Инфоурок Химия Другие методич. материалыӘдістемелік нұсқаулық "Дәрі -дәрмек ғылым негіздері "

Әдістемелік нұсқаулық "Дәрі -дәрмек ғылым негіздері "

Скачать материал

Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы

Бескөл ауылы

«Парасат» мектеп - лицейі

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дәрі – дәрмек ғылым негіздері»

Әдістемелік нұсқау

 

 

                                            

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жыл

 

 

 

Құрастырушы:

                              Алдабергенева Б.Е.  Қызылжар ауданы

                                                                     Бескөл ауылы

                                                                     «Парасат» мектеп – лицейі

                                                                     химия пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

«Дәрі – дәрмек ғылым негіздері» (әдістемелік нұсқау)

 

 

 

 

    Оқушылардың кәсіптік бағыттары 11 сыныпқа қарай анықталады. Сондықтан бейорганика және органика тарауларын тереңдете оқыту қажеттілігі туындады. Бұл оқушылардың алдын – ала кәсіби дайындықтары.  Өмірде адамға бастапқы медициналық білімнің қажеттілігі бәрімізге мәлім. Оқушыларға биохимиялық бағдар беріп, осы арнайы нұсқаулық арқылы бүгінгі күнгі көптеген дәрі-дәрмек препараттардың құрамын білуге, қолданылуын үйретуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

                                                        

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Түсініктеме хат

     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «ұлттық және бүкіл азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген.  Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беруге арналған базистік оқу жоспарының мемлекеттік компоненттерінің бірі болып саналады. Базистік оқу жоспарындағы химия пәнінің мақсатын, нәтижелерді бағалау өлшемін, олардың сипаттамаларын тұрақтандыруды анықтаудың нормативтік базасы мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарттары болып табылады.

  «Химия» пәні стандарт талаптарында көрсетілгендей жалпы, бейорганикалық және органикалық химия білім аймағында іргелі білім бере отырып, оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру, қазіргі қоғамдағы химия ғылымы мен практикасының маңызын түсіндіру, теориялық ойлау мен практикалық дағдыларын дамыту, жан-жақты ғылыми көзқарастарын және жеке тұлғаға тән әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру міндеттерін орындайды.

   Мектепте химиялық білім беруді дамытудың болашағы химия ғылымының және медицинаның қазіргі кездегі даму бағыттарына,  биохимиялық құбылыстар аймағындағы обьектілерді ғылыми зерттеуді кеңейтуге, тірі дүние құбылыстары мен табиғи обьектілер (биохимия, биотехнология, фармакология, жоғары молекулалы қосылыстар химиясы және дәрілік заттар) зерттеуге байланысты анықталады.

   Қазіргі кезде білім беру жүйесінде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталып қалыптасу процесі жүріп жатыр. Білім беруді дамытудың жалпы тенденциялары оқушылардың білімі мен біліктерін елеулі түрде көтерумен шектелмейді, сонымен қатар олардың мәдениетін, қабілетін, шығармашылық мүмкіндігі мен өзіндік қасиетін максималды дамытуды, бала денсаулығын сақтап, нығайтуды, адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыруды көздейді. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескеру, оқытудың іс-әрекеттік мәнділігін арттыру, білімнің практикалық бағытталуын күшейту, оқу материалдарының мазмұнын оқушының өмір тәжірибесіне жақындату, оның өз бетінше оқу және ізденушілік қызметін кеңейтетін жағдайлар туғызу, білім сапасын арттырудың пәрменді тәсілдері болып саналады.

Осыған орай 11 сыныптарға арналған «Дәрі – дәрмек ғылым негіздері» атты арнайы әдістемелік нұсқаулықты тереңдетіле оқытылатын жаратылыстану-математика бағытындағы мектептерге арналып жасалып отыр.

 

Бағдарламаның мақсаты:

 Биохимия білім негізін тереңдете оқытып, оқушыларға бастапқы фармакологиялық білім беру, өмірдегі жағдайларды қолдануға және дәрі-дәрмектерді пайдалана білуге үйрету, болашақ медициналық қызметкерлерге кәсіптік бағдар беру.

 

Бағдарламаның міндеттері:

- Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігі мен өзіндік қасиетін жаратылыстану бағытындағы химия пәні бойынша алған білімдерін тереңдетіп, пәнге деген қызығушылығын ояту;

-Кәсіби дайындық алуына, өзіндік ізденістерінің артуына мүмкіндік беру;

-«Дәрі – дәрмек ғылым негіздері» курсы бойынша химия ғылымының өмірде, медицинада, техникада, ауыл шаруашылығында маңызды екенін көрсетіп, оқушылардың іс-әрекеттегі іздену белсенділігін және пәнге деген ішкі мотивацияны тұрақтандыру;

-Химия, биология, биохимия, фармакология пәндері бойынша білімдерін интеграциялау;

-Химиялық білімге байланысты мамандық таңдауына оқу мотивациясын дамыту;

-Арнайы курстан алған білім мен біліктерінен қорытынды шығаруға, шығармашылық жұмыс істей білуге дағдыландыру;

-Іс - әрекеттің интеллектуалды және практикалық салаларын, танымдылық белсенділікпен, өздігінен жұмыс істеуге, ой - өрісінің кеңею барысында, мақсатқа жетудегі «менінің» дамуына жағдай жасау.

 

Бағыттылығы:

Химияны тереңдете оқытып бастапқы фармакологиялық білім беру.

 

 

 

Өзектілігі және жаңашылдығы:

     Оқушылардың кәсіптік бағыттары 11 сыныпқа қарай анықталады. Сондықтан бейорганика және органика тарауларын тереңдете оқыту қажеттілігі туындады. Бұл оқушылардың алдын – ала кәсіби дайындықтары.

     Өмірде адамға бастапқы медициналық білімнің қажеттілігі бәрімізге мәлім. Оқушыларға биохимиялық бағдар беріп, осы арнайы нұсқаулық арқылы бүгінгі күнгі көптеген дәрі-дәрмек препараттардың құрамын білуге, қолданылуын үйретуге

болады.

 

                                Күнтізбелік - тақырыптық  жоспар

Тақырыптардың аты

Сағат

 саны

Өтілу  формасы

және өткізу орны

Құрал -жабдықтар

1

1.Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеттері. Курста қарастырылатын сұрақтар мен жалпы құрылымы.

11 сынып оқушыларының бастапқы деңгейлерін анықтау.

1

Дәріс

 

 

 

 

2-3

 

4

 

5

 

6

2.Дәрілік заттарды зерттеу әдістері және адам ағзасына әсері. (5сағ.)

Химиялық және биологиялық әдістер.

Дәрілік препараттардың биологиялық рөлі.

Дәрілік шөптердің емдік қасиеті.

Дәрумендер мен минералдардың адам ағзасына әсері.

 

 

 

 

2

 

1

 

1

 

1

 

 

 

Дәріс

 

Дәріс/тәжірибе

 

 

Дәстүрлі емес сабақ

 

Дәріс

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнетаспа

 

 

Кеппе шөптер

 

 

кестелер

 

 

7

 

8

 

9

 

3.Бейорганикалық дәрілік заттар (3сағ.)

VII, VI, топ элементтерің жалпы сипаттамасы.

V ,IV, топ элементтерің жалпы сипаттамасы.

III,II, I топ элементтерің жалпы сипаттамасы.

 

 

1

 

1

 

1

 

 

Дәріс

 

 

Дәріс

 

 

 

Дәріс

 

 

 

кестелер

 

кестелер

 

 

 

кестелер

 

 

10-11

 

12-13

 

14

 

15-16

4.Органикалық дәрілік заттар. (7 сағ)

Спирттер және альдегидтердің химиялық құрамы.

Карбон қышқылы мен эфирлердің химиялық құрамы.

Аминқышқылдары және фенолдар

Ақуыздар

 

 

2

 

2

 

1

 

2

 

 

Дәріс/практика

Петропавл мед.колледжі

 

 

 

Дәріс

 

 

 

17

18

19

 

20

5.Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер.(4 сағ.)

Наркозға арналған дәрілер.

Ұйықтататын дәрілер

Адамның көңіл-күйіне әсер ететін дәрілер.

Депрессияға қарсы дәрілер.

 

 

1

1

1

 

1

 

 

 

Дәріс

Қызылжар ауданының емханасы.

Петропавл қаласының ауруханасы

 

 

 

дәрілердің түрлерімен танысу

 

 

 

21

 

 

22

 

 

23

 

24

 

25

 

26

6.Атқарушы ағзалар мен жүйелерге әсер ететін дәрілер. (6сағ.)

Жөтелді жеңілдететін және қақырық бөлінуін жеңілдететін дәрілер.

Жүрек – қан тамырлар жүйесіне әсер ететін дәрілер – жүрек гликозидтері.

Қан қысымын төмендететін дәрілер.

Ас қорыту ағзаларының қызметіне әсер ететін дәрілер.

Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер.

Аллергияға және қабынуға қарсы дәрілер.

 

 

 

1

 

 

1

 

 

1

 

1

 

1

 

1

 

 

 

 

 

Дәріс.

 

 

 

Дәстүрлі емес сабақ.

 

 

 

Дәріс

 

 

Семинар сабақ.

 

 

Дәріс

Дәріс

 

 

 

 

 

 

дәрінің түрлерімен таныстыру

 

27

28

7.Витаминдер.

Суда еритін витаминдер

Майда еритін витаминдер

 

1

1

 

Дәріс/тәжірибе

 

Слайд

29-30

8.Антибиотиктер.

 

2

Ойын сабақ

 

31

9.Дәрілермен өткір уланғанда қолданатын негізгі емдеу принциптері.

1

 

 

Аралас сабақ

 

32

10.Нашақорлық қауіпті дерт.

 

1

Сайыс сабақ

 

33

11.Зиянды заттар зардабы

1

Топпен жұмыс

Кестелер,

бейнетаспа,

слайд дайындау.

34

12.Қорытынды

 

1

 

 

 

                                          

 

 

 

 

 

Курс мазмұны

(11сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Кіріспе.

Бағдарламаның тұсау кесері. Курстың мақсаты мен міндеттері. Курста қарастырылатын сұрақтар мен жалпы құрылымы. Курска қатысатын оқушылардың бастапқы деңгейлерін анықтау және олар үшін қойылатын талаптар.

 Дәрілік заттарды зерттеу әдістері және адам ағзасына әсері.

Химиялық және биологиялық әдістердің түрлері. Дәрілік препараттардың биологиялық рөлі. Дәрілік шөптердің емдік қасиеті. Дәрумендер мен минералдардың адам ағзасына әсері.

Бейорганикалық дәрілік заттар

VII топ элементтері – хлорид, бромид,иодидтердің құрамы, химиялық формуласы, қасиеттері; VI топ элементтері – оттегінің құрамы,судың пайдасы,пероксидтің құрылысы; V топ элементтері – натрий нитридінің химиялық формуласы дәрілік зат ретінде пайдасы, құрамы; IV топ элементтері – карбонаттар және гидрокарбонаттардың құрамы; III топ элементтері – бор және алюминий   қосылыстары; II топ элементтері – магний, кальций және барий қосылыстарының құрамы;, I топ элементтері – мыс және күміс қосылыстары.

Органикалық дәрілік заттар.

Спирттер және альдегидтердің химиялық құрамы, физикалық қасиеттері, жеке өкілдері және қолданылуы; Карбон қышқылы мен эфирлердің химиялық құрамына кіретін дәрілік заттар және қолданылуы;

Аминқышқылдары және фенолдар химиялық құрамы, жеке өкілдері.

Ақуыздар – биологиялық маңызы, құрамы, құрылысы, структурасы мен жіктелуі; глобулярлы және фибрилярлы ақуыздар.

Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер.

Наркозға арналған дәрілер- наркоз дәрілерін алу тарихы; ингаляциялық наркоз дәрілері;наркоз кезеңдері;наркоз кезінде болатын асқынулар; наркоз дәрілеріне қоятын талаптар. Ұйықтататын дәрілер – кезеңдері;ұйықтататын дәрілермен улану; эпилепсия ауруды емдеуге арналған дәрілер; дәрінің аттары және шығу түрлерімен таныстыру. Адамның көңіл-күйіне әсер ететін дәрілер – нейролептиктер, транквилизаторлар, седативтік дәрілер, литий препараттары, қосымша әсері және қолданылуы. Депрессияға қарсы дәрілер - антидепрессанттар, психостимуляторлар, дәрінің атауы, қосымша әсері және қолданылуы.

Атқарушы ағзалар мен жүйелерге әсер ететін дәрілер.

Жөтелді жеңілдететін және қақырық бөлінуін жеңілдететін дәрілер – орталық және шеткері әсерлері;препараттары; әсер ету механизмі; тікелей әсері бар дәрілер; бронхолитиктер; өкпе ісігінде қолданылатын дәрілер. Жүрек – қан тамырлар жүйесіне әсер ететін дәрілер – жүрек гликозидтері – әсер ету механизмі; қолданылуы; препараттары. Қан қысымын төмендететін дәрілер- ганглиоблокаторлар; симпатолитиктер; адреноблокаторлар; диуретиктер;дәрінің аттары және шығу түрлері. Ас қорыту ағзаларының қызметіне әсер ететін дәрілер- тәбет ашатын дәрілер; тәбет басатын дәрілер; асқазан секторлық қызметі бұзылғанда қолданылатын дәрілер; асқазан сөлінің құрамындағы препараттар; асқазан моторикасына әсер ететін дәрілер; өт жүргізетін, іш жүргізетін дәрілер.

Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер – эритропоэзге әсер ететін дәрілер; гипохромды анемияда қолданылатын дәрілер;қалпына келтірілген темір; темірдің басқа препараттары;қан ұйығына және фибринолизге әсер ететін дәрілер; қан ұйығын тежейтін дәрілер. Аллергияға және қабынуға қарсы дәрілер.

Витаминдер .  Суда еритін витаминдер – тиамин, рибофлабин, пантотен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин,кобаламин, никотинамин, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин және т.б; Майда еритін витаминдер – ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон және т.б.

Антибиотиктер. Витамин молекулаларын бұзатын немесе оларды активсіздендіретін, яғни инактивтендіретін заттар; витаминдердің структурасына ұқсас және оларды биологиялық активтік заттардан ығыстырып, активсіздендіретін заттар.

Дәрілермен өткір уланғанда қолданатын негізгі емдеу принциптері – удың қанға сіңуін тоқтату; организмге сіңген удың организмнен бөлінуін күшейту; гемодиализ және гемосорбция әдістері.

Нашақорлық қауіпті дерт. Зиянды заттар зардабы.

Қорытындылау тапсырмалары.

 

 

 

Оқушылар білу керек:

-         Биохимиялық білім негіздерін білу;

-         Фармакологиялық үрдістерді тану;

-         Негізгі дәрі – дәрмектердің құрамы туралы түсініктерінің болуы;

-         Дәрі – дәрмектерді дұрыс пайдалануға үйрену;

-         Дәрі – дәрмектердің пайдасы және кері әсері туралы мәліметтерді білу;

-         Жалпы химиялық реакцияларды медициналық біліммен байланыстыра білу.

 

Оқушылар орындай білу керек:

-         Дәрі – дәрмектердің формулаларын құрастыра білу керек;

-         Практика жүзінде жеңіл препараттарды жасай білу керек; (эксперименттік-тәжірибелік жұмыс)

-         Топтар бойынша дәрі – дәрмектерге сипаттама бере білу;

-         Практика барысындағы эксперименттік – тәжірибелік жұмыстарды сипаттай білу;

-         Эксперименттік – тәжірибелік жұмыс орындауда медициналық препараттардың сапалық қасиеттерін еске түсіру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Негізгі әдебиеттер тізімі:

1.     ҚР «Білім туралы» Заңы.

2.     Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н., Жалпы химия –Алматы:

3.     Темірболатова Ә., Нұрахметов Н., Жұмаділова Р., Әлімжанова С., 2007 . Алматы «Мектеп» Химия 10-11 сынып оқулығы.

4.     Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н Алматы 2005. Оқулық

5.     Беликов В.Г. Фармацевтическая химия. Учебное пособие.2007-624с.

6.     Байнекешова С.У. Фармакология. Оқу құралы.2006ж

7.     Сейітов. З. Биологиялық химия. Алматы, «Қайнар» , 1992

8.     Есқайыров М.Е. Бейорганикалық қосылыстар. Алматы, «Мектеп» 1987

9.     Алдашев А. Тағам және денсаулық. А, 1977

10. Добрынина В.И. Свешникова Е.А, Руководство к практическим занятиям по биологической химии. М «Медицина», 1967.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдістемелік нұсқаулық "Дәрі -дәрмек ғылым негіздері ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.12.2015 2119
    • DOCX 89 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алдабергенева Бакыт Ериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алдабергенева Бакыт Ериковна
    Алдабергенева Бакыт Ериковна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 29993
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Химия окружающей среды

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 440 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 352 человека

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе