Инфоурок Начальные классы КонспектыДүниетанудан Ежелгі ата бабаларымыз ашық сабақ

Дүниетанудан Ежелгі ата бабаларымыз ашық сабақ

Скачать материал

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

 

Сабақ тақырыбы:

Ежелгі ата-бабаларымыз

Мектеп:

Күні :

 

Мұғалімнің есімі:  Буралбай Даметкен

 

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

                     Барлық оқушылар:ежелгі ата-бабаларымыз сақтар, олардың мәдениеті, тұрмысы туралы мағлұмат алу;

 

                     Оқушылардың басым бөлігі:сақ ханшайымы Томириспен танысy;

                     Кейбір оқушылар:қазіргі және ежелгі тіршілікті салыстыруды үйренy.

Тірек сөздер:

көшпенді ел – кочевник – nomadic people; көлік – транспорт – transport;

әскер – армия – army; бостандық – свобода – freedom.

Ресурстар:

Сабақ тақырыбына байланысты арнайы таныстырылым, көлік түрлерінің суреттері, А3 көлеміндегі парақ, маркерлер, стикерлер, «Көшпенділер» ойынына арналған музыкалық композиция, сақ мәдениетінің заттары бейнеленген суреттер.

Сабақтың мақсаты:

1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу

 

Сабақтың  барысы

 

Психологиялық дайындық

 

1 мин

Топқа  бөлу – жұпқа  бөлу

 Машинаның суреті, ат арбаның  суреті

Жұптық бөлініс.

2 мин

Миға шабуыл 

Ойын «Қоныс аудару »

«Көш қозғалды»,

«Көш қоныстанды» оқушылар  көшіп қонып көреді.

1 мин

«Ой  қозғау»

Оқушылар  берілген суреттерге қарап өз ойларын айтады.

-Кімдер бейнеленген?

-Тіршіліктері  қандай  болған?

-Немен  айналысқан?

Көшенділер- кочевники- номад.

Көшпенді халыққа  түсініктеме  беріледі.

 

7 мин

Дәптермен  жұмыс

 31- жұмыс  «Ежелгі қоныс» суретін сал.

5 минут

Сергіту сәті

Музыканың  ырғағымен би қозғалыстарын жасайды.

2 минут

«Өзбеттік  оқу»

Оқушылар  өзбеттік  оқуға  кіріседі. Томирис ханшайымы  жайлы  оқып танысады. Ортақ талдайды.

Білгендері  бойынша  сұрақ  дайындайды.

-          Томирис кім болған?

-          Ол қандай  болыпты?

-          Ол кіммен соғысыпты?

-          Соғыста  кім жеңді?

5 минут

Видеокөрсетілім

«Ерден атаның  әңгімелері», Не білдік  бұл көрсетілімнен?

 + ҚБ  тапсырмаларын орындау.

10 минут

Есімдер жайлы  не білеміз?

Қазіргі  кездегі  балаларға қандай есімдер бар атақты  тұлғалардың  есімдерімен аттас?

1 минут

Шығармашылық жұмыс

Қатынас түрлері.

Қазіргі кезде                             Сақтарда

Машина                                     ат арба

Автобус                                      Жылқы

2 минут

Рефлексия

Бүгін сабақа не  білдік?

Кімдермен таныстық?

Сендерге ұнады ма?

 

    Кері байланыс 

Желкенді кеме

 

Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішіндегі ерекшелерінің бірі – сақтар. Олар туралы мәліметтер грек және парсы дерек көздеріндебар. Ғалымдардың зерттеулеріне сай сақтар жер өңдеумен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтарда металл шығарып, өңдеуге байланысты қол өнері жақсы дамыды. Сақ шеберлері темірден, қалайыдан, күмістен және алтыннан қанжар, садақ оқтарының ұштарын, атәбзелдерін, әшекей бұйымдар, айна құйып, жасады. Ата-бабаларымыз табиғат сырларына өте қанық болған. Олар жылқы, қой, түйе, ірі қара мал өсіріп,жануарлардың етін азық етті. Олардың терілері мен жүнінен киім және басқа да қажетті заттар жасады. Сақ өнерінде аң стилі кеңінен таралған. Азия тарихындағы аса танымал әйелдердің бірі сақ ханшайымы Тұмар (Томирис) еді. Тұмар ханшайым есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы еш жеңілуді білмеген әйгілі парсы патшасы Кирдің әскерін жеңуіне тікелей байланысты. Аңызға сай Томирис керемет сұлулығымен, өжет мінезімен, ақыл-парасатымен ерекшеленеді.

 

Сабақ басталарда оқушыларды топтарға бөліңіз. Ол үшін оқушыларға көлік түрлерінің атауы жазылған үлестірме парақшалар таратыңыз, мысалы, ұшақ, кеме, пойыз, автомобиль. Оқушылар мұғалімнің бұйрығымен көлік аттары бойынша топтасады. Оқушыларды топ бойынша отырғызып, «Көшпенділер» ойынын өткізіңіз. Көшкен кезде өздерімен бірге қандай заттарын алып жүретінін сұраңыз. «Көш қозғалды» деген сәтіңізде заттарын алып, келесі топпен орын ауыстырып отырулары қажет. «Көш қоныстанды» деген сәтте қай орынға келіп тоқтады, сол орындарында қалулары тиіс. Ойын арқылы оқушылар жаңа сабақ туралы біршама түсінік алуы керек. Осылайша бірнеше рет қайталауға болады. Бұл жұмыс түрі оқушылардың көшпенділер тіршілігінің ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді. Ойын өткізіп жатқан уақытта домбырада ойнаған музыкалық композицияның дыбыстық жазбасын қосып қоюға болады.

Көшпенді ел. Топтардың арасында «Сақтардыңқоныс аударуы» тақырыбына кіші зерттеу жұмысын жасатыңыз. Ол үшін әр топқа А3 көлеміндегі 1-2 парақ, маркер таратып беріңіз. Оқулықтағы суретке мұқият қарауды ұсыныңыз. Топтағы оқушылар суретте кім бейнеленгенін, бұл адамдар қалай тіршілік еткенін, шаруашылықтары, қару-жарақтары қандай болғанын, қандай көлік түрін пайдаланғанын айтып беруі тиіс. Оқушылар өз жұмыстарын тірек схема немесе кесте түрінде безендірсін. Әр топ өз жұмыстарын тақтаға немесе сынып бөлмесінің қабырғаларына іліп қояды. Барлық топтар бір-бірінің жұмыстарын тексеруі үшін уақыт беріңіз. Олар стикерлерде өз ұсыныстарын, ескертулерін, пікірлерін, тілектерін жаза алады және оларды басқа топтардың жұмыстарына іледі.

Бұл тапсырманы «Телефон» ойыны арқылы жұптағы жұмыс ретінде өткізуге болады. Бір оқушы

қазіргі заманғы баланың рөлін, ал басқасы сақ баласы рөлін орындайды. Рөлді ойнап жатқандар өзара телефонмен диалог жүргізеді. Жұмысты жақсы жүргізген жұпты атаңыз. Бұл тапсырма шығармашылықпен ойлануына көмектеседі. Оқушыларға оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз.

Мен кіммін? Бұл айдарда Сақ ханшайымы Томиристуралы айтылады.

«Томирис есімді қыздарды білесіңдер ме?», «Неліктен оларды Томирис деп атаған?» деген бірнеше сұрақтар қойыңыз. Оқулықтағы Томирис туралы жазылған ақпараттармен танысып шығуларын сұраңыз. Сыныпта кімнің есімі еліміздің атақты адамдарының есімімен аталғанын сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Отан үшін жасалған ерліктер және халық үшін атқарылған істер ұлы адамдардың есімдерін танымал еткенін түсіндіріңіз.

Екі сұрақ. Бұл тапсырма жұпта орындалады.Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылардың жауаптарын деректі материалдардан алынған Томирис туралы мәліметпен толықтырыңыз.

 

Сабақтың қорытындысы

 

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

 

 

Қозғалыс құралы. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларды сабақ басында құрылған топтар (көлік құралдары түрлерінің атауы) бойынша отырғызыңыз. Оқушылардан оқулықтағы суретке қарап, сұрақтарға жауап беруін сұраңыз. Соңғы сұраққа жауапты әр топ бір-бір сурет түрінде беруі тиіс. Креативті идея білдірген топты атаңыз. Оқушыларды қызықтыру үшін «Бес қадам» ойынын өткізіңіз. Ол үшін тақтаға әр топтан бір қатысушыдан шақырыңыз. Бір оқушы ортаға шығып, бес қадам жасайды. Әр қадамында өзі білетін көлік түрін атайды. Бес көлік түрін қайталамай жылдам атаған топ жеңеді. Бұл тапсырма жадының дамуына көмектеседі.

 

Үлестірме парақшаларға жазылған тірек сөздерді сынып қабырғаларына, тақтаға іліп қойыңыз. Оқушылар сіз берген белгі бойынша тірек сөздерді жинайды және мағыналары бойынша топтасады. Әр сөзді үш тілде қайталаңыз. Тірек сөздермен жай сөйлем құрастыруға тапсырма беріңіз. Мысалы, «Сақтар – көшпенді халық», «Cаки – кочевой народ», «Saks – nomadic people». Бұл сөйлемдерді тақтаға жазыңыз және дауыстап қайталаңыз.

 

 

 Пәнаралық байланыс

 

Қосымша тапсырмалар

 

 

АКТ. «Көшпенді халық» тапсырмасында шағын зерттеу жүргізген кезде оқушылар Word бағдарламасының көмегімен SmartArt қосымшасын пайдалана алады.

Өнер. Тілдік құзыретті дамытуға арналған тапсырманы орындаған кезде оқушыларға «Сақтар – көшпенді халық» деген сөйлемді үш тілде Бота Бейсенованың «Тұлпарым» әуеніне салып айтқызыңыз. Сабақ барысында оқушылар бірқатар шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

 

 

 

Гуманитарлық жағына бейім оқушылар үшін қосымша тапсырма ретінде «Мұражай» ойынын ұйымдастыруға болады. Ол үшін алдын ала сынып қабырғаларына сақ мәдениетінің аң стиліндегі заттары бейнеленген суреттерді іліп қойыңыз. 1-2 оқушыға экскурсия жүргізушісі рөлін ойнатыңыз.

 

 

 

 

 

Бағалау

 

Оқушылар

–– ежелгі ата-бабамыз сақтардың тіршілігі; –– сақтар патшайымы Томирис туралы білді.

Оқушылар

–– қазіргі заманғы және ежелгі көлік түрлерін ажыратуды;

–– дерек көздеріне сүйене отырып, негізделген тұжырым жасауды;

–– өткен мен қазіргінің арасындағы айырмашылықты түсінуге үйренді.

Оқушыларға бағалаудың бір түрі ретінде үш сұраққа жауап беру және жұпта талқылау ұсынылады:

–– Сақтардың қонысы қандай болды? –– Көшпенділер деген кім?

–– Томирис есімі неліктен тарихқа енді?

 

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниетанудан Ежелгі ата бабаларымыз ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 665 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2017 831
    • DOCX 25.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Буралбай Даметкен Буралбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Буралбай Даметкен Буралбаевна
    Буралбай Даметкен Буралбаевна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17731
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 49 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2690 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 529 человек

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Мини-курс

Мотивация и индивидуализация в образовательном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе