Инфоурок Начальные классы КонспектыДүниетану пәнінен сабақ жоспары "Отаным менің байтақ өлкем"

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары "Отаным менің байтақ өлкем"

Скачать материал

Дүниетану.

 

Орал қаласы, №37 ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі

Хайрушова Бакытжамал Адильбековна

 

Сабақтың тақырыбы: Отаным менің байтақ өлкем.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту, тереңдету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Туған жердің табиғатына, ел тарихына үңіле отырып, оқушылардың Отан туралы білімдерін кеңейте түсу;
Дамытушылық: Тілін дамыта отырып, оқушыларды қисынды ойлай білуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулу;
Тәрбиелілік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Сөздік, көрнекілік, жұптық жұмыс, сөзжұмбақ, кесте, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан облыстарының картасы бейнеленген кеспе қағаздар, гүлдер, Ұлы Жібек жолының тармақтары картасы.
Техникалық құрал: компьютер, проектр, ИТ.
Бағдарламалық жабдық: презентация

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.

-Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
- Мектеп пен өндірістің байланысы.

Тақырып мазмұнын сұрау.
Үй тапсырмасын айтқан оқушыға сұрақ жазылған кеспе қағазды беру. Оқушы сұрақты оқып, жауап береді. Әр кеспе қағаз Қазақстанның облыстарының жер көлемін бейнелейді. Сұраққа жауап бергеннен соң тақтадағы тиісті орнына жапсырады.

Сұрақтар:
1. Мектеп пен кәсіпорынның  байланысы не үшін керек?
2. Ауылдық мектептерде қандай өндіріс орындарымен байланыс жасай алады?
3. Қазіргі заманға сай автоматтандырылған, компьютермен басқаратын қандай өндіріс орындарын білесің?

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Кеспе қағазды алып сұрақты оқу.
-Өз жерімізде қандай кәсіпорындар бар?
Сұраққа жауап берілген соң, кеспе қағазды тақтаға ілу.

ІҮ. Жаңа сабаққа әзірлік.
Сақтайық, қане тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
Ойлан, ойлан және ойлан,
Үздіктері сыныптың.
Озаттар мен орталар,
Ойланбаған құр қалар.

Ү. Жаңа сабақ.
Кеспе қағазды алу.
-Балалар, «бұл қағазда сөзжұмбақты шешіңдер» деп жазылған.

Сөзжұмбақты шешу.



Шешіп болған соң, кеспе қағазды тақтаға ілу.
-        Балалар,  тігінен тұрған әріптерді қосып оқиық.
-        Бұл бүгін бастағалы отырған үлкен тарауымыз.

Туған ел. Отан.
Кеспе қағаздан Отан сөзін оқып, тақтаға ілу.

- Отан деген не? Отан дегенде ойларыңа не келеді?
Кеспе қағаздан тапсырма оқу.
-Отан туралы өлең  білесіңдер ме?

Бір оқушыға өлең оқыту.
Кеспе қағазды тақтаға сәйкес нөмеріне ілу.
Тақырып бойынша әңгімелеу.
Дүйсенбек пен баласы Сәлім екеуінің әңгімесі арқылы Қазақстанның табиғатымен, шекарасымен, Жібек жолымен таныстыру. Тақырып мазмұнын түсіндіру.
Кеспе қағаздың тағы біреуін алып, тапсырманы оқу. Оны орындап, қағазды тақтаға ілу. «Тянь-Шань» деген сөз Қытай тілінен аударғанда «Тәңірі тауы» деген ұғымды білдіреді. Оны біздің халқымыз «Еренқабырға» деп атаған. Оған Қытайдың батысы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерін алып жатқан алып тау жоталары енеді. Демек, мәтіннен «Тянь-Шань таулары» деген тіркестерді оқып отырғанда сөз өзіміздің әсем Алматымыздың жанындағы Іле Алатауы туралы да болып отыр деп түсіну керек.

Дәптермен  жұмыс.
Кеспе қағаздың тағы бірін алып, тапсырманы оқу, оны орындау. Қағазды өз орнына, тақтаға ілу.

Тапсырма: Картадан Қазақстан мен КХР  аумақтарын және олардың арасындағы шекараны, «Жібек жолы» пойызы жүріп өткен жолды, Каспий теңізін, Алтайды, Батыс Сібір жазығын, Іле Алатауын, Алматыны тап.
Тапсырманы карта арқылы орындау.
Кеспе қағзады алып, тапсырманы оқу.

Бақылау күнделігіндегі 62-бетте тұрған тақырыпқа байланысты тапсырманы орында.
Бақылау күнделігімен жұмыс.

Сергіту жаттығуы
Кеспе қағазды алып, тапсырманы оқу,орындау, тақтаға ілу.

Оқушылар барлығы бірлесе отырып орындайды.
Құралған өлеңді бір оқушыға оқыту.
Кеспе қағаздан тапсырманы оқу, орындау, қағазды тақтаға ілу.

Тапсырма: Кестені толтыр.

Барлығы бірге орындап, тақтаға жазады. Соңғы сұраққа әркім өз ойларын айтады.

ҮІ. Сабақты қорытындылау
Кеспе қағаздан тапсырманы оқу. «Қазақстан» сөзжұмбағын шеш.

1.    1925-29 жылдардағы Қазақстанның астанасы? (Қызылорда)
2.    Алматы қай таудың баурайында орналасқан? (Алатау)
3.    Қазақстан қандай ел?    (тәуелсіз)
4.    Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында?  (Алматы)
5.    Астананың бұрынға аты қалай аталған?    (Ақмола)
6.    Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
7.    Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың символы.     (Бәйтерек)
8.    Мемлекетіміздің мәйегі,
Дербестігіміздің дәйегі…    (Елорда)
9.    1920-25 жылдардағы Қазақстанның астанасы?  (Орынбор)
-     Соңғы тапсырманы орындайық. Тапсырманы оқып, қағазды тақтаға ілу.

Тапсырма: Қазақстанды гүлдендір.

Барлық тапсырмалар орындалып болған соң, кеспе қағаздар өз орнына  ілінгеннен кейін тақтада Қазақстанның картасы құрастырылып шығады.
-  Міне, балалар, біз 14 тапсырма орындап, Қазақстанның 14 облысын өз орындарына орналастырып, Қазақстанның жерін құрастырдық.

Оқушылар үйден жасап әкелген гүлдерін карта бетіне жапсырады.
-   Міне, балалар, біз Қазақстанды гүлдендірдік. Болашақта Қазақстанның дәл осылай сақталып, гүлденуі біздің қолымызда.
Отанымның ұлымын.
Бұл-гүлденіп жайнаған,
Гүлстандар Отаны.
Бірін-бірі сыйлаған,
Туысқандар Отаны.
Ә.Табылды.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұндау.
«Менің елім» тақырыбына эссе жазу.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниетану пәнінен сабақ жоспары "Отаным менің байтақ өлкем""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 220 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2016 979
    • DOCX 2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хайрушова Бакытжамал Адильбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1054
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 118 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 532 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 174 человека

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек