Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЕртеңгілік " Туған күн кеші" Ортаңғы топ

Ертеңгілік " Туған күн кеші" Ортаңғы топ

Скачать материал

Тақырыбы: Бүгін бізде мереке.

(күз мезгіліндегі балалардың туған күндерін тойлау)

Мақсаты:  балалардың көңіл - күйін көтеріп достарының туған

күндерін атап өту.

ә) Шығармашылық қабілеттерін және жолдастық қарама – қатынастарын арттыру.

б) Ұйымшылдыққа, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу

1 - жүргізуші:

Құрметті  апайлар, балапандар! Бүгін бізде мереке, себебі өз тобымыздағы достарымыздың туған күндерін тойлаймыз.

2 - жүргізуші: Еркін күліп ойнаймыз,

Ертеңді де ойлаймыз.

Жолдастықты қадірлеп,

Туған күнді тойлаймыз.

1-жүргізуші: Оййй мынау не?

2-жүргізуші: Не екен, ашып қараймыз ба?

(ашып қараса, ішінен  қыз (құттықтаушы)  шығады)

-Екеуі: Сіз кімсіз?

-Мммммммен қуттықтаушымын. Сіздерді құттықтайын деп келдім. Қане туған күн болған соң, бәріміз көңілді отырмаймыз ба?

Билейді бәрі.

1 - жүргізуші: Құттықтау мен сыйдың,

Иесі мынау гүлдін.

Айтыңдаршы, балалар,

Туған күні кімдердің?

Балалар: Мұхаммед,, Мадина, Айсулу, Назерке, Айсана деп хормен айтады.

1 - бала: Ай секілді өзі де,

Сыңғыр - сыңғыр сөзі де.

Ақылды қыз Мадина

Еркесі ғой үйінің.

Мадина- 5жасқа толып отыр.

2 - бала: Байыппен қарап айнала,

Көркіне ақылы сай ғана.

Мұхаммед  біздің ер жігіт

Сөйлейді өзі жай ғана.

Мұхаммед 5 жаста.

5 - оқушы:Дауысын  баяу оқиды,

Көңілге бәрін тоқиды.

Үндемей жүрген Назерке

Нені ойлап толқиды.

Назерке 5жасқа толды.

Туған күннің иесі

   Қыздарымыз келесі

   Оралбек Айсұлу 5 жасқа

   Сағынғали Айсана

   Толды міне 5 жасқа

   Өнеріне бал тамған

1 - жүргізуші: Жайнасын өмірлерің әр күн сайын.

Аспанда тұрсын мәңгі күн мен айың,

Келешек өміріңе бақыт тілеп

Туған күн мерекелеріңмен құттықтаймыз.

Әр шаңыраққа қуаныш, шат күлкі сыйлап, дүние есігін айқара ашқан күн адамның туған күні есептеледі екен. Кешегі кішкентай сәбилеріміз бүгінде ер жетіп, бой жетіп біздің бөбек жайымызда тәрбиеленуде.

Олай болса, туған күн иелеріне арнап, тақпақтарымызды айтайық.

                         Балдай тәтті баламыз

                            Ақылдымыз данамыз

                            Туған күнін достардың

                            Бірге қарсы аламыз -   Наргиза Н

                            Туған күнін достардың

                            Зор қуаныш көреміз.

                            Ортаға алып би билеп.

                            Ән де салып береміз.-  Алина

                            Туған күнді тойлаймыз.

                            Қызықты ойын ойнаймыз.

                            Қолдан жасап ойыншық

                            Досымызға сыйлаймыз – Наргиза

                            Қуанышы баланың

                            Қуанышы ананың

                            Бәрімізге мереке – Ерасыл

 

 

Арамызға биші қыздарда келген сияқты

2 - жүргізуші: Қамзол киім, қына бел

Толған ою - өрнекке

Билесін деп сұрайды ел

Өнеріңді көрмекке

Балалардың  орындауындағы «Жалқаубек» биі

1 - жүргізуші: Бата мен тілек - егіз қозыдай ұғым. Тілек дегеніміз - бата, бата дегеніміз - тілек.

«Сапарың оң болсын»,«Жақсы жатып, жайлы тұрыңыз» деген тіркестерде бата да, тілек те бар, бата мен тілек - адам баласына жақсылық ойлау. Ендеше өз достарымызға  туған күн мерекелеріне арнап тілек айтайық.(Әр баланың  тілегін тыңдау)

 Айқаракөз:

Қанша жұлдыз әлемде

Қанша толқын теңізде

Сонша бақыт тілеймін

Бақытты бол өмірде.

Дильназ:

Туған күндерің құтты болсын! Қуанышты бақытты күндер көп боолсын!

Айару:

Тук-Тук деп есік қағылады.

Сіз кімсіз?

-Мен пілдің баласымын. Анамды жоғалтын алдым. Сіздерде туған күн болып жатыр деген соң, сіздерден көмек сұрап келдім. Анамды тауып беріңдерші.

Ойын «Телефон»

Балалар кезек –кезек келіп телефонмен анасын іздеуге кіріседі.

Алло, сәлеметсіз бе?

Бұл піл ме екен?

-Қайдағы піл пф-пф мен  кірпімін.

Әрі қарай балалар жалғастырады.

Алло, сәлеметсіз бе?

Кім екен?

-ИИиииихю .(атттың дауысы)

                       (сиырдың дауысы)

                       (Қасқырдың  дауысы)

-Енді бір рет телефон шалып көрейік.

Алло, сәлеметсіз бе?

Бұл піл ме екен?

Иә, мен пілмін!

-Мен сіздің балаңызды тауып алдым, соны айтайын дегем.

-Ойййй рахмееет, таба алмай басым қатты, рахмет, рахмет. Қазір барып алып кетем.

Ән «Көңілді  күн».

Құттыбай Айнаш

-Піл келіп баласын алып, рахметін айтып кетіп қалады.

2 - жүргізуші: Туған күн мерекесінде кім болса да сыйлық алғанды ұнатады. Ендеше біздің достарымыз да сыйлық күтіп отырған шығар. Олай болса достарымызға дайындаған сыйлығымызды тапсырайық

Туған күн иелері хормен: Жасымызға жас қостық

Жақсы күнде бас қостық

Арманы бір құрдастар

Құрметтеріне мың алғыс.

1 - жүргізуші: Сен туған күн, мен туған күн,

Бізде бүгін көп мереке.

Асыр салып кел билейік

Құтты болсын бұл мереке

Ән: « Туған күн»  Қадырбек пен Али

Құттықтаушы:  Туған күнің құтты болсын балақай,

                         Қуаныш пен шаттық бағын аралай,

                         Ата- анаңның сүиікті ұл мен қызы боп,

                         Алдарыңнан ақ күн тусын арайлай.  

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік " Туған күн кеші" Ортаңғы топ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылы "Балдәурен" мектепке дейінгі ұйымы МКҚК тәрбиешісі Оразова Айгуль Айдынгалиевна.

ІІ санатты, енбек өтілі 8 жыл.

Шығармашылық тақырыбы: "Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған логикалық ойындардың маңызы"

Батыс Қазақстан облысындағы Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжінің " мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу" бөлімін бітірді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 661 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2017 1723
    • DOCX 43.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оразова Айгуль Айдынгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оразова Айгуль Айдынгалиевна
    Оразова Айгуль Айдынгалиевна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29654
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогическое сопровождение детей с ТНР в условиях ДОУ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 469 человек

Курс повышения квалификации

Познавательное и речевое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 181 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 033 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной адаптированной образовательной программы дошкольного образования для обучающихся с умственной отсталостью

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Мини-курс

Основы продаж и управление продуктом

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе