Инфоурок Всеобщая история КонспектыДоклад на тему: "Формирование патриотических чувств у студентов в процессе ознакомления творчества З.Шыраева"

Доклад на тему: "Формирование патриотических чувств у студентов в процессе ознакомления творчества З.Шыраева"

Скачать материал

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ  АҚЫН ЗЕЙНУЛЛА ШЫРАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ

 

Шыраева Жанар Зейнуллақызы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің

тарих пәнінің оқытушысы

 

                                                           Байлық сол он екі мүшең аман болса,

                                                           Еңбекпен тайынбайтын жігер болса.

                                                           Құрметтеп еңбегіңді мақтан тұтып,

                                                           Өзіңді сыйлайтұғын елің болса.

                   Зейнулла Шыраев 

 

Әр заманның өз көргені бар - деген қазақта тұжырымды сөз бар. Шынымен тарихқа көз тастасақ, әр заманның батыры да, ұлысы да, көргені де бар екені сөзсіз. Оған ешқандай дәлелдің керегі жоқ. Өйткені, адам қоғамының төменгі сатыларында ондай адамдар санаулы болса, қазіргі ұлттық қоғам сатысында айтқан адамдарымыз, шүкір баршылық. Олардың ішінде, көзге түсіп, от болып жанып, сөніп те қалып жатырғаны бар, халық арасында жылуын таратып, шоқ болып жүргендер де жеткілікті, солармен қатар жұлдыз болып жанып, халаққа нұрын төгіп мәңгілікке кеткендер де бар.

Менің айтқым келіп отырғаным, Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы отбасы тәрбиесі мен баланың өз ата-анасын мақтан тұту арқылы туған жерді сүюдің патриоттық үлгісі.

Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді жеке тұлғаның бойында қалыптастыру жүзеге асырылады.

Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.

ХІХ ғасырдағы отаршылдыққа қарсы күреске шыққан, айбынды да аруақты Жанқожа бабамыздың  және оның бірнеше ондаған сарбаздарының халқына, туған жеріне  деген ерлігін, махаббатын қазіргі жастарымызға неге айтып кетпеске. Ресейге, Қоқан мен Хиуаға қарсы тұрып, туған жерді сүюдің патриоттық үлгісін көрсеткен асыл тұлғалар тарихтан мәңгілік орын алады.

 «Кім келіп, кім кетпеген, бұл дүниеге» - деп ақын жырлағандай, Қазалы өңірінен түлеп ұшқан жырау, жыршы, шайырлар мен ақындардың санында шек жоқ. Айта кетер бір жайт бұл айтылған ұлылардың бәрі артында қалған еліне, балаларына, ұрпағына сол айтылған жырларынан туған халқына, жеріне құрмет көретуін,туған отанын қастарлеуін жыр жолында, өлеңдерінде жазып кеткен. 

Әңгімемнің арқауы Қазалы қаласымен іргелес жатқан, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан - Абай ауылынан шыққан белгілі ақын - әкем Зейнолла Шыраевтың өмірі мен шығармашылығы. Мен әкемді айта отырып, оның жазған өлеңдерінің қазіргі жастарға, келер ұрпаққа деген отан сүюде болсын,елге, жерге сезімдерін ояту мақсатында болғандығын және зор тәрбиелік маңызы болар-ау деген оймен әңгімемді бастаймын.

Ұлы Абайдың есімімен аталған Абай ауылынан шыққан ел басқарған ағалар, ауыл экономикасын көтеруде ерен еңбек етіп, ел құрметіне бөленген съезд делегаты, ұзақ жылдар бойы шопан болған А.Орынбаев, ҚазССР колхозшылары І съездінің делегаты, Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерінің иегері М.Жұмашев, жалынды жастар жетекшісі, агроном – механизатор Ж.Фазылбеков – бүгінгі күні аудан мақтанышы.

«Ел іші - өнер кеніші» демекші Абай ауылынан шыққан  азаматтың бірі  - әкем, белгілі ақын Зейнолла Шыраев.

Әкемнің әкесі Асанов Шырай мен оның зайыбы Рәйла әжеміз Абай ауылына қарасты Сартоғай елді мекенінде тұрған, кейін келе 1940 жылдары Абай колхозына қоныс аударады. Сартоғай ауылы негізінен Қанысбек Төртқара аталығының жері. Абай колхозына қоныс тепкеннен кейін Шырай атам мен Рәйла әжемнің шаңырағында үлкен қуаныш болып, 1943 жылдың қаңтар айында әкем Зейнолла өмірге келеді. Әкесі Шырай ағаштан түйін түйген ұста болады. Әкеден жалғыз Зейнолланың бойына әке өнері дари туылған. Әкем Зейнолланың балалық шағы сонда өтіп, 7 жылдық мектептің табалдырығын 1953 жылы аттап, білім нәрімен сусындап, ұстаздарының арқасында білімі шыңдалады. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ Мұқағали, Қасым шығармаларын сүйсіне оқитын әкемнің алғашқы өлеңдері жазыла бастайды. 1959 жылы әкем Зейнулла мектепті «жақсы» деген бағамен бітіріп шығып, 7 жылдық білім алады. 1960 жылы Қазалы қаласындағы №34 Ауылшаруашылығын механизациялау училищесіне (УМСХ) оқуға түсіп, 1962 жылы «Кең профильді тракторист - машинист» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Оқу орнының қабырғасында жүріп:

Жолсыздан ақылдылар жол таппай ма?

Ер жігіт жауды көрсе жалтақтай ма?

Жүрекке тура келген жалғыз оқтан,

                        Қашсаң да, қиналсаң да жан шықпай ма? - деп ішкі толғаныстары өлең болып өрледі. Оқуды бітіріп, орта арнаулы кәсіптік білім алғаннан кейін, еңбек жолын туған ауылынан бастайды. Ауыл жанындағы машина – трактор станциясында тракторист – механизатор болып жұмыс жасайды. Қиындығы мен қызығы мол ауылшаруашылығы саласында еңбек етіп, ірі қара малын бағатын ферманың сауыншылары мен бақташыларын, шопандарды жаз жайлауға, күз күздеуге,   қыс қыстауға көшіріп – қондырып, одан қалды колхоз шаруашылығындағы малдардың қысқы мерзімдегі мал азықтандыратын жем – шөптерін дайындауға аттанады. Осындай жұмыстарды атқарып жүрген әкем трактор рулі мен әдеби қаламын қатар ұстап, өлең өлкесінің айдынында шарықтаған ақын. Осындай тынымсыз да ауыр қайнап жатқан жұмыс ортасында жүріп те, қолынан қаламы түспеді

                   Байлық сол он екі мүшең аман болса,

                   Еңбектен тойынбайтын жігер болса.

                   Шаттықпен еңбек етіп, терің төгіп,

                   Ағайын арасында ғұмыр болса - деп, бұл өлеңінде адал жар, өсіп-өнген бала-шаға, жора-жолдас, достардың арасында аман-есен еңбек етіп жүрсе, мұнан өзге бақыт, бақ, байлық болмас деп жырлай келе, туған жеріміздің байлығы ақ күріші туралы:

                   Тұлғабайдың жасандырып түлеген,

                   Су аруы - сұлу дақыл, тұр егін.

                   Қос құдірет - жер мен судан нәр алған,

            Ақ күріштің аты елге таралған – деп, қыста егістік жерін даярлап, көктемде сеуіп, жаз бойы  басы-қасында жүріп баптаған, сол үшін аянбаған ел еңбегін суреттейді. Халық мақтанышы болған күрішті жырына қосқан әкемнің алғашқы өлеңдері 1964 жылдан бастап баспасөз беттерінде жарық көре бастады. Әкем Зейнолланың  өлеңдері республикалық, облыстық, аудандық баспасөздерге жиі жарияланып, өзінің заманындағы замандастары мен оқырман көңілінен шықты. Оның республикалық «Жалын», «Жұлдыз» журналдары мен «Лениншіл жас» газетінде, облыстық «Ленин жолы», аудандық «Ленин туы»  газеттерінде үздіксіз жарияланып тұрды.

Әкем Зейнолла Шыраев анам Мәдинамен 1970 жылы отау құрып, екеуі алты перзент көрді. Әкем 1973 жылдан бастап жүрек ауруына шалдығады, бірақ  тағдырдың салғанына ешуақытта мойымай, аудандық, облыстық ауруханаларда жатып емделіп, еңбектен қол үзбейді.

                      Көйлекті көп тоздырған талайың бар,

                             Қалт айтсам кешіріңдер, ағайындар.

                             Дүниеге көппен бірге келгенменен,

                      Тағдырдың талқысы жоқ мен көрмеген - деп ақын бұл өлеңінде аурудың азабын көргенін айта келіп, артық кеткен жеріне кешірім сұрайды. Өмірінің соңына қарай ауру меңдегесін, зейнетке шығып, 5 жылдан кейін 1990 жылы шілде айында өмірден өтті. Әкем небәрі 47 жыл ғана өмір сүрді.

Әкем Зейнолла өлеңді ермек үшін жазған жоқ. Оның өлеңдері көбінесе сатира жанрында жазылды. Сатиралық өлеңдер жаза отырып, ол тұрмыстағы қоғамдағы орын алған кемшіліктерді әзіл-шыны аралас өлеңдерінде мағынасын ашып, астарлап жеткізе білді. Өзі өмір сүрген Кеңестік дәуірде, екінің қолынан келе бермейтін шындыққа тура қарап, тайсалмай шығармашылық жұмысын дамытып, қаламын шыңдай түсті. Ол сатираға өлеңдер жазып қана қоймай, республикалық «Ара» журналы мен аудандық «Ленин туы» газеттерінің сатиралық айдарларының тұрақты авторы болды. «Жеке шумақ» өлеңінде былай дейді:

                               Мінезім жақпас бәлкім біреулерге,

                               Әйтеуір айтпасын жұрт құрығыр деп.

                               О, тағдыр сондықтан да сұрайтыным,

                               Айнадай ар-ұяттың құлы қыл тек.

«Тескен таудың ар жағы», «Тісіңнен шығара көрме» сияқты сатиралық әңгімелерінде көзін көрген ауыл адамдары әлі күнге айтып келеді. Өзінің сықақ шымшыма шумақтарымен ол үзеңгілес достарын да қағытып отырған және де сол кезде дұрыс жолмен жүре алмай маскүнем болған адамдарға арнап жазған өлеңдері бар, соның бірі:

                                    Жүз грамм аз,

                                    Екі жүз көп болады.

                                    Көп болған соң,

                                    Пәтуаң жоқ болады.

                                    Шіркін-ай, жүз елуден екі тартсам,

                                    Шамасы, бас жазуға дөп болады - деген өлең шумақтары бар.

Негізінен әкемнің қай өлеңінің болмасын шығу тарихы бар. «Ақ жеңешем» өлеңінің шығу тарихына келсек, әкесімен бірге туған немере ағасының қайтыс болғаннан кейінгі жеңгесінің тартқан азаптарын, жас басының базарының ерте тарқағанын, адалдығын, пәктігін, ағасының отауын қайта тікейткендігін өлең жолдарында айтып өткен. «Ақсақалдар туралы» өлеңінің шығуына ойтүрткі болған жағдайға келер болсақ, сол тұста өмір сүрген ақсақалды аталарымызды мақтан тұтып, олардың ұрпағына арнаған игі істерін, отбасында айтатын ақылдарын, халқына берер баталарын, кемеңгерліктерін айта келе, егер де соларды кім налытса, сол адам меніменен туыспаған деп ақын әкем өзі айтып кеткен.

Әкем Зейнолла Шыраев өмірден ерте кетсе де халқына берері көп болатын. Ол осы кездегі қоғамдағы орын алған кемшіліктермен әділетсіздікті өлеңмен өрнектеді.

Әкемнің қай жанрдағы, қай өлеңдерін алсақ та, адамгершілік, адалдық, турашылдық қасиеттерді ту ете жырлап, Бауыржан, Баубектердің ерлігін кейінгіге үлгі ете отырып:

                   Жоқ қой, жоқ,

                   Ата жаумен ұстасқаның

                   Келмеген отызға әлі тұстастарың.

                   Ішінен топ жігіттің іздеймін мен

                   Бауыржан, Баубектердің ұқсастарын.

                   Осынау өмір үшін өтті ағалар,

                   Қызыл гүл, қыршын жасын сарп қылып – деп жастарды отансүйгіштікке шақырды.

Әкемнің өлеңдерінің тәрбиелік мәні өте зор, халқына әлі де айтары көп ақын еді.

Міне, осындай әдебиет пен ел тарихында өзіндік орны бар ақын әкем хақында 1995 жылы ауыл азаматтарына, әкемнің бірге жүрген үзеңгілес жолдастарына, мектеп басшыларына ой түсіп, неге біз ауылдан Зейнолла Шыраевқа көше атын бермейміз? - деген ой-пікір туындаған. Сол кезден бастап З. Шыраевқа көше атын беруге бола ма, болса да неге беріледі деген пікірлер айтылады. Осы жоғарыда айтылған пікірлерге байланысты, ауданда ономастикалық комиссия құрылып, көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әкеме көше атын беруге зор үлес қосқан ауыл азаматтарының бірі  - №90 орта мектеп тарихшысы Құлатай Аязбаев пен Әйтеке би кентіндегі №226 мектептің директоры Алтынбай Шарафадин. Бір жыл бойы әкемнің атына көше беру мәселелерімен айналысып, ел ағаларының ерен еңбектері арқасында 1996 жылы қаңтар айында мектеп директоры Қазыбек Аймағамбетов пен әкемнің бірге жүрген замандастары, мектеп ұжымы әкеме арналған «Ақын  - Зейнолла Шыраев» атты шығармашылық кешін ұйымдастырды. Кешке әкемнің қаламдас әріптестері, замандастары, аудан басшылары қатысып, ақын Зейнолла Шыраев туралы естеліктер айтып, өлеңдерін оқыды. Сол жылы ауылдың орталығындағы бір көшеге Зейнолла Шыраев атағы берілді.

Міне осындай ұрпақ тәрбиелеудегі әкемнің игі істерін айта отырып,оқу барысында студенттерге жаңа патриотизмді қалыптастыруда үлкен жағдай жасадым десем артық айтқандық емес.

Тағы бір айта кетер бір мәселе-отбасы тәрбиесіне келер болсақ, тәрбие-ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Баланы жастан деп бекер айтпайды халық, бірақ тәрбие тек жастарға керек деген пікірге қосылу қиын.

Қазіргі біздің қоғамымыздағы жастар өтірікке көп бой алдырмай, бұзақылық жасамай, бұқаралық ақпарат құралдарын  көп оқып, қазақ әдебиетісаласында болсын, күнделікті қоғамда болсын халқына танылмай кеткен, өлең өлкесінде жыр жолымен жанып өткен әдебиет әлемінің ақын – жазушыларын көптеп білсе нұр үстіне нұр болар еді.

«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Ол үшін әрбір азамат еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан – тәнімен сезінуі керек» - деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  сөзі партриоттық ұғымның, ел мен жердің бүтіндігін сақтау, халықтар достығы мен бірлігі екенін нақтылай түседі.

Жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс.

Сондай адамдардың бірі  - менің әкем Зейнолла Шыраев.

Әкемнің ақындық жолын келер ұрпаққа зерделеу  - перзенттік парызым.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1.  Н.Мұсабаев, А.Мұсабаева Ортаймаған қазаны - қасиетті Қазалы Алматы «Атамұра», 1998 жыл
  2. Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы  1-кітап Алматы «Телеарна», 2008 жыл      
  3. Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы 2-кітап Алматы «Телеарна», 2010 жыл     
  4. Сыр өңірі тарихы   Алматы «Атамұра» 1998 жыл
  5. Ә.Әлішев Ежелгі Қазалы жері  Әйтеке би кенті «Тұран Қазалы» ЖШС баспаханасы, 2007 жыл
  6. «Ара»  журналы 1971 жыл
  7. «Ленин жолы» газеті   4 қыркүйек,1966 жыл
  8. «Ленин туы» газеті  1967 жыл
  9. Ленин туы,   5 мамыр, 1968 жыл
  10. Ленин туы,   1969 жыл
  11.  Ленин туы, № 22, 19 ақпан,1970 жыл
  12.  Ленин туы, 22 шілде, 1971 жыл   
  13. Ленин туы,  №123  1976 жыл
  14. З.Шыраевтың жеке архивінің материалдары
Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему: "Формирование патриотических чувств у студентов в процессе ознакомления творчества З.Шыраева""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 068 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.12.2015 466
    • DOCX 29.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шыраева Жанар Зейнуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шыраева Жанар Зейнуллаевна
    Шыраева Жанар Зейнуллаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3870
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 16 регионов