Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Доклад на тему "Қасым Хан"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

Доклад на тему "Қасым Хан"

библиотека
материалов

Тақырып: Қасым хан (1511-1518)

Жоспар:

  1. Қасым ханның портреті.

  2. Қасым ханның саяси-экономикалық саясатындағы іс-әрекеті, қызметі.

  3. Қасым салған қасқа жол.


Қасым хан Қазақ Ордасының негізін салушы  тарихи тұлғалардың бірі - Керей ханның немере інісі  Әз-Жәнібек ханның бел баласы. Анасының есімі – Жаған-бегім Шайбани ханның інісі  Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі.  


Қасым өмірінің алғашқы кезеңінде Керей ханның баласы, тақ иесі  Бұрындық ханның   әскерінің қолбасы,  жаумен шайқастарда  көзсіз ерліктер жасаған тарихи   тұлға  ретінде  бейнеленеді.  Сол кездердегі тарихи деректерде Қасымның тоғыз ағайынды болғандығы айтылады. Олар: Әдік, Қасым, Еренжі, Махмұд, Жаныш, Таныш, Қамбар, Ұснақ, Жәдік.  «Бұлардың ішінде  хандық дәрежеге жеткен Әдік пен Қасымнан  басқалары, әрқайсысы елу мыңнан әскері бар кішігірім хандық дәрежесіндегі ұлысқа билік жүргізген.   Ағайынды тоғыз сұлтан  қазақ елінің айбыны болып, абыройын асырды. Бірақ олар ата салтымен хан көтерілген, бүкіл ұлыстың туын ұстаған Бұрындықтың алдынан кесе көлденең өтпеген екен. XVI ғасырдың бас кезінде тақсыз хан деп танылған дарынды Қасымның өзі Бұрындықа  қарсы келмеген. Бұл турасында сол заманның тарихшыларының деректеріне сүйеніп жазушы М.Мағауин Қазақ тарихының әлппесі деген еңбегінде «Бір кезде өз әкесі Жәнібек Керей ханның билігіне бас ұрғаны сияқты, Қасым да Бұрындық ханды  құрмет тұтқан»1 - деп жазады.  Оның ел мұратын,  халық   мүддесін бәрінен де жоғары қойғандығы айтылады. 

Ата мекенге  біржола орнығу  жолындағы күресте  Әз-Жәнібек хан ұлдары Еренжі,  Махмұд, Жаныш, Таныш сұлтандар айрықша көзге түседі. Ал осы  ержүрек   ағайындылар  ішінде батырлығымен де, ақылымен де дара шыққан – Қазақ Ордасының болашақ  ханы Қасым сұлтан болады. Ол 1445 жыл шамасында дүниеге келген.  Қазақ Ордасының шаңырағы көтеріліп  жаңа ұлыстың біржола орнығуы жолындағы күресті көзімен көруі,   текті ұрпақ Қасым сұлтанның өзгелерден озып туған, өзгеше тұрпатты қайраткер ретінде қалыптасуына  әсер еткен.  Қол бастауда да, ел басқаруда да ежелгі ата-дәстүрін  меңгерген  Қасым сұлтан өзінің бар ғұмырын туған халқының болашағына арнады. Ел мұратынан бөтен тілегі, жұрт бақытынан бөтен мүддесі болмаған. Қазақ Ордасын ата қонысқа орнықтыру жолындағы қанды ұрыстарда жеке ерлігімен танылған Қасым сол кездегі тарихи әдебиетте Қыпшақ жұртының “белгілі сұлтаны, даңқты бахадұры’’ деп аталады. Бұрындық хан кезінде жеңімпаз қолбасы ретінде кеңінен танылады, жорықта жау бетінде, шабуылда  алда  болады. Ұрыс  даласында әскери қабілетімен дараланған Қасым сұлтан бейбіт кезде әділде, білгір елбасы ретінде жұрт құрметіне бөленеді.   


Қырықтың қырқасына шыққан кемеңгер Қасым 1500 жылдар шамасында қазақ  даласының тақсыз ханы,  айбарлы әміршісіне айналады. Белгілі тарихшы Махмұд бен Уәли өзінің ”Бахр әл-асрар”атты кітабында, 1504 жылдың оқиғаларын баяндай келе: ”Қазір бүкіл Дешті Қыпшақтың билігі  Қасым ханға көшкен”,2 -деп жазады. Қасымның күш-қуатының артқаны соншалықты, ол бүкіл Мәуераннахр өңірі үшін үлкен қауып болып отыр дейді.

         Бүкіл  Орталық Азияның әміршісі   Мұхаммед Шайбани ханның әскерін  1510 жылғы қысқы жорықта Қасым әскері  талқандағаннан соң, Қазақ Ордасының күш-құдіреті шартарапқа  тарайды.   

         Соңғы жылдарда парасаты мол Бұрындық ханның беделі кемімесе де,  хандық биліктен шеттеп, өз еркімен ата тағынан бас тартып, Алла жолына  беріліп,  азғана нөкерімен  киелі аймақ – Мәуераннахр шегіне  таяу қоныс аударады.

         Ал қазақ жұрты Қасым сұлтанды ежелгі түрік дәстүрі бойынша   ақ киізге отырғызып, хан  көтереді.Ортағасырлық  тарихшы Абдаллах бен Мұхаммед бен Әли Насруллах өзінің “Зубадат әл-Асар” атты кітабында: “Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақтың падишахы болды. Ол ұлы істер жасау үшін туған адам еді. Қасым ханның қисапсыз әскері қазақтар мен ноғайлардан құралған еді”3, - деп жазады.  Бірақ Қасым хан  бұл әскерді басқаның  жерін жаулау үшін емес, қарауындағы халқының қауіпсіздігі   үшін ұстады.   Ұлыстың тыныштығын, Қазақ Ордасының ежелгі Көк Орда қонысында біржола ірге тебуін өмірлік мұраты деп біледі. Ол бүкіл түстік өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете білді.  Қасым хан Қазақ Ордасын төңірегіндегі елдермен тегіс бітім жасап, бейбіт жағдайда ұстай білді. Бұл - елу жыл бойы үнемі ат үстінде, жорық жолында болған қазақ халқына тыныс берген, өте ұтымды саясат еді.

 

Ұлы Моғол империясының негізін салған Ақсақ Темірдің ұрпағы,   ұлы жазушы Бабыр өзінің атақты “Бабырнама” кітабында: “Қазақ халқының бұрыңғы-соңғы хан, сұлтандарының ішінде Қасым хандай құдіретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскері бар еді”,4 - деп атап көрсетеді.  Еңбектерін сол замандағы тарихи дәстүр бойынша парсы тілінде жазған Дулат руынан шыққан тарихшы Мұхамед-Хайдар: “Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшаққа билік жүргізді. Оның   халқының саны миллионнан асатын. Шыңғыстың ұлы Жошы ханнан соңғы жерде бұл жұртта Қасымнан асқан құдіретті хан болған жоқ”,5- деген куәлік қалдырған.

         Қасым   шайқастарда ерекше ерлігімен көзге түскен батыр, тапқыр қолбасшы болды. Ол хандық құрған 1511-1518/1521,1523 жылдары қазақ қоғамы жоғары сатыға көтеріліп, қуатты мемлекетке айналды. Ханның басты мақсаты бейбіт өмір кешу болатын. Қасым хан Моғолстан ханы Сұлтан Сайдпен достық қатынаста болды. 1513 жылы Сұлтан Сайд Ташкентке біріккен жорық ұйымдастыруды ұсынды, бірақ Қасым бұл ұсыныстан бас тартты.  Өйткені ол кезде көршілес рулар мен тайпалар Қасым ханның атақ-даңқын, кемеңгерлігін естіп, өз еріктерімен келіп қосылып жатты. Оның қол астына қараған жер аумағы ұлғая берді. 1514 жылы Сұлтан Сайд Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ ханының Жетісудағы билігі нығая түсті. XVI ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде  қазақ хандығының шекарасы оңтүстікте Сырдария алабымен ұлғайып, Түркістан аймағындағы (Сырдария бойындағы) қалаларды  өзіне қаратып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Талас, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін кеңейді, батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. (Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласы) Осылайша хандықтың шекарасы кеңейе түсті.  Қасым ханның қол астындағы халық саны миллионға жетті7. Қасым хандығы көптеген елдерге танылды. Қырым, Астрахан, Қазан, қалаларымен дипломатиялық қатынас орнатты. Жан-жақты білгірлігінің, саясаткерлігінің арқасында 1516 -1517 жылы Мұхамед Шайбанидың әскерін  талқандап, мемлекетін құлатты.

         «Қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы Қасым ханның тұсында (1511-1518/1521,1523 ) одан әрі нығайды. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, әскери қуатын арттырды. Өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарих-и-Рашиди», «Шайбанинама», тағы басқа деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген».  


 Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Бұдан бұрын қазақ даласын билеген мемлекеттердің - Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығының да орталықтары осы қала болған еді. Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына ауысты, қазақ хандары Түркістан қаласындағы (Ахмед Йассауидың ескерткіші) Ақ сарайда отырып билік жүргізген. «Түркістан қаласы қазақ хандарының астанасы болған кезде Ақ сарай 200 жылдан астам (16-18-ғасыр) хан сарайы қызметін атқарған» 9 .   


 Қазақ хандығына қарасты қалаларда ел билеген хан, сұлтан, төрелерден тыс, қазақ саудагерлері мен қала тұрғындары да болған. Сол кездегі Түркістан қаласы туралы Таушымерген: «Түркістан қаласы күйдірілмеген кірпіштен салынған, ал кейбір жерлерінде күйдірілген кірпіштен салынғандары да бар; бұл қаланың биіктігі 3 сажын, қалыңдығы екі кез және бір сажын келеді (қаланы айнала қоршаған қорғанды айтып отыр), қаланың аумағы 500 сажындай болады, қабырғаларда оқ ататын ұялар жасалған, бұл қаланың өзінде биік мұнара бар, қалаға кіретін төрт қақпасы бар, ол қалада мың адамдай қазақтар тұрады, сол қаланың өзінде олардың заңы бойынша мешіт салынған, ал Түркістан қаласының айналасы ашық дала»10 – деген мәлімет қалдырған. 

            Қазақ хандығының  нығаюы   оның  мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы сол кезінде өмір сүрген Орталық Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат ұстанып отырды. Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей, Жәнібек, Бұрындық хандар Ақ Орданың атақты ханы Ұрыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибелеріне бай адамдар  болды. Ал олардың дәстүрге айналған билігін жалғастырған  Қасым хан өте-мөте үздік шыққан мемлекет қайраткері ретінде танылды. Қазақ хандығы алғашында Моғолстан мемлекетімен достық-одақтық қарым-қатынас орнатып, Әбілқайыр ханның Жетісуға төндірген қауіпіне және ойрат-жоңғар тайпасы Амасанжының Моғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті, Ноғай одағы, Сібір хандығы тағы басқа Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтаса отырып, Әбілқайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді. Мұхаммед Шайбаниға  қарсы Темір әулетінен шыққан Мұхаммед Мәзит Тарханмен одақтасты. Сөйтіп, сыртқы саясаттарда табысқа жетіп отырды. Қасым хандығының саяси өрлеуіне себеп болған тағы бір жағдай - Ноғай ордасының іштей ыдырауы еді. Билікке таласқан ноғай мырзаларының толассыз өзара қырқысулары Ноғай ордасын барынша әлсіретті. Осыны пайдаланған Қасым бұрын сол орданың құрамына кіретін біраз тайпаларды өз қарамағына алды.

Қасым басқарған хандықтың саяси тұрғыдан өрлеуі оның халықаралық жағдайын да едәуір нығайтты.   Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас жасап, батыс Еуропаға танылды. Ұлы князь Василий ІІІ тұсында (1505-1533) Мәскеу княздығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Қазақ халқы дербес халық ретінде батыс Еуропаға әйгілі болды. Австрия дипломаты Сигизмунд Герберштейн өзінің жазбаларында осындай мәлімет қалдырған. Қазақ хандығы өзінің төңірегіндегі елдермен, әсіресе Орталық Азияның отырықшы қалалы аудандарымен сауда-саттық жасап отырды. XVI ғасырдың жазба деректері: қазақ саудагерлерінің «үнемі ислам елдеріне бұрын да, қазір де барып отырғанын» атап көресетеді...11.  Бұл саудагерлер егіншілік пен қолөнер өнімдеріне өздерінің мал немесе мал шаруашылығының шикізаттарын ғана айырбастап қойған жоқ, сонымен қатар қазақтардың үй кәсібінің өнімдерін де, мәселен, жүннен тоқылған шекпендерді айырбастап отырды; бұл жүн шекпендерді, Сейфидің айтуына қарағанда, Бұхарадан жұрт «атлас шапанды сатып алатындай бағамен сатып алады, олар соншалық әсем, биязы келеді».12  Бұл мысалдар қазақ хандығының әскери-саяси жағынан ғана емес, экономикалық жағынан да оңала бастағандығын көрсетеді.

Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішінде де, сыртында да оның беделін арттырып,  даңқын асыра түсті. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты кітабында; «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес.   Әсіресе қазақ хандығының Сырдария жағасындағы қалалар үшін соғысының жеңістері Мәскеу мемлекетіне дейін естіліп жатты. Мәскеу елшісі Данила Кубин 1536 жылы Ноғай ордасынан мынадай мазмұнда хат жолдаған: «Патша ағзам, жұрт қазақтарды тіпті күшті деседі. Патша ағзам, Ташкент ханзадалары қазақтармен екі рет соғысыпты, ал қазақтар оларды жеңіп кетіпті» 13  -деп жазған.

Қасым тұсында Хан Ордасы бірде Жетісуда, Қаратал өңірінде, бірде Шу бойында, енді бірде Арқада, Ұлытау етегінде,  батыста Жайық жағасында болады. Хан Ордасының қазақтар мекендеген әр аймақтарда қоныстануы ұлттың ұйысуына, мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз еткен  Қасым ханның  саясаты  еді. Бұл арқылы жұрт хан билігінің құдіретін сезініп қараусыз, қорғансыз  қалмайтындарына көздері жетіп,  хандықтың тұтастығын   тани түседі.

http://www.abai.kz/public/upload/images/235a9996153675315a3d55d49deb0754.jpg

Қасым хан алғашқы қазақ заңы - «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды.  Аталған заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы өмірге негізделген заң болды. Сондықтан, ол Қасым ханның атымен байланыстырылып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталады.

Қасқа деп  қазақ тілінде  көшпенділердің  тікелей өмірімен тығыз байланысты қасиетті жануар- жылқы малының  дәл маңдайына орналасқан ақ теңбілді айтады. Өмірде жиі кездесетін «Жирен қасқа  айғыр», «Торы қасқа  бие», «Көк қасқа құнан», – деген атаулар  қасқа сөзінің қандай мағанада қолданылатын көрсетеді. Осы мағананы негізге алар болсақ  «Қасқа жол» деген сөз тіркесі ақ жол, халықты  адастырмайтын тура жол,   бақытқа жетелейтін сара жол деген мағана білдірсе керек.  Міне сөздің құдіретін бағалайтын бабаларымыз  Қасым ханның қазақ халқының мүддесіне сай шығарылған заңдар жинағын тура  жолға,  ақ жолға  балап “Қасым ханның қасқа жолы” деген қысқа қайырған мазмұны терең атау бергенін байқаймыз.

         Ел басқару жүйесінде ата жолынан аумаған Қасым хан заман ерекшелігіне  орай,   жаңа низам жүйесіненгізеді. ”Қасым  ханның қасқа жолы” аталатын бұл көне Жарғы сол кездегі қазақ қауымының қоғамдық және құқықтық заңдарын қалыптастырады, әдет-ғұрып тұрмыс-салт ережелерін  заңдастырып, жеке адамдар арасындағы ру тайпалар мен қоғамдық топтар арасындағы қатынас жүйесін реттейді. Қасым хан әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеп, тарихқа «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен енген өзі дайындаған конституциялық құжаттың көмегімен ел басқарды. Бұл қазақ ұлтында жасалған тұңғыш заң еді. Заң бес тараудан тұрды.

1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері). 
2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).
 
3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).
 
4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).
 
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.

Заңда Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи әдет-ғұрып ерекшеліктер сақталып, сол кездегі қазақ жұртының табиғатына сай етіп жасалған болатын. Қазіргі күні кейбір мәтелдер сол заңның тармақтарынан алынған.  Қасым хан отырықшы елдердегі тәртіп-заңға ұқсамайтын көшпенді  халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, ой-көзқарасына орай жаңа заң "Қасым ханның қасқа жолы" деп аталып кеткен тәртіп орнатты.   Қазақ хандығының мемлекеттік негіздері де осы заңда көрініс тапты.14  

"Қасым ханның қасқа жолы" деп аталған, халқының ұлттық, әлеуметтік жағдайына сай әдет-ғұрып пен биліктің жаңаша Дала заңының  негізін қалаған, өз билігі кезінде Қазақ хандығын сол заманғы ең қуатты елге айналдырған, атақ-даңқына өз халқымен бірге көрші елдер де қанық болған, батырлық пен қайсарлық, кемеңгерлік пен табандылық, мейірім мен дарқандық, адам қызығарлық жан жомартығы сияқты ұлтының асыл қасиеттерін бойына жиған жұрт осы заңмен тәрбиеленген. Бір сөзбен айтқанда, “Қасым ханның қасқа жолы”-қазақ жұртының елдік,  ұлттық санасын негіздеуде шешуші қызмет атқарған өзгеше құжат болды.

Қасым хан өз халқының барлық қадір-қасиетін бойына жинаған, ақыл-парасатымен ғана емес, жайсаң мінезімен, адамгершілік қасиеттерімен де өзгеше тұрпатын танытқан ғажайып тұлға болды дейді зерттеуші ғалымдар. Өз заманында Қасымның жүзін көрген, онымен кездесіп, аз уақыт болсада дидарласқан  кісі ғұмыр бойы оның нұрлы жүзін ұмыта алмайтындықтарын айтып кеткен. Қазақ ханының даналығын ғана емес, жомарттығын, кеңдігін, өр мінез тәкаппарлығы мен қоса биязылығына, әдептілігіне тәнті болғандар   Қасым ханды қазақ жұртының бақытына туған ерекше тұлға деп бағалаған.

 

 Қасым хан 1518 жылы (кей деректерде 1521,1523 жылдарда) Қазақстанның батысында, Жайық бойындағы сәнді, салтанатты қала Сарайшықта дүние салады. Сүйегі Алтын Орда хандарының ежелгі зиратына, жеке күмбезге жерленеді. Қазір бұл жерде тау-тау болып үйілген топырақ қана жатыр.15 

Қасым  хан  қайтыс  болған  соң  қазақ  хандығында  саяси  дағдарыс басталып, ол 15  жылға  созылды. Ішкі   қырқыстар  мен  сыртқы    соғыстардың  ауыртпалығы  және  феодалдық  езгі  мен  қанау  халық  бұқарасын  қатты  күйзелтті. Бұл дағдарыс   Қазақ  хандығын  да  әлсіретті. Қазақ  хандығын  нығайтуға  және  күшейтуге  қажырлы  қайрат  жұмсаған  Қасымнан  соң   оның  мұрагерлері  арасында   таққа  таласқан  қырқыстар  күшейді. Мұхаммед Хайдар атап көрсеткендей "қазақ сұлтандары арасыңда дау-лар басталды". Қасымның орнына хан болып оның баласы Мамаш (Момыш)  отырды. Тарихи деректерде оның хандық құрған  мерзімі  ұзақ болмағанын көрсетеді.  Кейбір деректерде Мамаш ханның шайқаста тұлпары жығылып, жаппай жағаласта атқа бастырылып шейіт болғандығы айтылады. Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи – Рашиди») атты кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» - дейді.


Сонымен, Қасым хан тұсында қазақ хандығы саяси экономикалық жағынан күшейіп нығайды . Оның тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Европаға, Руське мәлім болды. Русьпен дипломатиялық байланыс жасалды, ол байланыс осы күндері жалғасып отыр.

Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығайғанына қарамастан , ол әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады, мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды.

Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлері арасында өкімет билігіне таласқан ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар туды. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықтың жай – күйіне қатты батты. Қазақ билеушілеріне қарсы монғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты.

Өзара қырқысу кезінде Қасым ханның мұрагері Мамаш көп ұзамай қаза тапты. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тахир хан болды (1523-1533 жж.).

Тахир хан әскери – саяси істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол астындағыларға қатал,қытымыр адам болды.Ол ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстарды тия алмады, бұған қарамастан төңіректегі елдердің бәрімен жауласты. Қазақ хандығымен үнемі дүшпандасып жатқан Шайбани әулетімен ғана емес, қазақ хандығының сенімді одақтасы болып келкен Ноғай ордасындағы маңғыт мырзаларымен де, Моғолстан хандарымен де жауласты.

Ішкі саясатта халыққа рақымсыз қаталдық істеу, сыртқы саясатта дос пен қасты айырмай төңіректің төрт бұрышымен түгел жау болу оны жеңіліске ұшыратты.

Тахир хан қазақ хандығының барлық жеріне түгел билік жүргізе алмады. Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюінен, оның үстіне Тахирдің қол астындағыларына қаталдығына наразы болған халықтар үнемі одан айырылып көшіп кетіп отырды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша: алғашқы Тахир хан қол астына Қарахан 1 миллион адамнан кейін 400 мыңдай адам қалған, бастапқыдағы он лек әскерден кейін 2 лек әскер қалған екен .

1533 жылы Тахир хан қайтыс болғаннан соң, қазақ хандығына Бұйдаш (1533-1534 жж.) хан болды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстар Бұйдаш хан тұсында да туып отырды. Сөйтіп, қазақ хандығы әбден әлсіреп, бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді. Мәселен, Қазақстанның батыс аудандарында Ахмед хан, Жетісуда Тоғам хан болғаны белгілі. Міне, бұл Қасым хан қайтыс болған соң туылған ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар салдарынан қазақ хандығының 3 бөлікке бөлініп кеткендігінің белгісі.

Сөйтіп, Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығына туылған саяси дағдырыс 15 жылға созылды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстардың ауыртпалығы және күн санап күшейген феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын қатты күйзелтті. Сонымен қатар қазақ хандығын да әбден әлсіретті.

Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.

Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта біріктірді.
























































Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы, Көне заманнан бүгінге дейін.Бес томдық.»Атамұра».Алматы,1998.

  2. Махмұд бен Уәли.   ”Бахр әл-асрар”л. 124;    Мағауин М."Қазақ тарихының

            әлппесі" А, 1995. 21- бет

  3. Абдаллах бен Мұхаммед бен Әли Насруллах “Зубадат әл-Асар”;Сонда, 21-бет

  4.   Аталған еңбек,  21- бет

  5. Бұл  да  сонда, 21- бет

  6. Пищулина К.А.Казахское ханство во взаимотношениях с Могулистаном и

             Шайбанидами в последней трети 15 века. А, 1981, 96-123с. 

  7. «Қазақ ССР тарихы», Алматы, 1979. 2-том, 262-бет,

   8.  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  «Тарих-и-Рашиди»,  46-174-беттер

   9. «Қазақ сов

ет энциклопедиясы», 1-том, 643- бет.

 10. Мұратқан Қанидың Араб ғарпінен аударып, дайындаған, Қазақтың көне

         тарихы.-Алматы: Шинжаң халық баспасы, 1987ж. Жалын, 1993.  242-б

 11.«Қазақ ССР тарихы», Алматы, 1957. 1-том, 274-бет,

 12.«Қазақ ССР тарихы», Алматы, 1957. 1-том, 180-бет,

 13. В.В.Веньяминов-Зернов «Қасым хан жайындағы зерттеу»  230-бет

Қазақстан тарихы, Көне заманнан бүгінге дейін.Бес томдық.»Атамұра».Алматы,1998.

     3-том,  373-бет  



Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров132
Номер материала ДВ-529303
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх