Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Ертегілер елінде" (1 сынып)

"Ертегілер елінде" (1 сынып)

Скачать материал

Тақырыбы:   «Ертегілер елінде»

Мақсаты:

      Балаларға  ертегі туралы мағлұмат бере отырып,  мән-мағынасын ашу.     Бала  бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі:   тақырып жазылған плакат, ертегілерге қажетті жабдықтар, оқулықтар, ертегі кейпкерлерінің суреттері

Шарты:   Ертегі  көрсетіп, сахналайды. 

                                       Барысы:

І. Кіріспе сөз:

— Құрметті   ұстаздар, оқушылар кішкентай бүлдіршіндер!  

     « Ертегілер елінде» атты ертеңгілігімізге  қош келдіңіздер! Ертегі  — балалардың қиялын шарықтататын,   келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін халық ауыз әдебиетінің бір түрі. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер-тұнып тұрған қиял-ғажайып: жануарлар, жәндіктер адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен шайқасады.

Олай болса келесі кезекті ертегі кейіпкерлеріне берейік.

     Бүгін   шағын орталық балдырғандары мен бастауыш сынып  оқушылары өздерінің дайындаған ертегілерін  біздің алдымызда сахналап  айтып, көрсететін болады.  Олай болса «Ертегілер елінде» атты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер! 

Енді  келесі  кезекте оқушыларға  сұрақтар:

1.     Қандай ертегілерді білесіздер?

2.     Ертегілер неше түрге бөлінеді? /тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл./

3.     Өзің білетін ертегі кейіпкерлерін ата?

4.     Ертегілер қалай басталады? /«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады./

5.     Ертегілер қалай аяқталады? / Ертегі үнемі жақсылықпен аяқталады. «сөйтіп мұратына жетіпті» 

Жүргізуші: Балалар,  «Жұлдыз айы көркем,

Әдемі еді неткен, құстары сөйлейді,

Бұлттары билейді…» деген шумақтар нені еске түсіреді?
— Бұл әрине «Ертегілер әлемі» әні. Өлең ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерге елес береді. Олай болса  кезекті әсем әнге берейік.

 

Ән: «Ертегілер әлемі». Орындайтын: 4 -сынып оқушысы: Орынбас Ажар

 

Жүргізуші:

Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді,- демекші алдарыңызға  шағын  орталық бүлдіршіндерін ортаға  шақырамын.

«Кім тапқыр?»  ал кәнекей  балалар, мына кейіпкерлер қай  ертегінің кейіпкерлері?

1 . Зере  «Күн»

2. Есей    «Ай»

3. Алихан «Әтеш»

 

 4. Айдын  «Аю» 

(Балалардың жауабы)

Оқушыларға :  «Кім білгір?»  ойнын  ойнап көрсек қайтеді?

Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.

·         Алдар көсе

·         Ер Төстік

·         Алтын балық

·         Күлше қыз

·         Маша мен аю

Жүргізуші:

Балдырғандар көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды, демекші ендігі кезекті 3-сыныптың оқушыларына берейік.

(Оқушылар  ертегі айтады)

  «Мақта қыз» ертегісі

«Бауырсақ» ертегісі

 

Жүргізуші:

Оқушыларға: «Ойлан, тап!»

Шарты: Ертегіден үзінді  және кейіпкерлер жасырынған жұмбақтар оқылады. Ертегінің атын  және кейіпкерді атау.

·         «Үшінші рет салғанда,түсті, әйтеуір, бір балық.Балыққа тіл бітіп: « Жібер мені, қарт, еңбегінді жемеймін, қалауыңды айт», -деді. /«Алтын балық»/

·         «Тышқан өз бойына сеніп «күнді менен бұрын ешкім көрмейді» деген түйенің өркешіне мініп алып, күн сәулесін бұрын көріп қалды. Ал аңқау түйе бәрінен де құр қалды.» Қандай ертегіден алынған үзінді? / Жыл басына таласқан хайуанаттар/

·         Қу түлкі барлық балықты
Түсіріпті бір-бірлеп,
Түсіріп бәрін болған соң
Түсіп қапты бүлкүлдеп.

Суатқа барып құйрықты,
Кешке қарай малып қой,
Таң атарда тартасың
Балыққа жарып қайтасың./Түлкі мен қасқыр/

·         «- Көкек-көкек! Қайырымды көкек! Балапандарымды жылан жейін деп жатыр, маған көмек бере гөр!» -дейді жан ұшыра.   (Қарлығыш пен дәуіт )

·         «Жақсылыққа дұшпанмын.

Жамандыққа құштармын,

Тісімді жұлып, лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәрімін,

Ертегінің сәнімін.» Кім туралы айтылған? / мыстан кемпір/

 

Қорытынды: 

       Құрметті жас достар, ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сондықтанда ертегілер сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, армандарыңды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңды әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!Жақсы қасиеттерін бойға сіңір!  Өйткені ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.Осымен біздің  қысқаша  «Ертегілер елінде» атты ертеңгілігіміз  аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет!

 

                                                                   Тексерілді:

 

 

«Бекітемін»

Мектеп директоры

К.К.Карбузов

 

 

 

 

Тақырыбы:    Ертегілер елінде

Мақсаты:

      Балаларға  ертегі туралы мағлұмат бере отырып,  мән-мағынасын ашу.     Бала  бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі:   тақырып жазылған плакат, ертегілерге қажетті жабдықтар, оқулықтар, ертегі кейпкерлерінің суреттері

Шарты:   Ертегі  көрсетіп, сахналайды. 

Күні:  17.01.2017ж

Уақыты:  11-00

Өтетін  орны:  шағын орталық

 

 

 

 

 

«Таутүрген орталау  мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ

2016-2017 оқу жылы

 

 

 

 

 

Ертеңгілік

 

 

Тақырыбы:

 

 

Ертегілер  елінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                        Тәрбиеші:  А.М.Қашағанова

                                                                        Кітапханашы:  К.А.Жантелиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ертегілер елінде" (1 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 430 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2017 2768
    • DOCX 23.3 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жантелиева Кулзира Алиакпаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14308
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 175 человек из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 493 человека

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 963 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 716 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 159 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе