Инфоурок Начальные классы КонспектыЫнтымақ-достық кепілі тәрбие сағаты

Ынтымақ-достық кепілі тәрбие сағаты

Скачать материал

А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің

 бастауыш сынып мұғалімі Нұрханова Жанат

Тақырыбы: Ынтымақ-достық кепілі

Мақсаты: Оқушыларға дос туралы, достық қарым - қатынас жөнінде түсінік беру. Адал дос пен амал достың айырмашылығын түсіндіру. Адалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: дос туралы нақыл сөздер, өлеңдер, мақал - мәтелдер, суреттер, үлестірме материалдар т. б.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, баяндау.
Сабақтың барысы:
Ребус шешу (сабақтың тақырыбын табу)

Оқушыларға сұрақтар беру:
- Дос сөзін қалай түсінесіңдер?
- Шын дос қандай болу керек?
- Достық дегеніміз не?

Олай болса балалар «ДОС» күншуағын құрастырайық.
Тақтаға «дос»күншуағын сөзін жазу
Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді дос, кешірімді, төзімді ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Міне, балалар, сендер дос туралы өз ойларыңды және өз достарың туралы айтып жатырсыңдар.
Досы көптің жаны семіреді,
Асы көптің тәні семіреді.- демекші сендер дос, достық деген ұғымның мағынасын терең ажырата біліп, өмірде өздеріңе сыйлас дос, сырлас дос таба білсін деп, бүгінгі сабағымызды осы тақырып төңірегінде өрбітпекпіз. Дос, достық туралы ұлы адамдардың сөздерін, мақал - мәтел, өлеңдер білеміз бе? (Оқушылар өздерінің жаттаған өлеңдері мен мақал - мәтелдерін айтады).

1.Білімдімен дос болсаң, сасқанда ақылын айтар,.
Білімсізбен дос болсаң, топ ішінде бетің қайтар.
2.Жақсымен дос болсаң, алдыңнан шығар елпектеп,
Жаманмен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп. (М. Өтемісұлы)
3 Дос таппаған ер азар, басшы бақпаған ел азар. (М. Әуезов)
 4. Жақсы дос – білген сырын сыртқа жаймас. (А. Құнанбаев)
5. Жаман дос – көлеңке, басыңды күн шалса – қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса – іздеп таба алмайсың. (А. Құнанбаев)
Мұғалім: Достыққа қарама - қайшы сезім – ол дұшпандық, сатқындық. Дос екіге бөлінеді: Адал дос және Амал дос. Адал дос дегеніміз – досына адал, қиыншылықта қасыңнан табылатын жанашыр, шын дос. Амал дос дегеніміз – ол уақытша дос. Ол қызғаншақ, өтірікші, өзінің қара басын ғана ойлайды.
Енді Адал дос пен Амал досты венн диаграммасы арқылы сипаттайық.

Тренинг "Мен қандаймын?"
Мақсаты: өзі туралы, өзінің қоғамда алатын орны туралы ойын дамыту, жеке позициясын түсіну.
Мұғалім: Берілген парақтағы кестені толтыруларың керек. Кестенің бірінші бағанына "Мен қандаймын?" деген сұраққа өз жауабыңды, екіншіге ата - анаңның, үшінші бағанға сол пікір туралы осы жерде отырған достарың сенің ойыңша қалай жауап берер еді, соны жазасыңдар.

«Досымның жүрегі» деп аталатын ойын ойнайық.
Кеудеге тағылған жүрекке бір - бірінің жақсы қасиеттерін жазу. Бәрі жазып болған соң оқу.

Жағдаят талдау: «Сыныптың сатқыны»
Ауылды жер болғандықтан сыныбымызда небәрі алты оқушы. Төрт ұл, екі қыз. Аз болғандықтан ба, біз өте ұйымшылмыз. Не істесек те бірге істейміз. Кейде сабақтан қашып кететін кездер де болады. «Үйге қайтайықшы» деп қашуды еске салатын сыныбымыздағы өте жақсы оқитын екі оқушының бірі Асхат. Ол мақтаншақ, пысық оқушы. Біздің бір түсінбейтініміз сабақтың қашқанның ертеңінде мұғалім бесеуімізді тұрғызып, ұрсады. Бірақ, Асхатқа ештеңе демейді. Ондай кезде ол партасында үлгілі, керемет оқушыдай кітабын ашып, оқып отырады. Жүзінде рахаттанғандай сыңай байқалып тұрады. Біз қашуды бастайтын Асхат екенін өмірі мұғалімдерге айтқан емеспіз. Біз, мұғалімдер ол жақсы оқитын болғандықтан ұрыспайтын болар деп ойлайтынбыз. Сөйтсек, ол олай емес екен.
Бізде алты сағат сабақ болатын. Соңғы сабақ тарих. Мұғалім бір сөйлесе көп сөйлейді. Өзі сондай болғандықтан, бізден де көп сөйлеуді талап етеді. Үйге көп тапсырма берген, бесеуіміз де дайын емеспіз. Біз мұғалімді күтіп отырғанбыз.
- Бәрібір сабаққа дайын емеспіз. Неғып отырмыз? Ұрыс естігенше қашып кетейік,- деді Асхат.
Осыны күтіп отырғандай біз тағы құптай жөнелдік. Тез жиналып, ешкімнің көзіне түспеу үшін аяқтың ұшымен басып мектептен қашып шаққанымызға мәз болып, бір ерлік жасағандай үйді - үйімізге қайттық.
Екі қыз бірге қайтатынбыз. Әңгімелесіп келе жатып, спорт киімі салынған пакетімізді сыныпта ұмытып кеткеніміз еске түсіп, мектепке қайта оралдық. Үшінші қабатқа көтеріліп келе жатқанбыз, тарих мұғалімінің дауысын естіп, кілт тоқтадық.
- Қай сыныпта отырсыңдар?
- Мұғалім, бәрі қашып кеткен. Мен ғана қалдым,- деген Асхаттың дауысы естілді. «Біз мұнда неғып жүр» деп таң қалдық.
- Неге қашады?- мұғалім ашулы.
-... Білмеймін.
- Мұғалім, бір мен ғана. Қайта берейін бе?
- Бір сенімен қалай сабақ өткіземін? Қайта ғой.
- Мұғалім, ертең мен болды деп айтпаңызшы. Патриот сияқты болып, жекеленіп қаламын.
- Жарайды. Сау бол,- деп оқытушы мұғалімдер бөлмесіне кіріп кетті. Қоштасып, сатыдан мәз болып түсіп келе жатқан Асхат бізді көріп, ыңғайсызданып тұрып қалды. Біз одан мұндай сатқындықты күтпеген едік, ренішімізді жасыра алмай:
- Сыныптың сатқыны. Ертең бұл тірлігіңді басқаларға айтамыз,- дедік. Қып - қызыл болып кеткен ол бізден кешірім сұрап, екінші рет мұндай жасамайтынын айтып, басқаларға айтпауымызды өтінді. Біз кешірдік. Ертеңінде оны аяп ешкімге айтпадық.
Тарих пәнінің мұғалімі қашқандарды тұрғызып ұрысты. Айдана екеуіміз көзіміздің астымен Асхатқа қарадық. Ол партасында басын салбыратып, қып - қызыл болып отыр екен.
Сұрақтар:
1. Қыздар неге Асхаттың іс - әрекетін сыныптастарына айтпады?
2. Асхаттың екінші рет осылай жасамайтындығына сенесіңдер ме?
3. Сендер мұндай жағдайда не істейсіңдер?

Д – дүниедегі
О - озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.

«Достық» ережесі.
• Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Қорытынды
Досым саған сенемін, сеніп өтем,
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген адамның көрігі екен,
Достық деген ақылдың серігі екен, - деп М. Мақатаев ақын жырлағандай достық деген адам өміріндегі қымбат сезімдердің бірі. Ендеше әрқашан достықты бағалай білейік. Мен бүгінгі көңіл - күйімізді күнге теңегім келіп отыр. Мына жап - жарық күніміздің шуақтарына шын дос қандай болу керек соны жазып ілеміз. Барлығымыздың бойымыздан осы аталған жақсы қасиеттер табылып, осы күндей жарқырап - жайнап жүре берейік! Достарымыз әрқашанда көп болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ынтымақ-достық кепілі тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 185 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2016 11592
    • DOCX 40.5 кбайт
    • 104 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нұрханова Жанат Бидәкеқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нұрханова Жанат Бидәкеқызы
    Нұрханова Жанат Бидәкеқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67639
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 889 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2691 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 496 человек

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 94 человека

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе