Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Әдептілік - тәрбие бастауы" (3-сынып)

"Әдептілік - тәрбие бастауы" (3-сынып)

Скачать материал

Күні: 6.11.2017жыл

Мектеп:ЖББ №8 орта мектеп КММ

Сынып: 3 « А»

Әдіскер:  Жахметова Б.К.

Мұғалім: Рыскүл А.Қ.

Машықкер: Төкен Мадина

Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік – тәрбие бастауы»

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік:Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;

2.     Дамытушылық: Баланың бойына адамгершілік, кішіпейілділік, адами қасиеттерді дамыту;

3.     Тәрбиелік:Оқушыларды әдептілікке, әдемілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттері, бейнетаспа, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Бүгінгі сынып сағатынан біз, Нұрланбекова Әсел және Төкен Мадина екеуіміз береміз.  Бүгінгі сабағымыз жоғары деңгейде өтеді деген сеніммен келіп отырмыз. Бүгінгі сабаққа белсене қатысуларыңызды сұраймыз. Бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма? Сынып оқушылары түгел ме? Көңіл күйлеріңіз қалай? (Оқушылардың зейінін жинақтау, түгелдеу, оқу құралдарының дайындығын тексеру)


Шаттық шеңбері
- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша сәлемдеседі, содан соң мына өлең жолдарын қайталайды)
Сыйлап сәлем беремін, 
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін, 
Апама айтып өкпесін.

 

Жаңа сабақ

- Бүгін біз әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелесетін боламыз. Сонымен қатар, әдепті болу үшін не істеу керек, қандай  әрекеттер дұрыс, қайсысы бұрыс екенін аңғаратын боламыз. Балалар, айта қойыңдаршы мына сұрақтарға қалай жауап бересіңдер?


• Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
• Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме?
• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?
• Әдептілікті бізге кім үйретеді?

 

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілін үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Солай емес пе?

 

Мәтінмен жұмыс
-Балалар, енді мен сендерге Ы. Алтынсариннің мына бір керемет әңгімесін айтып бергім келіп тұр. Мұқият тыңдаңдар, жарай ма? Осы мәтін бойынша сұрақтар қоятын боламын.

Әдептілік

Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Құдай-ау, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? – деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым – білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? – деген екен.
  -Жақсы, балалар мәтінді түсіндік пе?

ü Ол не жайында екен?

ü Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

ü Ғалымның жасаған іс-әрекеті дұрыс па?

ü Сен байдың орнында болсаң дәл осылай айтар ма едің?

Бейнебаян: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»
Суретпен жұмыс
-Балалар, тақтадағы суреттерге назар аударайық.

·        Кім қалай түсініп тұр?

·        Мына суреттер жайлы не айта аласыңдар?

·        Өздеріңді сол кейіпкерлердің орнына қойып көріңдерші.

·        Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді көріп тұрмыз ба?


Ойын «Жалғастыр»
-Балалар,қанекей ойын ойнайықшы. Бұл ойын «Жалғастыр» деп аталады. Мен сендерге «Не істеуге болмайды?»,«Не істеу керек?» деген сұрақтар қоямын, сендер сол сұраққа жауап бересіңдер. Ал, бастайық.«Не істеуге болмайды?»
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)

«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

-Жарайсыңдар, сендер өте жақсы жауап бердіңдер.

 

Өлен: «Бал балалық»

 

( Мұғалімге белгісіз адамдардан хаттар келеді. Мұғалім сол хаттарды балаларға таратып беруі қажет )
«Құпия хаттар»:
1 хат. Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап – ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермес ем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?

 

Сергіту сәті: (іс-қимылдарды қайталау)

 

Мақал-мәтелдер

(тақтада ілініп тұрған мақал-мәтелдерді табу)

1.    Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені, 
Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені

2.    Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.

3.    Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

4.    Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.

5.    Аға әдепті болса,- іні әдепті
Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.

6.    Сіз деген- әдеп. Біз деген- көмек.

 


Қорытындылау
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.

Бағалау:  әр балаға смайликтер тарату.

 

Мұғалім:

Әдіскер:

Баға:

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әдептілік - тәрбие бастауы" (3-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 004 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.12.2017 1006
    • DOCX 24.1 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурланбекова Асель Тумарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4929
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 753 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 028 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 005 человек

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе