Инфоурок Химия Другие методич. материалыХимия пәнінен "Химия ұландары" атты сыныптан тыс шара. 9-10 сыныптар

Химия пәнінен "Химия ұландары" атты сыныптан тыс шара. 9-10 сыныптар

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ химия уландары 9,10 сыыптар@SEP@Химия уландары.docx

Тақырыбы: «Химия ұландары»

 

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру, сабақта алған білімдерін интеллектін жетілдіру.

Тәрбиелік: сайыс барысында ұжымдық коммуникативтік дағдыларыын қалыптастыру.

Дамытушылық: өз бетімен ізденіп, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, алған білімдерін пайдаланып, алғырлыққа, шапшаңдыққа, тез ойлнуға, тапқырлыққа баулу.

 

Өтілу әдісі: сайыс сабақ

 

Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, периодтық кесте, карточкалар

 

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін мектебімізде жаратылыстану ғылымының құпиясы апталығының аясында өтіп жатқан «Химия ұландары» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер. Бүгінгі химиялық сайысқа 9 – 10 сынып оқушылары химия пәнінен алған білімдерін көрсетіп, ортаға салады.

 

Жүргізуші: Данышпан жолмен жүрсең осындағы

                        Белгілі бір ғылымның ашылғаны

                        Ілімнің білу үшін сырын жетік

Ерінбей оқу керек химияны – дей отырып, сайысымызды бастайық. Ендеше,

ойыншыларымызды ортаға шақырайық.

 

Жүргізуші: Төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныс болайық

1.________________________________________________________________________________

2. ________________________________________________________________________________

3. ________________________________________________________________________________

 

Сайыс барысы:

1.      Таныстыру бөлімі (эмблема, ұраны).

2.      «Менен сұрақ сенен жауап»

3.      «Есептер сыры» бөлімінде химиялық есептер шығарылады

4.      «Жұмбақ аралы»

5.      «Химиялық потрет» сайысы (ғалым сурет)

6.      Химиялық сөзжұмбақ

 

Жүргізуші: 1 бөлім «Таныстыру» деп аталады. Әр қатысушы топтар өздерін таныстырып өтеді. Жоғарғы балл 5 балл. Ойыншыларға сәттілік тілейміз.

 

Жүргізуші: Келесі бөлім «Менен сұрақ сенен жауап» сұрақ – жауап сайысы. Сіздерге 10 сұрақ жасырылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балдан беріліп отырады.

 

9 «а» сыныпқа

1.      Фосфор қышқылының тұздарын қалай атайды? (фосфаттар)

2.      Қандай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады? (фтор)

3.      Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл (иод)

4.      Қоршаған орта әсерінен металдардың бүлінуі (коррозия)

5.      Атомдардың белгілі бір түрі (химиялық элемент)

6.      Тұрмыста және өнеркәсіпте кальций гидроксидін қалай атайды? (сөндірілген әк)

7.      Магниттілік қасеті бар химиялық элемент (темір)

8.      Қай элементтің таңбасы айдаһар белгісіне ұқсайды (күкірт)

9.      Сүйекті қаптайтын элемент (Кальций)

10.  Натрий гидрокарбонатының тұрмыстық атауы (Ас содасы)

10 «а» сыныпқа

 

1.      Күкіртті қышқылдың тұздарын қалай атайды? (сульфиттер)

2.      Сау адамның ағзасында болатын қышқыл (тұз қышқылы НCl)

3.      Салыстырмалы атомдық массасы 39 – ға тең металл (калий)

4.      Жылу бөле жүретін реакция (экзотермиялық)

5.      Оттектің басқа заттармен қосылу реакциясын қалай атайды?

(жану немесе тотығу реакциясы)

6.      Ең ауыр металл (осмий)

7.      Периодтық жүйе қандай металдармен аяқталады? (инертті газдармен)

8.       Суда еритін негіздер қалай аталады? ілтілер)

9.      Қай галоген бактерияларды өлтіріп, денсаулықты қорғайды? (хлор)

10.  Қандай металдарды керосиннің астында сақтайды? (Сілтілік металдарды)

 

Жүргізуші: Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып,

Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр,

Есеп шешер кезегі келіп тұр

 

3 бөлім. «Есептер сыры»

 

9 «а» сыныпқа: Біз негізі үш егіз жігітпіз: мен – Ақбаймын, Қарабай, Қазбек деген ағаларым бар. Түріміз де мінезімізде ұқсайды. Менің мінезім нашар, тез тұтанып шыға келем, өзім улы заттар қоймасында істеймін. Ағаларым маған қарағанда момын, Қарабай әскери адам, түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді. Ал Қазбек сіріңке зауытының директоры.

Тапсырма: Мен және менің туыстарым кімдер? Қатысты реакция теңдеулерін жазыңыз

 

Жауабы: Өзім фсформын. Ағаларым Ақбай - ақ фосфор, Қазбек – қызылфосфор, Қарабай - қара фосфор. Ақ фосфор – қараңғыда жарық шығарады, оңай тұтанатын улы зат. Қызыл фосфор – сіріңке, шырпы өндірісінде қолданылады. Қара фосфор әскери оттық жасауда қолданылады.

 

10 «а» сыныпқа: Мен бейбітшілікті жақтаймын, тіршілікті жан тәніммен сүйетін жанмын. Бірақ та маған соғысқұмар, тіршілікке қарсы деген жала жабылып жүр. Менің бес ағам бар. Апамның мінезі өткір. Аштай деген жеңіл мінезді кісіге тұрмысқа шықты. Бала – шағасы көп, бәрі де ер жеткен, егін шаруашылығында, дәнекерлеуші т.б. қызметте. Менің мінезім ауыр, кісімен оңай араласпайтын бойжеткенмін. Бірақ жақында Латиф деген татар жігітпен таныстым. Оны ұнатып соған тұрмысқа шығуға келістім.

Тапсырма: Мен кіммін, менің туыстарым кімдер? Қатысты реакция теңдеулерін жазыңыз

 

Жауабы: қыз – азот, 5 ағасы – 5 түрлі оксиді. 3 – уі тұз түзеді. Апасы – аммиаак, жездесі сутек, бала – шағасы – қолданылатын жерлері. Өзі қалыпты жағдайда тек литиймен әрекеттеседі. Күйеу жігіт – литий.

9 сынып

1. Mg(OH)2 + HCl →                                    2. Zn +  H2SO4  →

3. Na2O + HNO3  →                                     4. Na2SO4 + BaCl2

5. K2O + H2O  →                                          6. СaCO3 + H2SO4

7. ZnSO4 + KOH →                                      8. Al + Cl2

9. NaCl + AgNO3 →                                     10. H2 + F2

10 сынып

1. Na3PO4 + HCl  →                                     2. Cu + Fe(NO3)2  →

3. KMnO4  →                                                4. K + H2O  →

5. Al2(SO4)3 + Ca(OH)2  →                           6. Li2O + HCl →

7. Fe2O3 + H2SO4 →                                     8. Cu(NO3)2 + NaOH →

9. P2O5 + H2O →                                          10. Ca3(PO4)2 + HCl

 

4-бөлім. «Жұмбақ аралы»

 

9 сыныпқа

1.Күміс түсті металл өзі

Ақ бор, әктас, мәрмәр еді

Жер металы десек те

Сан құрылыстың өзегі  (кальций)

 

2.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.

Көрсететін суықты, жылуды анық

Қандай зат құрал жасар соны құйып  (сынап)

 

3.Алғаш болды белгілі

Күнде қандай элемент?

Одан кейін біз оны

Жерден зерттеп тауып ек? (гелий)

 

4.Өзім газбын, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттегі)

 

5. Қолданамын электр желісінде

Осы менің негізгі жеңісім де

Жарқыратып үй – үйге жарық берем

Бағалымын адамға сол үшін де (алюминий)

 

 

 

10 сыныпқа

1.Жануарда да адамда да болатын

Талай снаряд, бомбаларды жаратын.

Полиграфияда да сенім артып,

Жапырақта хлорофилді түзетін (магний)

 

2.Тағады оны төсіне

Алтыннан басқа алдына

Салмақты та сабырлы

Теңеу айтып оған да (күміс)

 

3. Иісі, дәмі де жоқ ұсталмайды,

Ол болмаса тіршілік өмірде жоқ.

Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

Қалады қарауытып көмір боп шоқ (оттегі)

 

 

4.Өзі сұйық, иісі де жағымсыз,

Ғалымдар да сондықтан

Сасық деген ат беріп,

Қолданады дәріге (бром)

 

5.Су бетінде қалықтап қандай металл жүзеді

айтшы ойланып денеңде жетпейтін қандай тұз еді? (натрий, ас тұзы)

 

5-бөлім. «Химиялық потрет» сайысы

 

9        сынып

1.Швед ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты (1903 жылы), 1887 жылы электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидаларын ұсынған ғалым кім? (Сванте Аррениус) 

2. Оның шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерттеулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды. 1748 жылы атом-молекулалық ілімінің негізін жариялаған және де химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңын ұсынған орыстың ұлы ғалымы, жаратылыстанушы, ақын, философ, суретші, тарихшы, ағартушы.

(М.В. Ломоносов)

3. Химия ғылымының докторы. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізін қалады. Осы теорияға сүйене отырып бірқатар жаңа қосылыстар алды. «Органикалық химияны толық оқуға кіріспе» оқулығын жазды. 1861 жылы органикалық қосылыстардың құрылыс теориясын ұсынған орыс химик-органигі кім? (А.М. Бутлеров) 

10 сынып

1.  Орыс химигі, Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1876). 1834 ж.

27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген. Химиялық элементтерді ретке келтіріп 35 жасында өзінің атақты ғылыми жаңалығын паш еткен, математика мен физиканың әдістерін химияның күрделі мәселелерін шешуге қолданған орыстың ұлы ғалымы, педагог және қоғам қайраткері (Д.И. Менделеев)

2. Радиоактивтілік және атом құрылысы жөніндегі ілімнің негізін салушы. Оның негізгі ғылыми жұмыстары атом ядросын зерттеуге арналған. Ол 1911 жылы атом құрылысының Күн жүйесіне ұқсайтын планетарлық моделін ұсынған ағылшын физигі. (Эрнест Резерфорд)

3. 1811 жылы жай газдардың молекуласы бiр немесе бiрнеше атомдардан тұрады деген жорамал жасап, осы жорамал негiзiнде ол негiзгi идеал газ заңдарының бiрiнiң айтылуын (өрнектелуiн), атомдық және молекулалық массаны анықтау әдiсiн анықтады. Ол өз есiмiмен универсалдық тұрақты сан (6,02*1023) – идеал газдың 1 молiндегi молекулалар саны деп аталды. Итальян физигi және химигі (Амедео Авогадро)

 

6 бөлім. Химиялық сөзжұмбақ

 

Марапаттау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Химия пәнінен "Химия ұландары" атты сыныптан тыс шара. 9-10 сыныптар"

Настоящий материал опубликован пользователем Сергазиева Айгерим Урынгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

Скачать материал
    • 21.12.2014 5956
    • RAR 2.5 мбайт
    • 127 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сергазиева Айгерим Урынгалиевна
    Сергазиева Айгерим Урынгалиевна

    учитель химии

    • На сайте: 10 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21709
    • Всего материалов: 7

    Об авторе

    Мен Серғазиева Айгерім Орынғалиқызы 1990 жылы 30 наурызда дүниеге келдім. 2007 жылы Казталов ауданы Жаңажол жалпы орта білім беретін мектебін аяқтап, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің химия мамандығы бойынша оқуға түстім. 2011 жылы оқуды аяқтап, қазір Зеленов ауданына қарасты Макаров жалпы орта білім беретін мктебінде химия мамандығы бойынша жұмыс атқарып жатырмын.

Жоспар. Сыныптан тыс іс-шара Жануарлар әлеміне саяхат

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
5097
8
06.02.2025

Материал разработан автором:

Алпысбаева Ляйла Мухаметкалымовна

учитель биологии и химии

Разработок в маркетплейсе: 142
Покупателей: 425

Об авторе

Категория/ученая степень: Первая категория
Место работы: КГУ Атыгайская средняя общеобразовательная школа
Моя основная профессия – учитель биологии и химии. В прошлом году у меня доминировали уроки химии, и некоторые свои задачи я опубликовал в Интернет ресурсах. Стаж работы составляет -22 года. Тема самообразования: Формирование функциональной грамотности учащихся на основе межпредметной интеграции на уроке биологии и химии.
Подробнее об авторе

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Алпысбаева Ляйла Мухаметкалымовна. Инфоурок является информационным посредником

Сыныптан тыс іс-шара: "Жануарлар әлеміне саяхат" Сынып: 5-8 сыныптар Мақсаты: Оқушылардың жануарлар туралы білімін тереңдету Экологиялық сауаттылықты дамыту Командалық жұмыс пен шығармашылық қабілеттерін жетілдіру ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ 1. Кіріспе бөлім (5 минут) Мұғалім сөзі: "Бүгін біз таңғажайып әлемге – жануарлар әлеміне саяхатқа шығамыз. Жануарлар – табиғаттың бір бөлігі, олардың әрқайсысы ерекше және маңызды. Сіздерді қызықты тапсырмалар мен жұмбақтар күтіп тұр!" Оқушыларды топтарға бөлу: "Жыртқыштар" (арыстан, қасқыр, жолбарыс) "Шөпқоректілер" (қоян, бұғы, піл) "Құстар" (қарлығаш, үкі, қыран) "Судағы тіршілік иелері" (балық, кит, тасбақа) 2. Негізгі бөлім 1-кезең: "Жануарларды тап!" (10 минут) Шарты: Әр топқа сипаттама беріледі, олар жануарды тауып, атап, оның қай классқа

Краткое описание методической разработки

Сыныптан тыс іс-шара: "Жануарлар әлеміне саяхат"

Сынып: 5-8 сыныптар
Мақсаты:

  • Оқушылардың жануарлар туралы білімін тереңдету
  • Экологиялық сауаттылықты дамыту
  • Командалық жұмыс пен шығармашылық қабілеттерін жетілдіру

ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

1. Кіріспе бөлім (5 минут)

Мұғалім сөзі:
"Бүгін біз таңғажайып әлемге – жануарлар әлеміне саяхатқа шығамыз. Жануарлар – табиғаттың бір бөлігі, олардың әрқайсысы ерекше және маңызды. Сіздерді қызықты тапсырмалар мен жұмбақтар күтіп тұр!"

Оқушыларды топтарға бөлу:

  • "Жыртқыштар" (арыстан, қасқыр, жолбарыс)
  • "Шөпқоректілер" (қоян, бұғы, піл)
  • "Құстар" (қарлығаш, үкі, қыран)
  • "Судағы тіршілік иелері" (балық, кит, тасбақа)

2. Негізгі бөлім

1-кезең: "Жануарларды тап!" (10 минут)

Шарты: Әр топқа сипаттама беріледі, олар жануарды тауып, атап, оның қай классқа 

Развернуть описание
Смотреть ещё 6 054 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ химия уландары 9,10 сыыптар@SEP@химия улндары.ppt

Скачать материал "Химия пәнінен "Химия ұландары" атты сыныптан тыс шара. 9-10 сыныптар"

Краткое описание документа:

Химия пәнінен 9 - 10 сыныптар арасында "Химия ұландары" атты сыныптан тыс шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, оқушылардың алған білімдерін пайдаланып алғырлыққа, шапшаңдыққа, тез ойлануға және де тапқырлыққа баулуға үйрету. Сайыс барысы "Таныстыру", "Менен сұрақ сенен жауап", "Есептер сыры", "Жұмбақтар аралы", "Химиялық потрет", "Химиялық сөзжұмбақ" бөлімдерінен тұрды. Әрбір бөлімдер оқушыларға танымдық тапсырмалар мен ойландыратын логикалық тапсырмалар берілді. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 365 766 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 357 100 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Ресурсы, дружба и психологическая поддержка в жизни женщины

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Комплексное управление безопасностью на производстве

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Устойчивое развитие и управление рисками в современном бизнесе

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 6 054 курса