Инфоурок Другое Другие методич. материалыЭссе "Құдіретті төрт ана"

Эссе "Құдіретті төрт ана"

Скачать материал

Құдіретті төрт Ана

 

Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – Ана. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың  мейірімі  жан – жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат ананы мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан  бақыт жоқ шығар. Ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттыңшуақ  күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Түн ұйқысын төрт бөліп, мұзды бесік таянған – ана, баласын көзінің қарашығындай қорғап, аялап, аяғынан тік тұрғызады. Халықтың халықтығының  басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана.  Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі- Ана тілі деп аталады. Ана сөзімен байланысты  Жер-Ана, Ана тілі деген сияқты тіркестер бар. Осы тіркестердің мағынасы мен байланысын іздестіре отырып, Мен, Мұхтар Шахановтың « Құдіретті төрт Ана» өлеңіндегі төрт ана туралы не білемін? Адамға қаншалықты қажет дүние деген ойға келдім.

Шынында да әр адамның өзінің тағдыры бар. Өз анасынан басқа да  құдіретті төрт Ана деп туған жерін, ана тілін, дәстүр мен салт-санасын, тарихын атап отыр. Кіндік қанымыз тамған туған жерімізді Айбын, ана тілімізді сатылмайтын Байлық, салт- дәстүрімізді Тірек деп айтуының өзі әр адамға терең ой тастайды. Олай болса, баласын мәпелеген Анадай неге адам баласы осы құдіретті төрт ананы қастерлемейді.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Рухани байлық табиғатқа деген сыйластықпен қалыптаспай ма. Қазақ халқының атадан  балаға қалдырған мұрасы туған жерді үлкен жауапкершілікпен қорғау адамзат парызы деп білемін. Өйткені көшпелі өмір ата –бабамызды табиғатпен етене байланыстырған.

Ал, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттың болмысы.  Адамды мұратқа жеткізетін - ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің қасиетті  мұрамыз,  ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ халқы салт - дәстүрге  өте бай халық. Өкінішке орай қазіргі таңда салт - дәстүріміз ұмытылып бара жатыр. Ел боламын десең бесігіңді түзе демекші, ең алдымен Отанға деген сүйіспеншілік салт – дәстүрді түзетуден басталады. Салт - дәстүрді біле отырып тарихты танимыз, ал тарихты білу Отанды тану.

Кең далада еркін өмір кешкен, ат жалында ойнаған, қандай жау болса да тайсалып та талмаған қазақ батыр да, бақытты халық қой!...

Қилы оқиғаларды бастан кешкен, ұрпағына ұлағатты сөз қалдырған ұлы адамдардың айтуынша, қандай да бір қырсық Алладан емес, албастыдан емес, адамдардың өздерінен болады екен. Байқап қарасақ, адамзат қоғамында бір кәсіп пен өнердің, билік пен мәнсаптың, бақыт пен дәулеттің, атақ пен даңқтың  биігіне жету үшін адамдар адал да арам айла-тәсілдерді, тура да бұлаң жолдарды ойлап тапқан екен.  Әлі де ойлап табуда. Жер бетінде өмір сүрудің  осы айла – тәсілдері мен жолдары адамдарға жақсылықтан гөрі жамандықты көп жасатады. Адам өміріндегі үлкенді –кішілі қанды соғыстар мен қарулы қақтығыстар жүргізді. Табиғатқа да орны толмас опат әкелді. Күнделікті тірлікте де адамдар бірін-бірі күндейді, алдайды. Осындай жаппай жамандық жасаудың тәсілдері мен айла –амалдарын білеміз. Білмегенімізді үйретеміз, үйренгісі келмегенді күшпен көндіреміз. Ендеше, осы сияқты жаппай жақсылық жасаудың да жолдарын неге іздеуге, салуға болмайды. Бай болудың, билікті болудың, өнерлі болудың амал – айлалары мен іс –әрекеттері сансыз көп болғанда, нағыз жақсы адам болудың, ақын өлеңіндегі құдіретті төрт Ананы құрметтеудің мүмкіндігі неге аз? Міне, қасиетті қара топырақ- туған жер, туған тіл, ұмытылмайтын салт- дәстүр мен тарих әр адамзат үшін асыл құнды дүние емес пе? Тіршілікте төрт құдірет..., олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік» деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден туған.

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған

Қасиетті бұл төрт ана- тағдырыңның тынысы

Төрт ана үшін болған күрес- күрестердің ұлысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құдіретті төрт Ана

 

Искакова Гауһар Нәдірханқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған қаласы 2017 жыл

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "Құдіретті төрт ана""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 401 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2017 17213
    • DOCX 32.5 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искакова Гаухар Надирхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Искакова Гаухар Надирхановна
    Искакова Гаухар Надирхановна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46231
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой