Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыДене тәрбие оқу іс-әрекетінің құрылымы, ұйымдастыру ерекшеліктері.

Дене тәрбие оқу іс-әрекетінің құрылымы, ұйымдастыру ерекшеліктері.

Скачать материал

 

Дене тәрбие оқу іс-әрекетінің құрылымы, ұйымдастыру ерекшеліктері.

Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдау біліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.

Міндеттері:

1. Денсаулығын нығайту, балалардың денесінің жалпы дайындығын жақсарту, қимыл-қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоционалды көңіл-күй ортасын жасау;

2. Күнделікті өмірге қажетті қимыл түрлерін, оларды дұрыс орындау дағдыларын қалыптастыру;

3. Дене сапаларын: ептілік, үйлесімділік қабілеттерін дамыту, шыдамдылығын шыңдау;

4. Балаларды спорттық ойындар және жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерте отырып, жаңа дағдыларды меңгерту;

5. Балаларды жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру, құрдастарымен достық қарым-қатынасын қолдау;

6. Жас ерекшелігіне қарай толыққанды дамуына, ағзаның қоршаған ортаға бейімделу қабілетін, дене және ақыл-ойдың қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау;

7. Белсенді қимыл іс-әрекеттеріне және оған қажеттілікке қызығушылықтарын арттырып, дене шынықтыру сабақтары мен ойындардың, негізгі гигиеналық талаптар мен ережелердің пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

 Балаларды салауатты өмір салтына бейімдеу ерте жастан бастап, Қазақстан халқының мәдени салт-дәстүрлерінің негізінде күн тәртібінің процесстерін тиімді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады, балаларды шынықтырудың тиімді тәсілдері мен денсаулық сақтау технологиясы негізінде құрылады.

Бұл жастағы маңызды міндеттер: балалардың денсаулығын нығайту, олардың ағзаларын шынықтыру, негізгі қимыл түрлерін дамыту, балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін дамытуға мүмкіндік беретін, жай-күйін сергек ұстайтын жағдай құру, балалардың шаршауларының алдын алу болып табылады.

Қазіргі уақытта бала денсаулығы білім беру процесінің мақсаты мен нәтижесі ретінде ғана емес, педагогикалық іс-әрекеттің сапасын және тиімділігін бағалау критерийі ретінде де қарастырылады. Денсаулық, физиология тұрғысынан алғанда, адам ағзасының әлеуметтік ортаға автономды реакциясы түріндегі бейімделу процесі ретінде қарастырылады. Физиолог А.В. Коробов «Денсаулық қоршаған ортаның түрлі жағдайларында адамға өмір сүруге, еңбектенуге, жағымсыз факторларға қарсы тұруға мүмкіндік беретін жай-күйі» деген анықтама береді.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоспарлай отырып, балалардың мүмкіншілігіне, жасына сәйкес келу керектігін есте сақтау керек. Бұлшық еттерін дамыту жаттығулары кезектесіп отыру керек, ұзақ уақыт қозғалмайтын жағдайдан қашық болу, баланың қозғалыс икемділігін жетілдіруге сәйкес жаттығудың қиын түрінде жүктемені көбейтуде зиянды болмауынан сақтау. Балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда әдістер мен тәсілдерді олардың жас мүмкіндіктеріне сәйкестендіру, жақсы көңіл күйде болуы қажет; осы жастағы балалардың өз еркімен қимылын шектей білу керек; қозғалысты орындаудағы уақытты ескеру керек.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалардың қимыл-қозғалыстарды орындаудағы қолданылатын уақыты 2 жастағы балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 40-70% пайызын алады, жалпы уақыт тәрбиешілердің қозғалысты орындау үшін түсіндіруі, көрсетуі, сапқа тұрғанына кеткен уақыт. 1-3 жас аралығындағы балалармен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде әдістемеліктерді құрастыру және жинау уақыты кірмейді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі 80% аспауы керек. Бұл былай түсіндіріледі, 1 жас 6 ай аралығындағы балалар жаттығудың түрлерін ересектердің көмегімен жасайды.

Қимыл-қозғалыс белсенділігінің есебі көрсеткендей жылдың басында балалардың 8-10 мин ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде 50-180 қозғалыспен тіркеледі, ал жылдың аяғында 300-500-ді көрсетеді. Керекті жаттығуларды орындау үшін балалардың бірте-бірте арақашықтықты көбейту, белсенді ойындарды, жаттығуларды қайталау, қозғалыс белсенділігінің артуына әсер етеді.

Ерте жастағы топта дене шынықтыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүру (тепе-теңдік қалпын сақтап жүруді дамытатын), еңбектеу (өрмелеу), лақтыру, сырғанау және кейбір ойын және жалпы дамыту жаттығулары, сонымен қатар қимылды ойындарды қарастырады.

Көрсету мен түсіндіру жаттығуларды орындаумен бірге бір мезгілде өтеді. Тәрбиеші мүмкіндігінше жаттығуды балалармен бірге жасайды. Тәрбиеші әрбір балаға қажетті қимылдарды меңгерте отырып, оған төтенше үлкен қозғалыс қажеттілігіне тән қанағаттандыра алуларын қадағалау керек.

Бұл топтағы балалар әлі де болса кеңістікті бағдарлай алмайды, олар тек түзу сызық бойымен және бағытты өзгертіп жүруді ғана меңгере бастайды. Сондықтан оларға сапқа қайта тұрудың түрлі қарапайым түрлері де түсініксіз.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізер кезінде балалардың кеңістікті бағдарлауын жеңілдететіндей, белгіленген тәртіпті жақсы меңгеруге көмектесетіндей топ бөлмесін қалай қолдану керектігін ойластыру керек. Екі жастағы балалармен жұмыс жасаудың негізі - жеке әсер ету ұстанымы, мадақтау және тікелей көмек беру болып қалады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында балалардың назарын өзіне аударатындай және қызықтыратындай тәрбиешінің сөзі байсалды және анық болуы керек. Ойын тәсілдері, баланың атын атап өзіне қарату, өз уақытында көмек беру мен көтермелеу баланы белсендіреді, қызықтырады, өздігінен қимыл жасау талпыныстарын күшейтеді.

Балаларды тепе-теңдік қалпын сақтауға үйрету барысында жол бойымен, шағын жіптен, рейкамен, тақтай үстімен, еденде жатқан еңкіш жазықтық бойымен, қабырғалы тақтай үстімен жүруге үйретеді. Жүрудің барлық түрлері тепе-теңдік дағдыларын дамытуды жетілдіреді. Жүруге арналған жаттығулар ойын түрінде, эмоционалды, заттар мен ойыншықтарды қолдана отырып жүргізіледі («Қуыршаққа жол бойымен бар», «Аюға көпір үстімен өтіп бар» және т.б.).

Еңбектеу қимылдың пайдалы түрі. Төрттағандап еңбектеу барысында балада омыртқаға күш түсу азаяды, арқа, іш бұлшық еті бекиді, дұрыс дене бітімі қалыптасады.

Екі жаста бала қарапайым жаттығуларда қол, бел, кеуде бұлшық еттері бекитін лақтыруды меңгере бастайды, көз мөлшерлері, кеңістік туралы түсініктері, келісілген қимылдары, мергендіктері және шапшаңдықтары дамиды. Баланы алдын ала затты бір және қос қолмен алу, ұстау және бір орыннан екінші орынға ауыстырып қою іскерліктеріне жаттықтыру. Балаларды заттардың қасиеттерімен таныстырады: құм салынған қапшық құлайды, доп домалайды. Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды: кішкентай допты қос қолмен жоғары, алға лақтырады, оны домалатады, еденге ұрады. Көп қайталаудан кейін бала доптың секіру, домалау, бір және екі қолмен жоғары, алға лақтыру тәсілдерін меңгереді. Содан кейін заттарды белгіленген бағытта екпінмен лақтыруға үйретеді.

Ерте жастағы топта балалар тапсырмаларды орындауға көмектесетін көбінесе жалпы дамыту жаттығуларын заттармен жүргізеді. Ірі бұлшық ет топтарын дамыту мен бекіту үшін келесі жаттығуларды қолданады: арқаны қатты майыстыру, кеудені алға, жан-жаққа еңкейту, отырып тұру және аяқтың ұшымен тұру, таяққа дейін аяқты көтеріп, түзету және т.б. Бастапқы қалыпты көбіне отырып немесе жатып орындайды. Тәрбиеші әр баланың бастапқы қалыпты дұрыс ұстауларына көмектесу керек (кілемшеге, ұзын кілемшеге отыру немесе жату); қос қолмен таяқшадан (құрсаудан) ұстау; гимнастикалық орындыққа салт атқа мінгендей етіп отыру. Жаттығулардың дұрыс орындалуы осыған байланысты болады. Жалпы дамыту жаттығулары ретінде еліктеуге тән қимылдар қолданады: «құстар қанаттарын қағады», «құстар тары шоқиды», «қоян секіреді», «тышқандар сыбдырын білдірмей жүреді» (аяқтың ұшымен жүру) және т.б.

 

 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне ойын жаттығулары кіргізіледі: көпірден, жол бойымен өту, допты әкелу, сылдырмаққа дейін еңбекте, қақпаның астынан еңбектеу, ойыншықтарды табу, қимылға тән арбалармен, автокөліктермен, ұшақтармен және т.б. ойындар.

 

 

 

 

 

 

әдістемелік бағыттардың қысқаша мазмұны:

- балалардың бөлмеде, таза ауада дене қимылдарын жақсартатындай және ұзақ уақыт барысында қимыл-қозғалыстарына кедергі жасамайтындай қоршаған ортадағы қауіпсіздіктерін қамтамасыз етіңіз;

- балаларды спорт залында және таза ауада өтетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолдары оңай жететін, түрлі әрекет жасауға көмектесетін (биіктік, мөлшер, орналасқан жері) материалдармен қамтамасыз етіңіз;

- мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық процессте балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауап беріңіз;

- сақтандыру шараларына назар аударып, медициналық көмек көрсете отырып, балалардың денсаулығына қамқорлық жасайды; тиімді сапалы тамақтандыру мен күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, ойындар ұйымдастыруды қамтамасыз етіңіз;

- өз ұлтының және басқа ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениетіне барабар бала денесінің дамуына жағдай жасаңыз;

- балаларға қауіпті жағдайлар мен зорлық-зомбылық көрсету тәрізді әлеуметтік жағдайларды түсінуге көмектесіңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дене тәрбие оқу іс-әрекетінің құрылымы, ұйымдастыру ерекшеліктері."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 542 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.06.2016 3033
    • DOCX 19.6 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтимбетова Жанаргуль Койшыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30121
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Младший воспитатель: задачи, функции профессиональной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Педагогические основы деятельности воспитателя в условиях ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 388 человек

Курс повышения квалификации

Основы формирования предпосылок функциональной грамотности дошкольников

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек