Сурет салу: «Менің достарым» Мақсаты: «Қамқорлық»
ұғымы туралы түсініктерін кеңейту. Қоршаған ортамен дос болуға
үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Бояу
түсін таңдай білу, сурет салуға
қызығушылығын арттыру. Түзету -дамытушылық: суретті дұрыс бояу
дағдылырын қалыптастырып, ұсақ қол машықтарын
дамыту.
Тәрбиелік:
Балаларды қайырымдылыққа баурап, жануарлар дүниесіне қамқор
болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күшіктің үйшігінің үлгісі, ақ қағаз,
қарындыш, бояу, қылқалам,су, сүлгі.
I. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Кел,
балалар күлейік,
Күліменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады, Күліп
өмір сүрелік.
II. Негізгі кезең.
1 .Ойын:«Менің досым»
- Балалар, сендерді ойын ойнауға
шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің
досың кім, не?» деп
сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарыңды және қандай екенін
айтасыңдар?
Балалар: өзінің
достарының атын айтады, кітап, ит, мысық, құстар
т.б.
- Менің досым ренжітпейді
- Менің досым алдамайды.
- Мен досыммен бірге ойнаймын...
2. Ойын:
«Мейірімділік»
Балаларға
кішкентай ойыншық күшік ұсынады, балалар күшікке деген өз сүйіспеншіліктерін
білдіреді.
- Сен қандай сүйкімдісің, әдемісің, досымсың...
3.Әңгімелесу:
- Балалар,
сендер қандай үй жануарларын жақсы көресіңдер?
- Оларға қандай қамқорлық жасауға болады?
«Жеті қазынаның бірі» аңызын әңгімелеп, сұрақтар қою.
- Неге ит адамның досы деп атайды? –
Ит неліктен достыққа адамды таңдады?
«Ит
жеті қазынаның бірі» деген нақыл сөзді түсіндіру. Балаларға тақтада ілініп тұрған ит,
күшіктер туралы әңгімелеу. -
Балалар, бұл
не?
-Бұл кішкентай әдемі, сүйкімді күшіктер. Олар біздердің ауламызда жүріп,
күзетеді.
-Балалар күшік ашуланса қайтеді?
-Бірдеңені сезіп қалса не істейді?
-Қатты жүгіргенде қайтеді?
-Күшік қалай демалып
жатады?
-Қалай ойлайсыздар күшікке не үшін үйшік керек?(балалардың жауабы) Оларға да адамдар сияқты жылы орын керек,
сондықтан бүгін өздеріңнің
кішкентай достарың
күшікке арнап үйшіктің суретін
саламыз. Ғажайып сөздер: -Ит адамның досы, көмекшісі
-деген өнегелі сөзді қайталау. 4. Сарамандық кезең. Саусақ жаттығулары.
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ,жол
салсақ.
5.
Сарамандық жұмыс: «Үйшік». -Балалар, енді қағаз бетіне геометриалық пішіндерден күшікке үйшіктің суретін салып үйренеміз. (тақтаға үлгіні ілу, жұмыстарын
бақылап, көмек беру.)
1.Алдарыңда ақ түсті қағаз бар.
2.Үйшік қабырғасын төрбұрыш пішінінен салады.
3.Үйшіктің төбесін үшбұрыш пішінінен
салады.
4.Үйшіктің есігін жарты дөңгелектен
салады. 5.Балалар
салған пішіндерін өздері қалаған түстерімен бояйды.
6.
Жұмыс орнын жинастыру.
III. Қорытынды. Балалардың жұмысын талдау. Балаларды
мадақтау. – Балалар, сендер достық деген сөзге қалай түсінік бересіңдер?
- Сенің досың кім?
- Достық тек адамдар арасында ғана бола
ма?
-Балалар,
біз кішкентай достарымызға қамқорлық жасап үйрендік. Бүгінгі кішкентай досымыз
ит жайлы тереңірек білдік, олар біздің досымыз екенін түсіндік. Күшігімізге
үйшіктің суретін салып, қамқорлық жасадық.
«Жүректен жүрекке»
Балалар қолдарын жүрек тұсына
қойып, «Мен кішкентай достарымды жақсы көремін, өйткені...» деп өз ойларын
айтады.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.