Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы«Әдептілік – адамгершілік бастауы» ашық сабақ

«Әдептілік – адамгершілік бастауы» ашық сабақ

Скачать материал

«Әдептілік – адамгершілік  бастауы» ашық сабақ
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі»
Халық мақалы

Мақсаты:
1.Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;
2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар:
Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар
( әдептілік туралы), құпия хаттар т.б.
Шаттық шеңбері
- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша сәлемдеседі)

Әдеп.
Сыйлап сәлем беремін,
 
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
 
Апама айтып өкпесін.
К. Байзақов
- Бүгін біз әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
• Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
• Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме?
• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?
• Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Түйіндеу
1.jpg

 


Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.

Кішіпейілділік Үлгілі бала

 

Су құйдым да құманмен,   Бақшаны суарып, келді ол су алып,

Қолына мен әкемнің.     Самауыр қайнатып, үйде де, түзде де

Содан кейін оған мен    Қылығы өнеге, ұстазы бізге де

Орамалды әпердім.      Ұнайды ол неге?

Әдептілік әліппесі

 

Атам маған әманда        Алдын орап кісінің,

Әдепті жан бол деген.   Кесіп өтпей көлденең.

Ата сөзі санамда -      Ізетімен кішінің -

Жсы үлкенге жол берем.   Сәлемдесіп , қол берем.

 

Атам маған әманда      Өзгелерден өзімді

Кішіпейіл бол деген.  Санамаймын жоғары.

Ата сөзі санамда -     Артық айтып сөзімді

Мақтанбауды жөн көрем.  Желпінгенім жоқ әлі.

 

Атам маған әманда     Қалдыратын ұятқа -

Әділетті бол деген.   Жалған сөзге төзбеймін.

Ата сөзі санамда -     Жеткізетін мұратқа -

Жүрем тура жолменен.   Тек шындықты көздеймін.


А. Асылбек
Мәтінмен жұмыс
Әдептілік
Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.

• Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді?
• Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

11.jpg

 


Суретпен жұмыс
Сурет бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
«Құпия хаттарға» жауап беру
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады.
Хоттардың мазмұны:
1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?
Шығармашылық жұмыс. «Әдептілік ережелері»
Мұғалім балалармен түрлі суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құрып, ватманға жапсырады.
Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
Дәйексөз
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.

111.jpg

Қорытындылау
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік.
Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.
Жүректен - жүрекке
Балалар шеңбер бойына жиналып Арасанбай Естеновтың «Әдеп» өлеңін айтады.


Әдеп
А. Естенов
Әдеп, ізет, иба да - Әдеп - алтын сабырың,
 
Шарайнасы жаныңның. Жетелейтін мұратқа.
Әдептіні сыйла да, Әдеп - талап, жалының,
 
Тәңіріңдей табынғын. Ақ желкенін құлатпа.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Әдептілік – адамгершілік бастауы» ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 377 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2017 1810
    • DOCX 933.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алкатаева Шолпан Кималдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алкатаева Шолпан Кималдиновна
    Алкатаева Шолпан Кималдиновна
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7783
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 389 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 223 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Управление бизнес-процессами и инновациями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе