Инфоурок Дошкольное образование Рабочие программыДидактикалық ойындар "Бала тілін дамыту"

Дидактикалық ойындар "Бала тілін дамыту"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

Тіл-қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы.

«Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы,өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»

 

Жүсіпбек Аймауытов.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бала тілін дамыту

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда төрт негізгі мақсат қарастырылады.

 

1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту.

а) Айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа диалог түрінде жауап беруге үйрету.

ә) Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ) сөздерді үйрету.

б) Заттың сынын, сапасын, түр-түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту.

в) Заттың іс-әрекетін білдіретін (жүрді,  жүгірді, келді, қияды, екті, септі) сөздерді әрі қарай меңгерту.

г) Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, асты, астында, жоғарыда, төменде ) қосып айтуға үйрету.

2. Сөз дыбыстарын дұрыс айту.

 

Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете отырып дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету. Үш-төрт сөзден тұратын сөйлемдер құрату.

3. Грамматикалық категорияларды меңгерту.

 

Зат есімге іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құратуға үйрету. Сөздерді септеп, жіктеп, жекеше, көпше (менің досым, біздің ойыншықтарымыз) айтуға үйрету.

4. Байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген-түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша, сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету. (сызбаның түрлері беріледі)

Мектеп жасына дейінгі баланы дамыту әдістері:

 

Баламен әңгімелесу, күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату; кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп, сөйлесу; көрген-білгені туралы әңгімелеп беруді үйретіп отыру; сөздік тапсырмалар орындату; Әңгімелесуден соң, балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығарма оқып беріп, тыңдату; түсінгені туралы оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.

Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:

1.      Затты бақылауға дағдыландыру;

2.      Балалардың түсінігін байқау, сұраққа дұрыс жауап беруін қадағалау;

3.      Бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгендерін тиянақтап отыру. Мысалы: бала үй жануарларын бақылағанда (қозылы қой, бұзаулы сиыр) олардың әрекеті, адамға келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы (қозы, қой, сиыр) ұқсас жақтары туралы салыстыра айта білуі тиіс. Сондай-ақ, балаларға мақал-мәтел айтып, жұмбақтың шешуін сұрап, сөз мәнісін, түсінігін айтуға, жануарларды суреттен танып көрсетуге, мүсіндеуге үйретіп, жануарлар айтысы т.б. ойындар арқылы оқу  іс-әрекетін одан әрі жалғастыру.

 

 

Бала тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізіп отыруға болады:

 

1.      Айналада бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім-кешек, ыдыс-аяқ, тағам, үй мүліктері) көрсету, баланың қолына беріп, атын сұрап айтқызу. Осы заттарды қайда, неден (ағаштан, шыныдан, шыттан, жүннен, темірден т.б.) жасалатынын, кімге, неге, не үшін керек екенін ұғындыру.

2.      Баланы белгілі заттардың атына байланысты сөздерден сөйлем құрап айтуға үйрету. Мұндайда «Суретті сөздік» атты кітапшада жеке заттар мен оларға байланысты іс-әрекеттер көрсетілген. Бала суреттен үйдегі затты көрсетіп, бірде атын атаса, екіншіденсол заттардың көмегімен жасалатын іс-әрекет, оның ерекшелігі туралы сипаттама айтуға жаттыға бастайды.

3.      Балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйрене бастаған соң, шағын әңгіме құрастыруға дағдылану керек.

а) Баланың бақылау кезінде көргендері жайлы жетекші сұрақ беріп әңгімелесу.

ә) Ойыншықтары, жақсы көретін кітабы жайында әңгіме айтқызу.

б) Оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын сұрап, әңгіме желісін бұзбай айта білуге үйрету.

в) Сюжетті көркем картиналарды (суреттерді) көрсетіп, оның мазмұнын әңгімелеп беруге баулу.

г) Жеке заттық атауларды білдірумен қатар киім, мал, төл, ағаш, тамақ, жеміс, көкөніс т.с.с. жалпы ұғымды білдіретін сөздерді түсіндіру.

ғ) Белгілі грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, сөйлей білуге үйрету: ішінде, үстінде, астында, қасында, жанында, артында, ортасында, шетінде деген сөздерді сөйлем ішінде қолдана білуін қадағалау. Ол үшін балаға сурет көрсетіп, әңгімелескенде, нақтылы  бір жұмыс түрін орындатқанда, ойын кезінде мынадай сұрақтар беруді ұмытпаған жөн. Қуыршағың қайда отыр? (үстелдің немесе диванның үстіне, астына, қасына қойып). Кітап қайда тұр? Немесе баланың бір ойыншығын жасырып қойып, тапқызу, ол жөнінде сұрап (Сүт қайда тұр? т.б.) әңгімелесу. Затты жекеше, көпше айтуға үйрету: кітаптар, қуыршақтар, кімнің? ненің?кімдікі? неннікі? Деген сұрақтарға жауап ала отырып, жеке сөздерді септік, көптік, тәуелдік жалғаулар жалғап айта білуге жаттықтыру.

Балаларға оқылатын шығармалар олардың ой-өрісіне, дүние танымына әсер етерліктей болу үшін мына мәселелер мұқият ескрілуі жөн.

1.      Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттап айтуға таңдалған м атериалдардың олардың даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы. Отбасында тәрбиеленуші әрбір бөбектің күнделікті іс-әрекеті, оның неге қызығып әуестенетіні, оның алғашқы ұстазы ата-анаға белгілі.

2.      Арнайы жинақталған суретті кітапшалар, әңгіме-ертегілердің, мақал-мәтелдердің, баланың өмірден алған әсерін, білім, түрлі әдет-дағдыларын айқындай түсіндіріп, тереңдете, кеңейте түсерлік дәрежеде болғаны жөн. Шығарманың баланы отансүйгіштікке, достық, жолдастыққа, ата-анаға, айналасындағы үлкен-кішіге, ата-әжесіне сүйіспеншілікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, мінез-құлыққа тәрбиелейтін дәрежеде болған жөн.

3.      Оқылатын шығарманың суреттермен көрнекі бейнеленуіне аса назар аудару қажет. Психологтардың дәлелдеуінше балалар оқиғалараының басталу, даму процесіне, шиеленісіне, оқиғадан-оқиғаның өрістеуіне, өзгерістер мен оның болу себептеріне, шешімінде кейіпкерлер мінездерінің әртүрлі іс-әрекет үстіне көріну өзгешелігіне қызыға назар аударады. Оқиғаның негізгі себептері туралы ой жүгіртіп, қорытынды жасауға ынталанады. Оқиғасы бала түсінігіне дөп келетін, оған айырықша әсер туғызған шығарманы тыңдап отырғанда бала сол оқиғаға өзі араласып кеткендей әсерленетін болады.

4.      Айналадағы балаға танымал дүние табиғаттың тамаша көріністерін, жыл маусымдарына қарай құбыла түрленетін ғажайып өзгерістерін, пейзаждың суреттерін, оның себептерін,табиғат пен адам арасындағы заңды байланыстарды айқара ашып, көркем де түсінікті түрде суреттеп бере білу, сәбиді сезімталдыққа, эстетикалық талғампаздыққа баулып, оның зейін қабылдау, таным әрекетін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.

5.      Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға түсінікті, олардың сөздік қорын жаңа сөздермен байытатындай болуы тиіс. Бар жақсысын ұрпақ тәрбиесіне аямаған халық – баланы  сылау мен өсіре отырып, құлағына бесік жыры әуенін сіңіре білген. Нәресте есейген сайын ана сүтімен даритын сөйлеу тілін дамытып, тазалыққа, имандылыққа баулып, ізеттілікке, жомартыққа әсемдік сезімталдыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке үйретіп, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу – әрбір  отбасының арманы болған. Оған дәлел – халық даналығы,  санамақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар баланы ойландырып, толғандыратын өтірік өлеңдер, ертегі-аңыз әңгімелер. Осылардың қай-қайсысы болмасын баланың сезімін селт еткізбей қоймайды. Тіліне үйіріліп, еріксіз сөзге еліктіреді. Өйткені ауыз әдебиеті халықтың ұрпағына деген сүйіспеншілігінен, арман-мүддесінен туындаған. Тілге жеңіл, мазмұны түсінікті ойната сөйлететін шығармаларды тыңдаған бала оны қиналмай жаттап алып айта береді. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дидактикалық ойындар "Бала тілін дамыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 704 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.05.2018 410
    • DOCX 21.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Майемерова Толқын Зейнуллиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69349
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие ребенка до трех лет: познавательные, коммуникативные и социальные аспекты

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тифлопедагогика в дошкольном образовании (работа с обучающимися с нарушениями зрения)

Учитель-дефектолог (профиль: нарушения зрения)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 80 человек

Курс повышения квалификации

Использование сказкотерапии с тревожными детьми в дошкольных образовательных организациях

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 624 человека

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 72 человека

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе