Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ертеңгілік "Қош келдің, Наурыз!"

Ертеңгілік "Қош келдің, Наурыз!"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Қош келдің наурыз»

Мақсаты: Балалардың наурыз мерекесі жөніндегі білген – түйгендерін толықтыру, мерекедегі айтылатын ұлағатты салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық, мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық. Құтты болсын мереке, болсын думан береке.

Из глубины историй нашей земли

К нам пришел этот праздник Наурыз.

Праздник нового дня, Праздник цветений и обновления.

Праздник Земли и человека.

В ночь Наурыз люди выходили на улицу, поздравляли, желали друг другу самые лутшие пожелания, прощали обиды и ссоры: ходили другу другу в гости, в каждом доме готовили традиционный «Наурыз – көже»

Жүр: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа-жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жаңұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш сыйласын!

Балалар Наурызға арнаған тақпақтарымызды айтайық


1-бала

Наурыз келді құт болып

Мына бізге сүт болып

Аққа аузымыз толады

Бар жақсылық болады

2-бала

Осыншама жақсылық

Алып келген наурызым

Төрлет, бізге нұр беріп

Шуақ шашып, ақ жүзің

3-бала

Наурыз айы –гүл айы

Наурыз айы – нұр айы

Наурыз айда халқымның

Құлпыра түсер шырайы


4-бала

Наурыз тойың, наурыз тойың,
Құтты болсын, халайық!
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
5-бала

Айналайын халқым –ай

Құтты болсын салтың –ай

Шықтық біздер жырлауға

Қазағымның салтын –ай

6-бала

Айналайын халқым –ай

Болсын жүзің жарқын –ай

Ата салтын сақта деп

Ұран етем жалықпай



7-бала
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.

8-бала
Ежелгі шығыс еліміз,
Аңсаған арман, ойы бар.
Тарқайтын шары жерінің
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.
9-бала

Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Еңбек, шаттық, жыл басы,
Наурыздан басталған.
10-бала

Шырқап салған әнімен,
Мерекелік сәнімен.
Топталып ойнап, қыдырып,
Бөлісіп ішкен дәмімен.

11-бала

Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды

12-бала

Бидай, күріш, тары бар

Бар сүр ет пен шұжығы

Ащы құрты тағы бар

Көже елдің ырзығы


13-бала

Ликует весь народ,
Звучит, поёт домбра.
В весенний новый год
Желают лишь добра.

14-бала

Мы здесь сегодня собрались, 
Чтоб встретить праздник – Наурыз! 
Улыбки, шутки, звонкий смех, 
Пусть радуют сегодня всех! 

15-бала

Открыта дверь для всех гостей - 
Для пожилых и для детей. 
Весна навстречу нам идет, 
Весна на праздник всех зовет, 

16-бала

Играй, баян, звени, домбра: 
Желаю счастья и добра, 
Здоровья и терпения, 
Отличного настроения, 
Чтобы мечты у всех сбылись – 
Здравствуй, праздник Наурыз!

17-бала

Наурыз – это праздник веселья

наурыз – это праздник Весны.

Наурыз – это праздник цветенье

наурыз – это праздник любви.





- Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (арқан тартыс, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, ақсүйек, тақия тастамақ, теңге алу, бәйге, алтыбақан, ханталапай.)

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, қазір біз «Көкпар» ойынын ойнаймыз. Шарты түсіндіріледі.

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады. -Қане, қандай тағам түрлері? (күріш, тары, бидай, құрт, су, тұз, сүр ет, )

Ән: «Наурыз той»

- Көктем мезгілінде жер қарайып, күн жылынды, жайлаудағы ата әжелеріңе барғанда алдарыңнан шығатын қошақандарыңды сағынған боларсыңдар, ендеше, бәріміз «Қошақан» әнін орындайық.

Жүр: Келген жыл сіздерге шаттық әкелсін!

Отбастарыңызға бақыт әкелсін!

Келген жыл көтеріңкі көңіл сыйласын

Отанымызға шаттық өмір әкелсін

Мерекелеріңіз құтты болсын!





























































22 наурыз сценарий қазақша(Наурыз думан)





Сабақтың тақырыбы: Наурыз думан



Мақсаты: Оқушылардың наурыз мерекесі жөніндегі білген – түйгендерін толықтыру, мерекедегі айтылатын ұлағатты салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: « Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!» мақал – мәтелдер,жұмбақтар,ұлттық киімдер,құрақ көрпеше, бесік.



Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді.Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен,ақ ниетпен қарсы алады.



1 –оқушы: Бүгін күн – түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.



Жүргізуші: 22 наурыз күн мен түн теңелетін күн. Ендеше күн мен түннің әңгімесін тыңдайық.



Күн: Сәулесі мол күнмі

Түн : Жұлдызы мол түнмін.

Екеуі: Бірдей болып бізде

Теңелеміз бүгін



Түн: Ал ертен күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап



2 – оқушы: Өмір бағы жайнасын,

Бақта бұлбұл сайрасын

Өркендесін тіршілік,

Өсіремін бір шыбық



3 – оқушы: Тыныш болсын даламыз,

Таза болсын ауамыз!

Түгел болсын нуымыз,

Тұнық болсын суымыз.



Би: Келді наурыз жар салып,

Би билейік, ән салып

Жылда келсін Ұлыс күн

Тұрайық есен қарсы алып.





Хор: «Жау, жау, жаңбыр»



Жүргізуші: Тойды одан әрі « Бесікке салу» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар.



Үйдің ішінде дастархан жаюлы.Қыз – келіншектер кәде – жораларым, шашуларын алып келіп жатыр. Келгендер: Сәбидің бауы берік болсын!

Үйдегілер: Төрлетіңдер, төрлетіңдер!

Дастархан басындағы әңгіме:

Апасы: Баланы бесікке салайық.Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген үбірлі – шүбірлі қадірмен апаға тапсырылатын ырымы бар.Ендеше Гүлназ апа сіз көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді апасыз. Бесікке сіз салыңыз, мына қыз – келіншектерге сіздің жолыңызды берсін.



Гүлназ апа: Кәне, бесікті әкел.Бесік - өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы,оны ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы,мұны білген абзал.



Балалар: Апа мына бесік тесік қой.

Жамал апа: Ол әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаларға алаңсыз ұйқы сыйлайды.Алдымен тыштырма жасайық./ тыштырма ырымы түбектің тесігінен «тышты ма?» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіріледі/Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендігі.





Гүлназ апа енді отқа табыну ырымдары бар деп, от жағып бесікті бәле - жәледен аластайды.Аластап болғаннан кейін, нәрестені бесікке бөлейді.



Әжесі: Ал Гүлназ мынау сенің сыйың.Гүлназ апаға және оның немерелеріне көйлек жабдық сияқты сый тартылады.





Әжесі бата береді:



Сәбиіміз сүйкімді болсын,

Өнер білімге икемді болсын,

Бәйтеректей бойшаңданып,

Өрен, өршіл,өркенді болсын!

Жақсы жолды таңдасын,

Жамандықтан тәлім алмасын!



Апасы: - Ал енді, қызым бесік жырыңды айтып,сәбиіңді ұйықтата қой.

Гүлназ апа: Сәби бесікте жатқанда анасының ұлағатты әнін естіп бойына тәрбиелік , рухани ана тілінде қабылдайды.



Қыз – келіншектер: Рахмет сіздерге . Бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік.



Әжесі: Біз сіздерге көп нәрсе үйретеміз,сіздер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар.Сонда ата – бабамыздың қалған қазақтың әдет – ғүрпы,дәстүрі,мәдениеті,тілі өлмейді.



Ал балалар! Біз бүгін көп дүниені білдік.





Хор: « Ақ дидарлы анашым»



Ойын ұйымдастыру.





Жүргізуші: Құрметті көрермендер, бүгінгі біздің кешіміздің мақсаты- Ұлтымыздың салт – дәстүрін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғарту.Осымен ұлыстың ұлы күніне арналған Наурыз думан атты кешіміз аяқталды. Жылдан жылға аман – есен жете берейік! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.



Сценарий тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз! Сценарий мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Сценарий көрнекілігі: «Наурыз - 2012» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі. Сценарий барысы: Кіріспе. Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын! 1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп. 2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі. 1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі. Наурыз – еңбек мерекесі. 2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық, Бармысыңдар, халайық. Наурыз тойын жұп жазбай Жылда қарсы алайық. 1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық, Әндетейік жырлайық! Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық! Хор: «Наурыз той» Ая: Қыс өтіп қар кетті, Жырлайық жаз жетті. Мейрамы ежелден Құтты болсын Наурыз! Жазира: Әнім де саған, биім де, Құт қонақ өзің үйімде. Қуаныш сыйлар еліме, Күлімде, Наурыз, күлімде. Айжан: Күн менен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді, Қуанышта ел енді. Наурыз келді салтымыз: Көгерсін деп халқымыз Көшеге тал егеді. Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы – жыр – аңыз. Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады. 1 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз, Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз. Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп, Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз. 2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық. 1 – жұп: Дильназ бен Арсен 2 – жұп: Бержан мен Гүлжан 3 – жұп: Меруерт пен Айдын 1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады. 1 – бөлім: «Кел, танысайық»,2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық», 3 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер», 4 - бөлім: «Мені жалғастыр», 5 – бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр». 2 - жүргізуші: Әділ – қазы береді, Өздеріңе сыйлықты. Бізге айтып береді, Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді. Нұрдос: Ақпан кетті араз боп Наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен. Назгүл: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен, Мейірім танысын деп тасып өткен. Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух, Бақытты Наурызы бар халқым неткен! 1 - жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,» Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы. Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі, Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп «Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. 2 - жүргізуші: Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді. 1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим) 2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см) 3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су) 4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет) 5 – сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты түрлері бар.) 6 – сұрақ: Жұмбақ Ағаштардың көсемі Мәңгі жасыл бұтағы. Мекен ғып тау өлкені, Кәусар ауа жұтады. (Шырша) Альбина: Наурызым ғажап туысың, Ұлыстың ұлы күнісің. Жылыттың жердің жүрегін, Жүрегі елдің жылысын. Берекет: Наурызым - тойлы нұрлы күн, Мерейің асып тұр бүгін. Жерімнің жүзін жылыттың, Елімнің сақта бірлігін! Ән: «Аққуым менің» Орындайтын Оразбаева Ая. 1 - жүргізуші: Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, Өнермен өрге басып кідірмейік. (Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.) Ақмерей: Арда өсіп, адал емген ақ уызың, Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін. Көк бөрілі байрағын желбіретіп, Көк түріктер тойлаған Наурызым. Аркен: Наурыз – достық, Наурыз – күн, Барша халық бірлігі. Тағы келді Ұлыс күн, Жалғасып ғалам тірлігі. Ақниет: Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы – жыр – аңыз. Қызық думан - мереке, Қызық думан құрамыз. 2 - жүргізуші: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады. Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз. 1) Әдепті бала – арлы бала, ............................................. Өлеңді жалғастыр ................. тоңбаймын, .................. қорғаймын. Ойынға бір. .................. Секеңдеуді . .................... 2) Таулы жер бұлақсыз болмас, ................................................... Өлеңді жалғастыр. ..................... сайрайды, ..................... жайнайды. ...................... құлпырып, ....................... сыйлайды. 3) Бір тал кессең -. ......................... Өлеңді жалғастыр. ................. атпаймыз, ................. сатпаймыз. .................. қорғаймыз, ................. ақтаймыз. 1 - жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан, Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан. «Шеше көреген тон пішер» деген рас, Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық. 2 - жүргізуші: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық. 1 - жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана, Сыналып үлкендерден үлгі алуға. Салты бар өнерлі осы ортада, Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз. 2 - жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып, Бар халықты қуантатын бұл қай кез? Хормен: Наурыз! 1 - жүргізуші: Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, теріп ал несібіңді, Ризығың болсын көл – көсір! 2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу - салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібіңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің! Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі.



Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/scenarii/421-meyram-mereke-22-nauryz.html?Like

© www.ZHARAR.com



Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Наурыз - 2012» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

Барысы: Кіріспе.

Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.

Наурыз – жыл басы.

Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.

2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттық мерекесі.

1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.

Наурыз – еңбек мерекесі.

2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

Хор: «Наурыз той»

Ая: Қыс өтіп қар кетті,

Жырлайық жаз жетті.

Мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз!

Жазира: Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

Айжан: Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді салтымыз:

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Наурыз тойы - береке,

Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

1 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,

Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.

Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,

Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.

1 – жұп: Дильназ бен Арсен

2 – жұп: Бержан мен Гүлжан

3 – жұп: Меруерт пен Айдын

1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.

1 – бөлім: «Кел, танысайық»,2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық», 3 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер», 4 - бөлім: «Мені жалғастыр», 5 – бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».

2 - жүргізуші: Әділ – қазы береді,

Өздеріңе сыйлықты.

Бізге айтып береді,

Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.

Нұрдос: Ақпан кетті араз боп Наурызбен,

Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.

Көктем жетті көрісіп, жанын үзген

Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

Назгүл: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен.

Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,

Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

1 - жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»

Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.

Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,

Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп «Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

2 - жүргізуші: Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.

1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см)

3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су)

4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)

5 – сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты түрлері бар.)

6 – сұрақ: Жұмбақ

Ағаштардың көсемі

Мәңгі жасыл бұтағы.

Мекен ғып тау өлкені,

Кәусар ауа жұтады. (Шырша)

Альбина: Наурызым ғажап туысың,

Ұлыстың ұлы күнісің.

Жылыттың жердің жүрегін,

Жүрегі елдің жылысын.

Берекет: Наурызым - тойлы нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін.

Жерімнің жүзін жылыттың,

Елімнің сақта бірлігін!

Ән: «Аққуым менің» Орындайтын Оразбаева Ая.

1 - жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік.

(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)

Ақмерей: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым.

Аркен: Наурыз – достық, Наурыз – күн,

Барша халық бірлігі.

Тағы келді Ұлыс күн,

Жалғасып ғалам тірлігі.

Ақниет: Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Қызық думан - мереке,

Қызық думан құрамыз.

2 - жүргізуші: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады.

Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.

1) Әдепті бала – арлы бала,

.............................................

Өлеңді жалғастыр

................. тоңбаймын,

.................. қорғаймын.

Ойынға бір. ..................

Секеңдеуді . ....................

2) Таулы жер бұлақсыз болмас,

...................................................

Өлеңді жалғастыр.

..................... сайрайды,

..................... жайнайды.

...................... құлпырып,

....................... сыйлайды.

3) Бір тал кессең -. .........................

Өлеңді жалғастыр.

................. атпаймыз,

................. сатпаймыз.

.................. қорғаймыз,

................. ақтаймыз.

1 - жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.

«Шеше көреген тон пішер» деген рас,

Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.

2 - жүргізуші: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.

1 - жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,

Сыналып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.

2 - жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,

Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Хормен: Наурыз!

1 - жүргізуші: Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі.





Наурыз мейрамы дәстүрлі мереке

 

  • 25 наурыз 2014

 

  • 2299

 

  • 0

  • 0

Наурыз мейрамы – дәстүрлі мереке.
Мақсаты: Балаларға халқымыздың мейрамдарының бірі – Наурыз туралы түсінік беру. Балаларды ұлтжандылыққа, ана тілін құрметтеуге, халқымыздың ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ұлттық киімдер.
Тәрбиеші: Ежелгі заманнан бері шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып саналатын Наурыз күн мен түн теңелетін 22 наурызға, жер бетін тіршілік біліне бастайтын мезгілмен тұтас келетін мереке. 21 наурыз даланы халқымыздың діни түсінігі бойынша Қыдыр ата аралайды. Сондықтан әр отбасына дәулет дарып, бақ қонсын деген түсінікпен есіктерін ашып қойған. Наурыз негізінен адамдардың көрісуімен басталады.
Жақындатып өткенге, кеткенге енді,
Көктем келді, балбырап, көктем келді.
Суық сорған жаныма шуақ қонған,
Осы еді ғой күткенім көптен бергі,
дей келе, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған тақырыптық оқу іс - әрекетін бастаймыз.
І. Ән «Наурыз айы»
Алнұр:
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Арманда оны көрген де,
Көрмегендер де арманда,
Наурыз айы келгенде.
Қарлығаш:
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.
Мади:
Ежелгі шығыс еліміз,
Аңсаған арман, ойы бар.
Тарқайтын шары жерінің
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.
Аяжан:
Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Еңбек, шаттық, жыл басы,
Наурыздан басталған.
Бибарыс:
Шырқап салған әнімен,
Мерекелік сәнімен.
Топталып ойнап, қыдырып,
Бөлісіп ішкен дәмімен.
Зарема:
Су сылдырлап, жер көктеп,
Наурыз келсе жыл басы.
Бау - бақша ішін өрнектеп,
Өзгерер өңір тұлғасы.
Шахмұрат:
Наурыз келсе, құт келгені,
Халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық.
Би «Қара жорға»
. Амира:
Жаңғырған дәстүр салтымыз,
Төгілген бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке, Наурыз – жыл басы.
Ерқанат:
Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел наурызды тойлайды.
Димаш:
Наурыз келді салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз.
Көшеге тал егеміз,
Жарқырады күніміз.
Мадияр:
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз болып,
Басталыпты наурыздан.
Виктория:
Наурыз саған жол болсын,
Тілегім анық сол болсын.
Деген ырым білгенге,
Халықта ақ мол болсын.
Тәрбиеші: Наурызда наурыз көже жасайды. Наурыз көже – наурыз тойына ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр адам 7 түрлі тағамнан пісіреді. Наурыз көжені сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы да басқа тағамдар қосып пісіріліп, келгендерге ұсынылады.
Бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік. Сәбидің алтын ұясы. Бесікті отпен аластан, тыштыма жасап алады да, баланы бесікке салады. Балаға деген ана махаббаты бесік жыры арқылы айтылады. Баланы бесікке салу кезінде үлкен әже, келін, қыздар отырады. Енді сіздерге қазақтың «Бесікке салу» салтын көрсетеміз.
Үлкен әже – Ақнұр:
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның, көзінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Баланы бесікке бөлейді.
Келін – Диана:
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Әлди, әлди, бөпешім,
Қозы жүні – көрпешім.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім.
ІІІ. Жамила:
Наурыз тойың, наурыз тойың,
Құтты болсын, халайық!
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Ерсұлтан:
Ұлу жылы, кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
Ұлдана:
Ұлыс бақыт әкелсін,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын.
Ислам:
Шаттанып бүгін жаңа жыл,
Халқына шашып жаңа нұр.
Келді Қыдыр атамыз,
Жүректен төгіп жаңа жыр.
Енді, балалар, сендерге Қыдыр атамыз бата береді.
Қыдыр ата – Алан:
Бата
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс береке берсін.
Бәле - жала жерге енсін!
Ұлы халқым тең болсын,
Қайғы - уайым жоқ болсын,
Қуанышың көп болсын!
Әумин!
Тәрбиеші:
Дастарханы халқымның тола берсін,
Бақыт құсы қолыңа қона берсін.
Ұлы тойдың төресі – наурыз тойы,
Жылдан - жылға құт тойы бола берсін!
Деп, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған тақырыптық оқу іс - әрекетін аяқтаймыз.





Наурыз мейрамы

 

  • 15 наурыз 2013

 

  • 8336

 

  • 0

  • 0

«Наурыз мейрамы»
Праздник проводится в зале. Дети под песню Р. Рымбаевой «Наурыз» входят в зал.
1Ведущий. 
Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық»
Келді Наурыз сағынтып.
Наурыз келсе құт келгені, халайық.
Есік ашып, шашу шашып, 
Ұлысты қарсы алайық!
2 Ведущий.
В марте весенний ветерок проказник,
Ласково гуляет по ветвям.
А у нас большой, великий праздник,
Новый год наш, Наурыз – мейрам!

1Ведущий. 
Наурыз жаңа жылымыздың ең жауапты кезені. Ол мұсылман ұғымы бойынша Наурыздың 21-күні түнге үште аспаннан түсетін Қыдыр атаны бабаларымыз күткен. 
Осы түнде адам қандай ой-арман ойласа, ол қабыл болады.

Ведущий 2. Дорогие ребята! С ярким солнцем и долгожданным теплом на нашу землю пришел праздник Наурыз мейрамы. Этот праздник пробуждения природы и зарождения высоких чувств, как и многие столетия, назад, не перестает излучать энергию созидания, добра и воплощения.

1чтец. Я счастлива, что, обновляя жизнь,
Вернулся в край родной мой Наурыз.
Добро пожаловать!
Добром в сердцах и в душах отзовись.

2чтец. Сады оделись в белый цвет,
Летают в небе птицы,
И пестрых бабочек букет,
Вокруг цветов кружится!

Звучит грустная мелодия, исполняемая на домбре, в зал входит грустный Наурыз.
1Ведущий. (встревоженно)
Что случилось с тобой добрый человек? Кто ты, и почему такой грустный? Ведь сегодня такой веселый праздник.
Наурыз.
Наурызом меня зовут.
Каждый год люди так меня ждут!
Я месяц для всех долгожданный,
Топлю я снега неустанно.
Я должен весну за собой привести,
Весна хочет быть мне верной женой.

1Ведущий.
А что же мешает Вам пожениться?
Наурыз.
Уж очень на нас отец ее злится!
Он хочет калым за невесту большой.
Не будет весна мне верной женой.
2.Ведущий.
Выкуп так выкуп!
Им поможем друзья.
Мы любим Көктем не меньше тебя.
1.Ведущий.
Без Вас в нашу степь
Новый год не придет,
Көктем с Наурызом народ уже ждет.
Наурыз.
Рақмет, люди добрые! Но за такой небольшой калым отец Коктем – Великий хан Жарыкхан не отдаст мне ее в жены. 

2.Ведущий.
Что ты, Наурыз, не печалься так! Посмотри сколько гостей пришло встречать тебя и весну. Мы все поможем тебе соберем выкуп. Засылай к хану сватов.

Наурыз: Да, есть у меня сваты! Сейчас я их приглашу. (убегает за сватами)
Музыка (выходит хан)

Хан: Хороша у Хана дочь! Луноликая, как ночь, женихов гоню я прочь! Недостойны вы ее! Коктем сокровище мое! 

Дочь угощает хана, входят сваты. Здороваются по казахски, говорят: «Здравствуй, Ханеке» ( кланяются уважительно)

Сват: Есть у нас сын Наурыз – красивый, умный, добрый юноша. Он влюблен в вашу дочь Коктем.

Хан:Не говорите мне про это! Разве что месяц может сосватать ее, а не какой то там безродный Наурыз. Никому я ее не отдам.

Сват: О, Ханеке! Ну, как же наш Наурыз без Коктем! Как же народ без весны. Проси Хан любой калым. На любой выкуп согласимся. 

Хан: Не нужно мне золото, серебра. Я и так очень богатый. Заплатите за мою дочь – веселыми песнями, стихами, шутками, прекрасной музыкой.

(Один из сватов сажает Хана на стул со словами: Садитесь Ханеке, отдыхайте.
Мы будем вас веселить)


1й чтец: Звени струна, крутой судьбой согрета, 
Звени ты, как певец тебе велит.
Пусть сердце
Как раскатистое эхо, Все звуки этой песни повторит.

(Звучит домбра в исполнении ДШТ)

Ведущий 1. Наурыз - это праздник добра, поэтому в этот день достархан казаха превращался в праздничный алтарь. В народе повелось: чем щедрее будет отмечен праздник Наурыз, тем благополучнее пройдет год. Накануне праздника, следуя советам предков: “Если увидишь родник - очисти его”, молодые наводят порядок в личном хозяйстве и на улицах: белят дома, чистят колодцы, арыки, очищают место стоянок и родников. Старики помнят поговорку ”Срубив дерево, посади десять”. Женщины с приветствием к Солнцу и матери Земле одаривали природу различными подарками.

Ведущий 2. К вечеру в местах празднования Наурыза устанавливались огромные качели-алтыбакан. Празднование длилось всю ночь, а к рассвету молодежь восходила на ближайшую возвышенность и встречала восход солнца. При праздновании Наурыза, обязательным является присутствие числа “7”: перед аксакалами ставится 7 чаш с напитками “Наурыз-коже”, приготовленным из 7-ми сортов, 7-ми видов злаковых культур. Число “7”, конечно же, олицетворяет семь дней недели - единицы времени вселенской вечности.

песня «Дастарқан» (Айгерим)

Ведущий 1. Есть еще одна особенность этого дня: обязательно при встрече люди должны приветствовать друг друга словами: «Жасың құтты болсын!»
Ведущий 2. «Өмір жасың ұзақ болсын!»
Ведущий 1. «Ұлыс бақытты болсын!»
Ведущий 2. Чем чаще будут произноситься эти слова в новогодний день, тем чаще будет навещать удача всех в новом году. 
Ведущий 1. В каждом доме в Новогоднюю ночь ждут много гостей. Для них готовят лакомства, подарки, развлекают их шутками и танцами.

Казахский танец (исполняет танцевальная студия)

Ведущий 2. Казахская пословица гласит: “Все самое дорогое - гостю”. Во все времена каждому, кто переступал порог юрты с чистыми намерениями и добрым сердцем, казахи были искренне рады всегда. 
Ведущий 1. И не удивительно, что в нашей республике дружно живут люди многих национальностей. 
Ученик 1. Наша Родина - Казахстан.
Ученик 2. Мы живем дружно.
Ученик 3. Мы терпимы друг к другу.
Ученик 4. И желаем вам быть милосердными.
Ученик 5. Добрыми, справедливыми, терпимыми.
Ученик 6. А если мы все будем такими
Ученик 7. То не только в нашей стране, но и на всей планете Земля. Будут жить счастливо дети. 
Ведущий 2. Что может быть красивее, чем песня о родине, о глубоком чувстве, которое испытываешь к той земле, которая тебя родила и воспитала. 
Песня на казахском языке (Таня и Юлия)
Танец «Дружбы» (исполняет танцевальная группа)
(Звучит домбра в исполнении ДШТ)
(Песня девочки 11 классов)
Встает хан и говорит: 
Ну, молодцы, ну порадовали вы хана своим умением и талантами! 

Весна: 
Нас, отец благослови.
Всех сватов на той зови.
Обещанье выполняй,
И скорей благославляй.

Хан: Так уж и быть, отдам тебе Наурыз свою дочь в жены.
Эй, казахский народ, хан на свадьбу всех зовет!
Наурыз, народ, встречай, молодых поздравляй!

Танец «Қаражорға» (исполняет танцевальная группа)
Финальна песня (Выходят все участники)

Ведущий1: 
Осымен біздің Наурыз мейрамына арналған мерекеміз мәресіне жетті.
Ведущий2. На этом праздничная программа завершена.
Хором ведущие: Ұлыс он болсын!
Ақ мол болсын!











Салтымен ата –бабамның

Жаңғырды қайта заманым

Жаңа –жыл басы –бұл Наурыз

Қайырлы болсын қадамың!


Наурыз келді құт болып

Мына бізге сүт болып

Аққа аузымыз толады

Бар жақсылық болады


Осыншама жақсылық

Алып келген наурызым

Төрлет, бізге нұр беріп

Шуақ шашып, ақ жүзің


Наурыз айы –гүл айы

Наурыз айы – нұр айы

Наурыз айда халқымның

Құлпыра түсер шырайы



Наурыз тойың, наурыз тойың,
Құтты болсын, халайық!
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.



Ұлу жылы, кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.



Ұлыс бақыт әкелсін,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын.



Шаттанып бүгін жаңа жыл,
Халқына шашып жаңа нұр.
Келді Қыдыр атамыз,
Жүректен төгіп жаңа жыр



Айналайын халқым –ай

Құтты болсын салтың –ай

Шықтық біздер жырлауға

Қазағымның салтын –ай


Айналайын халқым –ай

Болсын жүзің жарқын –ай

Ата салтын сақта деп

Ұран етем жалықпай


Айтсам егер жаңылтпаш

Жаңыласың қалқам –ай

Жұмбағымды шеше алмай

Қиналасың қалқам –ай


Қына тасқа бітеді

Ақыл басқа бітеді

Жұмбағыңды шешуге

Білім бізде жетеді


Төбедегі көзінен

Күн сәулесі түседі

Бұрышы жоқ төрінде

Самал еркін еседі

Біліміңді көрейін

Жауабын кім біледі?


Үйлеріңдей қаланың

Бөлек –бөлек бөлме жоқ

Макетіндей даланың

Болады ол дөңгелек

Қазағымның үйі ғой


Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Арманда оны көрген де,
Көрмегендер де арманда,
Наурыз айы келгенде


Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.



Ежелгі шығыс еліміз,
Аңсаған арман, ойы бар.
Тарқайтын шары жерінің
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.



Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Еңбек, шаттық, жыл басы,
Наурыздан басталған.



Шырқап салған әнімен,
Мерекелік сәнімен.
Топталып ойнап, қыдырып,
Бөлісіп ішкен дәмімен.



Су сылдырлап, жер көктеп,
Наурыз келсе жыл басы.
Бау - бақша ішін өрнектеп,
Өзгерер өңір тұлғасы.



Наурыз келсе, құт келгені,
Халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық.


Жаңғырған дәстүр салтымыз,
Төгілген бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке, Наурыз – жыл басы.


Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел наурызды тойлайды.


Наурыз келді салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз.
Көшеге тал егеміз,
Жарқырады күніміз.


Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз болып,
Басталыпты наурыздан.


Наурыз саған жол болсын,
Тілегім анық сол болсын.
Деген ырым білгенге,
Халықта ақ мол болсын.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 30.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров134
Номер материала ДВ-570593
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх