Инфоурок Начальные классы КонспектыЭссе на тему «Ұстаз болу – сезімнің ақындығы».

Шаблон. Орта білім беру педагогтеріне арналған аттестация кезінде портфолиоға қосатын эссе. "Ұстаз ұлылықтың, адалдықтың символы"

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
341
1
24.01.2025
«InfoLesson»‎

Материал разработан автором:

Онгарбаева Айдана Айткалиевна

Менеджер по курсам

"Ұстаз ұлылықтың, адалдықтың символы" тақырыбы бойынша жазылған эссе. Бұл эссені орта білім беру педагогтері жүктеп алып, аттестациядан өту кезінде портфолиоға қосуға жарамды. Тақырып ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген тізімнен алынды және бұйрыққа сәйкес, 250-300 сөзден тұрады.

Краткое описание методической разработки

"Ұстаз ұлылықтың, адалдықтың символы" тақырыбы бойынша жазылған эссе. Бұл эссені орта білім беру педагогтері жүктеп алып, аттестациядан өту кезінде портфолиоға қосуға жарамды. Тақырып ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген тізімнен алынды және бұйрыққа сәйкес, 250-300 сөзден тұрады. 

Эссе на тему «Ұстаз болу – сезімнің ақындығы».

Скачать материал

                                 Ұстаз болу – сезімнің  ақындығы.

    Ұстаз деген ұлағатты сөзде қаншама терең ой жатыр? Өмірдегі көптеген мамандықтың ішіндегі ең қастерлі де, құрметті мамандық, ол-ұстаздық мамандық. Өйткені, мұғалім -алдына  келген кішкентай шәкіртінің  болашағы үшін  басты тұлға болып есептеледі.

   Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, арындай таза ұстау әр мұғалімнің борышы. Ол үшін әрбір ұстаз өзіне әрдайым сын көзбен қарап, білімін жетілдіріп, ой-санасын толықтырып, өзін қоршаған орта мен шәкіртіне сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасай білуі керек. Бала жүрегі асқан сезімтал. Ол сенің әр басқан қадамың мен ісіңді қалт жібермейді. Өйткені мұғалімнің қарапайым да, сыпайы жүрісі, мәдениетті сөзі, терең білімі шәкіртке де, ата-ана, жұртшылыққа да үлгі-өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Сондықтан мұғалімнің сан қырлы шығармашылық шеберлігі, кәсіби ұтқырлығы, икемділік пен біліктілігі болуы шарт. Қазіргі жас буын – еліміздің ертеңгі күнгі келбеті, мемлекетіміздің іргетасы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та : «Еліміздің ертеңі –бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деп ұстаздар алдына зор жауапкершілікті жүктейді. Адамзатты небір қиын жолдардан құтқаратын ол-білім екендігі рас. Сол білімді тәрбиелей отырып меңгерту де кез келген мұғалімнің қолынан келе бермейтінін күнделікті өмірде де байқап жүрміз. 45 минутын тиімді әдіс-тәсілдермен, оқушыны баурап алатындай шеберлікпен, «бүйтпе, сөйтпе» деп жекімей-ақ, тентегін жөнге салатын мұғалім саны көп болса ғой,шіркін!

     Балалық бал дәурен шаққа көз жүгіртсем, өзімнен кіші іні-сіңлілерімді жинап алып, өзімше сабақ беріп, «апай» болатыным есіме түседі. Сонда менің өмір жолдарым сонау бала кезден басталған екен-ау деп кейде ойға қаламын. Мүмкін, бұл құрметті мамандықтың иесі болуым ұзақ жылдар ағарту саласында еңбек еткен әкемнің де үлгі-өнегесі шығар. Әкем кейде мамандық туралы сөз болғанда: «Біздің  Маржанның табиғаты ұстаз болуға жақын» деп жиі айтатын. «Әке-балаға сыншы» деп бекер айтылмаса керек. Еңбек еткен жылдарымда  «Шәкірт саған ренжіп кетпесін, егер ренжіткен болсаң , кетерінде маңдайынан сипай сал, одан төмендеп кетпейсің» деп айтатын әкенің ақылын өмірлік қағида қылуға тырыстым. «Таспен атқанды аспен ат», «Жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі» деген нақыл сөздерді жиі айтып отыратын. Ешкімнің көлеңкесінде жүрмей, шынайы жүріп-тұру, маңдай термен жұмыс жасау, өз біліміне сену, үнемі іздену  сияқты қасиеттер  мұғалім тәжірибесінің қалыптасуында маңызды екендігін естен шығармаған абзал.

   Мұғалім зерттеуші ғалым тәрізді, ол алдындағы шәкірттерінің бүкіл мінез-құлқын, отбасын, денсаулығын, білімді игеру қабілетін үздіксіз бақылап отыруы қажет. Сонда ғана нәтижеге қол жеткізеді. Ал құр келіп-кетіп, «айқайшы» болса,онда одан еш нәтиже күтпейсің. Менің бұл айтып отырған кеңесім өз бойымда бірте-бірте қалыптасқан, ұзақ жылдар тәжірибеден алған ұстанымдарым. Ешкім де бірден жақсы мұғалім бола алмайды. Ол үшін тәжірибелі мұғалімдердің де ақыл-кеңесіне құлақ асқан жөн. «Келісіп пішкен тон келте болмайды». Кейінгі кезде ақпарат құралдарынан мұғалім беделінің төмендегені, оқушымен қарым-қатынастың қиын сәттері айтылып та, көрсетіліп те жатады.

2012 жылы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің  үшінші  (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілік курсына қатысқанымда сондағы айтылған жетекшілеріміздің дәрістері, ой-пікірлері, әдіс-тісілдері көкірегіміздегі  «айтсам-ау» деген пікірлермен дәлме-дәл келіп жатты. Біреулері «ақшамыз өссе» деп ойласа, біздер  баламен қарым-қатынастағы іс-әрекеттердің көкейімізден шыққанына қуандық. Мұғалімнің материалдық жағдайы жақсы болса нұр үстіне нұр ғой, сонда да адал мұғалім оқушының жағдайын бірінші кезекке қояды. Өзім туралы ойласам, «отбасымдағы балаларыма қарағанда елдің баласының білімі мен тәрбиесіне көбірек мән бердім» десем артық айтқаным  емес. Оның барлығын  балаларың өсіп ержеткенде ғана бірте-бірте айқын сезінесің. Педагогикалық қызметімде оқушыларымның ішкі жан-дүниесіне бағдар жасай отырып қызмет жасауға тырыстым. Менің ойымша, қателіктер көбіне үлкендер тарапынан болады, соларды көріп өскен бала да сондай қылықтарды жасауға әуестенеді, бағытталады. Ал үлкендер тәрбиесі күрделі екендігі түсінікті.Жалпы жақсы ұстаз оқушының санасына ықпал етуге  жұмыстанады. Үнемі айқаймен, қорқытумен берілген білім мен тәрбие, ол тек уақытша ғана, яғни баянды емес. Сондықтан санаға жұмыс істеу біршама ізденуді талап ететіні сөзсіз. Мысалы, әр түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдердің жолдарын іздестіру, ойын элементтерін пайдалану т.б.

    Баласы суға кетіп аңырап қалған ана: «Шіркін-ай,осы жерде бір мұғалім  болғанда, балам аман қалар ма еді?» - депті деген де сөз бар. Бұл да бір ұстазға деген зор сенім, ыстық ықылас емес пе?!

    Иә, ұстаз сезімі - кіршіксіз таза сезім. Өйткені, оның өмірі - періште сезім иелері балалармен бірге өріледі.

                                                                   

                                                                             Маржан Қаражанова

                                                                       Шахта орта мектебінің  мұғалімі

                                                                        Таушық ауылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе на тему «Ұстаз болу – сезімнің ақындығы»."
Смотреть ещё 5 968 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 357 150 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 17.09.2015 1068
    • DOCX 18 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каражанова Маржан Койлыбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каражанова Маржан Койлыбайкызы
    Каражанова Маржан Койлыбайкызы

    учитель начальных классов

    • На сайте: 9 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10771
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    Мен, Қаражанова Маржан Қойлыбайқызы 1963 жылы 30 қыркүйекте Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылында дүниеге келдім. 1980 жылы орта мектепті бітіріп,Орал педагогикалық учелищесінің бастауыш сынып мұғалімі бөліміне оқуға түсіп,1983 жылы бітіріп шықтым.Еңбек жолымды Тұщықұдық ауылындағы С.Жанғабылов атындағы орта мектепте бастадым. Шахта орта мектебінде 1993 жылдан бері еңбек етіп келемін.Білімімді жетілдіру мақсатында 2006 жылы Ш.Есенов атындағы университеттің педагогика және психология бөлімін бітірдім.Педагогтық қызметімде оқушыларға заман талабына сай білім беру мен тәрбиелеуді басты назарда ұстадым.Сабақ-оқушы белсенділігін арттыратын жүйелі де ,қызықты болуы үшін үнемі ізденіп,тиімді болатындай әдіс-тәсілдерді игеруге тырыстым.Қызықты сабақтар мұғалімнің әдістемелік ізденісі,өзіндік қолтаңбасы,қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп,шәкірт жүрегінен орын алады.Сондықтан бастауыш сыныптарды оқытуда әрбір сыныптың жас ерекшеліктеріне лайықтап, «Оқу мен жазуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының әдіс-тәсілдерін қолданып келемін.Бұл технология негізгі үш кезеңнен тұрады.1.Қызығушылықты ояту.2.Мағынаны тану.3.Ой-толғау кезеңі.Бұл технологияның ерекшелігі, әр кезең бірнеше әдіс-тәсілдерден тұрады.Қызығушылықты ояту кезеңі бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастыру.Сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не білетінін айқындаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғау,ояту ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер етеді.Осы кезеңде «Топтау» әдісін қолданамын.Балалар бұл әдіске жұмыла қатысады.Топтау әдісі арқылы оқушылардың таным белсенділігі артады.Бағдарламаның екінші кезеңінде (мағынаны тану)оқушылар жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша тапсырмалар орындайды.Оқушының өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасалады.Тақырып туралы ой толғаныс кезеңі бағдарламаның үшінші кезеңінде жүзеге асады. «Венн» диаграммасын толтыру оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруға, сыни ойлауға мүмкіндік береді.Шығармашылықтарын арттыруда «Бес жолды өлең»,есте сақтау қабілеттерін жетілдіруде «Кубизм» әдісінің орны ерекше.Жаңа сабақты бекітуде де қолданған тиімді.БүБ әдісі оқушылардың өзін реттеуіне,білімдерін сараптауға тигізер әсері мол.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасымен бірге әр түрлі ойын элементтерінде жиі қолданамын. Осындай әдіс тәсілдердің нәтижесінде 2011 -2012 оқу жылында аудандық пәндік олимпиададан 4 сынып оқушылары Әбдірасейітов Ғалымжан математика пәні бойынша 2 орын,Ізімберген Ғаламин қазақ тілі бойынша 2- орын,Ағдал Жаңылсын дүниетану бойынша 3 -орынға ие болды.2012жылы ұйымдастырылған аудандық «Өз жүрегіммен» мәнерлеп оқу байқауында Ағдал Ж. өзіндік нақышымен дараланып 3- орын алды.Ал Исабай Мұратбек деген оқушым облыстық,аудандық сурет байқауларында арнайы дипломдармен марапатталса,2010 жылы аудандық «Әнші балапан» байқауында Шалқыбай Абзал «Ынталандыру» дипломымен марапатталды. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген нақыл сөз мұғалім жұмысының «бағдаршамы» тәрізді.2012 жылы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын тәмамдадым.Бұл Бағдарлама негізгі кіріктірілген жеті модульге байланысты қарастырыылған.Жеті модульді пайдаланудың кейбір элементтері біздің еліміздің білім беру әдістемесінде бұрыннан да бар.Бағдарламадағы ерекшелік,осы әдістерді кеңейтіп,толықтырып,ғылыми тұрғыда дәлелдеп,жұмыс барысында пайдалануда болып отыр.Әсіресе,мұнда диалогтік оқытуға ерекше мән берілген.Сабақ барысында оқушылар өзара және мұғаліммен бірнеше рет диалогтік қарым- қатынаста болуы керек.Сабақ үдерісінде диалогті орынды қолдана білу мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету «ойлау туралы ойлауға» бағыттау екендігі айтылады. Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Сабақ үдерісінде АКТ-ны пайдалану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды құрал болып табылады. Тақырып мазмұнына сәйкес бейнеүзіктер, қызықты ақпараттар оқушының ой-өрісін байытып,шығармашылығының артуына ықпал етеді. Өткен 1-сыныпта оқушылардың сөздік қоарының аздығы,оқу техникасының жетілмегендіктері кезінде осы бағдарламамен жұмыс істеуге тура келді.Бастапқыда біршама қиындықтар болғанмен балалар бірте-бірте үйрене бастады.Постер қорғауға,өз ойын еркін айтуға,пікірлерін дәлеледеп айтуға машықтанды,Топқа бөлінуді,ереже шығаруға атсалысты.Бұл сабақ үдерісіндегі ерекше өзгеріс болды.Бұрын өзіміз көбірек сөйлейтін болсақ,енді балаларды көбірек сөйлетіп,олардың ой-өрісінің,сана сезімінің дамуына барынша ықпал ететінімізді байқадым.13.02.2013жылы «Пәнаралық байланыс бағдарламаларының өзара үйлесімділігі» атты бастауыш сыныптар апталығында 1-сыныпта «Құстардың туған жерге оралуы» деген тақырыпта дүниетану сабағынан ашық сабақ өткіздім.Бұл сабағыма әріптестер өз ризашылықтарымен бірге мұндай әдіс-тәсілдерді қолдану керектігін айтып жақсы пікірлерін білдірді. 27.11.2013жылы мектепішілік бастауыш сыныптар апталығында 2-сыныпта ана тілі пәнінен «Бөлімді қайталау» тақырыбында бағдарлама аясында ашық сабақ өткіздім.Сабақ барысында оқушылардың былтырғыға қарағанда біршама қалыптасып қалғандығы,өз ойын ашық айтуы,мәнерлеп оқу дағдылары мен дұрыс сөйлеуге талпыныстары,шығармашылық ізденістері әріптестерге үлгі боларлықтай болды.Былтырғы оқу жылында әріптесім Үсенбаева Гүлзипа екеуіміз Ақтау қаласындағы №11 мамандандырылған физика-математикалық мектепте «Бағдарлама идеяларын енгізудегі педагогтің іс-әрекетінде кездесетін қиындықтар» тақырыбында өткізілген семинарға қатысып,тәжірибе алмасып қайттық.Биылғы оқу жылындағы «Мұғалімнің шығармашылық ізденісі-сапалы оқытудың кілті» тақырыбындағы мектепішілік педагогикалық оқуда «Дарынды балаларды анықтау тәсілдері» бойынша презентация жасадым. 25.02.2014жылы «Кәсіби біліктілікті арттыруда белсенді оқытудың тиімділігі» тақырыбында өткізілген облыстық семинарда «Жаңа форматты сабақтың оқушы белсенділігін арттырудағы маңызы» тақырыбында шеберлік сынып өткіздім. Осы бағдарлама негізінде жұмыс жасайтын мұғалімдер сабақтарын көрсетіп тәжірибе алмасып отырады. 13.03.2014жылы өткізілген аудандық семинарда 4-сыныпқа қазақ тілі пәні бойынша «Жіктеу есімдігінің септелуі» тақырыбына десант сабақ өткіздім.Әріптестер «өте жақсы» сабақ деп бағалап,оқушылардың жаңа сабақты меңгеруде өз түсініктері бойынша игергеніне мән берді. Жалпы оқушыларды жаңа сабақты өз бетімен меңгеруге бағыттау үшін мұғалім көп ізденіп,сабақты дұрыс жүйелеу қажеттігін түсіндім.Сабақ кезінде әдіс-тәсілдерді орынды пайдалана білу маңызды екендігіне көз жеткіздім.Сабақ сайын постер қорғата беру де тиімсіз.Көбіне тарауды қорытындылауда қолданған қолайлы деп ойлаймын.Тәрбиелік іс-шараларды да жаңа бағдарлама бойынша өткізіп,модульге салуға жұмыстанып отырамыз.Бір жылдай уақыт өтсе де зерттейтін,зерделейтін жұмыстар көп.Бұл бағдарлама жүзеге асса,мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге де мүмкіндіктер болатыны сөзсіз деген ойдамын.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 334 880 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Лидерство и эффективное управление командой в современном бизнесе

7 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Комплексный подход к управлению качеством и продвижению предприятий общественного питания

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогическая деятельность и профессиональная компетентность в условиях реализации ФГОС

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 968 курсов