«Түймедақ
гүлі»
Панно
бетіне тоқыма жіптермен орындау.
Мақсаты: Балаларға панно жасауды үйрете
отырып, сәндік қолданбалы өнердің жаңа түрімен
таныстыру. Міндеттері:
Білімділік: Жіппен суретті жапсыру
әдісін үйрету. Түзету-дамытушылық:
Жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімдерін өз бетінше қолдана
білуін қадағалау. Тәрбиелік: Сарамандық жұмыс барысында тәртіпті сақтау, өзара
көмек көрсетуге, бастаған жұмысты аяғына дейін аяқтауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайд, жұмбақтар, дайын жұмыстар. I. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап, Оқып
білім аламыз.
II. Негізгі кезең. Тәрбиешінің кіріспе
сөзі.
- Балалар,
кез келген мерекеде сыйлық сыйлау қалыптасқан дәстүріміз. Осы дәстүрімізге
орай, мамыр мерекелері жақындап келеді. Соған байланысты бүгін гүлді жіптерден
жапсыру арқылы дайындаймыз.
1.
Слайд көру. Панно туралы жалпы мәлімет беру.
Панно қоғамдық мәдени орындарын, үй-ішін
көркемдеу үшін жасалған өнер туындысы. Паннолар көрсетіледі: жасанды жасалған
гүлдер панносы, матадан жасалған гүлдер панносы, түрлі-түсті қағаздан жасалған
жапсырмалау панносы. 3. Жұмбақ жасыру. Адамдардың бәрі әдемілігіне
қызығады, Су
құймаса сәні бұзылады. (гүл)
Қар астында қыстады,
Жасылмен бөркін тыстады. (бәйшешек) Қырға
кілем жайдым. (қызғалдақ)
Жапырағын ұстасаң,
Асты суық, жылы үсті,
Дәрі жасар бұл гүлден,
Емдер күйік, тынысты. (түймедақ)
Сергіту
сәті:
Гүл өсірем үйде (жоғары қол көтереді)
Су құямын гүлге (қолмен су құяды)
Гүл күткенді біледі (тербеледі)
Бойын сылап күледі (бойын қолымен сыйпайды)
Күнде гүлін ашады (бір-біріне қарап
күлімдейді)
Жұпарын маған шашады (қолын желпейді)
-Балалар, бүгін біз «түймедақ» панносын жіппен жапсырмалау
тәсілімен орындаймыз. Түймедақ гүлін барлығымыз білеміз. Халық ерте заманнан
қадір тұтқан, сүйіспеншілікпен «ЖЕР КҮНІ» деп атаған және емдік қасиеті бар. Жіптерден
жапсыруды қолдану арқылы, панно жасауды үйренеміз.
4.
Сарамандық жұмысқа дайындық кезеңі.
Панно дайындау үшін қажетті заттар: қатты картон қағазы, гүлдің шаблоны, ақ,
сары, жасыл түсті жіптер қиындылыры, желім, қайшы, орамал.
-Осы құралдарды пайдалану үшін қандай қауіпсіздік ережесін сақтауымыз керек?
Қауіпсіздік ережелері: 1.Жіпті
тісіңмен қима.
2.Қайшыны жолдасыңа сабымен ұсын.
3.Қайшының ұшын жоғары көтерме. 4.Жолдасың
қайшымен жұмыс жасап жатқанда көңілін бөлме.
5. Желімді аузға салуға болмайды, жұмысты орындаған соң қақпағын жауып қою
керек. 5.
Саусақ жаттығуы: «Ара»
Ара гүлден гүлге ұшып, (алақандардан араның
қанатын келтір)
Бал жинауға асығады. (алақандарыңды жазып, араның қанатын
келтір) Аю ұрлап кетпесін деп, (саусақтарды парта
бетіне жүргіз) Ұясына
жасырады. (саусақтарды қимылдат)
6. Сарамандық жұмыс. Түймедақ гүлін жапсыру. 1.
Гүлдің шаблонын қатты қағаз бетіне
бастыру. 2.Жіп
түстерін таңдау, ұсақ қиындылырға бөлу.
3. Суреттің ірі бөлігінен бастау.
4. Төменнен жоғарыға
қарай бастау. ( сабағы, жапырағы, гүлі
)
5. Жіпті желімдеу. 6.
Түймедақ формасын айқындау.
III. Қорытынды. Тақтаға
балалардың дайын жұмыстары ілінеді.
-Бүгін
не жасадық?
-Панно дегеніміз не?
-Панноны не үшін пайдаланамыз?
-Түймедақ қандай өсімдік?
Балаларды мадақтау.Осымен
бүгінгі еңбек тәрбиесіне арналған жұмысымыз аяқталды.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.