Дүниетану 2 сынып Сабақтың тақырыбы: Мектеп-білім беретін мекеме

Предпросмотр материала:

Дүниетану 2 сынып

Сабақтың тақырыбы:  Мектеп-білім беретін мекеме

Сабақтың мақсаты:

1.     білімділік: оқушыларға әрбір адам білім алу керектігі туралы ұғымды қалыптастыру;білім беру мекемелерімен таныстыру.

2.     дамытушылық: сөздік қорын молайту;байланыстырып сөйлеуге үйрету.

3.     тәрбиелік: мамандық иелерін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интербелсенді тақта, білім мекемелері,             А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин портреттері.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: танымдық сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, ассоциация.

 

Сабақтың барысы.

I Ұйымдастыру кезеңі

    Психологиялық  дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

II Үй тапсырмасын қорытындылау

Дидактикалық ойын «Біз қонаққа барамыз» .Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

1.     сыйлықтар жасайды

2.     дастарқан жаяды

3.     қонақтар

4.     үй иелері

Оқушылар қонақтардың келуін, оларды үй иелерінің қарсы алуын сахналайды.Ойын барысында сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлінеді.

 «Тамақтан алыңыз», «Өте дәмді», «Ғафу етіңіз», «Қол жалғап жіберіңізші» деген сияқты сыпайы сөздер айтылады.

  «Отбасы» дегенде ойымызға не оралады? Ассоциация құралады.

III Жаңа сабақ

Кіріспе

-         Қазақ даласында ең алғаш мектеп ашып, бала оқытқан ағартушы кім ? Оның қандай өлеңін білесіңдер? Ыбырай Алтынсариан туралы білетіндерін толықтырамын.

-         Ахмет Байтұрсынов туралы не білеміз? Әліпбидің атасы, мемлекет, қоғам қайраткері, қазақ балаларын оқуға шақырған...

-         Қазір біздің елімізде оқымайтын бала жоқ, әрбір 6-7 жасқа толған бала мектеп табалдырығын аттап, тегін білім алуға құқылы.

IV Оқулықпен жұмыс

Ø «Мектеп-білім беретін мекеме» мәтінін оқу

Ø  Мазмұнымен жұмыс (сұрақ -жауап түрінде)

Ø  «Мектеп» сөзіне топтастыру жасау

Интерактивті тақтада орындалады.

   Мектеп- білім беретін мекеме.Ол-жоғарғы оқу орнына апаратын алғашқы баспалдақ.Мектеп алдында 3жастан бастап балабалабақшада білім алып, тәрбиеленеді.

 

университет

институт

 

лицей

гимназия

мектеп

 

колледж

 

балабақша, мектепалды даярлық

 
                                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

-         Мамандық алу үшін не істеу керек?

-         Жақсы оқу үшін ше?

-         Қандай мамандықты білесіңдер?

-         Ал бағдарламашы –инженер болу үшін қандай пәнді жақсы оқу керек?

 

V Дәптермен жұмыс

 «Сөйлемді аяқта» дидактикалық ойынының тапсырмалары интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады.

1.     Мектепте  оқушыларды мұғалім  ________________ .

2.     Математика сабағында есеп  ___________________ .

3.     Денешынықтыру сабағында ___________   ______________.

4.     Информатика сабағында _____________, _______________.

 

VI Қорытындылау

1.     Мектеп қандай мекеме ?

2.     Сенің мектептегі міндетің қандай?

3.     Мектебің туралы 3-4 сөйлемнен тұратын эссе жаз

4.      

VII Бағалау

Жауап беріп отырған балаларға сабақ барысында жұлдызшалар таратылады.

 

VIII Үйге тапсырма

1.     Мәтінді түсініп оқу

2.     «Менің мектебім» тақырыбында сурет салу

 

1.       

Краткое описание материала

Дүниетану 2 сынып Сабақтың тақырыбы: Мектеп-білім беретін мекеме

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Танатарова Даригуль Кабылбаевна

учительница начальных классов

  • На сайте: 10 лет и 9 месяцев
  • Всего просмотров: 6171
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 6171
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Танатарова Даригуль Кабылбаевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: