Физикадан ашық сабақ тақырыбы "Күш моменті. Тепе-теңдік шарттары. Иінді таразылар" (7 сынып)

    RAR

Документы из архива для просмотра:

  • DOCX

    Ашық сабақ 7а сынып Күн.docx

  • MP4

    Зарядка для детей Солнышко.mpg.mp4

  • FLP

    крос.flp

  • PPT

    куш момент.ppt

  •  

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     Физика пәнінен ашық сабақ

    Тақырыбы: Күш моменті. Тепе-теңдік шарттары.  Иінді таразылар.

     7 сынып                                                    Күні:29.04.2014 ж.

     

     

     

     

     

     

     

     

                                                     Ашық сабақ 7а сынып                                                                                                    Күні: 29.04.2014 ж

    Тақырыбы: Күш моменті. Тепе-теңдік шарттары.  Иінді таразылар.

    Мақсаты: 1. Оқушыларға  иінді таразылар, жай механизмдер және олардың  жұмыс істеу принциптері туралы , иіндік, күш иіні, күш моменті туралы  түсінік беру .

    2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

    3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

    Сабақтың көрнекілігі: ИТ, компьютер, карточкалар.

    Сабақтың жоспары:  Сергету сәті

                                           Жаңа сабақ

                                           Сөз жұмбақ

                                           Физминутка

                                           Есептерді шығарайық

                                           Ыстық тақ

    Карточкалар:

    1.     Иіндік дегеніміз не?

    2.     Қатандығы К = 2*10 5 Н/м серіппе серпімділік күшінің әрекетінен 3 см –ге ұзарады. Созылған серіппенің потенциалдық энергиясы қандай?

    3.     Сүретте сызғыш-иіндік көрсетілген. Оған бір жағдайда төрт күш әрекет етеді. Қандай жағдайда иіндік тепе-тендікте болады, егер тепе-тендік болмаса, ол қай бағытқа бұрылады?

    1.     Күш моменті дегеніміз не?

    2.     Сүретте сызғыш-иіндік көрсетілген. Оған бір жағдайда үш күш әрекет етеді. Қандай жағдайда иіндік тепе-тендікте болады, егер тепе-тендік болмаса, ол қай бағытқа бұрылады?

    3.     Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді.

    Сөз жұмбақ

    1.     Қозғалмайтың тіреудің немесе біліктің осьтің төңірегінде анала алатын кез келген дене .............. деп аталады.

    2.     Айналатын денеге түсірілген күштің ........ моменті деп аталады.

    3.     Күш сияқты, кұш моменті векторлық ........

    4.     Егер гір тастарының ......... өлшенетін дененің массасы тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

    5.     Біліктің сол жағындағы күштердің күш мементтерінің қосындысы біліктің оң жағындығы күштердің күш моментерінің қосындысына тең болса, айналатын дене тепе-теңдікте тұрады. Бұл ........  ережесі.

    6.     СИ жүйесінді күш иіннін өлшем бірлігі қандай?

    7.     Иінді таразылар ......... массасын өлшеу үшін қолданылады

    8.     СИ жүйесінді күштің өлшем бірлігі қандай?

    9.     Күш моменті қандай құрылғымен анықтауға болады?

    10. Иідіктің айналу ось өтетін О нүктесін ......... нүктесі деп атайды.

    Сабақ барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

    Оқушылар қарама-қарсы тұрып бір-бірімен әр түрлі амандасады.

    ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

    Activote  көмегі бойынша тест өткізу.

    11. ІІІ. Жаңа сабақ.

    Анаграмма бойынша оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын табады.

    Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала қозғала алатын кез келген дене иіндік деп аталады.

     

    О тіреу нүктесі

    d1=OC Ғ1 күшінің иіні

    d2=OD Ғ2 күшінің иіні

    Айналатын денеге түсірілген күштің иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады:

    M=F∙d

    М-күш моменті Өлшем бірлігі 1Н∙1 м

    Ғ-күш

    d –күш иіні

    М12

    Моменттер ережесі:

    Айналатын дененің тепе-теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күн моменттерінің қосындысына тең болуы керек.

    Иінді таразылар

    Механика 043 

         Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.

    Зертханалық теңиінді таразының жұмыс істеу принципін демонстрациялау.

     Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни    немесе

    Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама:

    d1=d2

    m1g=m2g

    m1=m2.

    Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

    Аса ауыр денелердің массалырн анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.

    Ондай таразының тепе-теңдік шарты:

    mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.

    Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.

    IV. Пысықтау.

    1. Теңиінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?

    2.Теңиінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?

    3. Таразының Ай бетіндегі көрсетуі мен Жер бетіндегі көрсетуі бірдей бола ма?

    4. Салмақсыздық жағдайында таразы жұмыс ісьей ала ма?

    5. Бір ғана кір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның жұмыс істеу принципі қандай?

    6. Жай механизмдер дегеніміз не?

    7. Жай механизмдердің түрлері қандай?

    8. Жай механизмедр жұмыстан ұтыс бере ме?

    9. Иіндікті не үшін қолданады?

    10. Блок деген не?

    11. Жылжымайтын және жылжымалы блоктардың жұмыс әрекетінде қандай ерекшеліктер бар?

    V. Есептер шығару. Карточка бойынша

    VІ. Қорытындылау.

    VІІ. Бағалау.

    VІІІ. Үйге тапсырма: §70. §71 41 –ж.  №3, №4.

     

     

     

     

     

     

     

  • Описание презентации по слайдам:

    •   АнаграммаЖасырынды сөзді анықтаКҮШОММЕНТІ

      1 слайд

      Анаграмма
      Жасырынды сөзді анықта
      К
      Ү
      Ш
      О
      М
      М
      Е
      Н
      Т
      І

    • Абай жалпы білім беру орта мектебіТақырыбы:     Күш моменті. Айналатын ден...

      2 слайд


      Абай жалпы білім беру орта мектебі
      Тақырыбы:
      Күш моменті. Айналатын дененің тепе – теңдік шарты. Иінді таразылар.
      Дайындаған : физика мұғалімі
      Идрисова Айгерим Назымбекқызы
      Ашық сабақ
      7 “А” сынып

    • Мақсаты:Білімділік:Дамутышылық:Тәрбиешілік:      Оқушылардың күш моменті жайл...

      3 слайд

      Мақсаты:
      Білімділік:
      Дамутышылық:
      Тәрбиешілік:
      Оқушылардың күш моменті жайлы ұғым қалыптастыру, күш моменті формула бойынша есеп шығаруын үйрену.
      оқушылардың танымдық деңгейлерін кеңейту, ойлау қабілетерін дамыту, күш моменті білуге дағдыландыру.
      оқушыларды білімділікке, ізденімпаздыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

    • Жоспар «Сергету сәті (сәлемдесу)"«Жаңа сабақ"«Сөз жұмбақ"«Есептерді шығарайық...

      4 слайд

      Жоспар
      «Сергету сәті (сәлемдесу)"
      «Жаңа сабақ"
      «Сөз жұмбақ"
      «Есептерді шығарайық"
      «Ыстық тақ"

    • Ү/ж:206 бет №  7-10 сұрақтарға жауап беру

      5 слайд

      Ү/ж:
      206 бет № 7-10 сұрақтарға жауап беру

    • Қатысқандарыңызға рахмет!

      6 слайд

      Қатысқандарыңызға рахмет!

Краткое описание материала

                                                            Абай жалпы орта білім беру мектебі

                                                           

 

 

                                                               Ашық сабақ физика пәнінен тақырыбы

 

                                                    Күш моменті. Тепе-теңдік шарттары.  Иінді таразылар.

                                                                            (7 "А" сынып)

                                                                                                             

 

 

 

                                                                                       Өткізген физика мұғалімі: Идрисова А.Н.

Физикадан ашық сабақ тақырыбы "Күш моменті. Тепе-теңдік шарттары. Иінді таразылар" (7 сынып)

Файл будет скачан в формате:

    RAR

Автор материала

Идрисова Айгерим Назымбековна

учитель физики

  • На сайте: 10 лет и 5 месяцев
  • Всего просмотров: 7322
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 4
  • 7322
    просмотров
  • 4
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Идрисова Айгерим Назымбековна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: