстүрлерін сақтау және мәдени мұрасын көбейту.

  • Спикер және оның сөзі:  Премьер-министрдің (ПМ) конструктивті сөзі - 6 минут:...

    22 слайд

    Спикер және оның сөзі:
    Премьер-министрдің (ПМ) конструктивті сөзі - 6 минут:
    бірінші спикер пікірталастың анықтамасын (немесе моделін / механизмін) белгілейді, олар оппозиция командасына пікірталасқа қолайлы орын беру үшін тақырыптың қарапайым мағынасына жақын болуы керек;
    өзінің кейсін нақты және айқын таныстырады;
    кейсті бірнеше тәуелсіз дәлелдер көмегімен қолдайды.
    Оппозиция көшбасшысының конструктивті сөзі (ОК) – 7 минут.
    үкіметтің механизміне, анықтамасына, қалыптасқан жағдайына қарсы шығуы мүмкін, бірақ сіздің механизміңіздің, анықтамаңыздың, қалыптасқан жағдайдың шын мәнінде сәйкес келетінін анықтап түсіндіру қажет;
    үкіметтің дәйектерін терістейді;
    өзінің кейсін нақты және айқын таныстырады;
    кейсті бірнеше тәуелсіз дәлелдер көмегімен қолдайды.

  • Премьер-министр орынбасарының конструктивті сөзі (ПМО) – 7 минут:
оппозицияға...

    23 слайд

    Премьер-министр орынбасарының конструктивті сөзі (ПМО) – 7 минут:
    оппозицияға шабуыл жасайды; үкімет кейсін нығайтады; жаңа дәлелдер келтіре алмайды.
    Оппозиция көшбасшысы орынбасарының конструктивті сөзі (ОКО) – 7 минут:
    үкімет мүшесіне қарсы; үкімет кейсін нығайтады; жаңа дәлелдер келтіре алмайды.

  • Парламенттен сөз сөйлеу (әр адамға сөз сөйлеуге 1 минут, 3 көрерменнен артық...

    24 слайд

    Парламенттен сөз сөйлеу (әр адамға сөз сөйлеуге 1 минут, 3 көрерменнен артық емес, әр парламентарий екі позицияға дв қатысы жоқ өзінің субъективті пікірін білдіреді);
    Оппозиция Лидерінің сараптамасы (ОЛ) – 4 минут (жаңа дәйектерге және ребатлға тыйым салынған):
    пікірталастың негізгі тақырыптарын айтып шығады;
    оппонентке қатысты өз кейсінің айқын артықшылығын көрсетеді;
    көзқарастар қақтығысының нақты көріністерін береді (дихотомия);
    қорытынды шығарады.
    Премьер-министрдің (ПМ) талдауы – 5 минут (1 мин. ребатл, 4 мин. сараптама, жаңа дәйектерге тыйым салынған);
    раундтың қорытындысын шығарады;
    раундтың негізгі және сыни кезеңдерін айтады;
    оппонентке қатысты өз кейсінің айқын артықшылығын көрсетеді;
    көзқарастар қақтығысының нақты көріністерін береді (дихотомия);
    қорытынды шығарады.
    Турнирдің қарары. Келтірілген қарар бойынша команда міндетті түрде өзінің кейсін Америкалық парламенттік форматына (АПФ) сәйкес дайындау қажет.

  • Дәйектеме және сараптама. Бұл – парламенттік дебаттың іргетасы. Тұжырымдар ме...

    25 слайд

    Дәйектеме және сараптама. Бұл – парламенттік дебаттың іргетасы. Тұжырымдар мен эмоцияға ғана жүгінетін топтан, тізбектелген, логикалық сараптама жүргізген топ сенімді жеңіске жетеді. Дәйектер нақты, сенімді әрі қарсыластардың құндылықтарымен қақтығысты қамтамасыз ететіндей болуы керек.
    Мазмұны. Парламенттік дебат фактілер мен статистикаға негізделмесе де, шынайы өмірден алынған мысалдар мен дәлелдерді білу Сіздің позицияңызды нығайту үшін әрдайым көмектеседі. Сізді сараптау міндетінен құтқаратын тірек ретінде дәлелдерді қолданудың қажеті жоқ, дегенмен олар абстрактілі дәйектемені күшейту үшін қызмет ете алады.
    Терістеу. Белгілі бір мәселеде өз көзқарасыңызды білдіру жеткіліксіз, қарсыластардың дәйектеріне тікелей қарсы тұрғаныңызға және сәтті қарсы тұрғаныңызға көзіңізді жеткізіңіз. Тағы да, раундта автоматты түрде жеңу не жеңілу үшін ұмытылып кеткен дәйек жеткіліксіз (егер бұл ең маңызды дәйек болмаса), бірақ сіз жеңгіңіз келсе, мықты терістеудің мәні өте зор.
    Сөз құрылымы. Төрешілер дәйектері нақты белгіленіп ұсынылған сөзді жоғары бағалайды. Дәйектеменің әр түрлі сызықтары нақты бөлініп тұруы тиіс. Мұны дәйектерге сілтеме жасау арқылы істеуге болады (не басқа да технологияларды қолдануға болады). Ребатлда раундтың ең маңызды тұстарын қысқа әрі мықты қозғап, детальдарға тым беріліп кетпегені жөн.
    Сұрақтар. «Сұрақтарды» пайдаланған дебатер раунд бойы артықшылыққа ие болады. Өткір сұрақ қою мен оған тез әрі ұтымды жауап беру арқылы өзіңіздің суырып салма ойлау қабілетіңізді көрсетесіз, бұл қасиетті төрешілер жоғары бағалайды.
    Топпен жұмыс. Дебатшылардан топтық жұмыс, бір-бірінің дәйектерін күшейту және раунд бойы философияны біртіндеп дамыту күтіледі. Өз әріптесіңізге қарама-қайшы келмеңіз, одан да ертерек енгізілген дәйекті кеңейтіп, өз әріптесіңізге мақсатқа жетуге көмектесіңіз.
    Спикерлік ұпайлар. Раундқа берілген бағамен қатар төреші әрбір спикерге 1 ден 100 ұпайға дейін «спикерлік ұпай» береді. Өзінің атына қарамастан спикерлік ұпайлар тек спикердің ораторлық қабілетіне ғана байланысты емес. Дәлірек айтқанда, олар стилі мен риторикасына қоса спикер көрсеткен пікірсайыстың жалпы деңгейін, дәлелдеуін, саралауын және қарсы пікірді жоққа шығаруын көрсетеді.

  • https://ppt-online.org/73874

    26 слайд

    https://ppt-online.org/73874

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 451 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.09.2022 10094
    • PPTX 987.6 кбайт
    • 1076 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сахова Ажар Байдоскызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сахова Ажар Байдоскызы
    Сахова Ажар Байдоскызы
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 196016
    • Всего материалов: 72

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 745 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 061 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе