Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"ИМАНДЫЛЫҚ -ТӘРБИЕ НЕГІЗІ" тәрбие сағаты

"ИМАНДЫЛЫҚ -ТӘРБИЕ НЕГІЗІ" тәрбие сағаты

Скачать материал

                                      Имандылық –тәрбие негізі

Тақырыбы: «Имандылық- тәрбие негізі»

Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру. «Иман» сөзінің нақты мағынасын түсіндіру.Жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні , имандылық туралы көзқарастарын дұрыс қалыптастыру. Имандылыққа , рухани тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты  сөздер, плакаттар ,суреттер.

Мұғалім сөзі:

Құрметті Ұстаздар, оқушылар және ата- аналар! Рахымды АЛЛАНЫҢ атымен бастаймын. Атам қазақ қай кезде де бала тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Баланы тәрбиелеудегі мақсат – оны жан - жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп шығару. Осы орайда, Ислам дінінің кемел тәрбиеге қосар үлесі зор.Тәрбие - арабтың сөзі «көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны білдіреді. Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат»деген нақыл сөз бар.

Иманды адам - сабырлы,мейірімді, әдепті ,қамқоршы,төзімді,шыншыл, отансүйгіш,арлы болуы керек.

 Мұсылмандық дүние таным бойынша имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған.  Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады.

 Имандылыққа қарама - қарсы сипат имансыздық.

Дін  дегеніміз   сенім-нанымның  ұйымдасқан  түрдегі  жүйесі  әрі  рухани  дәстүр, Сонымен  қатар  ол  жаратушы  жайында  қалыптасқан  жоғары  деңгейдегі киелі  ұғым.Дін — адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы, философия және ғылыми ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік  құбылыс. Діннің басты белгісі — адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау.

Ислам – «Ислам» сөзі «бейбітшілік», Алланың заңдарына «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі. Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіреді. Дүние  жүзін  дүр  сілкіндіріп желдей  есіп  тез  тараған  Мұхаммед   Пайғамбарымыз  негізгі  қалаған  Ислам  діні. Ислам  дінінің  негіздерін  үйрену, оқу, меңгеру, өйткені  адамзатқа  жаратушысын  танытып  шынайы  бақытқа  жеткізетін  дін-Ислам  діні.    

                                         Ислам 3 негізден тұрады

 

    ИСЛАМ                                                   ИМАН                                      

 Исламның 5 тұғыры                       Иманның 6 шарты                                                                                                                                  

 1. Алла Тағала мен                            1. Аллаға иман                                                                                                         Пайғамбар Мұхаммадке (с.ғ.с.)        2. Періштелерге иман

  иман келтіру                                       3. Пайғамбарларға иман

 2. Намаз оқу                                       4. Кітаптарға иман

 3. Ораза ұстау                                    5. Ахиретке иман

 4. Зекет беру                                      6. Тағдырға иман

 5. Қажылыққа бару        

   Ихсан

  Алланы көріп тұрғандай

  құлшылық етуің: сен Оны

  көрмесең де, Ол сені көреді

 

І- жүргізуші:

Жиғаныңа сенбе-иманыңа сен.

 Иманды адам – арлы адам,                                                             

Имансыз адам- сорлы адам.

ІІ- жүргізуші

Үстіңнің кірін – сабын кетіреді,

Жаныңның кірін – иман кетіреді.

«Имандылық қастерлі қасиет»

«Имандылық – инабаттылық айнасы»

«Имандылық – ізгілік негізі»

«Ақ тілек»  әні орындайтын  Бекбашева Әсем

 

І - Жүргізуші:        Имандылықтың шынайы төріне төрт нәрсе арқылы жетуге болады.                                                             

 1.Алланың жазуына шүкіршілік;

 2. Алла тағалаға шын пейілмен сенушілік;

 3. Барлық істе де Аллаға жүгінушілік;

4. Сана сезіміңе кереғар нәрсеге шыдамдылық.

ІІ -Жүргізуші: Біздің мойындайтын дініміз-Ислам діні. Ислам сөзінің   мағынасы мойынсыну, бағыну,амандықгы бейбітшілікте болу, яғни    бір ауыз сөзбен айтқанда түтастай бейбіт өмір салтын білдіреді.  Ислам-бейбітшілікпен қамқорлық діні. Бүл дін ғылым мен білімді  үйреніп адал жолмен күн көруді қүлшылық деп санайды, яғни  имандылыққа тәрбиелейді. Ислам дінінің негізгі бес парызы бар.  Олар:             

1. Иман.

2. Намаз.

3. Ораза.

4. Зекет.

5. Қажылық.

 І -  Жүргізуші:           1. «Иман» дегеніміз не?                                           

  Иман сөзі араб тіліндегі «ә-мә-нә» етістігінен алынған.   Сөздік мағынасы бір нәрсеге сену деген сөз.Иман сөзінің шариғаттағы мағынасы- Хазіретті пайғамбарға Алла Тағаладан жеткен нақгы үкімдерді растап,ешбір күмәнсіз қабыл ету.Әрі бұларға шын коңілмен сену болып табылады.Адам дене мен      жанның бірлесуінен пайда болған тіршілік иесі.Денеміз қалай ішіп - жеуді талап етсе ,жанымыз да азықты яғни, ғибадатты қүлшылық  етуді керек етеді.Имансыз қылық жасағандар кінәлі болып, ерте ме кеш пе жазасын тартады. Иманды адамдар қайырымды,мейірімді  болып, өздеріне нәсіп еткен намаз,ораза,зекет,қажылық сияқты  парыздарын орындауға ниет етеді.

Оқушы:

Күн келеді көмектеспес жиғанын,

Ара түсер терген иманың.

Парыздарды жас кезінен өте де,

Сауапты істен өз - өзіңді тыймағын!

Алла сөзі, ұмтыл Кәрім Құранға.

Оны оқысаң, келер сабыр, шыдам да.

Міндеттерін орындаған мүміндер

Аллаға әркез жағар, болар ұнамда.

Жақсы сөйлеп, ойлан әсем тілектен.

Амал жасап, шын ниетпен, жүрекпен.

Дін туралы айтар болсақ, осы орай,

Ислам діні құралған бес тіректен.

Иманды-баға жетпес нұрға бала,                                              

Ақылды адам одан құр қала ма?

Дүниені әркімдерге берген Раббым,

Дінді берер тек сұйген құлға ғана.                                                                                          

 ІІ -Жүргізуші:                        2. «Намаз» дегеніміз не?                                                                        

 Намаз мұсылманның өмірінде күнделікті атқарылатын  құлшылық түріне жатады.Намаз күн сайын бес мезгіл оқылады.Бес уақыт намаз: Таң намазы,Бесін намазы,Екінті намазы,Ақшам намазы,Қүптан намазы деп аталады.Намаз оқу үшін таза жүру,әр намаздың алдында арнайы жуынып-шайыну (дәрет)міндеттеледі.Намазда Мекке қаласындағы қасиетті Қағбаға жүзді қарату шарт болып есептеледі,сондай ақ намаз оқылатын жер таза болуы керек.

Оқушы:  

Ендеше дін тірегі -намаз дейді,                                                

Намаз бен Пенде Алладан пана іздейді.                                      

Қүлшыньш,құлшылығын артгырғандар,                                     

Құраннан ешқашанда ара үзбейді

Ислам діні болғандықтан таза дін.

Шаршамастан, насихаттап жазамын.

Қияметте ең бірінші сұралар,

Жүрек нұры, рухы азығы - намазың.

Намазсыз жан екі өмірде қиналады,

Намазбенен жанға азық жиналады.

«Көздің нұры»,- деген Расул Мұхаммед,

Өйткені бұл - шүкірі көп ғибадат

І -Жүргізуші:                    З.«Ораза»дегеніміз?                                                                                                              Бүл арнайы ниет етіп, таңның атысынан кештің батуына дейінгі уақыт аралығында тамақ ішуден бас тарту және басқа да шариғатта көрсетілген талаптарға сай артық істер жасамау дегенді білдіреді.Мүсылмандардың сенімінде ораза адамды сабырлыққа төзімділікке үйретеді.Мүсылмандар оразаны жылына  бір рет рамазан айында толық бір ай ораза ұетайды.Ораза ұстаудың  денсаулыққа да пайдасы зор.Ораза айында дау-дамайдан,ұрыс-керістен,қиянаттан,зорлықтан,ұрлық-қарлықтан аулақ болған жөн.

Оқушы:

Отыз күнге ішіп - жеуден тыйылған.

Бір Аллаға серік қоспай, сыйынған,

Бар үшінші тірегің, ол - ораза.

Оны ұстасаң, қорықпайсың қиыннан.

Байланысы адам менен Алланың,

Дейді Алла: «Тек мен үшін арнадың».

Өзі берер, сауабын да өзі өлшеп

Нәпсің басып, сауаптан құр қалмағын

ІІ -  Жүргізуші:                         4.3екет.            

Зекет -араб тілінде кобею,өсу,тазалық деген мағыналарды білдіреді.Ол мұсылмандардағы тек дәулетті,бай кісілерден талап етілетін салықтың түріне жатады.Зекет жылына бір рет беріледі.Зекетті қаржылай,мүліктей,малдай беруге болады.Зекетті мұсылмандар байлардың кедейлерге қарасуы деп түсіндіреді.   

    Оқушы:

Зекеті жоқ өмірдегі байлығың,

Ақыретте азап пенен қайғы - мұң.

Қияметте сол байлығың жылан боп,

Оралатын мойыныңа жайды ұғын!

Алла алдында бір әкім де, бастық та,

Ұшыратпай өз - өзіңді қастыққа,

Зекетіңді беріп жүргін ұмытпай,

Болмас үшін, жоқшылық та, аштық та.

Парызды сонан соңғы-Зекет дейді,

Қолыңнан нелер келіп,не кетпейді?

Бергенің береке боп Ақіретте,

Жұмақтың биігіне жетектейді.                                     

     І - Жүргізуші:                      5.Қажылық..

Қажылық - қасиетті жерде зиярат ету дегенді білдіреді.Қажылыққа бару қаражатты көтеретін бай адамдарға ғана міндеттеледі.Қажылық құлшылығын орындау барысында Арафат тауына шығу ,Қағбаны тауап ету секілді бірқатар діни амалдар атқарылады. Мүсылмандар шын ниетімен қажылық жасаған адам бүкіл күнәларынан арылады .Қажылық айларынан басқа уақыттарда жасалған қажылық «умра» яғни, кіші қажылық  деп аталады.

Оқушы:

Қажылыққа қаржыларын қимаған,

Ақыретте көп сұрақты жинаған.

Ниеттің де шынайысы болса егер,

Оған сонда жәннатты Алла сыйлаған

Алланың түссе саған назары асыл,

Сүймейсің бос мақтан менен сөз асылын.

Ин ша Алла қабыл болса Қажылығың,

Анаңнан туылғандай тазарасың.

Жаратқан «бай,кедей»деп жіктемейді,

Жалқаулық сараңдыққа құп демейді.

Қиын жоқ, бес парызда біздерге Алла,

Келместі қолымыздан жүктемейді.

ІІ - Жүргізуші:    Яғни,бай,кедей деп бөлмей, жалқаулыққа,сараңдыққа салынбай иманды болайық..Имандылық қастерлі қасиет.

Халық күйі «Тепең көк» орындайтын  1 сынып оқушылар ансамбльі

  І – Жүргізуші:

  Бес уақыт намазыңды жинамасаң,

 Ораза ұстап жаныңды қинамасаң,

 Алланың кешірмейтін бір күнәсі

 Ата менен анаңды сыйламасаң

ІІ – Жүргізуші

Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да

 қарызынан құтыла алмайсың.

Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

Анасыз өмір — сөнген көмір.

 «Аяулы анашым» әні орындайтын 1 сынып оқушысы  Қалмағанбетов Айбар

 

І Жүргізуші:

” Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз ”     Абай.   Хадистер

Хадистер.

1. Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе сол адам тәңір алдында да иманды адам. Иманның жақсысы сабырлы және кеңпейілді болу.2. Адамдардың көбісі тілінен шыққан сөздерден тозаққа кіреді. Тілді таспен, одан қалса сыртындағы екі ерінмен тосуымыз керек.

3. Тамақ салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.

4. Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ.

ІІ -Жүргізуші

Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. – Абай атамыз айтқандай, Қазанғап өзінің  ұстазы Орынбайға арнаған «Орынбай Ақжелең» күйі .Орындайтын 5 сынып оқушысы Жансүгірова Назерке.

І –жүргізуші

Ата - ана әркімнің ең қимас асылы. Дана Абай: «Әке ұрысса балаға ол да достық. Бала ұрысса әкеге жараса ма?»дегенде, перзенттің өзін өмірге әкелуге себепкер болған ата - анасына қарсы келуі, сөз қайтарып тайталасуы орынсыз екенін сынаған.

«Әке туралы жыр» орындайтын   5сынып оқушысы Әзиева Еркеназ

ІІ - жүргізуші

Алланы сүй, саған сый қайтарады,

Сонда ғана көңілің жай табады.

Көркем мінез танытсаң - бақыттысың,

Өмірің де гүл болып жайқалады.

І-жүргізуші

Иманыңмен түсірсең санаға шам,

Байқалады нығметтер арада сан.

Адамзатты сүйе біл жүрегіңмен,

Бақытыңды егер шын бағаласаң.

«Алма ағаштың аясында» орындайтын 1 сынып оқушылары  Айбекқызы Балнұр , Қазыбекова Ақтоты.

ІІ- Жүргізуші

Мұсылмандық қағидалар:

Иманның басы – сенім,

Иманның тәні – намаз,

Иманның жүрегі – құран.

Иманның көрінісі – ықылас.

Иманның сөзі – Аллаға тілек

Иманның нұры – шындық.

Иманның дәмі – тазалық, пәктік

Иманның жемісі – ораза.

Иманның шипасы – ар, ұят

Оқушы

Сөз сөйлеу әдебі

1. Үлкен кісінің сөзін бөлме. Екі адам арасында әңгіме тасыма, бір - біріне шағыстырма.

2. Сыр сақтай біл. Әуелі амандаспай тұрып сөз бастама.

3. Дөрекі сөйлеме, тілді балағат сөздерге үйретпе. Біреудің көңіліне жара салма.

4. Сыпайы сөйле, өзің жақсы білмейтін жайтты сөз етпе.

5. Айтқан уәдеңде тұр, өтіріктен аулақ бол.

І – Жүргізуші

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

 Бақ қайтса, басқа дәулет құралмаған.

 Күніне мың пәлеге жолықсаң да,

 Сонда да күдер үзбе бір Алладан!

Нұрғиса Тілендиев «Әлқисса» орындайтын 3сынып оқушылары Қанатбаева  Диляра, Әбдіжәмил Әсемай және оқытушысы Қосмамбет Мира.

Мұғалім:

«Түзу бастап,ақ жолды кесе көрме,

Иман тонын үстіңнен шеше көрме»-деп түрік ғұламасы Жүсіп Баласағұн айтқандай Алла жолында түзу жүріп,бойымыздан иманымыз кетпесін.Әрдайым имандылық жанымызға серік болсын деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.Сіздерге  Алланың нұры жауып,шапағаты тисін! Хош сау болыныздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі

 

 

                

                                               

  

 

    «Имандылық –тәрбие негізі»

                           (тәрбие сағаты)

 

 

 

                                                               

 

                                                                Өткізген: М.С.Қосмамбет

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""ИМАНДЫЛЫҚ -ТӘРБИЕ НЕГІЗІ" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 766 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2016 25594
    • DOCX 32.3 кбайт
    • 757 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қосмамбет Мира Сидағаликызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қосмамбет Мира Сидағаликызы
    Қосмамбет Мира Сидағаликызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 39406
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 810 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 853 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 124 человека

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе